Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Жергілікті анезтезия анықтамасы, әдістері мен түрлері. Инфильтрациялык анестезия және Вишневский бойынша анестезия (тығыз жылжитын инфильтрация)



бет10/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

19. Жергілікті анезтезия анықтамасы, әдістері мен түрлері. Инфильтрациялык анестезия және Вишневский бойынша анестезия (тығыз жылжитын инфильтрация)
ЖАУАБЫ:
Жергілікті анестезия – дененің белгілі бір бөлігінің ауырсыну сезімін арнайы дәрілік заттардың әсерімен шақырылатын қайтымды жою.
Түрлері: регионарлы (өткізігіш, тамырішілік, сүйекішілік, жұлындық және эпидуральды)
Әдістері: Вишневский бойынша инфильтрациялы анестезия, Саусақтың Лукашевич-Обертс бойынша өткізгіш анестезия, Куленкампф бойынша иық өрімінің анестезиясы, Браун бойынша құрсақтық нервтердің іш қуысындағы анестезиясы, Усольцев бойынша қолға (кисти) анестезия
Инфильтрациялы анестезия: көлемі кіші травмаларда ( липоманы алу, грыжа ) және жалпы наркоз қауіпті болғанда қолданылады. Қазіргі таңда Вишневский әдісімен жасалады. Бұл әдіс фасциялды құрылымның ерекшелігіне негізделген. Анестетик қойнауларда таралып, нервтер мен нерв ұштарына енеді. Тығыз прокаинды инфильтраттар қойнау бойымен жылжып, өзара қосылғандықтан жылжытин инфильтраты деп аталған.
0,25-0,5% -ті прокаин немесе лидокаин ерітіндіне эпинефринді (3тамшысын, 1:1000 анестетик ерітіндісінің 100 мл-не қосу) арқылы жасалады. Мысалы: қалқанша безіне анестезия жасау үшін 2 шприц арқылы (2-5 мл не 5-10 мл), теріні жансыздандыруға жіңішке инемен тері ішіне енгізіп, «лимон қабығы» түрінде терідігі барлық кесу сызығымен буылтық түзеді. Тері, шелмай қабаты, тері асты бұлшықеттерін кескен соң, ортаңғы сызық бойымен бұлшықеттерді инфильтрациялап, бұлшықеттің астымен жоғарыға, төменге, жан-жағына енгізеді. Мойынның бұлшықеттерін кескен соң қалқанша бездің үлестерін жараға шығарып алғаннан кейін, бездің жоғарғы және төменгі полюстеріндегі және оның артқы бетіндегі тіндердің жансыздандырушы ерітіндімен қосымша инфильтрациясын жүргізеді.

20. Өткізгіштік анестезия(Лукашевич-Оберст, Брауну- Усольцев, Куленкампфу әдісі бойынша). Жүргізу техникасы, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.
ЖАУАБЫ:
Өткізгіштік: нерв сабауларын, нерв өрімдерін, нерв түйіндерін (паравертебралды) жұлындық және эпидуралды (перидуралды) анестезия. Анестетик пери немесе эндоневралды енгізіледі.

  1. Лукашевич-Обертс бойынша саусақтың анестезиясы. Саусаққа операция жасалғанда (панарицилар, жара, өспе) кезінде қолданылады. Саусақ негізіне жгут салып, фалаганың сыртқы бетінің терісін, тері асты шелмай қабатын, әрі қапай инені сүйекке дейін жылжытады. Осыдан кейін инені сүйек фалангасының алдымен бір жағына 2-3 мл 1-2% прокаин немесе лидокаин ерітіндісін енгізеді, дәл осылай келесі жағын анестезиялайды. Прокаин саусақ нервісіне жақын, оның бүйір беттерінен өткізіп енгізеді.

  2. Куленкампф бойынша иық өрімінің анестезиясы: қолға операцияда қолданылады. Науқас арқысымен жатып, басын қарсы жаққа қаратып, қолын еркін салбыратады. Бұғана ортасынан оның жоғарғы жиегімен бұғана асты артериясын проекциясын анықтайды. Иық өрімі артериядан сыртқа қарай проекцияланады. Тері прикаинмен инфильтрацияланғаннан кейін, шприцсіз ұзын инені, артерия пульсациясынан сыртқа, 1 см бұғанадан жоғары және бірінші қабырғаның жоғарғы жиегімен сырғанай, І және ІІ кеуде омыртқаларының қылқан өсіндісіне дейін жылжиды.Қолда жағымсыз сезімнің болуы, ұюы нерв сабауына түскені, ал қан шықса, тамырға түскенін көрсетеді. 30-35 мл 1% прокаин немесе лидокаин ерітіндісін енгізеді. 10-15 мин кейін анестезия басталады да, 2-6 сағ созылады.

  3. Браун бойынша құрсақтық нервтердің іш қуысындағы – асқазан резекциясында қосымша етіп жүргізіледі. Лапоратомиядан кейін, ілмекпен бауырдың сол үлесін жоғары-оңға әкетіп, асқазанды солға-төменге әкетеді. Кіші шарбы аймағынан құрсақ артериясының шыққан жерінен жоғары сипап, саусақпен ортадан оңға қарай, омыртқаға тірейді. Саусақ орта мен төменгі қуыс вена арасында орналасады. 0,5 % прокаин ерітіндісін, шприцке кигізілген ұзын инені пайдаланады. Ине сол қол саусағы бойымен, Тһ ХІІ дейін жүргізіп, содан бірнеше артқа шегінеді. Шприцті тартып, қан шықпағанын көрген соң, шелмай қабатына ретроперитонеалды кеңістікке таралатын және кіндік өрімді қоршайтын, 50-70 мл 0,5% прокаин не лидокаин енгізеді. 5-10 мин басталып, 1,5-2 сағатқа созылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет