Бұлшықеттердің пластикасы Қанмен қамтамасыз етілуі және инервациясы сақталған аяқшасы бар бұлшықеттерді отырғызу-остимиелит кезінде сүйек саңылауын тығындау үшін,сонымен қатар бронхиальді жыланкөз және жетіспейтін аумақты толтыру үшін қолданылады.Аймақтық бұлшықеттік пластинканы бұлшықеттін кемістіктерін(құрсақ қабырғасының,шап және құрсақтың ақ сызығының жарығын) жою үшін пайдаланады.
Сіңір мен шандырлардың пластикасы
Сіңірлік пластинка аяқ-қолдың жоғалған қызметін дұрыстау үшін және салданған бұлшықет топтарының қызметін көрші сіңірлер мен сау бұлшықеттерді тігу арқылы қалпына келтіру үшін қолданады.Сіңірлерді тіккенде арнайы сіңірлік тігістер салынады-Kuneo,Kessler,Bunnel және басқа да тігістер.Сан бұлшықетінің жалпақ шандырынан алынған бос кесіндіні буын қапшығын нығайту,басмиының қатты қабығының кемістігін жамау,тік ішектің жасанды сфинктерін қалыптастыру,жұлынның және құрсақ қабырғасының жарықтарын жабу үшін қолданады.
Сүйектердің пластикасы
Оны ағзаның жоғалған қызметін және көсметикалық пішінің(бас-сүйек күмбезінің,жақтың кемістіктерін және т.б.) қалпына келтіру үшін қолданады.Ауто-және аллотрансплантация түріндегі сүйектің бос пластикасы сүйектің қуысын толтылу және сүйектің кесіліп алынған бөлігін алмастыру үшін қолданады-кесіліп алынған кәрі жіліктің орнына асықты жіліктің шыбығын микрохирургиялық жолмен отырғызу әдісі.
Нервтердің пластикасы
Нерв талшықтарын қалпына келтіру үшін жасалатын перацияның түрлері:
-біріншілік және екіншілік тігіс салу;
-сыртқы және ішкі невролиз жасау,ол микротамырлық тәсілді қолданып орындалады;
-нервтің трансплантациясы:қанмен қамтамасыз етілмейтін және қанмен қамтамасыз етілетін невральді трансплантанттарды пайдалану;қоректендіруші аяқшасы бар қанмен қамтамасыз етілетін нерв бөлігінің транспозициясы.
128. Ұлпаларды қайта отырғызудың биологиялық шарттары. Донорларды іріктеу. Иммунодепрессивтік әсер ету дәрі дәрмектерін қолдану.
Дүние жүзінде 2000жылға дейін 130мыңнан астам бүйрек трансплантациясы; 6000-дай жүрек трансплантациясы; 4000-нан астам бауыр трансплантациясы; • 1500-дей ұйқы безінің трансплантациясы жасалды. Бүйрек трансплантациясы жасалған соң, науқастың өмір сүруінің ұзақ байқалған кезеңі 25жыл құрайды; жүрек трансплантациясынан кейін – 15жыл; бауыр трансплантациясында – 12жыл; ұйқы безінің трансплантациясында – 6жыл.
Ағзаларды “бас-ми өлгеннен” кейін бірден, ал тіндерді (теріні, сіңірлерді,қасаң қабықты) өлімнен кейінгі алғашқы 6 сағаттың ішінде алады. Ағзаларды жуып, әртүрлі әдістермен консервілейді: •Антисептиктердің немесе антибиотиктердің ерітінділеріне салып, содан кейін мұздатылған ерітінділерде, реципиенттің плазмасында немесе қанында сақтайды; •-183°С – - 273°С-қа дейін тез мұздатып, -25°С – - 30°С сақтайды; •Лиофилизация жасайды (мұздатқаннан кейін, вакуумда кептіреді); •Балауызда, альдегид ерітінділерінде (формальдегид немесе глутаральдегидте) сақтайды.
Донорды таңдау.
Сәйкес донор мен реципиентті таңдағанда ұқсас генотипті табу мүмкіншілігі 1:640 000-нан аспайды. Реципиенттің жасы 60-қа дейін, ал донордың жасы 2ден 55-ке дейін болу керек. Донорды таңдау иммунологиялық типтеуге негізделеді (АB0, Rh – эритроциттердің антигендері және HLA – лейкоциттердің антигендері).
Асқынулар.Трансплантаттың біріншілік жетіспеушілігі (1-2тәулікте); оның ажырауы (5-10тәулікте); трансплантациялық иммунитет – “ трансплантатқожайынға қарсы” реакциясы 7-10тәулікте дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |