129. Операция алды кезеңінің анықтамасы. Науқасты операция алды кезеңде дайындау мақсаты мен мәні. Науқастың ағзалар мен жүйелерін операцияға дайындау Операция алды кезеңі - науқастың емдеу мекемесіне түскеннен операцияның басталуына дейінгі уақыт оның ұзақтығы әртүрлі және аурудың сипатына, науқастың жағдайына, операцияның жеделдігіне байланысты болады.
Операция алдындағы кезеңнің мақсаты операция кезінде және содан кейін,мүмкін болатын асқынулардың даму қаупін азайту болып табылады. Операция алдындағы кезең диагноз қойылғаннан кейін,операция жасау керектігі анықталғаннан соң және оны орындау қажеттігі туралы шешім қабылданған кезде басталады.
Операция алды кезеңінің негізгі міндеттері: • диагнозды анықтау;
• операцияның орындалу жеделдігін және сипатын, көрсеткішін анықтау;
• науқасты операцияға дайындау.
Науқасты операция алды дайындығының негізгі мақсаты - операцияныңалдында тұрған қауіп-қатерді және операциядан кейінгі асқынулардың даму мүмкіндігін минимумға жеткізу.
Хирургиялық аурудың диагнозын анықтағаннан кейін, науқасты операцияға дайындығын қамтамасыз ететін негізгі іс-әрекетті белгілі бір реттілікпен орындау керек:операцияның көрсеткішін және жеделдігін анықтау, қарсы көрсеткішін біліп алу;
• өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің жағдайын білу мақсатында қосымша клиникалық, зертханалық және диагностикалық зерттеулерді жүргізу;
• анестезиялы-операциялық қауіп-қатердің дәрежесін анықтау;
• науқастың операцияға психологиялық дайындығын жүргізу; ағзалардың дайындығын, гомеостаз жүйесінің бұзылысын коррекциясын іске асыру;
• эндогенді инфекциядан алдын алуды жүргізу; жансыздандыру әдісін таңдау, премедикацияны жүргізу;
• операциялық алаңның алдын ала дайындығын іске асыру;
• науқасты операциялық бөлмеге тасымалдау;
• науқасты операциялық үстелге жатқызу.
Науқасты операцияға дайындау Ең алдымен,хирург науқасқа операция жасау керек екендігін,оның түрін айтып түсіндіреді. Әңгімелесу барысында дәрігер науқасқа операцияның маңызын сендіре білу керек. Барлық операциялар науқастың келісімімен жасалады. Егер науқас өзіне-өзі жауап бере алмайтын болса немесе естүссіз жағдайда жатса, операцияны науқастың келісімінсіз жасауға болады. Операцияға дайындау барысында науқастың қосымша ауруларын да емдейді. Эндогенді инфекцияның алдын алудың маңызы өте зор-ол үшін эндогенді инфекцияның көзін анықтап,операция алдындағы кезеңде емдеп, тазарту керек