130. Науқасты жедел операцияға дайындау мен зерттеудің ерекшіліктері. Операцияның және наркоздың қауіптілік дәрежесі Шұғыл операцияға дайындағанда, тек операция жасалатын аймақтағы түктерді қырып алумен шектелуге болады. Науқастың денесі қатты ластанғанда, жартылай санитарлы тазарту шаралары жүргізіледі. Хирургиялық операция Жалпы жансыздандыру кезінде асқазан баліністері тыныс алу жолдарына түсіп, асфиксия тудыруы мүмкін, ол аспирациялықасфиксияға және тіпті науқастың өліміне алып келеді. Сондықтан, операция алдында асқазан бос болуы қажет, ол үшін науқасқа кешкісін сағат 1700-180 жеңіл тамақ қабылдауы, ал операцияның алдында таңертең тамақ пен су ішпеуі керектігін түсіндіру қажет. Шұғыл операцияларда, егер науқас тамақты қабылдағаннан кейін, 6 және одан да көп уақыт өтсе, онда асқазанында тамақ болмайды (егер ішектің түйілуі болмаса және т.б.), сондықтан арнайы шараларды жүргізбесе де болады. Егер де науқас тамақты көрсетілген уақыттан кешірек қабылдаған болса, онда операцияның алдында асқазанға сүңгі салып, асқазанын жуып, тазалау керек. Жоспарлы операцияның алдында тазарту клизмасын жасау қажет. Әрбір операцияның алдында куықты босатып алу керек. Ол үшін науқас кіші дәретке шығады. Қуықка сүнгі түтік салу сирек жағдайда қолданылады. Операция мен наркоздың қауіптілік дәрежесі жане казіргі жағдайын бағалау үшін, науқастың өміріне төнетін қауіптің дәрежесін білу қажет. Оған науқастың жасы, жалпы жағдайы, негізгі аурудың сипаты, қосымша аурулары, жансыздандырудың түрі және т.б. маңызды болады.
Қауіптілік дәрежесін сандарды қосу арқылы анықтайды.
1 дәреже - кішігірім қауіп = 1,5 балл;
2 дәреже - орташа кауіп = 2,0 - 3,0 балл;
3 дәреже - жоғары көтеріп - 3,5 - 5,0 балл;
4 дәреже - өте жоғары қауіп 6,0 - 8,0 балл.
Қауіптілік дәрежесін анықтау, операцияның көлемі мен сипатын төмендетужәне қауіпсіз анестезияны таңдау арқылы, операцияның қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
131. «Хирургиялық операция» түсінігі. Операциялардың жеделдігіне байланысты жіктелуі (жедел, жоспарлы, шұғыл), орындалу мақсаты бойынша (диагностикалық, емдік). Хирургиялық операция–ағзалар мен тіндерге механикалық әсер ете отырып,емдеу немесе диагноз қою. Операция кейде тіндерді тілу арқылы жасалады.