АДАМ АЛЬВЕОКОККОЗЫ
Адам альвеококкозы – Alveococcus multilocularis дернәсілімен бауырдың
Біріншілік зақымдануымен өтетін паразитарлық ауру.
Альвеококкоз – табиғи-ошакты ауру. Оны эхинококкозға қарағанда
Айтарлықтай сирек кездестіреді. Ауруды Канадада, Аляскада, Австрияда,
Жапонияда, Германияда, Сібірдің және Таяу Шығыстың кейбір облыста-
Рында, Қазақстанда, Қырғызстанда, Татарстанда, өте сирек Молдовада,
Азербайжанда, Украинада тіркейді.
Гельминттің негізгі иесі – поляр түлкісі, түлкі, ит, мысық, осылардың
Ішегінде таспалы гельминт паразиттенеді. Дернәсілдік сатысының дамуы
Кеміргіштердін (тышқандардың, ондатралардың) организмінде, сонымен
Катар адамдарда өтеді. Поляр түлкісі, түлкілер, иттер, мысықтар альвеококкоз-
Бен жұқтырылған тышкандарды жеген кезде жұктырады, осылардың ішегінде
Гельминт жыныстык жағынан жетіледі және иесінің ішегінің бөлінділерімен
Кеміргіштер мекендейтін жерге түсетін онкоспоралар бөледі.
Кеміргіштердің жұқтыруы онкоспоралармен жұқтырылған тағам мен суды
Пайдаланғанда болады. Адам тағаммен жабайы өсуші жеміс-жидектерді, суды,
Өлген жыртқыштардың терісін сылған кезде, сонымен бірге үй жануарла-
Рымен – ит, мысыкпен катынаста болғанда. Альвеококк дернәсілі ішектен
Бауырға, яғни онын өсуі басталатын жеріне түседі.
Көпіршіктерден тұратын дернәсілдің ерекшелігі – көпіршіктердің сыртқы
Түзілімі және инфильтрациялык өсуі негізінен қантамырлар мен лимфа
Тамырларының айналасында. Альвеококк көпіршіктерінің қантамырға енуі
(жарылуы) бауыр ішілік және бауыр сыртылық метаздануды шақырады.
Метаздану өкпелерге және миға жүреді. Өт жолдарының басылуы сарғаюға
Әкеледі.
Альвеококк түйіндерінің сыртқы түрі қуысты ірімшікті еске түсіреді.
Олардың ішінде ірің тәрізді сұйықтыкпен толған, шағын қуыстар орналасқан.
Іріңдетуші микрофлораның қосылуы іріңдеуге себеп болып, бауыр абсцесінің,
Іріңді холангиттің дамуына әкеледі.
Клиникалық көрінісі
Ауру баяу дамиды, клиникалық көріністері байқалмай, жылдар бойы
Өтеді. Көбіне оны кездейсоқ табады, профилактикалық тексерген ккезде
Немесе дәрігерге басқа аурулар бойынша қаралған науқасты тексергенде
Жиірек баска ауру бойынша жүргізілетін УДЗ кезінде аныктайды. Альвеококкоздың бастапқы белгісі болып аурудың асқынулары
Болуы мүмкін – холангит, механикалык сарғаю немесе өкпелерге, миға
Метастаздар. Альвеококктың бауырдың перифериялық бөлімдерінде ор-
Наласуы кезінде ондағы өспе тәрізді түзілім үлкен өлшемдерге жетеді.
Пальпацияда бауыр едәуір ұлғайған, өте тығыз консистенциялы, науқастың
Толыққанды қанағаттанарлық жағдайында ауру сезімінсіз (ол тіпті ауыр
Физикалық жұмыстарды жасай алуы мүмкін). Түйіннің бауыр қақпасында
Орналасқан кезінде өт жолдарының басылуы болатындықтан, сарғаю ерте
Пайда болады.
Ұлғайған тығыз бауырлы науқасты тексергенде эпидемиологиялық
Анамнезді анықтау қажет: альвеококкоздың эндемиялық аймағында (5-
15 жыл бұрын) мекендеуі, жабайы жануарлармен қатынаста болғандығы
(аңшылық, терілерді өңдеу, жабайы өсуші жидектерді пайдалану).
Диагностика
Диагнозды аллергиялық тесттер нәтижесінің есебімен қояды (эозинофи-
Лия, Казони реакциясы және латекспен гемагтлютинация), олар науқастардың
70-75%-да оң нәтижелі.
Эхинококкоз кезіндегідей бауырдағы өспе тәрізді түзілімдердің дифферен-
Циалды диагностикасында ренттенографияны, ангиографияны, томографи-
Яны, бауырды радионуклидті сканерлеу, эхографияны, компьютерлік томо-
Графияны пайдаланады. Міндетті түрде кеуде клеткасын рентгенографиялык
Зерттеу, тұрақты бас ауру кезінде мұқият неврологиялық тексеру керек.
Емі
Бауыр альвеококкозы кезінде хирургиялык еммен бірге паразиттерге карсы
Терапияны біріктіріп қолданады. Бауырдың түйінмен бірге резекциясын,
Түйіннің қабығын аршуын орындайды. Егер паразит тінінің аздаған бөлшегі
Калса, оны паразиттерге карсы заттармен инфильтрациялайды. Жергілікті
Және жалпы терапия үшін химиотерапевтік препараттары ретінде: өспені
Инфильтрациялау үшін трипафлавиннің 0,1% 20 мл ерітіндісін қолданады.
Жалпы паразиттерге қарсы терапия үшін левамизол, мебендазолды пайдала-
Налы.
Достарыңызбен бөлісу: |