Әл-Фараби - математик
Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика. Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.
Математиканы архитектура, жер өлшеу, астрономия және музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін көрсеткен.
Әл-Фараби және медицина
«Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес», - деп адам ағзасы мүшелерінің қызметін де айқындап берген.
Медицина саласында Бағдат дәрігерлері оны өздерінің басшысы деп санаса, кейін медицинаның атасы атанған Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) өзін оның шәкіртімін деп есептеген. Әл-Фараби: «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. Медицина бойынша жазған ең күрделі шығармасының бірі: "Медицина каноны"
Әл-Фараби және музыка
Музыканың теориясы мен тарихы жөніндегі зерттеулерінде Әл-Фараби көптеген ойшылдардан асып түсті. Араб музыкасын, жалпы тарихын жазған белгілі ғалым Г.Фармер: «Барлық ғылымдар саласында әл-Фараби- Екінші ұстаз». Ал музыка саласын алатын болсақ, әл-Фараби бас король болып табылады. Басқаша айтқанда, музыка саласында әл-Фарабиге үлгі боларлық, бірінші ұстаз боларлық адам болмаған»- дейді.
әл-Фарабидің «Музыка туралы үлкен кітабы» - музыка өнері жайында толық білім беретін қайнар көз. «Музыканың ұлы кітабы» — əл-Фарабиді əлемге танытқан, музыка теориясына арналған шығармаларының бірі. Оқырман бұл кітаптан музыкалық өнердің тәжірибесі және теориясы туралы пайдалы білімдерді табады. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тəсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге əкелген. Қазірмузыкада жеті нота болса, əл-Фарабидің еңбегінде нота саны —5 . Сол бес нотаны əлі күнге дейін ешкім тапқан жоқ.
Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін жан –жақты дәлелдеді , сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Ол музыка теориясын жазып қана қойған жоқ, ол музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Әл-Фарабидің ойлап тапқан аспаптарынын бірі - «канун» деп аталады. Цитраға ұқсас құрал да шығарған. Оған интервал бөлімдерін өлшеп, əуендердің кемел түрін анықтайтын кескіндері бар сызғыш қойған.
Қорыта айтқанда, ғұлама- ғалым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдер ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақты деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдр 117 еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш – 160, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Ұлы ғалымның ұшан теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені 40-қа жуық шығарма деуге болады. Осы 40 шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциклопедист ғалым екендігін дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |