Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Ұлы даланың ұлы тұлғасы: әл-Фараби. Ашық тәрбие сағатының мақсаты



бет5/6
Дата02.05.2023
өлшемі32.46 Kb.
#473150
1   2   3   4   5   6
Ашы? т?рбие са?аты Та?ырыбы ?лы даланы? ?лы т?л?асы ?л-Фараби.

2-жүргізуші: Көптеген ақындар Әбу Насыр әл-Фарабиге өлең жолдарын арнаған.

Оңтүстіктің арайланған ақ таңы, 


Бұлбұл үні естіледі бақтағы. 
Мәдениеттің өркендеген өр шыңын
Емес бекер Отырардан тапқаны. 
Отырарда ғасыр үні тұншыққан, 
Қатты тағдыр көзден жасты ыршытқан . 
Фарабиім жол іздеді қаншама
Өлімдерден , жойқын қырғын , қырсықтан . 
Фарабиім әрбір сәтте естесің
Халқың сенің қара түнек кешпесін . 
Ғасырларға бақыт нұрын себетін , 
Әсем үнің бар мағынаң өшпесін ! 
Әр заманда әр мағына әр ұғым
Фарабиім сырын ұққан жарлының . 
Ұлы жерде ұлы достық үйлессе , 
Фарабидің туысысың барлығың ! 
Жалған өмір кімдер сенен өтпеген , 
Уа қара жер кімдер саған жетпеген . 
Фарабиім шарықтасын күлімдеп , 
Ұрпағына қарамасын өкпемен ! 
О туған жер қандай ыстық кең едің
Шалқып әндер жайқалады көп егін . 
Ұлы жерде ұлы достық үйлессе , 
Фарабидің ақ арманы дер едім!


Фарабитанушылар:

  • Әл-Фарабиді Қазақстанда тұңғыш зерттеген-Ақжан Машани, Ағын Қасымжанов.

  • Әл-Фараби - бүкіл түркі дүниесінің ғұламасы. Әл-Фарабиді қазақ елімен қауыштыруға көп еңбек сіңірген Ақжан Машани. Ол- Әл-Фарабидің зиратына елімізден тұңғыш барған адам.,1968 жыл.

  • Ағын Қасымжанов шетелдерде әл-Фарабидің рухани мұрасы жөнінде баяндамалар жасап, кітап шығарған. Ол кісінің жетекшілігімен Философия және құқық институты жанынан 1975жылы әл-Фараби мұрасын зерттеу орталығы құрылды.

  • Сол жылы А.Қасымжановтың Б.Ғафуровпен бірлесіп жазған «Әл-Фараби – мәдениет тарихында» деген монографиясы Мәскеуде жарық көрді. Бұл еңбек қоғамда үлкен серпіліс тудырды.

  • Жалпы Әл-Фарабидің қазақ жұртына оралуы, танылуы 1970 жылдан басталады. 1993 жылы А.Қасымжанов ұйытқысы бойынша С.М.Киров атындағы университетке Әл-Фараби есімі берілді және сонда Әл-Фараби орталығы ашылды.

  • Ойшылдың көп жазбалары бірнеше мемлекеттердің кітапханаларында сақталған. Атап айтар болсақ:

Түркияда
АҚШ - та
Швеция мемлекетінде
Ұлыбритания мемлекетінде
Италияда
Германияда
Финляндияда
Болгарияда
Францияда, т.б

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Фараби орталығы 1993 жылы ашылған. Кейіннен Мысыр, Түркия, Үндістан сияқты әлемнің 12 елінде ойшылдың терең ілімін зерттеу орталықтары жұмысын бастады. Фарабитануға жаңа серпін берген орталықта биыл бірнеше халықаралық жобалар өткізу жоспарланған. Солардың бірі – ойшылдың еңбектері жинақталған электронды платформа іске қосылады. Онда халықаралық фарабитанушылар өз жобаларын жариялап, талқылай алады. Сондай – ақ сайт арқылы ойшылдың мұралары бойынша онлайн курстардан өтуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет