1-жүргізуші: Әл-Фарабидің мұрасын, әл-Фараби туралы білетініміз аз. Әл-Фараби - әлем халықтарын біріктіретін тұлға. «Халықтардың бәрі бақытқа ұмтылып, біріне-бірі көмектесіп отырса ,бүкіл жер жүзі ізгі болар еді »,- дегендей осы асыл мұраларды, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытып,рухани-адамгершілік тәрбиесін қоғамның барлық саласына енгізген сайын егеменді еліміздің ертеңі айқын,болашағы жарқын болары сөзсіз.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, студенттер. Осымен «Ұлы даланың ұлы тұлғасы:әл-Фараби» атты «Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы” бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Әл-Фарабидің қалдырған ілімі, асыл мұралары ұрпақтан ұрпаққа аманат болып қалары сөзсіз. Қош, сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |