«Иә», – деп жауап береді және қолында мәһірге бере қояр мал-
дүние жоқтығын жеткізеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан:
«Бәдірде олжаға түсірген сауытың өзіңде ме?» – деп
сұрайды. Әли:
«Иә, өзімде», – дейді. Пайғамбар (с.а.с.) оған сол сауытты
сатып, түскен қаражаттың бір бөлігін мәһрге ажыратуға кеңес
береді. Сөйтіп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әлиге кенже қызы Фатиманы
ұзатады. Осы сәттен бастап Ислам тарихында ең үздік отбасы
шаңырақ көтереді және осы шаңырақта жаннат көсемдері
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) райхандары – Хасан мен Хусейн
дүниеге келеді. Бұл екі ұлдың үлкені Хасанмен Аллаһ тағала
Ислам үмбетін ыдыраудан сақтаған. Ал Хусейн шәһидтердің
мырзасы, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сүйіктісі еді. Екі ұлдан кейін
бұл отбасыда тағы да екі қыз дүниеге келеді. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) олардың біріншісін Зәйнәб, ал екіншісін Умму Кулсум деп
атайды. Сондай-ақ бұл отбасы Пайғамбардан (с.а.с.) тараған
жалғыз нәсіл болып қалған.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Фатиманы жақсы көретіні соншалық,
ұзақ сапардан келсе, ең алдымен мешітке түсіп, одан соң
Фатиманы зиярат етіп, әйелдерін сосын барып аралайтын. Айша
(Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбарға (с.а.с.) сөз саптауы,
сөйлеуі Фатимадай ұқсас ешкімді көрмедім», – деген.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қызының үйіне келсе, қызы әкесін
орнынан тұрып қарсы алатын. Ал Фатима әкесінің үйіне
келгенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны орнынан тұрып қарсы
алып, маңдайынан
сүйетін, жанына
қатар
отырғызып
құшақтайтын. Міне, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өз перзенттеріне
мейірімділігі осыншалықты еді. Бірде Аллаһ елшісінің (с.а.с.)
Хасан мен Хусейнді сүйіп жатқанын көріп, бір мейірімсіз бәдәуи:
«Неге сонша балаларыңды өбектеп сүйе бересіңдер?» – деп
таңырқағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.):
168
Достарыңызбен бөлісу: |