Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет129/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   200
Asyl-analar

 
 
Көп ұзамай Руқайя көз жұмады. Ұлы мен әйелінің өлімі 
Османға ауыр қайғы әкеледі. Ол біраз уақыт үйленбей жүріп 
алады. Дәл осы уақытта Бәдір шайқасында Омардың қызы 
Хафсаның күйеуі қаза табады. Бар-жоғы 18 жастағы Хафсаның 
жесір қалуы оның әкесін қатты алаңдатады. Сөйтіп, ол Османға 
келіп өзінің қызына үйленуге ұсыныс жасайды. 
Осы орындағы перзентіне деген әке қамқорлығын қарайықшы. 
Бүгінде біреуге «Менің қызымды ал» деуге қайсымыздың дәтіміз 
барады. Тіпті бұл істі ұят санап, өз абыройымызды аяққа таптау 
деп ойлаймыз. Негізінде, бұл қыздарымызға абыройлы, ақыл-
парасатты, оған сүйеніш болар күйеу іздеудің озық үлгісі емес 
пе? Шын мәнінде, бұл біздің қашқақтайтын емес, тікелей 
араласатын ісіміз болу керек. Мұны түсініп, соған ұмтылған ұлы 
тұлға Омар еді. 
Сүйікті жары Руқайяның қайғысынан арыла қоймаған Осман 
Омарға:
«Мен қазір үйленуді қаламаймын», – деп жауап береді. Бұл 
жауапқа ыңғайсызданып, шамданып қалған Омар болған жайды 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп баяндайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) 
оған:
«Хафсаға Османнан да жақсырақ біреу үйленеді, ал Осман 
Хафсадан абзалырақ біреуді әйелдікке алады», – дегенді 
айтқан
1

Нәтижесінде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хафсаға, ал Осман 
Аллаһ елшісінің үшінші қызы Умму Кулсумге үйленеді. 
Пайғамбардың (с.а.с.) екі қызына үйленген Осман «Зуннурайн» 
(екі нұрдың иесі) деген атқа ие болған. 
Османның шаңырағына Руқайяның орнына Умму Кулсум 
келіп, екеуі алты жыл тату-тәтті, салауатты ғұмыр кешеді. Умму 
Кулсум Османмен алты жыл тұрып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
1
Ибн Сағд, Табақат: 8/82. 


165
 
 
көзі тірісінде өмірден озады. Аллаһ Өз елшісінің (с.а.с.) қыздары 
Руқайя мен Умму Кулсумға разы болсын! 


166


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет