Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет128/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   200
Asyl-analar

 
 
күйеу баласы – Руқайя мен Осман болады. Бұл әрекетімен Осман 
Аллаһ жолында Лут пайғамбардан кейін дін үшін қоныс аударған 
алғашқы мұсылман саналған. Яғни адамзат тарихында Луттан 
(аләйһис-сәләм) Османға дейін ешкім дін үшін қоныс 
ауыстырмаған болатын. 
Руқайя Осман ибн Аффанға (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) 
тұрмысқа шықты. Екеуі (Осман мен Руқайя) сенімдерін қорғап 
қалу үшін кәпірлердің қысымынан бас сауғалап Эфиопияға қоныс 
аударды. 
Сөйтіп, Осман мен Руқайя Эфиопияны біраз жылдар мекен 
етеді. Меккеде Хамза, Омар (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) 
сияқты адамдар Исламды қабылдап, мұсылмандардың саны 
көбейгеннен кейін кері елге қайтады. Руқайя жат жерде жүрген 
кезде анасы Хадиша (Аллаһ оған разы болсын) дүниеден өткен-
ді. Анасымен бақұлдаса алмаған оның өкініштен өзегі өртеніп
көзіне жас алады. 
Кейіннен Мәдина қаласына қоныс аудару басталады. Бұл 
жолы да олар дін үшін елден ауа көшудің алғашқы 
қарлығаштарынан болады. Бұл қоныс аударулардың бір ғана 
себебі бар еді: ол – құрайыш мүшріктерінің зорлық-
зомбылығынан жас сенімді құтқару. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
меккелік ізбасарлары бұл жолда мал-жандары мен әйел, бала-
шағаларын құрбан еткен. Көңілі мен пейілі кең, жаны жайсаң 
адамдар мекен ететін Мәдинаға қоныс тепкен Осман мен Руқайя 
ол жерде Абдуллаһ атты ұлды болады. Бірақ ұлдары алты жасқа 
келіп қалғанда, әтеш шоқып, жарақат орны жазылмастан 
асқынып, ақыры ажал құшады. Бауыр еті жалғыз баласының бұл 
өлімі ауыр тиген Руқайя науқастанып төсек тартып жатып 
қалады. Бұл Бәдір шайқасының кезі еді. Мұсылмандардың 
барлығы шайқасқа аттанып жатқанда, Османның да олардан 
қалып қойғысы келмейді. Әйтсе де Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған 
науқастанып халі нашарлап жатқан Руқайяның қасында қалуға 
бұйырады. Осы себепті Осман Бәдір шайқасына қатыса алмайды. 


164


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет