162
РУҚАЙЯ ЖӘНЕ УММУ КУЛСУМ
(АЛЛАҺ ОЛ ЕКЕУІНЕ РАЗЫ БОЛСЫН)
Осман
(Аллаһ
оған
разы
болсын)
ие
болған
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қос нұры
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қыздары Руқайя мен Умму
Кулсумнің өмір жолдары өте ұқсас болатын.
Бұл екі қыз
бойжетіп, оларды құрайыш көсемдерінің бірі Абдулғұзза ибн
Абдулмутталиб деген кісі Ұтба және Утайба атты ұлдарына
айттырып келеді. Абдулғұзза Ислам тарихында Әбу Ләһәб
атымен танымал. Алайда бұл кездерде Аллаһ елшісіне (с.а.с.)
пайғамбарлық міндет әлі жүктелмеген, Мұхаммед (с.а.с.) пен
Абдулғұззаның арасында ешқандай
дұшпандық қарым-қатынас
орнамаған-ды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) келісімін беріп, қыздарын
осы кісінің ұлдарына ұзатады. Мекке шаһарында Ислам дағуаты
басталған кезде Аллаһтың дініне Әбу Ләһәб айрықша қарсылық
көрсетті. Оның Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген дұшпандығының
ушыққаны сондай, тіпті ол Аллаһ елшісіне (с.а.с.) дағуатын
тоқтатпаған жағдайда ұлдарына
қыздарын талақ еттіретінін
ескертеді. Ақырында Әбу Ләһәбтің ұлдары әкесінің зорлығымен
әйелдеріне талақ беруге мәжбүр болып, Руқайя мен Умму
Кулсумды үйлеріне қайтарады. Есесіне, Руқайяны Осман ибн
Аффан (Аллаһ оған разы болсын) айттырады.
Пайғамбарымыз
(с.а.с.) қызына осындай мүмін, тақуа, абыройлы, алдында
періштелер ұялатын адамның жар болатынына қатты қуанады.
Ислам Мекке табалдырығынан аттағалы бері құрайыштардың
мұсылмандарға қысымы үдей түседі. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
құрайыш мүшріктерінің зәбір-жапасынан
қорғануға әлдері
келмейтін мұсылмандарға Эфиопия жеріне қоныс аударуға
нұсқау беріп, ол ел ешкім зұлымдыққа ұшырамайтын әділ
патшаның қол астында екенін ескертеді.
Осы Хабаш жеріне
алғашқы қоныс аударушы Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қызы мен