184
«Баланың дінін бұзба!» – деп айқайлайтын. Оның қоқан-
лоқысына:
«Мен оның дінін бұзып жатқан жоқпын. Шын
мәнінде, бұл дін – ақиқат», – дейтін Ғумайса.
Мәлик осы бетімен Исламнан бас тартқан күйде өледі.
Күйеуінің қазасынан кейін жесір қалған Умму Суләймді белгілі
сахабалардың бірі Әбу Талха (Аллаһ оған разы болсын)
айттырып келеді. Бұл Әбу Талханың әлі иманға келмеген кезі еді.
Сөз салып келген Әбу Талхаға Умму Суләйм:
«Уа, Әбу Талха! Сен – ақылды, парасатты кісісің. Айтшы,
қалайша ағашқа сиынасың?» – дейді. Әбу Талханың тайпасы
ағаштан жасалған пұт-мүсінге табынатын. Умму Суләйм сөзін әрі
қарай жалғап:
«Бәну нажжардың құлдары қолмен ойып жасайтын сол пұт
құдайларыңа от тисе, өзге тұрмақ, өзін қорғауға шамасы келмей
өртеніп кетеді емес пе? Расын айтсам, менің де сенде көңілім
бар, бірақ саған иман келтірсең ғана тұрмысқа шығамын және
сенен күйеуге шыққаным үшін ешқандай мәһр (қалың)
талап
етпеймін», – дейді. Әбу Талха
мен Ғумайсаның арасында бұл
әңгіме бір емес, бірнеше рет талқыланып, ақырында, осы келіссөз
нәтижесінде, Әбу Талха Ислам жайында көп ой жүгіртіп, оның
ақиқатын түсінеді. Иман келтіріп, Умму Суләймді некесіне
алады. Осылайша бұл әйел Исламға оның ұлыларынан болған бір
азаматты қосады. Ал Умму Суләймнің мәһрі Исламдағы ең
құрметті мәһр саналады. Өйткені оның мәһрі
ақиқат пен
жалғанның аражігін ажыратушы, пендені тозақтан тосып,
жаннатқа жеткізуші, онымен бүкіл пайғамбар атаулы жіберілген
таухид сөздері еді.
Куәлік сөздерімен құрылған
бұл отбасын Пайғамбарымыз
(с.а.с.) аса қадірлейтін. Шаңырақтарына жиі келіп, Умму
Суләйммен сұхбат құратын. Умму Суләйм де Аллаһ елшісін
(с.а.с.) өте қастерлеп, ылғи да
оның берекетінен пайдаланып
қалуға тырысатын. Пайғамбарға (с.а.с.) шаңырағында екі ракағат
намаз оқыту үшін оны үйіне жиі шақыратын. Бірде