Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет141/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   200
Asyl-analar

 
 
«Бір күні балаларымды жуындырып, шайындырып, майлап-
сылап, жақсылап ас әзірлеп отырғанмын. Үйге Аллаһ елшісі 
(с.а.с.) жүзі жабырқаулы күйде кіріп, менен:
«Жағфардың балалары қайда?» – деп сұрады. Сосын оларды 
алдырып, құшағына алып жылай бастады»
Мұны көріп үрейленіп, қорқып қалған Әсмә:
«Жағфар жайлы бір хабар алдың ба, уа, Аллаһтың елшісі?» – 
дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Иә, ол Аллаһ жолында шейіт болды», – дейді. Әсмә 
төбесіне жай түсірген қайғылы хабарды естіп, дауыстап жібереді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған:
«Олардың жоқшылық көруінен қорықпа, дүние-ақыреттегі 
қамқоршылары мен боламын», – дейді
1

Әсмәні жұбатуға мәдиналық әйелдер жиналады. Пайғамбар 
(с.а.с.) адамдарға:
«Жағфардың отбасына тамақ әзірлеп беріңдер, оларға 
қайғы келді», – дейді
2
.
Әрине, Жағфар сияқты ерден айырылу Әсмәға оңай тиген жоқ. 
Кез келген әйелге күйеуінен айырылу аса ауыр, әсіресе 
Жағфардай күйеу болғанда. 
Арада біршама уақыт өткеннен кейін Әсмә жер бетінің 
ұлыларының бірі тіпті Исламда Пайғамбарымыздан (с.а.с.) кейін 
тұратын кісі Әбу Бәкірге (Аллаһ оған разы болсын) тұрмысқа 
шығады. Әсмә Әбу Бәкірдің дәрежесін құрметтеп, жетім қалған 
балаларының осындай ұлы кісінің тәрбиесінде өсуін қалап
онымен шаңырақ көтереді. Бұл некенің нәтижесінде, дүниеге 
Мұхаммед ибн Әбу Бәкір келеді. Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с.) 
дүние салардан бұрын туылған-ды. Әсмә Әбу Бәкірмен ол көз 
жұмғанша бірге болып, әр кез оның жанынан табыла білген. 
1
Ахмад, Муснад: 3/192-194. 
2
Ахмад, Муснад: 3/194. 


182
 
 
Әбу Бәкір жарық дүниемен қош айтысқан соң, Әсмә сүйікті 
жары Фатимадан (Аллаһ оған разы болсын) айырылған Әли ибн 
Әбу Талибпен (Аллаһ оған разы болсын) тұрмыс құрады. Оларға 
Аллаһ тағала Яхия және Аун атты ұл перзенттер сыйлаған. 
Исламның ұлыларын алақанында аялап, үш арыстың ұрпағын 
жалғастырған Әсмәға Аллаһ тағала разы болсын! Әсмә 
Умайсқызынан туылған алты ұлдың бәрі де Исламдағы танымал, 
ізгі кісілердің сапынан орын алған. 


183


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет