Умму Суләйм Әбу Талхаға тұрмысқа шыққан соң, екеуі бір ұл
сүйіп, оны Әбу Ғумайр деп атайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) үйлеріне
келген сайын кішкентай бүлдіршін Әбу Ғумайрмен ойнайтын еді.
Осы Әбу Ғумайрдың торда ұстайтын Нуғайр есімді бір құсы
болатын. Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл үйге келгенде,
тордағы құстың өліп қалғанын көріп:
«Уа, Әбу Ғумайр! Не істеді Нуғайр?» – деп баланың басынан
сипап қалжыңдайды
1
.
Бірде ұлдары Әбу Ғумайр қатты сырқаттанып ауырып қалады.
Олар уақыт озған сайын науқасы меңдеген баланың жағдайына
алаңдап, мазасызданады. Осы аралықта Әбу Талха егіс алқабын
аралап шолып қайту үшін үйінен шығып кетеді. Әкесі үйіне
оралам дегенше, бала жан тапсырады. Бұл хабардың Әбу Талхаға
оңай тимесін білген Умму Суләйм адамдарға оған бұл жайлы тіс
жармауын, ебін тауып өзі жеткізетіндігін айтады.
Дүниеде баласын жоғалтқан ананың қайғысынан асар қасірет
жоқ шығар. Сонда да болса бұл әйел қайғысын ішіне жұтып,
күйеуінің жайын ойлаған-ды. Умму Суләйм күйеуінің оралуына
қарай үсті-басын түзеп, киімін ретке келтіреді. Үйіне келген Әбу
Талха әйелінің сәнденіп отырғанын көрген соң, баланың жағдайы
түзелген екен деп ойлап:
«Бала қалай?» – деп сұрайды. Умму Суләйм:
«Ол қазір ең тыныш халде», – деп жауап береді. Әбу Талха
әйелінің астарлап айтқан бұл сөзін аңдай алмайды. Кеш батып
түн кірген соң екеуі жұбайлық міндеттерін орындап, сосын
ұйықтап қалады. Таң атып ұйқыдан оянғанда ғана Умму Суләйм
Әбу Талхаға ұлдарының өлімін естіртеді. Әйелінің мұнысына
ашуланған Әбу Талха Аллаһ елшісіне (с.а.с.) шағынып келеді.
Умму Суләймнің сабырлылығына Пайғамбарымыз (с.а.с.) да
таңғалады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Талхаға басу айтып:
«Аллаһ сол түндеріңе береке берсін», – деп дұға қылады
1
.
1
Әл-Бұхари, Әдәб: 81; Ахмад, Муснад: 3/119.
187
Достарыңызбен бөлісу: |