Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет149/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   200
Asyl-analar

 
 
не екенін білмейтін біртуар батыр болып өседі. Тіпті Зубәйрдің 
ұлы Абдуллаһқа:
«Мен ешқашан ешкімнен қорыққан емеспін. Аллаһтың 
атымен ант етемін! Менің бүкіл денемде найзаның ұшы мен 
қылыштың жүзі тимеген жер жоқ. Тіпті әуретім де сау емес»
– дегені хабар етіледі. 
Міне, Сафия Ислам үшін осындай өжет, қайсар батырды 
тәрбиелеген болатын. Аллаһ оған разы болсын! 


193
 
 
СУМӘЙЯ (АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) 
«Сабыр қылыңдар, Ясир отбасы! Шын мәнінде, сендерге 
уәде етілген (сый) – жаннат»
Исламда алғаш иман келтірген әйел адам, ол – Хадиша (Аллаһ 
оған разы болсын), сондай-ақ Исламда дін үшін алғаш шәһид 
болған да әйел, ол – Сумәйя. 
Сумәйяның күйеуі Ясир йемендік еді, басына іс түсіп, Меккені 
паналап келген-ді. Сол кездегі әдет бойынша басына күн туған 
адам Меккені паналайтын. Сондықтан да Мекке «Ләиз» (пана 
беруші) деп аталған. Бұл Аллаһтың үйін паналаған жанға ешкім 
алакөздік танытып түрткілемейтін. 
Меккеге келген Ясир бәну махзум тайпасының көсемі – Әбу 
Хузайфа ибн Муғираның қорғанына кіріп, осы кісінің қызметінде 
жүреді. Осылайша күн кешкен Ясир бір күні Әбу Хузайфаның 
есігіндегі Сумәйя деген жас күң қызды айттырады. Әбу Хузайфа 
келісімін беріп, екеуі тұрмыс құрады. Шаңырақ көтерген бұл 
отбасында біршама уақыттан соң Аммар есімді ұл дүниеге келеді. 
Бұл сәби туылғанда, Әбу Хузайфа Ясирдің құрметі үшін оны 
әйелі екеуін босатып, бастарына азаттық береді. Алайда Ясир 
сонда да осы қызметін дұрыс деп санап, Әбу Хузайфаның 
қарамағында қалуды жөн көреді. 
Арада жылдар өтіп, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Ислам дағуатын 
бастап, қараңғы араб жазирасына жарық нұр алып келді. Бұл 
шақта Аммар, есейіп оң-солын таныған жас жігіт еді. Ол Аллаһқа 
иман келтіріп, Пайғамбарға (с.а.с.) ілеседі. Аммар және оның 
қатарында діндерін жасырын ұстаған Біләл Хабаши, Сухайб Руми 
сияқты төменгі тап өкілдері түнде Арқамның үйінде бас қосып, 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) дін ілімін үйренетін. Аллаһ елшісі 
(с.а.с.) оларға таухидтің, Исламның мән-мағынасын, адамзат 
өмірінің мақсатын түсіндіретін, Аллаһ оларға разы болсын! 


194


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет