Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет151/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   200
Asyl-analar

«Жүрегің не дейді?» – деп сұрайды. Аммар: «Жүрегім 
орнында», – дейді.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Ештеңе етпейді. Мүшріктер саған қайтадан дұшпандық 
қылса, тағы да осылай ет», – деп кеңес береді. Сол кезде Аллаһ 
елшісіне (с.а.с.) Жоғары Мәртебеліден:


196
 
 
«Жүрегі иманға орныққан күйде зорлық көргеннен 
басқа»
1
деген Аммардың ісін ақтаған аят келеді
2

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аммар ибн Ясирді бірнеше рет 
жаннатпен сүйіншілеген және Аммар алдына келген сайын 
әрдайым: 
«Қош көрілген жақсы келді, қош көрілген жақсы келді!» – 
дейтін
3
.
Ол Пайғамбар (с.а.с.) үмбетіндегі алғашқы шәһид Сумәйяның 
ұлы болатын. Оның анасы бүкіл мұсылман әлеуметі үшін 
мәңгілік үлгі болып қалды. Осылайша бұрынғы өткен ізгі 
аналарымыз дін жолында ер кісілермен бірдей қайталанбас асқан 
қайраткерлік таныта білді. Аллаһ оларға разы болсын! 
1
«Нахл» сүресі, 106-аят. 
2
Ибн Жәрир, Тәфсир: «Нахл» сүресі 106-аятты қараңыз. 
3
Әт-Тирмизи, Манақиб: 35; Ибн Мәжәһ, Муқаддима: 11. 


197
 
 
НУСАЙБА КАҒБҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) 
«Сенің қолыңнан келген кімнің қолы-нан келер дейсің, уа, 
Умму Умара!» 
«Умму Умара» деген атпен танымал Нусайба Кағбқызы әл-
Мазиния ансарлардың бәну нәжжар руының әйелі еді. Умму 
Умара Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аудармай тұрып 
Ақаба келісімінде ансарлық әйелдердің арасынан алғаш иман 
келтірген. Бұл әйгілі Ақаба келісіміне бар-жоғы екі әйел 
қатысқан. Сол екі әйелдің бірі – Нусайба Кағбқызы. Уақыт өте 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) Мәдина қаласына қоныс аударып, 
мұсылмандар мен мүшріктер арасында шайқастар легі 
басталғанда Нусайба күйеуі Ғазайя және алғашқы күйеуі марқұм 
Зәйд ибн Асамнан көрген ұлдары Абдуллаһ, Хабибтармен бірге 
жорықтарға қатысады. Аллаһ оларға разы болсын! Нусайбаның 
ерен ерлігі әсіресе Ухуд шайқасында көрініс табады. Негізінде
жорыққа шыққан әйелдер жаралыларға жәрдем көрсететін, 
әскерге ас-су әзірлеп, тағы басқа жағдайларда қолғабыс ететін, 
бірақ соғысқа араласпайтын. 
Ухуд шайқасында ұрыстың бастапқы кезінде мұсылмандар 
басымдылыққа ие болғанмен, садақшылардың өз орындарын 
тастап кетуі нәтижесінде дұшпан тарабындағы Халид ибн 
Уәлидтің атты сарбаздары соғыс алаңын орағытып өтіп
мұсылмандардың ту сыртынан соққы береді. Бұл «Аллаһтың 
семсері» атанған Халидтің (Аллаһ оған разы болсын) Исламды 
әлі қабылдамаған кезі еді. Осындай күтпеген шабуылдың 
әсерінен мұсылман әскерінің шебі бұзылып, қосыны бытырап 
артқа шегініп қаша бастайды. Белең алған аласапыранның 
нәтижесінде Пайғамбардың (с.а.с.) қасында он-ақ жауынгер 
қалады. Аллаһтың елшісін (с.а.с.) қорғау үшін аяқтарында нық 
тұрған бұл ондықтың төртеуін Нусайба Кағбқызының отбасы 


198


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет