189
САФИЯ АБДУЛМУТТАЛИБҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН)
«Мен оған кейін қорықпау үшін қазірден қорқыныштың не
екенін үйрете берейін».
Сафия Абдулмутталибқызы – Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
немере әпкесі, Исламды қабылдаған алғашқылардың бірі.
Қайратты да қайсар, ер мінезді бұл әйел Исламды қабылдағаннан
кейін қалған бүкіл өмірінде дағуат жолында Аллаһ елшісіне
(с.а.с.) жәрдемдесумен өткен.
Мұның айқын дәлелі Ахзаб
шайқасында көрініс табады. Бұл шайқаста құрайыш, ғатафан,
бәну суләйм рулары яһудилермен қол біріктіріп,
Исламның
тамырына балта шабу үшін Мәдинаға келеді. Ал Пайғамбарымыз
(с.а.с.) қаланы қорғауда Салман Фарисидің (Аллаһ оған разы
болсын) ұсынысымен бұрын-соңды арабтар қолданбаған бір
тәсілді пайдаланды. Мұсылмандар Мәдинаның атырабынан үлкен
ор қазады. Бірақ ор қаланы түгелдей айналдыра қазылмайды, тек
әскердің негізгі өткелі Мәдинаның солтүстік тарабы бөгелді.
Өйткені ор
қазу оңай шаруа емес еді, оның үстіне, уақыт та өте
тығыз болатын. Дегенмен қаланың батыс және шығыс тараптары
үлкен-үлкен қой тастармен қоршалған,
жау оңайлықпен өте
алмайтын тастақ жерлер, ал оңтүстігі таулы аймақ болатын.
Мәдинаның оңтүстік-шығысында, бәну құрайзалық яһудилердің
үйлері орын тепкен-ді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) яһудилерден
Мәдина халқының басына әлдеқандай күн туар болса,
қаланы
бірлесе қорғауға келісім алған-ды. Шайқас басталмас бұрын осы
келісімді тағы бір бекітіп алмақ болады. Яһудилер: «Біз сенімен
біргеміз», – деп уәделерін береді.
Мұсылмандардың өздеріне үйреншікті емес бұл айла-тәсіліне
кезіккен жаудың қалың қолы орға келіп тіреліп, абдырап сасып
қалады. Қаншама
рет ордан өтуге тырысқанымен, әрекеттерінен
еш нәтиже шықпайды. Мұсылмандар ордың бергі бетінде