Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет148/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   200
Asyl-analar

 
 
мүмкіндік бар ма, жоқ па?..» деп жағдайды ой елегінен өткізе 
келе, тіпті ер адамдардың қолынан келе бермейтін батыл әрекетке 
барды. Бұл жайында ол өзі: «Киімімнің етектерін жинап, 
ықшамдап, еркектерше киініп алдым да, шатырдың тіреуін 
қолыма алып жасырынып тұрдым», – дейді. Осылайша Сафия 
жасырынып тұрып шолғыншы яһуди жақындап келгенде
күтпеген жерден шыға келіп, оны таяқпен қойып қалады. Бастан 
тиген қатты соққыдан яһуди есеңгіреп жерге сұлап түседі. Осы 
сәтті пайдаланған Сафия пышақ алып әлгінің басын кесіп алады. 
Кесілген басты қолына алған өжет әйел қамалдың төбесіне 
шығып, оны яһудилер жаққа лақтырады. Мұны істеген әйел кісі 
екенінен яһудилер мүлдем бейхабар еді. Олар лақтырылған басты 
көріп, қорқып кетеді. Аллаһ тағала Құранда:
«Оларды (яһудилерді) өмірді ең қатты қалайтын (адамдар) 
ретінде көресің»
1
, – деген. 
Бұл жайттан кейін қалған шолғыншылар алды-артына қарамай 
қашып, қауымдарына келіп: «Қамал толы еркек, біздің 
барлаушымыз қайтпады, оның басы ғана қайтты», – дейді. 
Яһудилер жіберген шолғыншылары осындай нәтижемен келген 
соң, қамалды жайына қалдырады. Осылай батыр да батыл, 
ержүрек ана белең алған қауіптің бетін қайтарған болатын. 
Сондай-ақ Сафия өзінің осы қасиеттерін ұлы Зубәйр ибн 
Аууамның (Аллаһ оған разы болсын) бойына сіңіретін. Зубәйр 
анасының тәрбиесі жайлы былай әңгімелейді: «Анам мені небір 
қараңғы түндерде елсіз жерлерге апарып тастап кететін. Бұл 
кездерде мен бар-жоғы бес жаста едім. Үрейленіп, қорқып 
жылайтынмын». Сафия адамдардың «Баланың жүрегін аласың 
ғой» дегендеріне: «Мен оған кейін қорықпау үшін қазірден 
қорқыныштың не екенін үйрете берейін», – деп жауап 
қайтаратын. Шындығында да, Зубәйр ибн Аууам қорқыныштың 
1
«Бақара» сүресі, 96-аят. 


192


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет