Асыл аналар


жалдап ал. Өйткені жалдап алғандарыңның ең жақсысы



Pdf көрінісі
бет32/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   200
Asyl-analar

жалдап ал. Өйткені жалдап алғандарыңның ең жақсысы – 
күштісі әрі сенімдісі»
1
, – дейді. Шуғайб ақсақал оған ілтипатпен: 
– Мен саған екі қызымның бірін некелеуді қалаймын, 
қайтарымына сен маған сегіз жыл малымды бағып қызмет ет, ал 
мерзімді он жылға толтырам десең, өзің білесің, – деген ұсыныс 
айтады. Мұса бұл ұсынысқа келісіп: 
– Бұл мерзімді өтегеннен кейін кетуіме қарсылық 
көрсетпейсің, Аллаһтың Өзі біздің осы айтқандарымызға куә, – 
деп келісімін білдіреді. Көреген қарттың қызына үйленіп, өзіне 
қызмет етіп, оның өмірінде жаңа белестер басталады. 
Уақыт зырлап ағын судай өтіп жатады. Уәделескен он жыл 
мерзімін өтеп, Мұса қайын атасының рұқсатымен анасы мен 
Әсияны зиярат етуге жары мен екі баласын ертіп, Мысырды 
бетке алып жолға шығады. Жол бойында оның өмірін күрт 
өзгерткен бір оқиға орын алады. Сапар барысында олар қарны 
ашып, шөлдеп, күндіз ыстыққа қақталып, түнде жаурап әбігерге 
түседі. Бір кезде тау беткейінен бір жарқыраған от көрінеді. 
«Түнде от жағып отырған пенде болса, от алып жылынайық» 
деген оймен екі баласы мен әйелін Сина даласының маңайында 
қалдырып, өзі әлгі отқа қарай барады. Сол кезде Аллаһ тағала 
Мұсаға:
1
«Қасас» сүресі, 26-аят. 


41
 
 
«Шынында, Мен – Аллаһпын, Менен өзге құдай жоқ. 
Маған құлшылық қыл, сондай-ақ Мені еске алу үшін намаз 
оқы. Әркім әрекетінің қарымтасын алуы үшін Мен құпия 
етіп отырған Қиямет анық келеді. Ендеше, сені (Қияметке) 
сенбей, көңілдерінің ауғанына ергендер (Қиямет күніне) 
сенуден тоспасын. Онда (егер тосқан жағдайда) құрисың»
1
, – 
деп тікелей тіл қатады. 
Міне, осылайша Мұсаның сындарлы пайғамбарлық кезеңі 
басталады. Аллаһ тағала Өз елшісіне пайғамбарлық мұғжизалар 
(қолының көз қарықтырар аппақ түске енуі мен асатаяқтың 
жыланға айналуы) береді. Сөйтіп, от алғалы кеткен жалгер 
жұмысшы, қарапайым қойшы Аллаһтың бірлігі мен туралығына 
шақырушы, бүкіл адамзат баласының семіп қалған жүрегін 
жылытушы, көр болып қалған көздерін ашушы, жалыны мен 
шуағы мол от, ұлы міндет – Аллаһтың айнымас тура жолын 
арқалап келеді. Сонымен қатар Мұса пайғамбарға Аллаһ 
тарабынан екі үлкен міндет жүктеледі. Біріншісі – перғауын мен 
оның адамдарын туралыққа шақыру, екіншісі – Исраил 
ұрпақтарын олардың езгісінен азат ету. 
Тыныш тіршіліктен қол үзген Мұса шындық пен ақиқат 
жолында күресіп, зұлымдықты түп-тамырымен қопару үшін 
осындай ауыр, ұлы міндетті қабылдайды. Ал жан жары бұл 
міндетте оған демеу болып, қолынан келген көмегін аямайды. 
Олар Мысырға келіп, он жыл бойы көріспеген қос анасының 
ыстық ықыласына бөленеді. Ақыл мен парасат иелері – қос ана 
Мұсаның пайғамбарлығына, жүктелген міндетіне иман келтіреді. 
Мұса Исраил ұрпақтарын езгіден құтқару жолында 
перғауынмен күресін бастайды. Перғауынның алдына барып, 
өзінің пайғамбарлығын жариялап, мұғжизаларын көрсеткенімен, 
тәкаппар патша мойындамай, менмендік көрсетеді.
Аллаһ тағала Мұса мен Һарунды жіберіп тұрып:
1
«Таһа» сүресі, 14-16 аяттар. 


42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет