Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет34/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   200
Asyl-analar

 
 
рухани және материалдық шығынға ұшырау керек болды. 
Нәтижесінде, Мысыр екіге бөлінеді. Бір топ – Мұсаға ерген 
мүміндер (басым көпшілігі – Исраил ұрпақтары), екінші топ – 
кәпірлер, олардың көпшілігі – тұрғылықты Мысыр халқы. 
Аллаһ перғауындықтарға бірнеше зұлмат жібергеннен кейін 
ғана перғауын Исраил ұрпақтарына Мысырдан шығуға рұқсат 
береді. 
Алты жүз мың Исраил ұрпақтары бүкіл бала-шаға, мал-
жанымен Мысырдан шығып, Палестинаға бет алады. Бұл қоныс 
аударушылардың ішінде Әсия анамыз да болған деген риуаяттар 
бар. Ал бір риуаяттар бойынша перғауын оны қоныс аудармаққа 
жиналғаны үшін қатты азаптап, қинаған. Сонда да алған бетінен 
қайтпаған соң, таспен ұрып өлтірген. Осылайша Әсия дін 
жолында шәһид болған. Міне, бұл – ер мінезді әйел үлгісі. Өмірде 
сәл ғана қиыншылық көрсе, дініне қиянат жасап, әлсіздік 
танытатын еркектер бар. Ал, бұл – пайғамбарға сүйеніш болған, 
оған міндетін орындауда жәрдем көрсеткен мәңгілік ұмытылмас 
үш әйелдің адамзат тарихында салып кеткен сара жолының 
үлгісі. Аллаһ тағала олардың өнегесін мына біздер – 
мұсылмандарға мәңгілік өнеге етіп қалдыру үшін оны Өзінің 
мәңгілік сөзі, ұлы кітабы Құранда:
«Аллаһ иман келтіргендерге перғауынның әйелін мысалға 
келтірді. Сол уақытта ол: «Раббым! Маған жаннатта Өз 
қасыңнан бір үй тұрғызып бер. Сондай-ақ мені перғауын мен 
оның істерінен құтқар және мені залым қауымнан құтқара 
гөр!» – деді»
1
, – деп баян еткен. 
Бұл жай ғана мысал емес, бүкіл мүміндер үшін келтірілген 
әйел жайындағы мысал. Қай дін әйелге осындай құрмет 
көрсетті?! Иә, Әсия анамыз басындағы патшалық сарайды 
қаламай, Аллаһқа: «Раббым! Маған жаннаттан үй тұрғызып бер», 
– деп тілек-дұға қылды. Ол Мысыр халқына билік жүргізіп 
1
«Тахрим» сүресі, 11-аят. 


44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет