Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет47/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   200
Asyl-analar

 
 
Ол адамзат бейбітшілігі үшін жіберілген-ді. Аллаһтың қай 
пайғамбары болсын оның жіберілуіндегі мақсат – бейбітшілік. 
Бұл нәресте Мәриямұлы Иса болатын. Адамзат тарихындағы 
ең ұлы пайғамбарлардың бірі «Мәриямұлы Иса» деп анасының 
атына телінді. Бірақ адамдар бұл жайында әртүрлі көзқарасқа 
бөлінді: біреулер оны «Аллаһтың ұлы» десе, біреулер «Аллаһтың 
Өзі», ал енді біреулер «қасиетті үштіктің бірі» деп шатасты. 
Көпшілік алдында нәресте осы сөздерді айтқаннан кейін бұған 
біреулер сенеді, ал біреулер сенбей: «Бұл – сиқыр шығар» деп 
күмән келтіріп: «Жөргектегі бала бізге қалай пайғамбар болады?» 
– деп шуласады. Дау-дамай ушығып бара жатқан соң, баласына 
әлдебір қатер келе ме деп қауіптенген Мәриям Исаны алып 
Бәйтул-Мақдисті тастап шығып кетеді. Оның Бәйтул-Мақдистен 
шығып қайда бет алғаны туралы риуаяттар да әртүрлі. Бір 
риуаяттарда Бәйтул-Лахмға кетті десе, бір риуаяттарда Мысырға 
кеткені туралы айтылады. 
Ойын баласы кезінде-ақ Исаның бойында мұғжизалар бой 
көрсетіп жатты. Ол жанындағы балаларға үйлерінде не бар, не 
жоқ, түрлі тәттілерді шешелерінің қайда тыққанын, бүгін тамаққа 
не жейтіндерін айтып беретін. Есейе келе Аллаһ тағала ол 
арқылы ұлы мұғжизаларын көрсете бастады. Ол мұғжизалардың 
бірі – өлгенді тірілту. Бұл жайлы риуаяттар көп. Бірде бір бала 
қастандықтың құрбаны болып, оның өліміне Иса айыпталғанда
ол адамдарға: «Маған оның үйіндегілерді және өлген баланы 
алып келіңдер», – дейді. Адамдар таңғала жүріп оның айтқанын 
орындайды. Бәрі әзір болғаннан кейін Иса өлген баланы қолымен 
нұсқайды. Сол кезде бала орнынан тұрып: «Мені өлтірген 
мынау», – деп өзін өлтірген кісіні көрсетіп, қайта өлі қалпына 
түседі. Дегенмен бұл риуаяттың растығына толық сенімділік жоқ, 
бірақ Исаның Аллаһтың құдіретімен өлілерді тірілтетін 
болғандығы күмәнсіз. Ол балшықтан құстың мүсінін жасап дем 
үрлесе, оған жан бітіп ұшып кететін болған. 


59


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет