Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет46/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   200
Asyl-analar

 
 
Бір-бірінің артын ала келген уахилардан кейін Мәриямның 
көңілі тынышталып, ерік-жігерін жинақтап, нәрестесін алып 
Бәйтул-Мақдиске келеді. Оны көрген бетте адамдар өзара: 
«Мәриям?.. Баламен бе?..» деп сыпсыңдаса бастайды. Оларға 
осыншалықты діндарлығымен танылған Мәриямның жасырын 
босанып келуі тосын жағдай еді. Адамдар оның айналасына 
жиналып қалады да: 
«Ей, Мәриям! Сен бір аса ауыр (күнәлі) нәрсемен келіп 
тұрсың ғой?! Ей, Һарунның қарындасы! Сенің әкең жаман 
кісі емес еді, шешең де арсыз емес-ті», – деседі. 
Бұл жерде «Һарунның қарындасы» деулерінде Һарун 
пайғамбар (аләйһис-сәләм) мақсат тұтылып отырған жоқ. Бір 
риуаяттар Һарун Мәриямның ағасы десе, бір деректерде адамдар 
Мәриямды Һарун пайғамбарға қатты ұқсатып, оны «Һарунның 
қарындасы» деп атаған делінеді, ақиқаты Аллаһқа аян. 
Сөйтіп, он бес-он алты жас аралығындағы жас қыз елінің 
алдында осындай ауыр жағдайда тұрды. Аллаһ тағаланың оған 
тіл қатпауын бұйыруының төркінінде аса Дана Аллаһтың тағы 
бір даналығы бар еді. Өйткені жел сөзге беріліп, өсекті өршітуге 
дайын тұрған адамдарға сөзбен ештеңе түсіндіру мүмкін емес, ең 
дұрысы – үндемеу. Мәриям оларға ешқандай жауап қатпай, 
қолындағы сәбиді меңзейді. Адамдар: «Біз құндақтағы 
кішкентай нәрестемен қалай сөйлесеміз?» – дейді, сол тұста 
нәресте тілге келіп:
«Расында, мен – Аллаһтың құлымын. Ол маған Кітап 
берді және мені пайғамбар етті. Ол мені қайда болсам да 
құтты қылып, тірі жүргенімде намаз бен зекетті өсиет етті. 
(Сондай-ақ мені) анама мейірімді етіп, зорлықшыл, бақытсыз 
қылмады. Маған туылған күнімде, өлер күнімде және қайта 
тірілер күнімде (Аллаһтан) амандық болсын», – дейді. 
Міне, жаратушы Аллаһтың мұғжизасы! Жөргектегі нәресте 
ақида, иман, ғибадат, әдеп мәселелерінде теңдессіз сөздер айтқан. 


58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет