72
Хадиша Ясирдің әйелі, Аммардың анасы – Сумәйяның (Аллаһ
оларға разы болсын) азапты өлімге діні үшін
басын тіккенін
көзімен көрді. Бұл дін жолындағы алғашқы шәһидтік еді. Ол
түбінде Аллаһтан келер жеңіске үміт етіп, мүшріктер келтірген
зорлықтың зардабынан қорықпады. Кәпірлердің азабы күннен-
күнге күшейе түсті. Кәпірлер Қағбаға олармен сауда-саттық,
алыс-беріс жасамау турасында үнқағаз іліп қойды. Басқаша
айтқанда,
оларға экономикалық қоршау, қысым, шектеу
жариялады.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен оған ергендер мүшріктердің
зұлымдығынан бас сауғалап сахараға келіп күн кешті.
Мұқтаждық пен аштық, әділетсіздік,
өмірдің ащы тұздығы
оларды қатты абыржытты.
Хадиша Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасынан әрдайым табылып,
Исламның қанат жаюы мен әділдіктің жеңуі үшін қолынан
келгенін аямады. Осы қиыншылық үш жылға созылды. Осы үш
жыл ішінде мұсылмандар жантүршігерлік азап пен зұлымдықты
басынан өткерді.
Аштық оларды ағаштардың қабығы, аңдардың
терісі сияқты заттармен азықтануға мәжбүрледі. Хадишаға
ағасының ұлы Хаким ибн Хузам азық-түлік алып баратын. Мұны
біліп қойған құрайыштар бұған да тыйым салған соң, Хаким оған
ас-ауқатты ұрланып жасырын әкелетін. Хадиша бұл азықтың
барлығын мұсылмандарға үлестіріп беретін. Осы күндердің
ішінде Аллаһ елшісінің (с.а.с.) көкесі,
демеушісі Әбу Талиб
сексен жастан асып барып дүние салды. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
Достарыңызбен бөлісу: