Асыл аналар


тынысымды қысты. Сосын босатып: «Оқы!» – деді. Мен



Pdf көрінісі
бет56/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   200
Asyl-analar

тынысымды қысты. Сосын босатып: «Оқы!» – деді. Мен: 


70
 
 
«Оқи білмеймін!» – дедім. Ол үшінші мәрте ұстап
бұлқынғанымша тынысымды қысты. Сосын қоя берді де: 
«Жаратқан Раббыңның есімімен (бастап) оқы! Ол адамды 
ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса Жомарт»
1
 – деді»
– деп айтты»
Айша анамыз сөзін жалғап: «Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) 
жүрегі дірілдеп Хадиша Хуайлидқызының алдына кіре сала: 
«Мені орап тастаңдар, мені орап тастаңдар!» – дейді. Олар 
оны қорқынышы басылғанша орап қояды. Сонан соң Хадишаға: 
«Мен өзіме қатысты қорқып қалдым», – деп болған уақиғадан 
хабардар етеді. Сонда Хадиша: «Жоқ, олай емес. Аллаһпен ант 
етемін! Аллаһ сені ешқашан қор қылмайды, өйткені сен 
туыстармен 
жақсы 
қарым-қатынастасың, 
қорғансызды 
сүйейсің, жоқ-жітікке қарайласасың, қонақты сыйлайсың және 
өзгелердің құқығының сақталуына жәрдем етесің», – деп (жауап 
береді)
Бұдан соң Хадиша оны өзінің немере ағасы Уарақа ибн 
Нәуфәл ибн Әсәд ибн Абдулғұззаға ертіп барады. Ол жәһилият 
дәуірінде христиан дінін қабылдаған кісі еді. Көне еврей тілінде 
жаза алатын, Аллаһ қалағанша Інжілден көне еврей тіліне 
жазатын. Қартайған, көз жанарынан айырылған шал еді. 
Хадиша оған: «Уа, көкемнің ұлы! Туысыңның баласын тыңда», – 
дейді. Уарақа: «Уа, туысымның ұлы! Не көрдің?» – дейді. Аллаһ 
елшісі (с.а.с.) көргенін айтып береді. Сонда Уарақа: «Бұл – Аллаһ 
Мұсаға (аләйһис-сәләм) жіберген періште Намус. Шіркін, жас 
болғанымда ғой! Қауымың сені (елден) қуып шығарар кезде тірі 
жүрсем!» – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Олар мені қуып шығара 
ма?» – деп сұрайды. (Уарақа): «Иә, қашанда сен әкелген секілді 
нәрсемен келген кісіге дұшпандық жасалған. Егер сол күнге дейін 
1
«Ғалақ» сүресі 1-5 аяттар. 


71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет