Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет72/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   200
Asyl-analar

 
 
тарихында «Михнәтул-ифк» (Жаламен сыналу) деген атпен 
айшықталған. 
Айшаға бірде өзі істемеген масқара жала жабылады. Бұл жайт 
һижра жыл санауымен 5-жылы көрініс тапқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сапарға шығар алдында жұбайларына 
жеребе тастап, жеребе түскен әйелін өзімен бірге жорыққа алып 
шығатын. Бәну мусталиқ тайпасына қарсы шайқасқа аттанарда 
жеребе Айшаға түсіп, ол сол жорықта Пайғамбарымызға (с.а.с.) 
ереді. Олар жеңіске жетіп, Мәдинаға қайтып келе жатқанда, күн 
батып, ымырт үйірілер шақта жол азабынан тынығу үшін біраз 
аялдайды. Сол жерде Айша қажеттілік туып, түзге шығады. Оның 
мойнында Йемен көзмоншағынан тізілген алқасы бар еді. 
Қапелімде сол алқасының үзіліп, сусып түсіп шашылғанын өзі де 
аңғармай қалады. Шешесі Умму Руман тойына сыйға 
тартқандықтан, алқаны аса қымбат көретін Айша оны іздеп 
тауып, теріп-жинап күймесіне келсе, күйме орнында жоқ. Әскер 
жиналып, жүріп кеткен. Айша анамыз өте жеңіл болатын. 
Сахабалар күймені көтеріп түйеге артқан кезде оның бар-жоғы 
білінбейтін. 
Менің күймеде жоқ екенімді байқап, қайтып келер деген 
оймен жамылғысын оранып алып жол бойына шығып тұрады. 
Сафуан ибн Муғаттил (Аллаһ оған разы болсын) деген кісі 
әскердің соңында жүріп отырып, көштің ұмыт қалдырып, түсіп 
қалған заттарын жинап жүретін. Көш орнына келген Сафуан 
айналаны көзімен бір шолып өткенде, сонадайдан біреудің 
қарасын байқайды. Жақындап келгенде, оның Айша екенін 
таниды. Ол Айшаны хижаб парыз болудан бұрын көрген-ді. Екеуі 
басы артық сөзге де бармастан, Сафуан түйесін шөктіреді де, өзі 
алысырақ барып теріс бұрылып тұрады. Айша түйеге мінгеннен 
кейін, түйенің бұйдасын жаяу жетектеп, таң атқан соң ғана 
демалып жатқан әскерді қуып жетеді. Ол екеуін көрген бойда бір 
топ адамның ішінде отырған мұнафықтардың басшысы Абдуллаһ 
ибн Убәй: «Айша Сафуанмен келе ме?.. Аллаһтың атымен ант 


92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет