Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет71/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   200
Asyl-analar

 
 
Ол көңілі дарқан, жүрегі кең әйел еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) 
сияқты ол да өте сабырлы, төзімді-тұғын. Екеуі бірге екі қараны: 
құрма мен суды қанағат етіп, кедейшілік пен аштыққа сабыр 
ететін. Кейде Айшада ақша пайда болса, дереу кедейлер мен 
мұқтаждарға тарататын. Бірде халифа Муғауия оған сый-сияпат 
ретінде жүз дирһам жібереді. Сонда Айша өз үйінде жейтін 
ештеңе болмаса да, бұл қаражаттың барлығын мұқтаждарға 
таратып жібереді. «Өзіңе әлдене сатып алып, жүрек жалғауға бір 
дирһам болса да қалдырдың ба?» – деп сұраған қызметкер әйелге:
«Есіме салғандарыңда, қалдырар едім», – деп жауап берген. 
Яғни садақа таратуға жан-тәнімен берілгені сондай, ол тіпті 
өзін ұмытып кететін. 
Бірде Айша анамыздың үйіне екі қызын жетектеген бір әйел 
қайыр сұрап келеді. Анамыз үйінен берерге ештеңе іздеп 
таппайды. Бір кезде бір кішкентай құрма тауып алып, екі қызға 
бөліп берген. 
Сондай-ақ бір күні оның есігін әлдебір қайыршы қағады. 
Есікті ашқан Айша бір түйір жүзімнен басқа ештеңе таппай, ол 
жүзімнің түйірін қайыршының қолына ұстатады. Сонда әлгі кісі: 
– Мұны қайтемін, уа, мүміндердің анасы?! – дейді. Анамыз: 
Мұнда қаншама тозаңның салмағы бар ғой, – деп, Аллаһ 
тағаланың: «Кімде-кім тозаңның салмағындай жақсылық 
жасаса, оны (Ақыретте сауабын) көреді. Ал енді кім тозаңның 
салмағындай жамандық жасаса, оны да (Ақыретте жазасын) 
көреді»
1
, – деген сөздеріне ишара жасайды. 
Міне, осындай жомарт та кішіпейіл Айша кедейлікке 
жасымаған, байлығым жоқ деп қабақ шытпаған. Ол өте қайратты 
болған, әрқилы басқа түскен жағдайлардан шығуға дұрыс жол 
таба білген. Бірде Айшаның тазалығы мен адалдығын 
дәлелдейтін тағы бір оқиға орын алды. Бұл оқиға Ислам 
1
«Зілзәлә» сүресі, 7-8 аяттар. 


91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет