Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет73/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   200
Asyl-analar

 
 
етемін! Бұл жүрістері тегін емес шығар?..» – деген мағынадағы 
пасық сөздерді айта бастайды. Әйтсе де өтірікші Абдуллаһ ибн 
Убәй өлер жерін білетін. Сондықтан да ойындағысын екіұшты 
жымысқы сөзбен жеткізеді. Оның бұл жымысқы ойы іске асып, 
адамдар Айша мен Сафуан туралы қаңқу сөз тарата бастайды. 
Оның ішінде, әсіресе, Абдуллаһ ибн Убәй бастаған мұнафықтар 
жандарын салып-ақ кіріседі. Іздегенге сұраған, мұнафықтар тіпті 
болмаған түймедей жайттан түйедей өсек шығарып, екеуіне күйе 
жағып, жала жабады. Бір өкініштісі, өсектің қауға тиген өрттей 
лаулағаны сондай, Хассан ибн Сәбит, Мустих ибн Әбу Мустих, 
Хамнә Жахшқызы сияқты мұсылман ер-әйелдер де пасық 
мұнафықтардың алдауына түсіп, Айшаны ашық зина жасады деп 
айыптаған сөздер айтады. Аллаһ тағала олардың күнәларын 
кешірсін! 
Желсөзге құмар адамдар оларға жала жабады. Бұл өсектен 
өрілген жала Аллаһ елшісіне де (с.а.с.) жетеді, ал мұны Әбу Бәкір 
мен Умму Руман (Аллаһ тағала бұл отбасыға разы болсын) 
естігенде, төбелерінен жай түскендей хал кешеді. Жолдан 
сырқаттанып келген Айша Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзін 
жатырқап жүргенін сезіп, рұқсат сұрап, ата-анасының үйіне 
кетеді. Бірнеше күн өтер-өтпестен ауырып төсек тартып, бір ай 
жатып тұрады. Сосын ғана ол жұрттың өзі жайлы не деп 
жүргенін біледі. Айша бұл жайында өзі:
«Мәдинаға 
келгенімізге 
көп 
болмаған, мен 
қатты 
сырқаттандым. Ұстамалы безгекпен бір ай төсекке таңылдым. 
Сол аралықта жұрт арасында маған жабылған өсек-аяң 
тарапты. Мен болған жайлардан мүлдем хабарсыз едім. Тек 
сырқаттанып жатқанымда Аллаһ елшісінен (с.а.с.) салқындық 
сездім. Атымды атамай, «Қалайсың?» дейтін де қоятын», – 
деген. 
Айша анамыз өзіне жабылған жаланы алғаш Умму Мустих 
деген әйелден естиді. Түнде Айшамен бірге тысқа шыққан Умму 
Мустих етегіне шалынып кетеді де, ұлы Мустихты жазғырып, 


93


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет