Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет78/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   200
Asyl-analar

 
 
олардан жылуын аямайды. Сөйтіп, әпкесінің баласы Абдуллаһ 
ибн Зубәйрді (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бауырына 
басады. Кейін жұрт Айшаны «Умму Абдуллаһ» (Абдуллаһтың 
анасы) деп атап кетеді. Ағасы Абдур-Рахман қайтыс болғанда, 
оның қызын және ұлы Қасымды асырап алады. Айша жайлы 
Қасымның өзі: «Ол әлемдегі ең жақсы ана еді», – деген болатын. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салған соң, араға екі жыл салып 
Айша тағы бір ең сүйікті адамы – әкесі Әбу Бәкірмен (Аллаһ оған 
разы болсын) қош айтысады. Әкесі қайтыс болғанда, Айша 
анамыздың жасы жиырмада еді. Оған әл үстінде жатқан Әбу 
Бәкір:
«Уа, қызым! Артымда қалдырып бара жатқан ең сүйкімді 
байлығым – сенсің», – деген. 
Ол мұсылман құқығы саласында бірінші білгір адам және 
хадис пен сүннетті таратудың бірінші қайнар көзіне айналады. 
Кейбір талас тудырған мәселелерде сахабалар оның төрелігіне 
жүгінетін. 
Әбу Мұса әл-Ашғари (Аллаһ оған разы болсын): «Біз, 
Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары, бір хадистің сырын ұға 
алмағанда, Айшадан сұрайтынбыз. Айшаның міндетті түрде ол 
хадис жайлы мәліметі бар болып шығатын», – деп оның хадис 
іліміндегі дәрежесін айшықтап көрсеткен. 
Әбу Духа: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.) үлкен сахабаларының 
Айшадан мирас ілімі жайлы сұрап жатқанын көрдім», – деген. 
Һишам ибн Ғұруа ибн Зубәйр: «Айша Құран мен Исламның 
шарттарын, ненің болатынын, ненің болмайтынын бәрінен жақсы 
білетін еді», – деп айтқан. 
Ғұруа Айшадан: 
– Уа, мүміндердің анасы! Мейлі Құранда, мейлі шариғатта
халал мен харамда, поэзияда, шешендік сөзде, мейлі емшілік 
істерінде болсын сенің біліміңе таңғаламын... Ал емшілік істерін 
қайдан үйрендің? – деп сұрайды. Айша анамыз:


99
 
 
Ей, Ғұруа! Аллаһ елшісі (с.а.с.) өмірінің соңында көп 
сырқаттанды, оған шипагер емшілер келіп, ауруын анықтап, 
емінің дауасын айтатын. Мен солардан естіп-үйрендім, – деп 
жауап береді. 
Міне, осылайша Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қазасынан кейін бұл 
ақылды да парасатты әйел қалған ғұмырын, бар білімін адамдарға 
үйретумен өткізеді. Сахих кітаптарда одан риуаят етілген 
барлығы сенімді 2210 хадис енгізілген. Бұл нәтижемен Айша 
хадис риуаят етуде Әбу Һурайра мен Абдуллаһ ибн Омардан 
(Аллаһ оларға разы болсын) кейінгі үшінші орында тұрады. 
Сонымен қатар Айша өте шешентілді кісі болған. Халифа 
сайланғаннан кейін онымен тілдесіп шыққан Муғауия (Аллаһ 
оған разы болсын): «Аллаһтың атымен ант етемін! Аллаһ 
елшісін (с.а.с.) есептемегенде, мұнан өткен шешентілді ешкімді 
көрген емеспін», – деп қайран қалған. 
Ахнаф ибн Қайс (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Әбу 
Бәкірдің, Омардың, Осман мен Әлидің және олардан кейінгі осы 
күніме дейінгі халифалардың құтпаларын тыңдағанмын, бірақ 
Айшадай шешентілді, көркемсөзді ешбір жанды кездестірген 
емеспін», – деген. 
Айша Муғауияның кезінде һижра жыл санауымен 58-жылы 
рамазан айының 17-жұлдызына қараған түні алпыс алты жасында 
дүние салады. Оның жаназасын Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы 
болсын) шығарады. Намазға бұған дейін Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) қаласы куә болмаған қарақұрым халық қатысып, олар 
жаназа намазын зәйтүн майына малынған, жүннен жасалған 
шамның жарығымен оқиды. Оның асыл денесі басқа мүміндердің 
аналарымен қатар Бақиғ зиратына қойылды. Аллаһ оған разы 
болсын! 
Ол дүние салғанда, Амр ибн Убәйд: «Айшаның қазасына 
анасы болмағандар ғана қайғырмады», – деген. 
Осылайша салиқалы әйел Айша артында өзі тәрбиелеген, өзін 
есіне алатын буын қалдырып, Жаратушы Иенің алдына аттанады. 


100


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет