101
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – ХАФСА ОМАРҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ӘКЕСІ ЕКЕУІНЕ РАЗЫ БОЛСЫН)
«Хафсаға Османнан да жақсырақ біреу үйленеді...»
Хафса, Омар ибн әл-Хаттаб ибн Нуфәйл ибн Луәйқызы,
құрайыш тайпасынан.
Анасы – құрайыш әйелдерінің бірі Зәйнәб Мазғунқызы.
Хафса – Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабасы, Аллаһ
онымен
Исламды күшейтіп, қуатты еткен Омардың (Аллаһ оған разы
болсын) сымбатты да сұлу қызы. Тарихи кітаптарда мүшріктер
мен кәпірлер мұсылмандарға зұлымдықтарын күн сайын
арттырғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Раббысына:
«Аллаһым,
Исламды мына екі кісінің өзіңе ұнағанымен күшейте гөр:
Әбул-Хакәм не Омар ибн әл-Хаттабпен»
1
, –
деп дұға қылғаны
айтылған.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Исламды қабылдап, оған қорған
болған, өмірінің соңына дейін шындық үшін арпалысып,
Ислам
әділетінің жеңісі үшін күресіп өткен Омар ибн әл-Хаттабты
әрқашан назарда тұтқан.
Хафса Аллаһ елшісінің (с.а.с.) иманды, тақуа сахабаларының
бірі Хунайс ибн Хузафа ибн Қайсқа (Аллаһ оған разы болсын)
тұрмысқа шыққан-ды. Хунайс Эфиопияға қоныс аударғандардың
және Аллаһ елшісімен (с.а.с.)
бірге Бәдір, Ухуд шайқастарына
қатысқандардың бірі еді. Ол ұрыстарда ерен ерлік көрсетіп,
дұшпанның
талай батырын жер жастандырады, бірақ көп
кешікпей майданда алған жарақатынан көз жұмады. Артында он
сегізге толмаған жас жесірі қалады.
Әкесі Омарға жас қызының жесір қалуы ауыр тиеді. Күн өткен
сайын қызының өмірінің мәні кетіп,
маздаған шырағы сөнуге
айналғаны, қалқайып жалғыз қалғаны қатты алаңдатады. Сондай-
1
Әт-Тирмизи, Манақиб: 17; Ахмад, Муснад: 1/95.