Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет77/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   200
Asyl-analar

 
 
хақиқилығын және Айшаның күнәдан тазалығын тағы бір 
дәлелдеді. Жаланың таралуына себепкер адамдар «Сондай адал 
әйелдерді (зинада) айыптап, сосын төрт куә алып 
келмегендер: оларға сексен дүре соғыңдар және олардың 
куәлігін ешқашан қабылдамаңдар»
1
деген Аллаһ тағаланың 
бұйрығына сәйкес, сексен дүреден тиісті жазаларын алды. Міне, 
бұл ауыр сынақтың сыйы ретінде түскен аят, ойлап табылған 
азғындық мақсаттың астында біріккен адамдардың өтірігінің 
жауабы болған еді. Әумесер мұнафықтар тобырының бетке 
тұтары Абдуллаһ ибн Убәй да өтірікті өрбіте жүріп, жеме-жемге 
келгенде, Ислам алдында әлсіз, бейшара болып шығады. 
Мұнафықтар дін шымылдығы артында жасырынып, зұлымдық 
ойлайды. Айшаға қатысты уақиға олардың жапқан жалалары, 
жаққан күйелері, ойлап тапқан өтіріктерінің бірі еді. Ал бұл 
өтірік Аллаһ тағаланың аяттарымен ақталды. Айша анамыздың 
кішіпейілділігі сондай:
«Аллаһтың атымен ант етемін! Мен үшін аят түседі деп 
ойлаған емеспін», – деген. 
Сөйтіп, күндер зымырап өтіп жатты. Аллаһ елшісі (с.а.с.) 
қоштасу қажылығын (хажжатул-уадағ) өтеп, Меккеден оралған 
еді. Мәдинаға келгеннен кейін бірнеше күннен соң ауырып
Айшаның үйінде емделді. Айша оған барынша қамқорлығын 
көрсетті, бәйек болып жүгірді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) басын 
оның көкірегіне қойып жатты. Бұл ұлы елшілік иесінің өмірдегі 
соңғы күндері еді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жаны Жаратушының 
алдына аттанғанда, оны Айшаның үйіне жерледі. 
Ең ұлы адам баласымен сегіз жыл бес ай бірге тұрған он сегіз 
жасар Айша Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қазасынан кейін, жалғыз 
өмір кешті, көңіліне меңіреу тыныштық кіріп, жан дүниесі 
қаңырады. Себебі алданыш тұтар балалары да жоқ еді. Дегенмен 
әпкесі Әсмәнің (Аллаһ оған разы болсын) балаларына қарап
1
«Нур» сүресі, 4-аят. 


98


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет