Руқайя Бәдір соғысындағы мұсылмандардың жеңісінен кейін
бірнеше күн өткен соң қызылшадан қайтыс болған-ды. Омар
Османмен сөйлесіп, Әбу Бәкірге айтқандарын айтып, оның
қызынан бас тартқандығын тілге тиек етіп, өз ұсынысын айтады.
Осман мұқият құлақ салып тыңдап, оған ойлануға бірнеше күн
мұрсат беруін сұрайды. Бірнеше күннен кейін ол Омарға келіп:
«Мен қазір үйленуді қаламаймын», – дейді. Омар қайтадан
алғашқыдай ыңғайсыз жағдайға түсіп, намысы қайнап, өзін
төмендетілгендей сезінеді. Шамданып, ашуланып, өзінің ол
екеуіне қызына үйленуге ұсыныс жасағанына өкінеді.
Содан Омар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) барып, досы мен күйеу
баласының өзінің ұсынысына әділетсіз шешім қабылдағандығын
айтып шағымданады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны тыңдап болып,
жымиып күліп:
«Хафсаға Османнан да жақсырақ біреу үйленеді, ал Осман
Хафсадан абзалырақ біреуді әйелдікке алады»
1
, – дейді.
Мұны Пайғамбарымыздан (с.а.с.) өзге біреу айтқанда, Омар
сенбес еді. Ол іштей «Хафсаға Османнан да жақсырақ біреу
үйленеді» дегенді қайталағанда, «Османнан жақсырақ кім ол?»
деген сұрақ келеді. Бұл адамның Аллаһ елшісі (с.а.с.) екені
Омардың ойына кіріп те шықпайды, өйткені Пайғамбарымыз
(с.а.с.) оған өз сөзінде одан басқа түсінік берген жоқ еді.
Мәселе айқындалған соң, Омар қызына Аллаһ елшісінің
(с.а.с.) үйленіп, оған күйеу бала атанатындығын үлкен мәртебе
көріп, көңілі қуанышқа толады. Бұл түсіне де кіріп-шықпаған
жайт болғаны сондай, тіпті ол көпке дейін сене алмай жүреді.
Қуаныштан жүзі жайнап, көңілін күпті еткен нәрсе тарап, жақсы
хабарды қызына жеткізуге асығады. Ол бұл қуанышты жолыққан
адамның бәріне айтады. Әбу Бәкірді кездестіріп, оны да хабардар
етеді. Сол кезде Әбу Бәкір кешірім сұрап, қолын ұсынып:
1
Ибн Сағд, Табақат: 8/82.
104
Достарыңызбен бөлісу: |