«аспазшы» КӘсібіне ӛндірістік оқыту



Pdf көрінісі
бет28/62
Дата20.01.2023
өлшемі2.7 Mb.
#468569
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62
1.«Аспазшы» мамандығына өндірістік оқыту 4 бөлімді, 1-бөлім. Оқу құралы

Теңіз ирекшелері қос қақпалы моллюск, қоғамдық 
тамақтану кəсіпорындарына балғын күйінде мұздатылған
асылған, консервіленген күйінде келіп түседі. 
Ирекшелердің мұздатылған етін (мантия мен бұлшық ет) суда 
ерітеді, жуады, 7-10 мин. тамырлар мен дəмдеуіштер қосып 
қайнатады, салқындатады жəне кеседі. 
Деликатес тағамдарға, тісбасарға, фарш, бұқтырылған жəне 
қуырылған тағамдарға қолданады. 
Сақтау мерзімі
Мұздатылған омыртқасыздарды шикі немесе асылған күйінде 0-2°С 
температурада 2 тəулікке дейін сақтайды. Өзен шаяндары сақтауға 
келмейді, өйткені тірілей келіп түседі. 
Өндірістік тапсырма 
 
Қосымшаға сəйкес балықты механикалық аспаздық өңдеу 
жұмыстарыңызды бағалаңыз (2.1-2.3 бөлімшені қараңыз). 


 ІІІ Тақырып
 
 
ЕТТІ, ЕТ ӨНІМДЕРІН ЖӘНЕ ҚҦСТЫ 
МЕХАНИКАЛЫҚ АСПАЗДЫҚ ӨҢДЕУ
 
Сабақтың негізгі міндеттері: 1. Оқушыларда ет цехында 
жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды 
қалыптастыру. 
1. Ет 
өңдеу 
жəне 
кесуге 
қолданылатын 
құралдармен, 
аспаптармен, жабдықпен танысу. 
2. Нормативтік-технологиялық құжаттамамен жұмыс жасау, 
есептеу мен шикізатты тиімді қолдануға үйрету. 
3. Технологиялық тəсілдерді, санитарлық нормаларды, аспаздың 
жеке гигиена ережелерін, ет пен құстан жасалған жартылай 
фабрикаттарды, субөнімдерді сақтау шарттары мен мерзімдерін 
орындауға, жабдықтарға ұқыпты қарауға үйрету. 
Ет цехында жҧмыс жасау кезіндегі 
қауіпсіздік техникасы ережелері 
1. Едендер таза жəне құрғақ болу керек. 
2. Жабдық пен жұмыс орындарына өту жолдары ашық болу 
керек. 
3. Жұмыс үстелдерінің биіктігі аспаздың бойына сəйкес болуы 
керек. 
4. Жұмысқа киетін аяқ киім таза, құрғақ, өкше міндетті түрде 
жабық. 
5. Пышақпен жұмыс жасағанда сол қолда сауытты қолғап болуы 
керек. 
6. Күрте жеңі түймеленген немесе қайырылған, керек болса 
резиналық алжапқыш киілген болуы керек. 
Ет цехының машина мен механизмдерін қолдану 
кезіндегі қауіпсіздік техникасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет