«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы



бет3/9
Дата23.02.2016
өлшемі494 Kb.
#4757
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Өнеркәсіп


Астана қаласының өнеркәсіп секторында өңдеуші өнеркәсіп (олардың үлесіне 82,7% тиесілі) және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау кәсіпорындары (14,4 %) неғұрлым көп дәрежеде әрекет етеді. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау өнімдері (тауарлары, көрсетілетін қызметтері) көлемінің үлесіне өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемінің 3,0 %-ы тиесілі.

2013 жылғы қаңтар – желтоқсанда қала кәсіпорындары 263 248,5 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдерді шығарды және қызметтер көрсетті, 2012 жылдың осындай кезеңіне қатысты нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) 106,7 %-ды құрады.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі – ҮИИДМБ) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасы (бұдан әрі – Индустрияландыру картасы) бекітілді, онда 5 613 жұмыс орнын құра отырып, 358,8 миллиард теңге сомасына 7 жобаны іске асыру көзделді. 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландырудың өңірлік картасының шеңберінде


3 000 жұмыс орнын құра отырып, 86,9 миллиард теңге сомасына 19 жоба енгізілді.
№ 1 индустриялық парктің аумағында 49 инвестициялық жоба іске асырылуда, инвестициялардың жалпы көлемі – 180,4 миллиард теңге, барлығы 57,9 миллиард теңге игерілді. 2013 жылы 8 өндіріс іске қосылды.

Өңдеуші өнеркәсіп қызметі түрлерінің көпшілігі бойынша өнім шығарудың ұлғайғаны байқалып отыр, автокөлік құралдарының өндірісінде, компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісінде, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде, тоқыма бұйымдарының өндірісінде неғұрлым жоғары өсу байқалып отыр.



Сауда және көрсетілетін қызметтер


2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сатудың барлық арналарындағы бөлшек тауар айналымының көлемі 511 726,1 млн. теңгені құрап, салыстырмалы бағалармен өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,4%-ға ұлғайды. Шағын кәсіпорындар 131 078,2 млн. теңге сомасына тауарлар мен қызметтерді өткізді немесе бұл сауда кәсіпорындарының тауар айналымының жалпы көлемінің 34,6%-ы. Орта және ірі кәсіпорындардың қызметінен бөлшек сауда айналымы
247 590,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде тауар айналымының жалпы көлеміндегі орта кәсіпорындардың үлесі - 48,2%, ірі кәсіпорындардың үлесі – 17,2%.

Жеке кәсіпкерлер қала базарларында 133 057,0 млн. теңге сомасына тауар өткізді, бұл 2012 жылғы қаңтар – желтоқсанға қарағанда 1,9%-ға жоғары.


Құрылыс қызметі

Құрылыс секторы стратегиялық басымдық болып қала береді, мұнда жоғары қарқын орнықты күйінде сақталып отыр. Қала жыл сайын бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға береді, ал


2013 жылдың қорытындысы бойынша елордада 1 млн. 100 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Қаладағы тұрғын үй құрылысы екі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылуда. Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген жаңа «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы) мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының
2008 – 2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы).

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үй-құрылыс жинақтары желісі бойынша 2013 жылы 3 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта 4 180 пәтерге арналған, жалпы алаңы 168 мың шаршы метр көппәтерлі 11 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы олардың ішінен 2258 пәтерге арналған


8 тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының
2008
– 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы алаңы 261,5 мың шаршы метр 5 674 пәтердің құрылысы аяқталды.
2014 жылы бағдарлама орындалады, жалпы алаңы 152 мың шаршы метр 2 384 пәтер пайдалануға беріледі.


Осы кезеңдегі басты мақсат іске қосылатын құрылыс объектілерінің сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Осы тұрғыдан талаптарға құрылыс материалдарын сапалы қолдануға да, адамдардың кейіннен өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасауға да қатысты өзгерістер енгізілді.

Жалпы, қазір қаладағы құрылыс перспективалы бес бағыт бойынша жүргізілуде, мұның өзі Астана қаласын дамытудың бас жоспарына сәйкес келеді.

Біріншісі – «Мыңжылдық» аллеясы, игерілетін аумақтың жалпы ауданы 360 гектарды құрайды, мұнда 63 құрылыс салушы белгіленді. Қазіргі уақытта 21 учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ал жобалау сатысында
33 учаске бар.

Екіншісі – Орынбор көшесінің бойында. Қазіргі уақытта құрылыс ауданы 567 гектарды құрайды, мұнда 135 құрылыс салушы белгіленген.


61 учаскеде белсенді құрылыс жүргізілуде. Жобалау сатысында тағы да
59 учаске бар.

Үшіншісі – Тұран даңғылы бойында. Аумақтың жалпы ауданы


566 гектарды құрайды, оны 77 құрылыс салушы игеретін болады. Қазір құрылыс сатысында 26 учаске бар және 51 учаске жобалануда.

Төртіншісі – «Жасыл орам», Елбасы бастама жасаған және


ЭКСПО – 2017 шеңберінде іске асырылатын жаңа жоба.

Бесіншісі – Сығанақ көшесінің батыс бағытындағы перспективалы құрылыс, мұнда құрылыс салушылар әлі белгіленуде.

Жаңа аудандарды белсене салумен қатар тұрғын үй қорын жаңарту жөнінде маңызды жұмыс жүргізіліп жатыр. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасында Астана қаласында авариялық тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды көздейтін бөлім бар, бұл жоба елімізде тұңғыш рет қаражатты республикалық бюджетке толық қайтару шартымен нарықтық негізде іске асырылып жатыр. 2013 жылы 4 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, ал 2014 жылы тағы да 4 тұрғын үй кешенін тапсыру жоспарланып отыр, оған авариялық 31 үйдің тұрғындары көшіріледі.

Сонымен қатар, әлеуметтік объектілердің құрылысына да ерекше назар аударылуда.

Мектепке дейінгі балалар мекемелері. 2013 жылы 1 800 орынға арналған 8 бала - бақшаның құрылысы аяқталды. Биылғы жылы мектепке дейінгі 15 мекеме пайдалануға беріледі.

Жалпы білім беру мекемелерінің тапшылығы бойынша.

2013 жылы 4 орта мектеп пайдалануға берілді, ал биылғы жылы
9 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қала айтарлықтай тапшылығын сезініп отырған техникалық мамандықтар базасын нығайту тағы бір аса маңызды міндет болып табылады. Сөз кәсіптік-техникалық колледждер салу туралы болып отыр. Айталық, биылғы жылы құрылыс бейіні бойынша 800 орындық бір колледж пайдалануға беріледі, энергетика саласының мамандарын оқытатын


800 орындық тағы бір колледж салу межеленіп отыр.

Денсаулық сақтау саласында 2012 – 2013 жылдар аралығында екі аурухана мен екі емхана пайдалануға берілді. 2014 жылдың екінші жартысында Алматы көшесінің бойындағы 500 адам келетін амбулаториялық-емханалық кешен, сондай-ақ Ильинка кенті мен Досмұхамедов көшесінің бойынан тағы 2 емхана пайдалануға берілген соң елордалық емхана желісі нормативті режимде жұмыс істейтін болады.

Тұтастай алғанда, 2016 жылға дейін елордада қала үшін қажетті мамандандырылған тағы да 3 денсаулық сақтау мекемесі пайда болмақ, оларда қазір белсенді құрылыс жүргізіліп жатыр.

ӘКК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының қаржылық операторы болып табылады.


2012 – 2015 жылдары кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу жұмыстарын қаржыландыру тетіктерін іске асыру азаматтардың жинақтау жүйесін пайдалану және табысы аз отбасыларына тұрғын үй көмегін беру жолымен жүзеге асырылатын болады.

Осылайша, тұрғындардың қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуді іске асыру, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсарту мақсатында жалпы сомасы 481 630,5 мың теңге бюджет қаражаты бөлінді, 480 825,5 мың теңгесі немесе 99% игерілді. Компанияның еншілес кәсіпорны «Astana service» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2011 – 2013 жылдары аралығында 1 466 пәтерді, оның ішінде 2013 жылы жалпы сомасы 14 816,2 мың теңгеге 80 пәтерді жөндеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет