Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
1) ұлттық компанияның мәртебесі;
2) Компанияның акционері Астана қаласының әкімдігі болып табылады;
3) ӘКК-нің бизнес-жобаларды іске асыруға арналған қаржылық емес активтері болуы (жер ресурстары, жер қойнауын пайдалану құқығы, басқа мүліктер);
4) салалық саралау және көпбейінділік;
5) тиімді геосаяси орналасуы;
6) жоғары білікті еңбек ресурстарының болуы;
7) Қазақстан Республикасының даму институттарымен өзара байланысу;
8) аймақтың инвестициялық тартымдылығы;
9) нәтижеге бағдарланған іс-әрекет.
|
1) басқа қаржы даму институттарымен қарым-қатынастың дамымағандығы;
2) қаржы-шаруашылық іс-әрекеттің әлсіз көрсеткіштері (жыл қорытындысы бойынша шығын
135 мың теңгені құрады);
3) қоржында ұзақ мерзімді, сонымен қатар әлеуметтік-бағдарлы жобалардың болуы, сол себепті қазіргі кезеңдегі инвестициялық іс-әрекеттен әлеуметтік тиімділік табу мүмкін емес;
4) шикізаттық бағытқа тәуелділік;
5) іскерлік тарапынан сенімсіздік;
6) ӘКК іс-әрекетінің алғашқы кезеңінде жіберілген қателіктер зардабынан болған күрделі қаржылық жағдай қалыптасуы;
7) кіші компаниялардағы жоғары дәрежелі кәсіби мамандардың тапшылығы;
8) компания активтерін тиімсіз қолдану;
9) ӘКК-нің қазіргі іс-әрекеті мен жобалары туралы бизнестің хабарсыз болуы;
10) жобаны қарастыру барысында қызметкерлердің өзара байланысқан қызығушылықтарының болмауы;
11) инвесторларды тартуда қызметкерлердің мотивациясының болмауы;
12) өтінімдерді қарауда регламенттің болмауы және сақталмауы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіптер
|
1) жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдаулар болуы;
2) мемлекеттік активтерді алудағы басымдылық пен құжаттарды қысқа мерзімде қарастыру;
3) инвестициялық жобаларды іске асыруға бюджеттік инвестициялар алу;
4) шетелдік инвестицияларды тарту;
5) шағын және орта бизнеске ынтымақ-қолдау жасау;
6) мемлекеттік бағдарламаларға қатысу.
|
1) ӘКК іс-әрекетінің қорытынды қаржы нәтижесіне ықпал ететін дивиденттердің қайтарылмауымен байланысты шығынның, қаржы шығынының, сәйкес емес тәуекелдің ұлғаюы және ӘКК-нің 2014 жылға шығынсыз өтуін баяулатады;
2) соңғы қарызгердің міндеттемелерді орындамауы және алынған активтердің мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда құнсыздануы;
3) стратегиялық мақсаттарға қол жеткізілмеуі;
4) импорттық өнімнің бәсеке қабілеттілігі өсуі;
5) инфляция, қаржылық дағдарыс.
|
Миссиясы және пайымы
ӘКК миссиясы Астана қаласының әкімдігімен және оның құрылымдық бөлімшелерімен өзара тығыз іс-әрекет ете отырып, мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттары бойынша кәсіпкерлік қызмет негізінде қаланың дамуына жәрдемдесуге бағытталған.
ӘКК пайымы – активтерді тиімді басқаратын, өсу нүктелеріндегі экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестицияларды тарту арқылы, ынталандыратын және бәсекеге қабілетті тұрақты өндірістерді қалыптастырушы катализатор ретіндегі дамудың өңірлік институты болмысында таниды.
Мақсаты – мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру негізінде ӘКК-нің белсенді инвестициялық саясатын жүргізу арқылы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының өсуі.
ӘКК-нің негізгі міндеттері:
1) кәсіпкерлік қызметті дамыту және отандық тауар өндірушілердің инвестициялық тартымдылығын арттыру;
2) Астана қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және ынталандыру;
4) қолөнершілікті дамытуды қолдау және ынталандыру;
5) инновациялық технологияларды, энергия үнемдеуді, импортты алмастыруға және экспортқа бағдарланған өндірілген өнімнің халықаралық сапа стандарттарын енгізу негізінде жоғары технологиялық өндірістер құру;
6) әлеуметтік маңызы бар жобалар мен қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнестің жобаларын іске асыру арқылы тұрғындардың өмір сүруінің сапа деңгейін арттыру;
7) өндірістердің, оның ішінде пайдасыз ұйымдарды қайта құру негізінде құрылғандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
8) қолданыстағы және компанияға берілетін активтердің негізінде тиімді және қажетті өндірістер құру.
Басымдықтар:
1) Астана қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және ынталандыру.
ӘКК даму стратегиясын іске асыру кезеңдері
1-кезең – 2014 – 2015 жылдары
Бұл кезеңде ӘКК-нің әлсіз жақтарын күшейту және күшті жақтары мен мүмкіндіктерді барынша пайдалану жолымен болуы мүмкін тәуекелдерді жою жұмыстары жүргізіледі, мұның өзі ӘКК-ге стратегияның келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңде мынадай нәтижелерге қолжеткізуді ұйғарады:
1) шығынды қызметі бар еншілес кәсіпорындарды сауықтыру;
2) дебиторлық берешекті өтеу;
3) инвестициялық ахуалды жақсарту;
4) имиджді көтеру жөніндегі белсенді насихаттау жұмысы.
2-кезең – 2016 – 2023 жылдары
Бұл кезеңде алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қолжеткізу жөніндегі толық ауқымды жұмыс жүргізілетін болады, оларды іске асыру мынадай нәтижелерге қолжеткізуге көмектеседі:
1) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;
2) жоғары қосылған құны бар, экспортқа бағдарланған отандық өнімдерді өткізу, кәсіпкерлік субъектілері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
3) корпоративтік басқарудың алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу қызметінің тиімділігін арттыру үшін берілген компаниялардың нәтижелілігін басқару жүйесін жақсартуды қамтамасыз ету – активтерді қайта құрылымдау және ӘКК құрамына кіретін еншілес және тәуелді кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің жаңа сапалы деңгейіне қолжеткізу;
4) ӘКК-нің еншілес кәсіпорындарының қор нарықтарына шығуы, сондай-ақ ӘКК-ні бастапқы орналастыруға (ІРО) дайындауды қамтамасыз ету;
5) ӘКК инвестициялық қоржыны көлемінің өсуін қамтамасыз ету.
3. Қызметтің стратегиялық бағыты (бұдан әрі – ҚСБ), мақсаттар, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер.
ӘКК алдына қойылған міндеттердің шеңберінде қызметтің мынадай басым бағыттары белгіленген:
1) өңірдің өсу нүктелеріне инвестициялар тарту және онда жаңа өндірістер құру;
2) коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру;
3) активтердің құнын ұлғайту және корпоративтік басқару деңгейін арттыру.
1-ҚСБ. Өңірдің өсу нүктелеріне инвестициялар тарту және онда жаңа өндірістер құру.
Мақсаты:
1) өңір экономикасының басым секторларына отандық және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жұмысын жандандыру;
2) өңірге жаңа (инновациялық) технологияларды тарту және енгізу.
1-мақсат. Өңір экономикасының басым секторларына отандық және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жұмысын жандандыру.
Міндеттер:
1) өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде) бәсекеге қабілетті өндірістердің жаңаларын құру және қолданыстағыларын жаңғырту;
2) перспективалық жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттары бойынша іске асыру үшін өңірге отандық және шетелдік инвесторларды тарту;
3) әлеуетті нысаналы инвесторларды іздестіру және айқындау;
4) үлестік қаржыландыру, активтер түрінде қатысу арқылы инвесторларға жобаларды іске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржы алуда жәрдем көрсету;
5) Консультацияларды, оның ішінде инвестициялық жобаны әзірлеу мен іске асыру сатыларында жүзеге асыру;
Іс-шаралар:
1) өңірге басқа өңірлерден де, шет елдерден де жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастыққа мүдделі компанияларды тарту;
2) салалық бөліністе де, өңірлік бөліністе де инвестициялар салу саласында мониторинг жүргізу;
3) құжаттама дайындауда және ұйымды тіркеуде қолдау көрсете отырып, шетелдік компаниялармен бірлескен компаниялар құру;
4) инвестициялық жобаны сүйемелдеу, жобалар туралы ақпарат алуда көмектесу, әлеуетті инвесторлармен кездесулер ұйымдастыру;
5) ақпараттық, таныстырылымдық іс-шараларға қатысу (жариялау, көрмелер, ресми кездесулер, форумдар; ақпаратты басылымдарда, теледидар және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет ресурстарында жариялау);
6) инвесторлармен бірлескен кәсіпорындар құру, жергілікті қаржы институттарымен ынтымақтастықта көмек пен жәрдем көрсету, сондай-ақ инвесторларды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламамен жұмыс, бағдарлама шеңберінде преференциялар алу;
7) қолайлы орта жасауға, инвестициялық әлеуетті дамытуға және кәсіпкерлік объектілерінің жобаларды инвестициялау бойынша белсенділігіне ықпал ету;
8) өңірде ИҚО құру;
9) проблемалы активтерді оңалту үшін инвесторлар іздеу.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) өңдеуші өнеркәсіпке салынатын сыртқы инвестициялар көлемінің өсуі;
2) шетелдік капиталдың қатысуымен инвестициялық жобалардың саны, бірлік;
3) өңірге тартылған шетелдік инвесторлардың саны;
4) өңірге тартылған шетелдік инвесторлардың саны, оның ішінде
2023 жылға дейін «Global – 2000» тізімінен.
Күтілетін нәтижелер:
1) Өңдеуші өнеркәсіпке салынатын сыртқы инвестициялар көлемінің кемінде 15%-ға өсуі;
2) іске қосылатын жобалардың, оның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен жыл сайынғы саны кемінде 5;
3) шамамен 5 шығынды кәсіпорынды оңалту;
4) өңірге тартылған инвесторлар саны, оның ішінде 2023 жылға дейін «Global – 2000» тізімінен кемінде 3 бірлік;
5) рентабельді емес кәсіпорындардың қызметін оңалту үшін инвесторлар тарту;
6) ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық салаларындағы жобаларды іске асыру;
7) Инвестициялық әлеуетті және кәсіпкерлік объектілерін дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру.
2-мақсат. Өңірге жаңа (инновациялық) технологияларды тарту және енгізу.
Міндеттер:
1) өндірістік және басқарушылық озық технологиялар мен стандарттарды енгізу;
2) қоржынды компаниялар арасындағы коммуникация мен дағды алмасуды дамыту;
Іс-шаралар:
1) сыртқы және ішкі технологиялар нарығының маркетингі және қаладағы неғұрлым дамыған елдерден технологиялардың одан әрі трансферті мақсатында осы саладағы әлемдік даму үрдістерін талдау;
2) ӘКК жанынан «Целинсельмаш Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында өңір үшін әлеуетті қолданылатын жаңа технологиялар мен жобалар базасын құру;
3) республикалық және халықаралық бизнес-форумдарға, жаңа (инновациялық) технологиялар саласындағы көрмелерге ұдайы қатысу;
4) заманауи жоғары технологиялы, ғылымды көп қажет ететін өндірістер мен инновациялық қызметті ұйымдастыру мәселелерінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін сүйемелдеу;
5) өңірдің индустриялық-инновациялық инфрақұрылымының, атап айтқанда «Astana Innovations» акционерлік қоғамының, «Kaznext Invest» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарына инновациялық жобаларды іздеуге, өнімнің жаңа нормеклатурасын әзірлеуге жәрдем көрсету.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) қала үшін инновациялық технологияларды тарта отырып, инвестициялық жобалардың үлесі;
2) бизнес-бастамалардың коммерцияландырылған идеяларының саны, бірлік;
3) жобалардағы қазақстандық қамтудың үлесі, %.
Күтілетін нәтижелер:
1) жаңа технологиялар саласында әлемдік тәжірибені енгізу;
2) ӘКК жанынан өңір үшін әлеуетті қолдануға болатын жаңа технологиялар мен жобалар базасын құру;
3) жаңа инновациялық жобаларды іздеу және қаржыландыру бойынша өңірлердің технопарктерімен жұмысты жандандыру, сондай-ақ өңірдің индустриялық-инновациялық инфрақұрылымының жұмыс істеп тұрған элементтеріне жәрдем көрсету;
4) өңірде инновациялық технологиялар трансфертімен 50-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру;
5) бизнес-бастамалардың 30-ға жуық идеясын коммерцияландыру.
2-ҚСБ. Коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру
Мақсаттар:
-
тиімділігі жоғары инвестициялық жобаларға инвестицияларды ұлғайту;
-
ӘКК-нің кірістілігін арттыру.
1-мақсат. Тиімділігі жоғары инвестициялық жобаларға инвестицияларды ұлғайту
Міндеттер:
1) тиімділік дәрежесі жоғары жаңадан құрылған және жаңғыртылған бәсекеге қабілетті өндірістердің санын ұлғайту;
2) инвестициялық қоржынды ұлғайту.
Іс-шаралар:
1) өңірдегі өндіріс көлемінің өсуіне әсер ететін пайдалы инвестициялық жобаларды ұлғайту;
2) ӘКК іске асыратын инвестициялық жобалар санын ұлғайту;
3) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бюджеттен тыс инвестицияларды тартуды қамтамасыз ету;
4) мемлекет қолдау көрсететін өңірлік инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
5) инвестициялық қоржынды қалыптастыруды қамтамасыз ететін ресурстық базаны ұлғайту.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) ӘКК-нің инвестициялық қоржынының бір жылдағы көлемі, млн. теңге;
2) алдыңғы жылға қарағанда инвестициялар арақатынасының көрсеткіші, %;
3) инвестициялардың рентабельділігі, %.
Күтілетін нәтижелер:
1) жаңа өндірістер құру;
2) жұмыс істейтін өндірістердің көлемін ұлғайту;
3) ӘКК инвестицияларының рентабельділігін ұлғайту;
4) жыл сайын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға арналған ақшалай аударымдар мөлшерінің ұлғаюы;
5) жұмыс орындарын құру;
6) ішкі нарықты отандық тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;
7) көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу ЖӨӨ-нің өсуіне мультипликативтік әсер етеді.
2-мақсат. ӘКК-нің кірістілігін ұлғайту
Міндеттер:
1) кірістілікті ұлғайту;
2) ӘКК қызметінің рентабельділігін ұлғайту.
Іс-шаралар:
1) инвестициялық қоржынның кірістілігін арттыру;
2) кірістіліктің және ӘКК-нің уақытша бос ақша қаражатын орналастыру сенімділігінің оңтайлы арақатынасын қамтамасыз ету;
3) кіріс алу көздерін кеңейту;
4) ӘКК-нің әкімшілік шығыстарының құрылымын оңтайландыру;
5) арзан қарыз алу көздерін іздеу.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) ӘКК-нің таза табысы, млн. теңге;
2) 1 қызметкерге шаққандағы ӘКК-нің таза табысы, млн. теңге;
3) ӘКК активтерінің рентабельділігі (ROA), %.
Күтілетін нәтижелер:
1) ӘКК табысының ұлғаюы;
2) ӘКК-нің таза пайдасы мөлшерінің ұлғаюы;
3) 2015 жылы ӘКК активтерінің рентабельділігі (ROA) 1,5%-ға,
2023 жылы 2%-ға өседі;
4) шаруашылық қызмет нәтижелерін өсіру есебінен ӘКК алған пайданы қайта инвестициялау жолымен инвестициялық қоржынды өсіруді қамтамасыз ететін болады.
3-ҚСБ. Активтер құнын ұлғайту және корпоративтік басқару деңгейін арттыру
Мақсаттар:
1) ӘКК кірістілігін ұлғайту;
2) корпоративтік басқаруды және ӘКК қызметінің ашықтығын жетілдіру.
1-мақсат. ӘКК кірістілігін ұлғайту.
Міндеттер:
1) активтердің құнын ұлғайту;
2) ӘКК мен еншілес ұйымдардың рентабельділігі мен таза пайдасын ұлғайту;
3) кіріс алу көздерін кеңейту;
4) ӘКК-ні шығынсыздық деңгейіне шығару.
Іс-шаралар:
1) өзін - өзі өтеу кезеңі 3 жылдан аспайтын жобаларды іске асыру;
2) тиімсіз және шығынды жобаларды оңтайландыру және жаңғырту;
3) рейтинг бере отырып, еншілес және тәуелді кәсіпорындар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін енгізу;
4) қолданыстағы жобалар, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар бойынша дебиторлық берешекті қайтару жөніндегі жұмыс;
5) мемлекеттік бағдарламалар бойынша ӘКК шығындарын азайту;
6) өзінің үлесін сату жолымен ӘКК-нің еншілес кәсіпорындардан шығуы;
7) инвестициялық қоржынның сапасын жақсарту.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) ӘКК активтері рентабельділігі коэффициентінің көрсеткіші (ROA, %);
2) инвестициялардың рентабельділігі коэффициентінің көрсеткіші (ROІ, %);
3) бәсекелес ортаға берілген кәсіпорындар саны.
Күтілетін нәтижелер:
1) инвестициялық қоржында өзін-өзі өтеу кезеңі аз жобалардың басым болуы;
2) дебиторлық берешекті азайту;
3) дивидендтік саясаттың және жобалар бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жоғарылату;
4) бірқатар еншілес кәсіпорындардағы ӘКК үлесін сату.
2-мақсат. Корпоративтік басқаруды және Компания қызметінің ашықтығын жетілдіру
Міндеттер:
1) стратегиялық жоспарлау, мониторинг, есептілік, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру;
2) ӘКК туралы, оның ішінде оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, меншік және басқару құрылымы туралы ақпараттың уақтылы жария етілуін қамтамасыз ету;
3) басқаруды және персоналды дамытудың тиімділігін арттыру;
4) ақпарат беру және жедел өзектілендіру бөлігінде ӘКК-нің интернет-ресурсының жұмысын жаңғырту;
5) тәуелсіз агенттіктен корпоративтік басқару рейтингін алу;
6) сапа менеджменті жүйесін сертификаттау.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлер үлесі (ӘКК, еншілес және тәуелді ұйымдар), %;
2) ISO 9001 сертификатын алу (ӘКК, еншілес және тәуелді ұйымдар).
Күтілетін нәтижелер:
1) корпоративтік басқару рейтингі;
2) сапа менеджменті жүйесі стандарттарының талаптарына сәйкестігін растау есебінен негізгі және қосалқы бизнес-процестер сапасын жыл сайын арттыру;
3) стратегиялық жоспарлау, мониторинг, есептілік, ішкі бақылау және аудит, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру;
4) ӘКК туралы, оның ішінде оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, меншік және басқару құрылымы туралы ақпараттың уақтылы жария етілуін қамтамасыз ету;
5) «HR Management» жүйесін енгізу;
6) ақпарат беру және жедел өзектілендіру бөлігінде ӘКК интернет-ресурсын жаңғырту жөніндегі жұмыстарды тұрақты негізде жүргізу;
7) ӘКК-де ISO 9001 сертификатын алу.
_______________________
Достарыңызбен бөлісу: |