«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы



бет8/9
Дата23.02.2016
өлшемі494 Kb.
#4757
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Отандық және шетелдік инвесторларды ақпараттандыруды қамтамасыз ету үшін Компанияның web-сайты құрылды, ол үнемі жаңартылып, Компания қызметі туралы ақпаратпен толықтырылып тұрады, қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша форумдар ұйымдастырылатын болады.




Активтерді басқару (проблемалық активтерді оңалту)


2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ӘКК ұйымдық құрылымына 3 еншілес және 5 тәуелді ұйым кіреді.

ӘКК берілген активтермен үлкен жұмыс көлемін атқарды және оларды оңтайландыру бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Алайда бүгінгі күні айтарлықтай қаражат жұмсауды талап ететін бірқатар түйткілді мәселелер бар.

3-кесте. 2013 жылғы ӘКК еншілес және тәуелді ұйымдарының тізбесі


р/с



Атауы

ӘКК қатысу үлесі

1.

«Сапаржай Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100 %

2.

«Целинсельмаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100 %

3.

«Астана Агро» сервистік-дайындау орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ӘКК үлесі «Целинсельмаш Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы 95 % және «Сарыарқа Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы 5 %

4.

«Сарыарқа-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100 %

5.

«RBS Techologies» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49 %

6.

«Astana service» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49 %

7.

«Ас Арго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20 %

8.

«Агростар KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49 %

ӘКК қаржылық сауықтыру және шығынсыздық деңгейіне шығу мақсатында қаржылық сауықтыру жөнінде жұмыс жүргізіп отыр. Жобаларды табысты іске асырған жағдайда ӘКК 2014 жылы шығынсыздық деңгейіне шығуды жоспарлап отыр.


Инвестициялық қызмет

Инвестициялық қызмет ӘКК қаржылық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, ол әлеуметтік және экологиялық мәселелермен байланысты міндеттерді шешудің бастамашысы бола отырып, мемлекеттік инвестициялық саясат пен жеке бизнестің арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

ӘКК инвестициялық саясатының негізгі мақсаттары инвестициялық қызметке қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру, инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне жол бермеу және күрделі салымдардың белсенділігін арттыру болып табылады.

ӘКК-нің даму институттары беретін құралдардың ауқымды спектрін пайдалануы бірлесіп іске асырылатын жобаларда тәуекелдерді басқаруды тиімді бөлу және бақылау мүмкіндігімен ӘКК-нің инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезінде икемді тәсілге ықпал етеді. Негізінен, жеке бизнеспен ынтымақтастық жөніндегі жобалар жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында кәсіпорындар құру жолымен ғана жүргізіледі, мұндағы ӘКК-нің үлесі жарғылық капиталға жер учаскелері мен мүлік салымы ретінде бағаланады.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы қаулысымен мақұлданған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес ӘКК инвестор мен инвестицияларға қолайлы жағдайлар жасау арқылы өңірге инвестициялар тартуға қатысып, тіршілікке бейім бастамаларды қолдауға тиіс.

Қалыптасу жылдарында ӘКК қала экономикасына жалпы құны


1 702 млн. теңге инвестиция тартты, олар экономиканың басым салаларына жіберілді.

ӘКК өңірдегі өсу нүктелерінде индустриялық даму, агроөнеркәсіптік кешен, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы және басқа да салалардағы жобаларды іске асырады.

Компанияның инвестициялық саясаты мынадай мінедттерді шешуге бағытталған:

1) экономиканың нақты секторындағы жобаларды іске асыруға жеке капиталды белсенді түрде тарту;

2) әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды бірлесіп қаржыландыру;

3) өндірілген өнімді тұтынушылық нарыққа тиімді ілгерілету жүйесін құру (коммуналдық базарлар, сауда үйлері), сыртқы нарықтарға экспорт;

4) инновациялық бағытталған бизнес бастамаларды қолдау;

5) ӘКК-нің инвестициялық артықшылықтары мен жетістіктерін ілгерілету.

Компания инвестициялық жобаға жобаның ең бастапқы сатысында (start-up) немесе даму сатыларында кіреді.

Бизнес-жобаларға қатысу тұрғысынан оларды қарау кезінде ӘКК әлеуметтік бағытталған, яғни құрамында экологиялық құрамдасы бар, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, халық денсаулығын жақсартатын жобаларға, сондай-ақ рентабельділігі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің мәні неғұрлым жоғары, инновациялар мен технологиялар трансфертін енгізетін жобаларға басымдық береді.

Жобадан шығу ӘКК-нің даму тұржырымдамасына сәйкес мынадай негізгі өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:

1) ӘКК-нің жобалық компаниядағы акцияларын/үлесін сатудан алынған кіріс ӘКК-нің жобалық компанияға инвестицияларын және осы инвестициялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін жабады;

2) жобалау компаниясында инвестициялық жобаны ӘКК-нің қатысуынсыз іске асыру перспективалары бар.

Бұдан басқа, ӘКК инвестициялардың құнсыздану қаупі болған кезде инвестициялық жобадан шыға алады.

Компанияның активтегі өзінің акциялар пакетін/қатысу үлесін сату туралы шешімі нарықтық бағалау негізінде іске асырылады, сондай-ақ активті сатып алған кезде қарсы нарықтық бағалау жүргізіледі.

Қазіргі уақытта ӘКК-нің қарауында мынадай инвестициялық жобалар бар:

1) көпфункционалды сауда-логистикалық кешен, жобаның жалпы құны 56 420 000 мың теңгені құрайды, оның 90 % құны инвесторды тарту есебінен жабылады, 10 %-ын инженерлік және инфрақұрылымды тарта отырып, жер учаскесі түріндегі ӘКК үлесі құрайды. Өзін-өзі өтеу мерзімі 6-7 жыл. Нәтижесінде нарыққа қатысушылардың барлығына арналған қазіргі заманға сай келетін, әлемдік талаптарға жауап беретін кешенді салу, көлеңкелі сауда ағындарын жария ету жолымен мемлекеттік бюджетті толықтыру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, 3 000 астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

2) жеке инвесторды тарта отырып, 500 тоннаға арналған жеміс сақтау қоймасын салу, жобаның құны 243 410 теңге. ӘКК жобаға инженерлік желілерді және коммуникацияларды тарту шартымен жер учаскесі болып кірді. Жобаның өзін-өзі өтеу мерзімі 4,5-5 жылды құрайды. Мақсаты тұтынушыға дейін оңтайлы бағамен сапалы жеміс жеткізу болып табылады, сондай-ақ тиімді көтерме сауда түйінін құруға мүмкіндік береді және елорданың азық-түлік қауіпсіздігі аймағын кеңейту шеңберінде тағы да бір сатысы болады.

3) 5 000 тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасын салу меншікті және бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде және 734 356 мың теңгені құрайды. Жобаның өзін-өзі өтеу мерзімі 7-9 жыл. Мақсаты азық-түлік өнімдеріне сұранысты қанағаттандыру, азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындарды қолдау, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады, Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарын іске асыруға жәрдемдеседі, салық төлемдерінің есебінен бюджет қаражатының қосымша ағыны;

4) энергоаудит (кәсіпорындарды энергетикалық тексеру), жобаның жалпы сомасы 6 000 мың теңге, мұндағы 3 600 мың теңге жеке инвестордың қаражаты, ал 2 400 мың теңге ӘКК қаражаты. Өзін-өзі өтеу мерзімі


1,5-2 жыл. Жобаға отынға, әртүрлі энергияға, суға және кейбір энергия тасымалдауыштарға жұмсалатын шығындармен байланысты кәсіпорындар қызметінің барлық аспектілерін бағалауды жүргізу жатады.

5) Италия технологиясы бойынша жеңіл және жүк автомашиналарына арналған отандық автомобиль сүзгілерін өндіру, жоба 11 860 мың теңге тұрады, мұндағы ӘКК үлесі 5 811,326 теңгені құрайды. Жоба перспективалық әлеуеттің болуын, отандық өндірушіні қолдауды, өнімнің нақты бағасын қалыптастыруды көздейді.


Инвестициялық қызмет перспективалары.

Инвестициялық қызметтің рөлін жоғарылату мақсатында ӘКК мынаны жоспарлап отыр:

1) лизингтік қызметті жүзеге асыру;

2) шағын және орта бизнесті жаңғырту (өндірісті жаңғыртуды қаржыландыру, технологиялер мен инновациялар трансферті);

3) бірлесіп қаржыландыру және даму институттарының нысаналы қаражатын экономиканың басым салаларына тарту үшін мемлекеттік және жекешелік әріптестік қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды әзірлеу;

4) кепілдік беру жөніндегі салалық бағыттарды кеңейту және бизнесті дамытуды қолдаудың басқа да түрлері;

5) шағын және орта бизнес өндіретін өнімді ынталандыру және экспортқа бағдарлау;

6) инновациялық бағдарланған жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

7) ӘКК рөлін насихаттау мақсатында әлеуметтік жобаларды қолдау;

8) біліктілігі жоғары техник-мамандарды оқытуға және даярлауға жәрдемдесу;

9) ӘКК акцияларын «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның (KASE) ресми тізіміне қосу;

10) шетелдік инвестициялар көлемін, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпке инвестицияларды жыл сайын 2-3%-ға ұлғайту;

11) 2023 жылға қарай шетелдік, оның ішінде «Global-2000» тізіміндегі әріптестер санын 23-ке дейін ұлғайту;

12) барлық даму институттарымен, атап айтқанда «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-мен, «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-мен, «Astana Innovations» АҚ-мен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен, «Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-мен және басқаларымен Астана қаласының қолайлы ахуалын дамыту бойынша кешенді өзара іс-қимыл жасау жөнінде меморандумдар мен келісімдер жасасу.

Әртүрлі қаржыландыру көздерінен инвестициялар тарту бойынша қолайлы орта жасау үшін қаржы институттарын құрамдастыру жоспарланып отыр:

1) ірі жобаларды екінші деңгейдегі банктермен, «Қазақстан даму банкі» АҚ-мен, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-мен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен және «Еуразиялық қайта құру және даму банкі», «Ислам даму банкі» шетелдік даму институттарымен, сондай-ақ бизнесті қолдаудың басқа да қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру;

2) нақты инвестициялық жобалар бойынша қарыз қаражатын ӘКК-нің және шетелдік қаржы құрылымдарының кепілдігімен тарту;

3) қаржы лизингі құралын дамыту және қолжетімді басқа қаржы құралдарымен құрылымдау;

4) борыштық бағалы қағаздар шығару.

ӘКК өсу әлеуеті мен кірістілігі жоғары жаңа секторларға инвестициялар тартуға ерекше назар аударатын болады. Жеке сектордағы денсаулық сақтау және білім беру жобаларын қоса алғанда, туризм, фармацевтика, логистика мен көлік, баламалы энергетика, химия және мұнай химиясы, қаланың сатып алуындағы қазақстандық қамтудың өсуін қамтамасыз ету үшін өндірістерді дамыту жобалары, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеке меншік сектормен әріптестік қағидаттарындағы тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік басым секторлар болып табылады. Жаңа секторларға инвестицияларды жүзеге асырған кезде ӘКК шағын және орта кәсіпкерліктің коммерциялық мүддесін сақтау қағидатын басшылыққа алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет