«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы


Қаладағы инвестициялық белсенділікті бағалау



бет6/9
Дата23.02.2016
өлшемі494 Kb.
#4757
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Қаладағы инвестициялық белсенділікті бағалау


2013 жылдың қорытындысы бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда
1 622 инновация мен республикадағы инновациялық қызметпен айналысатын 982 кәсіпорын бар, олардың ішінде Астана екінші орынды (Алматы қаласынан кейін) иеленеді, мұнда 107 кәсіпорын мен ұйым инвестициялық қызметін жүзеге асырады.

Бұған қарамастан, инновациялар саласындағы Астана қаласының белсенділігі орташа 7,5 % күйінде, ал пассивтілік деңгейі жоғары (92,5 %) күйінде қалып отыр.

2013 жылы Астанада 1 796 респонденттің 134-інде инновациялар тіркелген, оның 122-сі технологиялық инновациялар болып табылады.

2013 жылы Астанада инновациялық өнімдердің жалпы көлемі


4 787 млн. теңгені құрады, 23 687,9 млн. теңге болатын орташа республикалық деңгейді ескерсек, бұл төмен болып саналады. Осылайша, инновациялық өнім көлемі жағынан Астана Алматы қаласынан, ШҚО, Павлодар, Қарағанды облыстарынан артта.

Дегенмен, 2013 жылы инновацияларға жұмсалған шығыстар бойынша басқа өңірлермен салыстырғанда Астана алда, өткен жылы инновацияларға 105 млрд. теңге жұмсалған. Бұл ретте, осы шығыстардың құрылымында инновациялық гранттар бар болғаны 2 %-ды, кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 27 %-ды, республикалық бюджет шығыстары – 24 %-ды құрады.

Инновациялық қызметпен айналысатын 107 кәсіпорынның ішінен қалада жаңа технологияларды, жабдықтарды, материалдарды енгізумен
21 бірлігі, ғылыми-зерттеу қызметімен 11 бірлігі, жобалау-конструкторлық жұмыспен 2 бірлігі, ноу-хау технологияларды сатып алумен 3 бірлігі, инновациялардың басқа түрлерімен 70 бірлігі айналысады.

Қаланың инновациялық қызметін талдау мемлекеттік қолдау шараларын кәсіпорындар белсенді пайдаланбайтынын көрсетіп отыр. Мысалы, технопарктер мен бизнес инкубаторлар базасында бар болғаны


2 бірлік инновациялық кәсіпорын құрылған, негізінен, венчурлік қорлардың жобалары белсенді, өйткені 2013 жылы олардың саны 43 бірлік болған. Даму институттарының жобалары 24 бірлікті құрады.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) жобалары бойынша Астана республика бойынша алда, олардың саны 131 бірлікті құрады, бұған халықаралық сарапшылармен, сондай-ақ Астана қаласының ЖОО-ларымен бірлескен жұмыс нәтижелері жақсы ықпал етті. Мысалы, инновациялық зерттеулер мен әзірлемелердің


25 жобасы ғылыми ұйымдармен бірге, 4 жоба ЖОО-ларымен бірге іске асырылды. Бұдан басқа, 2013 жылы Астананың инновациялық қызметіне халықаралық 80 сарапшы тартылды. Дегенмен, жалпы саны 9 жобаның ішінен аяқталған 8 жобаның 100 % авторлары Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қаланың және тұтастай елдің инновациялылығының деңгейі бірінші кезекте ғалым және техник кадрлардың технологиялық құрылыс ауысқан жағдайларда бейімделуі мен ұтқырлығының деңгейіне тәуелді. Астанада ғана емес, бүкіл Қазақстанда


5-ші және 6-шы технологиялық құрылысқа сәйкес келетін кадрлық әлеует әлі қалыптаса қойған жоқ, бұлар:

1) зерттеуші ғалымдар;

2) ҒЗТКЖ саласындағы конструкторлар мен әзірлеушілер;

3) жоғары технологиялы өндірістерде жұмыс істейтін инженерлер, техниктер, білікті жұмысшылар;

4) ҒЗТКЖ және жоғары технологиялы өндірістер саласындағы ұйымдастыру мен басқаруды жүзеге асыратын менеджерлер, мемлекеттік қызметшілер.

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу мақсатында Компания осы қызметке индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін тарта отырып, инновацияларды дамыту үшін қажетті инфрақұрылымдық жағдайлар жасау (ғылыми-зерттеу зертханалары мен сынақ полигондары, қаржыландыру қорларының және инноваторларды материалдық-техникалық қолдаудың болуы жән т.б.) арқылы қаланың инновациялық белсенділігін ынталандыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, ӘКК ғылыми-технологиялық саланы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ұзақ мерзімді перспективаға арналған тиімді құралдарының бірі ретінде нысаналы технологиялық бағдарламаларды дамытуға белсенді түрде ықпал ететін болады будет. ӘКК инновацияларды тиімді енгізу және жоғары технологиялы өндірістерді дамыту жөнінде жұмыс жүргізетін болады.

Энергия және ресурс үнемдеу, жергілікті қамтуды дамыту, экологиялылық және қауіпсіздік инновациялық дамытудағы ӘКК-нің түйінді басымдықтары болып табылады.

Бұдан басқа, ғылыми-зерттеу және білім беру блоктарының арасындағы тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету мақсатында ӘКК ғылыми-білім беру кластерін құруға ықпал ететін болады, «Назарбаев Университеті» оның маңызды буынына айналмақ.

ҮИИДМБ шеңберінде жаңа технологияларды дамыту және қалада индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру бөлігінде Астана қаласындағы инновациялық қызметті дамыту жөніндегі жұмыс жалғасады.

Мынадай бағыттар бойынша инновацияларды мемлекеттік қолдау құралдары іске асырылуда.

Сыртқы орта факторларының ықпалы


ӘКК-нің сыртқы ортасы деп нақты бір компанияның қызметіне қарамастан, бірақ оның жұмыс істеуіне ықпал ететін және сондықтан да басқару шешімдерін қабылдауды талап ететін қоршаған ортада туындайтын барлық шарттар мен факторлар түсіндіріледі.

ӘКК жұмыс істеуіндегі маңыздысы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыратын сыртқы орта факторларын белгілеу, кәсіпкерлік орта бөлігіндегі ұғымдар аппаратын белгілеу, қазіргі заман шарттарында кәсіпкерлік қызметті тұрақты дамытуға себепші болатын осы факторларды жүйелеу болып табылады.

Қоршаған ортаның сипатымен негізделетін сыртқы факторлар бөлінеді. ӘКК қызметінің нақты шарттарын белгілейтін сыртқы факторлардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: құқықтық, саяси, шаруашылық, демографиялық, технологиялық және экологиялық факторлар.
Саяси және құқықтық факторлар

Құқықтық нормаларды және қарым-қатынас шектерін орнататын заңдар мен басқа да нормативтік актілерді зерттеуді ұйғаратын құқықтық реттеуді талдау ӘКК-ге өзі үшін басқа да құқық субъектілерімен өзара қарым-қатынаста рұқсат етілетін іс-әрекет шектерін және өз мүддесін қорғаудың қолайлы әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

ӘКК үшін саяси тұрақтылық факторының маңызы зор, өйткені шетелдік инвсетицияларды тарту жөнінде тұрақты жұмыс атқарылады. Шетелдік инвестор үшін немесе өнімді экспорттау үшін саяси өзгерістер шетелдіктер үшін меншік құқықтарын шектеуге немесе импортқа арнайы баждарды белгілеуге алып келуі мүмкін. Төлемдер теңгерімі немесе сыртқы борышқа қызмет көрсетуге байланысты проблемалар пайда ретінде шығарылатын ақшаны алуды қиындатуы мүмкін. Екінші жағынан шетелден капитал келу қажеттілігі болған жағдайда саясат инвесторлар үшін қолайлы жаққа қарай өзгеруі мүмкін.
Шаруашылық факторлар

Негізгі экономикалық ресурстардың шектеулі көлемі оларды тиімді және ұтымды пайдалану қажеттілігін белгілейді нәтижені ұлғайтып, шығынды барынша азайту қажет. Шаруашылық қызмет осы мақсатты іске асыру үшін бағытталған. Бұл игілік өндіруге бағытталған, осыған қажетті экономикалық ресурстарды пайдаланудың баламалы нұсқаларын бағалаудың, салыстырудың және іріктеудің тұрақты процесіне негізделген қызмет түрі.

ӘКК туындауы мүмкін тәуекелдерді барынша азайту үшін өнімді өндіру мен өткізудің әлеуетті көлемін, материалдық шығындардың құны мен қосымша шығындарды, өнім бағасын, шикізат пен материалдардың қолжетімділігін, жалпы нарық конъюнктурасындағы өзгерістерді аса мұқият салмақтап, бағалаған жөн.
Демографиялық факторлар

Демографиялық факторлар сыртқы ортаның маңызды факторларының қатарына жатады, өйткені тұрғындар, олардың санының өгеру серпіні көбінесе бір жағынан кәсіпорынды еңбек ресурстарымен қамтамасыз етудің нақты мүмкіндігін белгілейді, ал екінші жағынан нарықтық тұтынудың деңгейі мен ауқымын қалыптастырады. Осы факторлардың ӘКК жұмысының нәтижелілігіне ықпалын есепке алу және олардың ықпалының өзгеруіне уақтылы ден қою үшін ӘКК басшылығы мыналарды: өңірдің кәсіпорыны орналасқан қала тұрғындарының серпінін, тұрғындардың жасының құрылымы мен этникалық құрамын, өлім мен туу деңгейін, миграциялық процестерді, білім беру деңгейін және өңірлік ерекшеліктерді қадағалауы тиіс.

Технологиялық факторлар

Технологиялық фактор компанияға ықпал ететін ғылыми-техникалық даму деңгейін көрсетеді. Технологиялық жаңалықтар көрсетілетін қызметті немесе өнімді өндіруге және сатуға болатын тиімділікке, өнімнің моральдық жағынан тозуының жылдамдығына, ақпаратты жинау, сақтау және бөлу мүмкіндігіне, сондай-ақ компанияда тұтынушыны қандай жаңа өнімдер мен көрсетілетін қызметтер күтіп тұрғанына ықпал етеді. Технологиялардың өзгеру жылдамдығы үнемі ұлғая береді. Көптеген компаниялардың қызметттеріне компьютерлік, лазерлік, микротолқынды технологиялар, сондай-ақ спутниктік байланыс, атом энергетикасы, гендік инженерия және көптеген басқа да заттар түбегейлі ықпал етеді.

ӘКК Астана қаласының азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйым болып табылады әрі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағдарламасының шеңберінде жеміс-көкөніс және бакалея өнімдерін сатып алумен әрі сақтаумен айналысады. Сондықтан, тамақ өнімдері шикізатының салмағы мен сапасының жоғалуын барынша азайту үшін оларды сақтау кезіндегі технологияларды пайдалану қажет.

Азық-түлік шикізаты мен дайын өнімді сақтау тамақ өндірістеріндегі кез келген технологиялық процестің бастапқы және соңғы сатысы болып табылады. Оның қажеттігі шикізат пен өнім өндірісі маусымдық, ал тұтыну – жыл бойғы сипатта болатынымен негізделген. Бұл операцияның басты міндеті белгілі бір уақыт ішінде, кейде тіпті ұзақ уақыт бойы шикізаттың саны мен сапасын сақтау болып табылады. Сақтау шарттары мен мерзімдері көкөніс пен жемістерді сақтаудың технологиялық циклін, қоймаға орналастыруды және қоймалардың санитарлық-гигиеналық жағдайын белгілейді.


Экологиялық факторлар

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде өндіріс күштерін орналастыру кезінде экологиялық фактордың маңызы ерекше, өйткені ол табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланумен және тұрғындар үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

Табиғатты пайдалануды басқару жүйесі жаһандық, өңірлік және орман сияқты барлық деңгейлерін икемді үйлестіру есебінен экологиялық проблемаларды шешуді қамтамасыз етуі тиіс. Ұлттық мүддеге бағынышты табиғат пайдалануды басқарудың өңірлік жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасайтын нысаналы мақсаты болады, оның қатарына табиғатты пайдалануды оңтайландыру, табиғи ресурстарды алудың лимиттерін белгілеу, табиғи экожүйелерге экологиялық ауыртпалықтың шектеулі өлшемдерін белгілеу, тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсарту, экологиялық басымдықтарды ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын түзету жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет