7-параграф. Автомобиль көлігіндегі жүк тиеу-түсіру жұмыстары
303. Автомобилдердің, тіркемелердің техникалық жай-күйі желіде олардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, техникалық пайдалану талаптарына сәйкес болады.
304. Автомобилдерді тиеу және түсіру алаңына қою кезіндегі ара қашықтық: бір-бірінен кейін тұрған автомобилдер арасында-1 м кем емес тереңдікте; қатар тұрған автомобилдер арасында-алдынан-1,5 м кем емес.
305. Аумақта автомобилдердің қозғалыс жылдамдығы 10 км/сағ аспайды, ал жұмыс істеу орындарында 5 км/сағ.
Егер өндірістік жағдайларда ағынды қозғалыс ұйымдастыруға болмайтын болса, автомобилдердің қозғалысы ағынды болады, автомобилдерді жүк тиеу және түсіру үшін артқы жағымен жүру арқылы автомобилдің маневрлеусіз еркін өтетіндей есеппен беріледі.
306. Шанақтың (негізгі немесе қосымша) ернеуінен аспайтындай етіп жүкті толтырып тиеуге болады. Жүк шанақтың ауданымен біркелкі орналастырылады.
Ернеуден жоғары салынған бөлшек жүктер берік кеуекті арқандармен байланады, сымдарды немесе болат арқандарды пайдалануға болмайды.
Ыдыстағы жүктерді тасымалдау кезінде тиеу және түсіру жұмыстарын жеңілдету үшін тұғырларды, тіреуіштерді және өзге де түйіншектейтін құралдарды пайдалана отырып, оларды пакетке салуды қолданылады.
307. Автомобилге және контейнерлердің жартылай тіркемелеріне жүк тиеу кезінде соңғылары автомобилді (жартылай тіркемені) контейнер астынан еркін беруді қамтамасыз ететін биіктікке көтергіш тетікпен көтеріледі.
308. Контейнерлердің төбелері, оларды тіреуге және көлік құралдарына бекітуге арналған құрылғылар бөгде заттардан, мұздан, қардан тазартылады. Контейнерлерді тіреу тұтас тірек тораптарында жүргізіледі. Контейнерлер автомобилдердің платформаларына бекітіледі.
309. Жұмысшыларға контейнерлерді көтеру, түсіру және орнынан ауыстыру кезінде контейнерде немесе оның ішінде болуына болмайды.
310. Автомобилдегі жүкпен бірге еріп жүрген кезде жұмысшылар мүмкіндігінше шофердің кабинасына жақын бөлінген орындағы шанақта болады. Автомобиль қозғалған кезде шанақтың ернеуіне отыруға, шанақта тұруға, мінуге және түсуге, тұғырда тұруға, жүкті бір орыннан келесі орынға ауыстыруға, келесісіне отыруға, ас қабылдауға болмайды.
Шанақты ернеуден жоғары тиеген кезде адамдардың қозғалыс кезінде жүктерде болуына болмайды.
Автомобиль қозғалысы кезінде жұмысшылар мен жүкке ілесетін өзге де тұлғалар шофердің нұсқауын орындайды.
311. Жанғыш сұйықтықтарды автоцистерналарда немесе металл бөшкелерде тасымалдауға болады; жанғыш сұйықтықтарды өзге ыдыстарда (бөтелкелерде, бидондарда, шелектерде) тасымалдауға болмайды.
Жанғыш сұйықтықтарды бөшкелермен тасымалдау кезінде олардың арасына бөренелер төселеді, ал бөшкелердің шекті қатарлары ағаш сыналармен сүйеледі.
Бөшкелердің сынамалары үстінен орнатылады.
Бөшкелерді тасымалдаған кезде автомобилдің шанағында адамдардың болуына жол берілмейді.
8-параграф. Жүзгіш көлік құралдарын тиеу және түсіру
312. Кемелер мен баржаларға сусымалы жүктерді тиеу және түсіру механикаландырылған немесе пневматикалық тәсілмен жүргізіледі.
313. Кеме немесе баржа тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде желден, ағыстан және су толқынынан орын ауыстыруын болдырмас үшін жүк арқанына кендір арқанмен байланады.
314. Жүк түсіруді бастамас және адамдардың трюмге жібермес бұрын астық тасымалдау кезінде жиналған ықтимал газдарды жою үшін тікелей кеңістікті желдету мақсатында люктердің қақпақтарын қажет.
315. Жұмысшыларды кеменің немесе баржаның трюміне басқыш немесе саты арқылы түсіреді.
Басқыштар аралық өту жолының тұтас ені бойымен орнатылады және бекітіледі.
316. Пневматикалық қондырғыны іске қоспас бұрын астық желілерін көлденең және тігінен орналасқан күйде тасымалдауға арналған аспалы астық желілерінің, шығырлар мен жебелердің, олардың аспалары мен бекіткіштерінің жарамдылығы, ілмектерді астық желісіне берік бекітілуі тексеріледі.
Астық желілері трюмге көтергіш аспаптармен жиналады және түсіріледі. Жебелерді аспалы астық желісімен көтеру және түсіру бір жебенің келесісіне жанаспайтындай етіп жүргізіледі.
Шығырды түсіру және жебені көтеру алдында жебенің, асылған астық желісінің бос күйде ілуі тұрғанына, кеме (баржа) люгінің ернеуіне шығыңқы бөліктерімен соқтықпайтынына көз жеткізу қажет.
317. Пневматикалық қондырғылар мен циклондарға биіктігі 1 м кем емес қанаттармен қоршалған алаңдардан қызмет көрсетіледі.
318. Құйғышқа астық тазалағышты тиеу кезінде соңғысын аспаның өздігінен айналуын болдырмас үшін кеменің (баржаның) құрылымына үш кендір арқанмен бекітіледі.
319. Қоймадағы, бунттағы сияқты кеме трюмінде де сынама алу кезінде ағаш төсем арқылы астық үстімен өту жүзеге асырылады. Төсемнің ені 0,4 м кем емес, ұзындығы 2,5 м аспайды, көлденең аспақтары бар, жалпы массасы 30 кг ас пайды. Трюмнен, қоймадан немесе бунттан астық сынамасын алу жұмысында кемінде екі адам қатысады.
320. Кемелер мен баржаларға толтырылған қаптарды тиеу және түсіру тұрақты және жылжымалы көтергіштер мен конвейерлердің, қаптар мен өзге механикаландыру құралдарын тиеуге арналған машиналардың көмегімен жүргізіледі. Қаптардың пакеттері байланады.
321. Кемелер мен баржалардан ыдыстағы жүктерді түсіру кезінде жұмысты бастамас бұрын трюмнің барлық люктері берік бекітілген қанаттармен қоршалады.
322. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде:
жүкті трюмге ескертусіз беруге;
көтерілген жүктің астында тұруға;
жүкті аспалы немесе егер ол кеменің (баржаның) қисайғанда бекітілмеген күйде қалдыруға болмайды.
323. Кемелер мен баржалардың трюмдеріне жүкті тиеу және түсіру кезінде прожектормен жарық беріледі. Желідегі кернеу 12 В аспаған кезде жарылысқа қауіпсіз күйде тасымал шамдарды қолдануға болады.
9-параграф. Ыдыстағы өнімдері тиеу-түсіру жұмыстары
324. Ыдыста дайын өнімі бар қоймаларда өнім, шикізат салынған қаптар біркелкі қатарда механикаландырылған тәсілмен үшеуден және бесеуден оралып, тігінен қойылады.
325. Өнім салынған қаптар биіктігі 14 м қатарда (массасы 50 кг қаптар үшін-16 қатардан аспайды) қатарлап қойылады. 11-қатардан бастап әрбір келесі қатардың ені қатарды конус бойымен сала отырып, 0,25 м қысқартылады.
Жүгері тұқымдары бар қаптарды қатарлау кезінде қатардың биіктігі 4,5 м дейін болады.
326. Қоймаларда қатарлардың арасында және қабырғалардың жанында өнімді қабылдаудың, жөнелтудің және сапасы мен жай-күйін қадағалаудың қалыпты шарттарын қамтамасыз ететін өту жолдары мен өткелдер қалдырылады.
Өту жолының ені:
қап арқалаған жұмысшы үшін-1,25 м кем емес;
электр тиегіштердің өтуі үшін-2,2 м кем емес;
ауаны алмастыру және қабырға мен қатарлардың арасындағы өнімнің жай-күйін бақылау үшін-0,7 м кем емес.
327. Қатарларды қолмен немесе көлік құралдарын пайдалана отырып қалыптастырған кезде 6-қатарды салғаннан кейін жолдар салынады.
Жолмен көтерілетін жұмысшылар бір-бірінен кемінде 6 м қашықтықта болады.
328. Қап көтергіштерге қызмет көрсету кезінде оларды көтергіш рамаларын бекітіледі және қаптың құлауын болдырмас үшін оны дұрыс қою қажет.
Жүкті көтеру кезінде оның астында тұруға болмайды. Қап көтергішке қызмет көрсететін жұмысшы мен көтерілген қаптарды қабылдау үшін қатарда тұрған жұмысшының қимылы келісіледі.
329. Тұғырларға (пакеттерге) салынған нан өнімдері мен шикізат қаптары электр тиегіштермен біркелкі қатарда екі қабаттан аспайтын биіктікте орнатылады.
330. Салынған өнімді жүк асқышқа пакетпен салу кезінде жүк асқыштардың жүк массасының ауырлық күшіне қатысты дұрыс орналасуы қамтамасыз етіледі. Пайдаланылатын жүк асу арқандарында олардың төзімділігін төмендететін ақаулары болмайды.
Жүк асқыштарда пакеттелген өніммен жұмыс істеу кезінде:
пакеттерді жүк асқыштарда бір жүк ілмегіне ілуге;
пакеттерді сүйретпе жерге орналастыруға, дұрыс орналастырылмаған және нашар байланған пакеттерді көтеруге және тасымалдауға;
егер астында тесік жері болмаса, авто тиегіштің айырларының өтуі үшін пакетті көтеруге;
пакеттерді орнықсыз күйде қатарларда қалдыруға, оларды ретсіз шашуға;
пакеттерді екінші қабатқа орналастыру кезінде аспалы бұйымдардың ілмектерінен жүк ілгектерін алу үшін тиегіштің рамасына тұруға;
теміржол вагондарына тиеу кезінде пакеттердің жоғарғы қабаты мен вагонның төбесінің арасында тұрып, жүк ілмектерін босатуға болмайды.
331. Қоймада немесе вагонда қатарларды алу жоғарыдан төмен қарай көлденең кезекті қатарлармен жүргізіледі. Қаптарды қатардың арасынан тартуға немесе салбыраңқы қаптарды қатарларда қалдыруға болмайды.
332. Конвейерден және құламалардан қаптардың құлауын болдырма үшін олар биіктігі 200 мм ернеулермен жабдықталады. Құламаларда тежеуіш құрылғылары болады. Қаптарды конвейерлерден қабылдау үшін қабылдау үстелі орнатылады.
333. Конвейерлер мен құламалар өтетін ойықтар астынғы жағынан биіктігі 150 мм ернеу тақтайшасы бар, биіктігі 1 м қанаттармен қоршалады.
Құламаларда адамдардың жүріп-тұруына болмайды.
334. Қаптарды вагондарға машинамен тиеу кезінде вагонның есік ойығының шүлдігі машинаның шүлдігімен сәйкесетіндей етіп, вагон тиеуге қойылады. Қаптарды есік ойықтарына орналастыру оларды түсіру кезінде вагонның екі жағынан еркін ашылуын қамтамасыз ететіндей етіп жүргізіледі.
Машина электрмен қоректендіру машинаның жұмыс диапазонында қозғалысын қамтамасыз ететін ілмектерді салып, иілгіш кабелдермен өткізіледі.
Машинаның екі жағынан машинаға қызмет көрсету үшін ені кемінде 1 м өту жолдары қалдырылады.
Жұмысты бастар алдында конвейерлік таспалардан бөгде заттар алынып, рельс жолының тазалығы мен белдік және тізбекті бергіштердің қоршауларының жарамдылығы тексеріледі.
Жерге қосқышты тексеру қажет. жерге қосқыштың ақаулығын қалпына келтірмей, машинаны іске қосуға болмайды.
Конвейерлік таспалардың жай-күйі мен арқанды ажыратқыштардың жай-күйіне ерекше көңіл бөлу қажет.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде конвейерлік таспаның дұрыс жүруі қадағаланады. Бөрене мен телескопиялық конвейерге қосымша жүк қоюға болмайды.
Шой балға қалқандары аралық және телескопиялық конвейеріне вагонның қай жағы тиелетіне байланысты конвейердің бір немесе келесі жағынан тиеледі.
5-тарау. Электр қауіпсіздігі
1-параграф. Жалпы талаптар
335. Астық өнімдері саласындағы кәсіпорындарда қолданыстағы электр қондырғыларын орнату және пайдалану, жаңадан салынған немесе қайта құрылған электр қондырғыларын пайдалануға қабылдау электр қондырғыларына қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
336. Тартылыс күші және стартерлі аккумулятор батареялары осы мақсатқа арналған зарядтау үй-жайларында зарядталады.
Бұл ретте қышқыл және сілтілі аккумуляторлық батареялар зарядталады және әр түрлі үй-жайларға орналастырылады. Аккумуляторлық үй-жайлар жабық болады. Аккумуляторлық үй-жайда темекі шегуге, оған отпен кіруге, ұшқын шығуы мүмкін электрлік жылыту аспаптарын, аппараттар мен аспаптарды пайдалануға болмайды.
337. Ағынды-сорғы желдеткіші бар аккумуляторлық үй-жайларда желдеткіш зарядтан бұрын қосылады және газды шығарғаннан кейін заряд аяқталған соң 1,5 сағ кейін ажыратылады.
338. Аккумулятор батареяларын зарядтау үшін қолданылатын тегістегіш қондырғыларда ауыспалы ток жағында ажыратқыш трансформатор мен қорғағыш аппарат болады.
339. Зарядтау станциясының зарядтау үй-жайлары жоғары аймақта жарылыс қауіптілігіне жатады.
Бұл үй-жайдың төменгі аймағы жарылыс қаупі жоқ деп саналады.
Үй-жайдың жоғарғы және төменгі аймақтарының арасындағы шекара еден деңгейінен бастап санағанда үй-жайдың жалпы биіктігінен 0,75 м биіктікте, бірақ егер көпір краны болса, онда оның жолының белгісінен жоғары емес биіктікте шартты түрде өтеді.
340. Аккумулятор батареясы зарядын басқару және автоматика сызбасында ағынды желдеткішінің жұмысы тоқтаған кезде заряд тогын ажырату үшін бұғаттағыш қарастырылады.
Ағынды желдеткіштің жұмысы тоқтағанда дабыл беріледі.
341. Зарядты үй-жайларда қазу мен ауыстыру үшін көпір краны немесе басқа көтергіш құрылғылар орнатылады.
Жүк көтергіш құрылғылары жарылу қаупі бар қоспалардың кез келген санаттары мен топтары үшін жарылыстан қорғалады.
Осы құрылғылардың қоректендіргішін де, зарядтау агрегаттарының қоректендіргіштерін де ажырататын автоматты газ талдағыштарды орнатқан жағдайда, төменгі жарылғыш шегінен 50 % аспайтын (2 %) ауада жарылу қаупі бар қосылым пайда болған кезде жүк көтергіш құрылғыларды қалыпты күйде пайдалануға болады.
Зарядтау үй-жайының жүк көтергіш құрылғыларына ток өткізгіштер мыс сымы бар шлангалы кабелден жасалады.
342. Зарядтау және аккумуляторлық үй-жайлардың есіктерінде: «Аккумулятор бөлмесі», «От шығу қаупі бар», «Отпен кіруге болмайды», «Темекі шегуге тыйым салынады» деген жазулары бар плакаттар мен қауіпсіздік белгілері ілінеді.
343. Әрбір аккумуляторлық үй-жай: жүннен жасалған костюммен, резеңке алжапқышпен, резеңке қолғаппен және етікпен, қорғағыш көзілдірікпен, электрлік құйғышты түзу және оны ыдыстарға толтыру үшін сыйымдылығы 1,5-2 л шыны және фарфор сапты аяқпен (құмырамен), қышқыл батареялар мен бор қышқылы немесе сірке су эссенциясы (эссенцияның бір бөлігі судың сегіз бөлігіне) үшін-сілті батареялары үшін бейтараптаушы сода ерітіндісімен (5 %) қамтамасыз етіледі.
344. Барлық ыдыстарда ішіндегі заттың атауы көрсетілген айқын жазулары болады.
345. Бөтелкелерді тасуды екі тұлға зембілдердің көмегімен жүргізеді. Бөтелкелерден қышқылды құю қолмен еңкейту арқылы және бөтелкелерді бекітуге арналған құрылғылардың көмегімен жүргізіледі.
346. Қышқыл ерітіндісін дайындаған кезде ақырын, біртіндеп тоқтатып жіңішке ағыспен сыйымдылығы 1-2 л сапты аяқтан тазартылған суы бар ыдысқа құйылады. Бұл ретте ерітінді араластырылады.
Ерітіндіні қышқылға су қосу арқылы дайындауға болмайды. Ерітіндіні шыны ыдыстарда дайындаған кезде абай болу қажет, ерітіндіні қыздыру кезінде шынының сынып кетуі мүмкін.
347. Қышқылмен және сілтімен жұмыс істеген кезде қышқылға төзімді костюм, қорғағыш көзілдірік және резеңке қолғап кию қажет. Костюмнің шалбары етіктің қонышының сыртынан киіледі.
Құрғақ ащы сілтінің кесектері қалақтар мен кенептерді пайдалана отырып ұсақталады; жұмысшы резеңке алжапқышпен, резеңке қолғаппен және қорғағыш көзілдірікпен қорғалады.
Көрсетілген жұмысты жүргізу кезінде жанында бейтараптаушы ерітіндісі ыдыс болады.
348. Пластиналарды дәнекерлеу жұмысын мынадай жағдайларда жүргізуге болады: дәнекерлеуді зарядтау аяқталғаннан кейін 2 сағаттан соң жүргізуге болады; тұрақты шағын заряд әдісімен жұмыс істейтін батареялар жұмыс басталғанға дейін 2 сағат бұрын разряд режиміне ауыстырылады; жұмыс басталғанға дейін үй-жайдан барлық газды толықтай шығаруды қамтамасыз ету үшін желдеткіш іске қосылады; дәнекерлеу кезінде үздіксіз желдеткіш жүргізіледі; дәнекерлеу орны қалған батареялардан отқа төзімді қалқандармен қоршалады.
349. Күш беретін түзеткіштерге қызмет көрсету кезінде ток өткізу бөліктерінде кернеуді алмай, қабықшаны алуға және қандай да бір жұмысты жүргізуге болмайды.
2-параграф. Электрлік жарық беру
350. Астық өнімдері саласы кәсіпорындарының өндірістік және өндірістік емес үй-жайларына жарық беру үшін жалпы жарық беру жүйесі қолданылады және аралас, авариялық және эвакуациялық жарық беру жүйесін қолдану қарастырылады.
351. Галереялар мен тоннелдерде шамдарды егер арматураның бекіткіші қызмет көрсетуші персоналдың қалыпты қозғалысына келтірмеген жағдайда, бұл ретте лампа мен ток өткізу бөліктеріне аспаптың көмегімен ғана қол жеткізуге мүмкін болатын шамдар қолданылса, 1,7 м кем емес биіктікте ілуге болады.
2,5 м биіктікте орналасқан шамдарда қорғағыш торлар болуы қажет.
352. Жарық беру аспаптарындағы лампалардың қуаты аспаптың қабылданған түрі үшін рұқсат етілген шамадан аспайды.
353. Қолмен тасымалданатын шамдардың қорек кернеуі мынадай шамадан артық болмайды: қауіптілігі жоғары үй-жайларда-42 В, аса қауіпті үй-жайларда, үй-жайлардан тыс және қазандықтарда, цистерналарда және басқаларында жұмыс істеген кезде-12 В
354. Жұмысты жалғастыру үшін авариялық жарық беру авариялық режимде қызмет көрсетуді қажет ететін жұмыс қабаттарында жалпы жарық жүйесінде жұмыс істеу үшін жарық беру нормасынан 5 % кем емес, бірақ ғимарат ішінде 2 лк кем емес және кәсіпорын аумағы үшін 1 лк жарықты қамтамасыз етеді.
355. Эвакуациялық жарық беру едендегі негізгі қозғалысқа 0,5 лк кем емес үй-жайлардағы жарықты қамтамасыз етеді.
356. Авариялық және эвакуациялық жарық бергіштің жарық беретін арматурасында айырым белгісі болады.
357. Жиналмалы басқыштардан және қосымша сатылардан қызмет көрсетілетін шамдар еден деңгейінен 4,5 м аспайтын биіктікте ілінеді.
Бұл шамдарды рабайсыз жабдықтың, ашық конвейер таспаларының үстінен, сатыларды орнату қиынға соғатын өзге де орындарында орналастыруға болмайды.
358. Тасымал шамдардың корпустарын жерге қосу шланг желісінің сымы арқылы-жұмыс тогын өткізу үшін қызмет етпейтін нөлдік қорғағыш желісімен жүзеге асырылады. Ажыратқыш трансформаторларға қосылатын шамдардың корпустарын жерге қосу қажет емес.
3-параграф. Жерге қосқыш және энергия қауіпсіздігінің
қорғағыш шаралары
359. Оқшаулағыш зақымданған кезде адамдарды электр тогымен зақымданудан қорғау үшін жерге қосқыш, шағын кернеу, қос оқшаулағыш қолданылады.
360. Мыналар:
электр машиналарының, трансформаторлардың, аппараттардың, шамдардың корпустары;
электр аппараттарының жетектері;
өлшеуіш трансформаторлардың қосалқы орамдары;
бөлгіш қалқан пульттердің, шкафтардың металл каркастары, олардың алмалы-салмалы немесе ашылатын бөліктері;
жылжымалы және тасымал электр қабылдағыштардың металл корпустары;
станоктардың, машиналардың және тетіктердің қозғалатын бөліктерінде орналасқан электр жабдығы;
металл кабель құрылымдары, қосқыш муфталар, қабықшалар және кабелдер мен желілердің сауыттары, металл жеңдер мен электр желілерінің құбырлары, науалар, қораптар, сымдар, арқандар, өзге де металл құрылымдары жерге қосылуға тиіс.
361. Жерге қосқыш желілердің тізбектерінде ажыратқыш аспаптар мен сақтандырғыштарды орнатуға болмайды.
4-параграф. Жылжымалы машиналар мен қондырғыларды
қосу және ажырату
362. Жылжымалы көлік тетіктерін пайдалану кезінде қоректендіруші иілгіш кабелдің техникалық жай-күйі тексеріледі және қабықшаның зақымдануы анықталған жағдайда оны жаңасымен ауыстыру қажет.
363. Машиналардың орнын ауыстыру кезінде иілімді азайту және иілгіш кабелдің шамадан тыс созылуын болдырмас үшін кабель қысқыштармен машинаның рамасына бекітіледі.
364. Иілгіш кабелдерді жылжымалы тетіктер мен машиналардың электр қозғалтқыштарына қосу үшін штепсель розеткаларын қоректендіру ажыратқыш немесе автоматты сөндіретін құрал арқылы жүзеге асырылады.
365. Штепсель айырларын жылжымалы машиналардың қорек кабелдерге қосу және ажырату кернеу алынған кезде жүргізіледі.
366. Өздігінен жүретін көлік машиналардың орнын ауыстыру кезінде иілгіш қорек кабеліне соғылуын болдырмас үшін соңғысы ілінеді немесе қораппен қорғалады, ал өздігінен жүрмейтін машиналардың орнын ауыстыру кезінде кабель желіден ажыратылады және бухтаға қарай бұрылады.
5-параграф. Тасымал электр қабылдағыштар
(электрлендірілген аспап пен шамдар)
367. Электрлендірілген аспаппен жұмыс істеуге электр қауіпсіздігі бойынша екінші топтан емес топтағы персонал жіберіледі.
368. Тасымал электрлендірілген аспап (тескіштер, сомын бұрауыштар, дәнекерлеу құралы, тегістейтін машиналар, аралар және басқалары) мынадай талаптарды қанағаттандырады:
электр желісіне тез қосылуы және ажыратылуы қажет (бірақ өздігінен емес);
жұмыста қауіпсіз болуы және ашық ток өткізу бөліктерінің кенет жанасуына қол жеткізбеуі қажет.
369. Электр аспабының кернеуі қауіптілігі жоғары емес үй-жайларда 380\220 В жоғары болмайды.
Қауіптілігі жоғары үй-жайларда ІІ және ІІІ класты, ал аса қауіпті үй-жайларда, сондай-ақ қолайсыз жағдайларда ІІІ кластан төмен тасымал электр аспабы қолданылады.
370. Тасымал электрлендірілген аспап 42 В жоғары кернеуде жұмысқа жеке қорғау құралдарымен (резеңке қолғаптар, диэлектрлік галоштар немесе резеңке кілемше) жинақта беріледі.
371. Штепсель қосқыштарында 42 В жоғары кернеуде корпусты қосатын желіні мәжбүрлі түрде және босатып іске қосу үшін байланысы болады.
372. Кабелдердің қорғағыш қабықшалары қол электр аспабында іске қосылады және сол жерде бекітіледі. Желілерді қол электр аспабының қысқыштарына қосу орындарында керіп тартылу байқалмайды. Көп желілі Іске орындарында желілердің сыну және үйкелу мүмкіндігі қалпына келтіріледі.
373. Қосалқы кернеуі 12-42 В трансформаторлар қауіпсіздік талаптарына сәйкес болады.
374. Трансформаторлар желіге жерге қосқыш түйістірмесі бар штепсель қосқышы арқылы шлангалы көп желілі сымның көмегімен қосылады. Трансформаторды желіге қосуға арналған сымның ұзындығы 2 м аспайды.
375. Төмендеткіш трансформатордың екінші орамы жерге қосылады. Ажыратқыш трансформаторлардың екінші орамын жерге қосуға болмайды.
376. Төмендеткіш және ажыратқыш трансформаторлардың корпустары жерге қосылады.
377. 12-42 В кернеуіне қолданылатын штепсель қосқыштары (розеткалар, айырлар) өздерінің құрылымдары мен бояуы бойынша 110 және 380/220 В кернеуі үшін арналған штепсель қосқыштарынан ерекше болады және 12 және 42 В айырлардың 110 және 380/220 В штепсель розеткаларына қателесіп қосылу мүмкіндігін болдырмайды.
378. Тасымал электр қабылдағыштары, электр аспабы, қол шамдары, трансформаторлар мен басқалары қолға беру кезінде және айына бір реттен кешіктірілмей жерге қосқыш құрылғылардың жарамсыздығына және олар мен қорек желілері арасында тұйықталудың жоқ екеніне тексеріледі.
379. Қауіпсіз кернеу алу үшін автотрансформаторлар мен қосалқы кедергіні қолдануға болмайды.
380. Сүрлемдердің, қамбалардың, бункерлердің, барабандардың, қазандықтардың, металл резервуарлардың және басқаларының ішіне төмендететін ажыратқыш трансформаторларды кіргізуге болмайды.
381. Электр аспабын пайдаланатын тұлғаларға қосымша сатылардан жұмыс істеуге болмайды.
6-параграф. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау
382. Ғимараттар мен құрылыстар найзағайдың тікелей соғуынан электр статикалық және электр магниттік индукциямен қорғалады.
383. Найзағайдан қорғағыштың жобасы жобаның құрамдас бөлігі болып табылады.
384. Техникалық құжаттама: атқарушы жұмыс сызбалары, найзағайдан қорғағыштың жасырын немесе жолы қиын элементтерін (ток бұрушылар, арқандар, ток қабылдағыштар) орындауға арналған актілер, найзағайдан қорғау құрылғыларының барлық түрін жерге қосуды орындау актілері, барлық жерге қосқыштардың өнеркәсіптік жиілігі тогының ағуына кедергіні өлшеу хаттамалары найзағайдан қорғау құрылғыларын қабылдауды аяқтағаннан кейін оны пайдалануды жүргізетін ұйымға беріледі.
6-тарау. Өрт қауіпсіздігі
1-параграф. Жалпы талаптар
385. Басшы:
1) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмысқа жалпы басшылықты;
2) белгіленген мерзімде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды жүзеге асыруды;
3) кәсіпорындарды өрт сөндіру құралдарымен, байланыспен, өрт дабылымен, өртке қарсы сумен жабдықтаумен және өртке қарсы үгіттеу құралдарымен қамтамасыз етуді;
4) ықтимал өрттерді жою кезінде өрт сөндіру командаларының сәтті тактикалық іс-қимылдары үшін жағдайларды қамтамасыз етуді;
5) өрт сөндіру жасақтарын ұйымдастыруды және оларды басқаруды;
6) жекелеген цехтарда және өзге де бөлімшелерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындауды;
7) өрт қауіпсіздігі жай-күйін мерзімді түрде тексеруді жүзеге асырады.
386. Цехтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалар:
1) оларға сеніп тапсырылған жұмыс учаскелерінде өртке қарсы режимді белгілейді;
2) оларға бағынатын барлық тұлғалардың өрт қауіпсіздігі ережесіне оқудан өтуін ұйымдастырады;
3) цехтың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) өрт сөндіру құралдарының, өрт дабылының және автоматиканың жұмысқа жарамдылығы мен дайындығын жүйелі тексеріп отырады және оларды тиістілік нормаларына дейін толықтыру шараларын қабылдайды;
5) өрт күзетіне және кәсіпорын басшысына өрт туындайтын әрбір жағдай немесе жану туралы хабарлайды және өрт сөндіру командасы келгенге дейін өртті сөндіруге басшылық етеді.
387. Өртке қарсы жабдық орнатылатын су өткізу желісі қажетті арынды қамтамасыз етеді және судың есептік мөлшерін өткізеді.
388. Резервуарлар мен су айдындарында су қорын қалпына келтірудің ең ұзақ уақыты үш тәуліктен (72 сағаттан) аспауы қажет.
389. Өрт сөндіру гидранттары өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру командаларының пайдалануына арналады.
Өрт сөндіру гидранттарын басқа мақсатта пайдалануға болмайды.
390. Ішкі өрт сөндіру су құбырын элеваторларда, астық, тұқым, ұн, жарма және құрама жем қоймаларында, астық кептіргіштер мен қалдық цехтарында орнатуға болмайды.
Элеваторлардың жұмыс ғимараттарында диаметрі 100 мм құрғақ құбырлар қолданылады.
391. Жылу берілмейтін ғимараттар мен құрылыстардағы (құрғақ құбырлар) ішкі су өткізу желілері қысқы уақытта желілерді ажыратуға арналған және оларды суды шығаруға арналған құрылғылармен жарақталады.
392. Өрт сөндіру крандарын пайдалану кезінде:
1) әрбір кран қосқыш бастиектері мен оқпаны бар, ұзындығы 10-20 м жарамды өрт сөндіретін алмалы-салмалы жеңмен қамтамасыз етіледі;
2) өрт сөндіру жеңі мен оқпан қабырғадағы жең орауышқа немесе пломба астындағы кішкене шкафқа орналастырылады;
3) тозаң болатын өндірістік цехтарда өрт сөндіру краны, оған арналған жең және оқпан есіктері мықтап жабылатын кішкене шкафқа салынады;
4) жеңдер кранға, ал оқпан жеңге қосылады;
5) қосқыш бастиектердің резеңке төсемдерінің беті бормен сүртіледі;
6) тоқсан сайын бір реттен кешіктірілмей жең ажыратылған кезде суды іске қосып, кранның күйі тексеріледі.
393. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын мақсатсыз пайдалануға болмайды.
394. Өрт сөндіру бекеттерінде өрт сөндіру құралдары қызыл түске боялған «№ __ өрт сөндіру бекеті» деген (ақ сырмен) жазуы бар арнайы шкафтарға (немесе қалқандарға) орналастырылады және күн сәулесінің түсуінен қорғау үшін маңдайшалармен жабдықталады.
Әрбір өрт сөндіру бекетінде мыналар:
ұзындығы 10 м алмалы-салмалы (сомындары бар) жеңдер-4
оқпандар -2
көбікпен өрт сөндіргіштер -4
қызыл түске боялған, «Өрт сөндіру шелегі»
деген жазуы бар шелектер -2
жалпақ күрек -2
өрт сөндіру балталары -2
өрт сөндіру сомындары -2
болады.
395. Құм салынған жәшіктер 0,5 м3 құм, ЖЖМ қоймаларында 1 м3 сақтауға есептелген.
396. Әрбір оқшауланған өндірістік үй-жайда немесе қабатта кемінде бір өрт сөндіргіш болады.
397. Әрбір оқшауланған үй-жай бір түрдегі өрт сөндіргішпен қамтамасыз етіледі.
Қысқы уақытта өрт сөндіргіштердің сақталуын және қалтқысыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін: жылу берілмейтін үй-жайларда орналастырылған өрт сөндіргіштерді жақын орналасқан үй-жайларда топтастыруға болады.
398. Өрт сөндіргіштерді жұмыс күйіне келтіру әрбір өртсөндіргіштің корпусында болатын нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
399. Күзет қарамағында тұрған өрт сөндіргіштерде:
1) көбікті-тазаланған және шығыңқы ойығы және соңғы сынақ пен зарядтау жүргізілген мерзімі бар карточкасы;
2) өзге де өрт сөндіргіш жүйелері (көмірқышқыл, ұнтақты және басқа да) -пломба салынған вентилдері болады.
Кәсіпорындарда барлық өрт сөндіргіш жүйелерінің корпустарын жөндеуге болмайды.
400. Электр қондырғыларын пайдалану кезінде:
1) электр қозғалтқыштарының, бөлу қалқандарының, басқару аппаратурасының және электр аспаптарының жанында тез тұтанғыш және жанғыш заттардың болуына, тозаңның, қоқыстың және өндіріс қалдықтарының жиналуына жол берілмейді;
2) электр қозғалтқыштарын іске қосу және тоқтату кезінде белгіні қабылдау мен берудің қабылданған реті сақталады;
3) электр магнитті машиналар болған кезде біліктердің электр қозғалтқыштардан машиналарға өту жолдарында тығыздамалар мен өзге де бекіткіштердің ақаусыздығы тексеріледі;
4) жарық беру аппаратурасын ауыстыру, оны тасымалдау немесе жаңа шамдар орнату кезінде жарық беру арматурасынан немесе патрондардан шығатын желілерде желілерді қосатын орындардан бастап оқшаулағыштың болуы, ал олардың шамдарға кіретін жерінде созылмауы немесе үйкелмеуі қарастырылады.
401. Өрт шығу қаупі бар үй-жайлар мен барлық кластағы сыртқы қондырғыларда:
1) кернеумен жұмыс істейтін электр жабдығы мен желілерін жөндеуге және тазалауға;
2) жерге қосқыштың ақауы болғанда, жарылыстан қорғағыштың бұғаттағышы бұзылғанда электр қондырғысын іске қосуға;
3) ток өткізу бөлшектері кернеумен жұмыс істеп тұрғанда, жарылыстан қорғалған және тозаң өткізбейтін электр жабдығының қабықшаларын ашуға;
4) қысқа тұйықталу кезінде автоматты түрде сөнген электр қондырғыларын сөнудің себептерін анықтамай және қалпына келтірмей іске қосуға;
5) пайдаланылмайтын электр желілерін кернеуде ұстауға, ұштары оқшауланбаған электр желілері мен кабелдерді кернеуде ұстауға;
6) электр жабдығын, желіні және кабелді белгілі бір өлшемдерден артық жүктемеде ұстауға;
7) жарылыстан қорғалған және тозаң өткізбейтін шамдардың күйген электр лампаларын лампалардың басқа түрлерімен немесе осы шамдарға арналғаннан қуаты көбірек шамдармен ауыстыруға жол берілмейді.
402. Кабелдер мен желілердің ұшқындауына, қысқа тұйықталуына, оқшаулағыштарының шамадан тыс қызуына әкелуі мүмкін электр желілері мен электр аппаратурасындағы ақаулықтар қалпына келтіріледі және ақауы бар электр желісі ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |