16-параграф. Жүгерінің будан және сұрыпты тұқымдарын өңдеу жөніндегі зауыттарды жабдықтау
801. Кептіргіш желдеткішінің камерасына кіретін жолда «Агрегат әбден тоқтағанша камераға кіруге болмайды» деген ескерту жазуы ілінеді.
802. Жұмысшыларға жүгері кептіру кезінде көлденең түрдегі кептіру камераларындағы жылу ұстағышты айдау аймағында болуға болмайды.
803. Жылу ұстағыштың қысымын ауыстыруға арналған люктер, есіктер мен далдалар олардың үзілу мүмкіндігі болмайтындай етіп бекітіледі.
804. Кептіру камераларының жоғарғы, үрлеу люктері тұтас камералардан басқа адамдардың камераға түсуінен алдын алу үшін алынатын торлармен жабдықталады.
Кептіру камераларына қол жеткізу үшін қоршаулары бар тұрақты басқыштар болады.
805. Эксцентрикті науамен байланыстыратын эксцентригі мен тарту күші бар діріл біліктері бекітіледі, ал эксцентрикті білік қоршалады.
806. Жүгері үгіткіштің барабаны мен желдеткіштің қанаты теңгеріледі, өздерінің біліктеріне мықтап бекітіледі. Барабан шелектің бауына ілінбейді.
807. Жүгері тұқымын калибрлейтін эксцентрик білігі қолда оңай ашылады және тарсылсыз жұмыс істейді.
808. Сәулелендіргіштердің, жүгері тұқымын калибрлеуге арналған триер цилиндрлерінің ұяшықтары қызмет көрсетуші персоналдың жарақат алуына әкелуі мүмкін тегіс, үшкір шығыңқы бөлшектерсіз, қайырмасыз, қабыршақсыз және сызатсыз болады.
Тізбекті бергіш қоршалады, ыдырамай бірқалыпты жұмыс істейді.
809. Жүгері тұқымын уландыру бойынша технологиялық жабдыққа қызмет көрсету кезінде сақтандыру шаралары мен қауіпсіздік талаптары жүгері өңдеу зауыттарында жүгері тұқымдарын сулы еріткіш және үлдір түзгіш препараттармен уландыру бойынша техникалық регламентке сәйкес орындалады.
Улы химикаттардан босатылған ыдыс, одан әрі пайдалануға жарамсыз улы химикат қалдықтары техникалық регламенттің талаптарына сәйкес жойылады.
810. Энтолейтордың станинасы тұғырға анкерлік бұрандамен бекітіледі.
811. Жұмыс органы араларына екі қатар төлке орналасқан екі болат дискіден тұрады. Дискілер бір-бірімен төлкелердегі тесіктер арқылы бұрандалармен қосылады. Әрбір бұранда өздігінен ашылуын болдырмас үшін екі жағынан бекітіледі.
812. Энтолейтор мен электрқозғалтқышының жетек белбеулері мен шкивтері қоршалады.
813. Энтолейторды тазалау үшін щеткалар пайдаланылады.
Энтолейтор жұмыс істеп тұрған кезде үйіндіні тазалауға болмайды.
814. Машина тарсылсыз және бөгде шусыз жұмыс істейді.
Діріл, өнім тозаңданғанда, ұшқын шыққанда, ішпектер қызғанда энтолейтордің жұмыс істеуіне болмайды.
815. Энтолейтерді іске қосу алдында:
жұмыс орнының санитарлық жай-күйі мен жарықтандырылуы;
жабдықтың, ауа өткізгіштің, өздігінен ағатын тетіктің герметикалығы;
қоршаулардың бекіткіштерінің болуы және беріктігі;
тасымал шамдардың жарамдылығы, оларға герметикалық қалпақтармен және сақтандыру торларымен жарық берілуі;
ішкі жағынан тексеру арқылы жабдықтың, электрқозғалтқыштарының және іске қосу түймелерінің жерге қосқыштарының жарамдылығы тексеріледі.
17-параграф. Өлшеу және орау бөлімшелерін және дайын өнім қоймаларын жабдықтау
816. Өлшеу аппараттары герметикаланады. Тиімді түрде жұмыс істейтін аспирациялары болады.
817. Тартатын және өлшейтін аппараттардың, тігетін машиналар мен транспортерлердің, оларға қызмет көрсететіндердің сілкитін тетіктерін өздігінен іске қосуға болмайды.
Өлшеуіштер тозаң өткізбейтін қабықпен жабылады.
818. Өлшеу аппараттарының автоматты сілкитін тетігі қатты соққылар мен түрткілерсіз жұмыс істейді.
819. Қопсытқышты, күрек қорегін, бұғаттау құрылғылары мен өлшеу аппаратының сілкитін тетігін әбден тоқтағанша тексеруге және жөндеуге болмайды.
820. Таразылардың ысырмаларының тетігі оңай ашылады. Есептеуіш пен салмақ шкаласы жеткілікті жарықтандырылады.
821. Шөмішті аудару кезінде және таразы астында сілкитін тетігі жұмыс істеген кезде шуды, соққыны немесе түркіні төмендету үшін қалыңдығы 40 мм ағаш рама орнатылады, ал рама мен таразының станинасы арасында таразы станинасының негізгі қабаттарының ені бойынша резеңке төсемдер төселеді.
822. Ұнды қапқа салуға және бууға арналған тербелмелі өлшеуіш құрылғысының құрылымы қалыпты қауіпсіз жұмыс істеуді, құрылғыға қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз етеді.
Құрылғы аспирация болған кезде пайдаланылады. Өнімнің өту жолы тозаңнан қорғалады.
Құрылғыдағы барлық жұмыс істеу түрлері жабдықты электр қорегі желісінен толықтай ажыратқаннан кейін жүргізіледі.
Жөндеу кезінде бөлшектенбейтін жинау бірліктеріндегі жылжымалы бөлшектер бекітіледі.
823. Өнімі бар қаптарды қайта тігу үшін қолмен тасымалдауға болмайды. Тігетін машиналарды конвейерлер реверсивті болады.
824. Қолмен орап салу кезінде тігетін машиналарды, автоматты таразыларды іске қосу және ажырату аяқ басқышымен жүргізіледі, ол әрқашан жарамды күйде ұсталады.
825. Тігетін машинаның жетектерін қоршамай іске қосуға, желілік шөміш машиналарын қырнауыш дайындауға желі беру орнында қалқансыз іске қосуға болмайды.
826. Конвейерге қаптар берілетін өлшеу және орау бөлімшелерінің еденіндегі люктер 1 м кем емес биіктікте қоршалады. Қаптарды беру тоқтаған кезде люктер қақпақтармен жабылады.
827. Конвейерлердегі бағыттаушы жолақтар мен бұрылыс қалқандарында үшкір жиектері, ернеулері мен қабыршақтары болмайды.
828. Машинаға қызмет көрсету техникалық регламентке сәйкес жүргізіледі.
829. Жұмысты бастар алдында:
редукторларда майдың болуы және гидро жүйеде оның ағуының болмауы;
жетек белбеулерінің, жетек және ауырлық тізбектерінің кермесі тексеріледі;
шығу жолында тығыздайтын роликтер мен таспа арасында қажетті саңылау болады.
830. Қаптар пакет дайындау машинасына тігетін жағын артына қаратып түседі.
831. Қаптардың машинаға түсу желісі бөлгішпен жарақталады, оның бойымен қаптар машина істемей қалған кезде басқа дайындау нүктесіне жіберіледі. Машинаның алдына қаптарды беру үшін ұзындығы кемінде 3 м таспалы конвейердің тікелей учаскесі орнатылады.
832. Пакет дайындау машинасы пакетті алу үшін және тұғырларды тұғыр дүкеніне тиеу үшін электр тиегіштің өтуін және маневрін қамтамасыз ететіндей етіп орнатылады.
833. Дайын өнімді байлау және тасымалдау үшін массасы 1100 кг аспайтын жүктерді тасымалдауға арналған, ені 60 мм аспайтын пакеттелген жүктер қолданылады.
Пайдаланылатын жүктер әрбір 10 күн сайын тексеріледі.
834. Пайдалану орнында жылжитын машиналар үшін қоршайтын қанаттары бар жеңіл эстакада орнатылады. Эстакада басқару пультінің жанына орнатылады. Машинаны дереу тоқтату үшін «Тоқта» деп шығатын белгі беріледі.
835. Жұмыс үрдісінде реттелетін және бапталатын тетіктердің қоршаулары, оңай қол жеткізілетін орындарда орналасқан атқару тетіктері жарық немесе дыбыс дабылымен жарақталған электр жетегімен бұғатталады.
Барлық қоршау құрылғылары кенет ашылудан бекітіледі және сақтандыратын жазулары болады.
836. Автомат жұмыс істеп тұрған кезде бүлінген пакеттерді алуға, машинаның бөлшектерін майлауға және сүртуге болмайды.
837. Автомат пен конвейерлер автомат жұмысында ақаулықтар анықталған кезде ажырату үшін «Тоқта» деген түймелермен жабдықталады.
838. Барлық белсенді тозаң бөлу аймақтары пакетке өнім түскен кезде және оны тығыздаған кезде аспирацияланады.
839. Термо дәнекерлеу режимінде жұмыс істейтін автоматтарында өнімді полиэтилен пакеттеріне орау кезінде полиэтилен буының шығуынан алдын алу үшін дәнекерлеу құрылғыларының аймақтарын аспирациялағышы болады.
840. Пакет жасайтын және орайтын автоматтың пакет жасау бөлімінде қызу температурасын реттеу, қыздыру элементтерінде кернеудің болуы туралы дабыл қамтамасыз етіледі.
841. Автоматты өніммен қоректендіру жүйесі оны шнек дозаторларының қорек құрылғыларына үздіксіз беруді қамтамасыз етеді және автомат тоқтаған жағдайда өнім ағынын жабу мүмкіндігі болады.
842. Оралатын өніммен жанасатын жабдықтың бөлшектері санитарлық өңдеу үшін қол жеткілікті болады.
843. Орау бөлімшесінде ыстық және суық суы бар жапсырма және сырлау тетіктерін жуу үшін жылу беру үй-жай қарастырылады.
844. Ыдыс дайындайтын агрегат жұмыс істеген кезде жапсырылмаған пакеттерді қолмен шығаруға болмайды.
845. Әрбір ауысымның соңында жиналған сұйықтық пневмо жүйенің ылғал бөлгішке құйылады. Он күн сайын бір рет бұрандалардың, сомындардың кермесі, автоматтың негізгі тетіктерінде шплинттердің болуы тексеріледі.
18-параграф. Ыдыс жөндеу цехтарын (қаптарды тозаңсыздандыруға, тазалауға және жөндеуге арналған машиналар мен оларды жылумен өңдеуге арналған камералар) жабдықтау
846. Бұрын пайдалануда болған қаптарды тазалау және жөндеу механикаландырылған және арнайы машиналарда жүзеге асырылады.
847. Қаптарды сұрыптары мен санаттары бойынша сұрыптау торлы аспирациялау үстелдерінде жүргізіледі.
848. Өңдеуге жататын қаптардың ағымдағы қоры үшін әр машинаның жанында ыңғайлы жағынан бос орын қарастырылады. Қаптар үстелдерден еденнен 0,6 м төмен емес тұрады.
849. Қаптарды қағып соғатын, тігетін және өзге де машиналарды аспирациялаудан басқа қаптарды қабылдау, сұрыптау, тазалау және жөндеу кезінде жұмыс аймағында түзілетін тозаңды шығаруға арналған ағынды-сорғы желдеткіші қарастырылады.
850. Жалпы табиғи және жасанды жарық берумен қатар үй-жайларда қаптарды тазалау және жөндеу үшін рефлекторы мен рефлектордың биіктігі мен бағытын өлшеуге арналған құралы бар аспалы электр шамдарымен жергілікті жарық беру қарастырылады.
851. Бір ауысымда өнімділігі 5000 және одан астам қап цехтарында тігетін және өзге де машиналарға қап беру дабыл орнатылып, таспалы конвейерлерді қолдана отырып механикаландырылады.
852. Орамдарға басылмаған мата қаптар орташа қалыңдалған желіні сыртқа шығара отырып, теңдей он-оннан салынады. Қатарды салу биіктігі 2,5 м аспайды. Қаптардың қатарларының арасындағы өту жолының ені 1,5 м кем емес, ал арбалар өтетін орындарда 2,5 м кем емес болады.
853. Мата ыдысын жөндеуге арналған тігетін машиналар ұзындығы 15 м аспайтын жалпы үстелде орнатылады. Олар үстелге берік бекітіледі. Машиналардың бастиектері дірілдемейді. Әрбір машинада тозаң мен мата жүнін шығару үшін жергілікті сорғы қарастырылады.
854. Тігетін машиналар қолдың инеге тиеуін болдырмайтын сақтандыратын бұйымдармен қамтамасыз етіледі және тез әсер ететін тежеуіш құрылғылары болады. Ине ұстағыштың күрегіне доға тәріздес пластина бекітіледі. Ине ұстағыштың табанына жіпті кесуге арналған лезвие бекітіледі.
855. Жамауларды кесу үшін үстелдің жиегі мен станоктың аяқ дискісі арасында 3 м аспайтын саңылау болады.
856. Станоктың диск пышақтарымен жетек білігі теңгеріледі. Станоктың барлық жағынан 1,0 м кем емес өту жолы болады.
Диск қоршалады.
857. Қапты қағып соғатын машиналар оны тозаңнан тазарту және (қатқан қамырды) ағызу кезінде қапты қолмен ұстау қажеттілігін болдырмайды. Қаптарды қолмен ұстайтын машиналарды қолдануға болмайды.
858. Мата қаптарды тазалауға арналған машиналар мен аппараттарда жұмысшы қолының сілкитін (тазалайтын) және көлік тетіктерінің жұмыс аймағына түсу мүмкіндігін болдырмайтын құрылғылар қарастырылады.
859. Мата қаптарды тозаңнан және қатқан қамырдан тазалауға арналған машиналар мен аппараттар аспирацияланады және жұмыс істейтін үй-жайға тозаңның өтуін болдырмайды.
860. Мата қаптарды тазалау үшін машиналарда ауа ағынын пайдалану кезінде қызмет көрсетушінің жұмыс орнында өтпе желдің болуына жол берілмейді.
861. Қаптарды қағып соғатын машиналардың шыбыртқы барабандары теңгеріледі. Барабандардың шыбыртқыларының ұзындығы біркелкі болады, үшкір ұштары мен қабыршақтары болады. Шыбыртқылар торлардың арасымен еркін өтеді және машинаның жылжымайтын бөліктеріне соқтығыспайды. Қапты қағып соғатын машиналардың қақпақтары, кішкене люктері мен есіктері резеңке және мата төсемдеріне тығыздалады және тозаң өткізбейді.
862. Қаптарды қағып соғатын машиналарда жұмыс істеген кезде қаптарды қап ұстағыштардан немесе конвейер мен тастайтын тетіктердің тізбектерінің ілмектерін үзуге болмайды.
863. Жұмысты бастар алдында тізбекті конвейердің жұмысқа жарамдылығы, пластиналы тізбектің кермесі мен оның қиғаш жерлерінің жоқтығы, қап ұстағыштардың сенімділігі тексеріледі.
864. Тиеу люктерінің, түсіру терезелерінің есіктері мен камераға кіруге арналған есік тығыз жабылады және тығыздағышы болады.
Тиеу құрылғысы (қаптарды) аспирациямен жабдықталады.
865. Калорифер жүйесіне бу қосылған кезде жылумен өңдеу камерасын есігін ашуға, камера үй-жайына тізбекті конвейер жұмыс істеп тұрған кезде өтуге болмайды.
19-параграф. Астық кептіргіштер
866. Астық тікелей ағынды және рециркуляциялау шахталарының кептіргіштерінде кептіру алдында (астық қыздыру үшін қосымша құрылғысыз) астық тазалау машиналарында ірі және жеңіл қоспалардан, ал рециркуляциялау кептіргіштерінде қабаттарын түсіріп, камераларда астықты қыздыру арқылы кептіргенде ірі қоспалардан тазартылады.
867. Астық кептіргіштерді ұзақ уақытқа тоқтағаннан кейін кептіру маусымы басталар алдында немесе жөндеуден кейін іске қосу бақылау тұлғасының қатысуымен жүргізіледі.
868. Кептіргіштердің көмір оттығына қатты отынды беру және шлакты шығару механикаландырылады.
869. Бумен күйікке шалдығуды болдырмас үшін шлак көмір оттығынан қақпағы бар металл жәшікке шығарылады және толықтай суытылғаннан кейін су құйылады.
Оттықты шлактан тазалау және оны шығару сақтандыру көзілдірігімен және қолғаптармен жүргізіледі.
870. Оттыққа қызмет көрсету кезінде отынды оттықты үрлегеннен кейін барлық жағдайда жағуға болады. Оттық алдындағы үй-жайда «Жарылысты болдырмас үшін оттықты 10 минут бойы желдеткішпен үрлегеннен кейін отынды жағуға болады!» деген плакат ілінеді. Газ тәріздес және сұйық отынмен жұмыс істейтін астық кептіргіштердің автоматика және бұғаттау жүйесі осы талаптарды орындауды қамтамасыз етеді.
Кептіргішті қосу алдында оның ішінде жану ошағы мен бөтен иістің жоқ екеніне көз жеткізу қажет. Кептіргішті бункерге астық толтырылғаннан кейін іске қосуды бастау қажет.
871. Оттықты жағу кезінде азық-түлік, азық астығын, май тұқымдарын кептіру және астық кептіргіштерді пайдалану жөніндегі техникалық регламентке сәйкес оттықты іске қосу тәртібі сақталады.
872. Қатты отынмен, тез тұтанғыш заттармен жұмыс істейтін астық кептіргіштердің оттығын жағуға болмайды.
873. Машиналарды, тетіктерді және астық кептіргіштердің оттықтарын қашықтықтан және жергілікті іске қосу барлық жұмыс істейтін үй-жайларға іске қосу туралы дыбыстық ескерту белгісін бергеннен кейін жүзеге асырылады.
874. Қатты отынды жағу үшін ауа алу өтпе желді болдырмау мақсатында оттық алдындағы кеңістіктен тыс жүргізіледі.
Кептіргіш үй-жайларында ауа жылдамдығы 0,7 м/с аспайды.
875. Сұйық және газ тәріздес отын бөлетін магистралда оттықтан кемінде 3 м қашықтықта оттық орнынан шығатын жолда орналасқан басты тиек вентилі қарастырылады.
876. Сұйық және газ тәріздес отынды жағуға арналған оттықта мыналар:
оттық алдындағы кеңістікке ыстық отын лақтырындысы;
алау сөндірілген кезде оттыққа отынның ағуы;
желдеткішті алдын ала қоспай және отынның тұрып буын шығару үшін оттықты үрлемей, оттықты жағудан сақтандыратын автоматты жүйесі болады.
877. Сұйық және газ тәріздес отынды жағуға арналған оттықтарда алау сөнген кезде отын беруді автоматты сөндіруге арналған құрылғы қарастырылады.
878. Егер сұйық немесе газ тәріздес отын оттықты жағу кезінде 5-10 минут ішінде жанбаса, оттықты бақылау жүйесі және оның жану автоматикасы оны форсункаға беруді өшіреді. Отынды оттыққа қайта беру және оны ақаулық себептерін жойғаннан кейін жағу оттықты 10 минут бойы желдеткеннен кейін жүргізіледі.
879. Алауды әрбір жаққаннан кейін оттықта жарылыс қаупі бар қоспа түзетін отын буы немесе газының жиналуынан алдын алу үшін оттық желдетіледі.
880. Сұйық немесе газ тәріздес отын тікелей жағылатын оттық кеңістігі жарылыс разрядтағыштар құрылғылармен (клапандармен) жабдықталады.
881. Жұмыс істеп тұрған оттықты бақылаусыз қалдыруға болмайды.
882. Отын өткізгіштер мен отын арматурасы төзімді және тығыз болады. Одан сұйық және газ тәріздес отынның ағуына жол берілмейді.
883. Астық кептіргіштердің ыстық құрылымдық бөліктері (желдеткіштер, ауа өткізгіштер, оттық қабырғалары мен басқалары) жылу оқшаулағышпен өңделеді. Сыртқы қабаттардың температурасы 45°С аспайды.
884. Желдеткіштер жұмыс істеп тұрған кезде ауа өткізгіштердің бақылау люктерін ашуға болмайды.
885. Астық кептіргіштердің құрылымдық бөліктері (қыздыру камералары, ауа өткізгіштер және басқалары) герметикалық және жұмыс орнына кептіру бөлшектерін өткізбейді.
Астық кептіргіштердің шахталарының бөлу камерасына апаратын есіктер астық кептіргіштер жұмыс істеген кезде тығыз жабылады. Есіктер камераның ішіне қарай ашылады.
886. Кептіргіш жұмыс істеп тұрған кезде шығыңқы тетіктердің жарамды күйіне көңіл аударылады және олардың ластануына жол берілмейді. Астықты үздіксіз шығаратын кептіргіштерде кептіру камерасына жылу оқшаулағышты беруді (кептіру агенті) алдын ала тоқтатпай ұстауға болмайды.
887. Астық кептіргіштің ыстық аймақтарынан алынатын астық сынамасы ағаш сапты қалақтардың көмегімен алынады.
888. Кептіргіш үстіндегі, кептіргіш астындағы бункерлерге және жылу, ылғал алмастырғыштарға тексеру немесе жөндеу үшін жұмысшыларды тек бақылау тұлғасының қатысуымен ғана жіберу қажет.
Жұмысшы астық кептіргіште немесе төменгі бункерде болған кезде желдеткіштерді іске қосу және астық беру мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қолданылады. Осы мақсатпен іске қосу аппараттарында ескерту белгілері орнатылады, басқа жұмысшы шұғыл көмек көрсету қажет болған жағдайда астық кептіргіштің жанында тұрады.
889. Астық кептіргіштерді, әсіресе, оттықты олардың жұмысы әбден тоқтатылмай және салқындатылмай тұрып жөндеуді жүргізуге болмайды. Кемшіліктерді, үйінділерді және астықтың төгілуін қалпына келтіру, кептіргіш жабдығын жөндеу және тазалау оны толықтай тоқтатқаннан кейін жүзеге асырылады.
890. Кептіру агрегаттарында, тұрақты және жылжымалы агрегаттарда кептіру аймағына берілетін сұйық және газ тәріздес отынды оттық құрылғысына және жылу ұстағыштың (кептіру агенті) температурасын реттеу жүйесіне беруді автоматты реттегіші болады.
891. Қыздыру камераларында және рециркуляциялау астық кептіргіштерінің кептіргіш үстіндегі бункерлерінде, астық кептіргіштердегі астықты алдын ала қыздыруға арналған құрылғыларда жарылыстан қорғау құрылғылары қарастырылады.
892. Рециркуляциялау астық кептіргіштерінің жылу, ылғал ауыстырғыштарында тиісті бұғаттағышы бар астық деңгейін бергіштер мен құбыр ағызу қондырғылары қарастырылады.
893. Күйген астықтың иісі анықталған жағдайда оттыққа отын беру ажыратылады, кептіру камерасына жылу ұстағыш беру желдеткіштері тоқтатылады, кептіргіштен астық шығу тоқтатылады; егер кептіргіш астыққа толған болса, шикі астықты беру тоқтатылады. Күйген астық иісінің пайда болу себебін анықтап, қалпына келтіру қажет.
894. Кептіргіште астық жанған жағдайда:
жану туралы объектінің өрт сөндіру командасына хабарлау қажет;
барлық желдеткіштері өшіріп, оттықтан кептіргішке ауа жолының ысырмаларын жабу қажет;
оттыққа отын беруді тоқтату қажет;
шикі астықты астық кептіргішке беруді тоқтатпай, кептіргіштен элеваторға немесе қоймаға астық беруді тоқтау қажет;
астықты көбірек шығаратын жерге шығу тетігін орнату қажет.
Астықты астық кептіргіштен еденге шығару қажет, бықсыған астық темір жәшікке немесе шелекке жиналып, мұқият су құйылады.
Кептіргіштің ішінде бықсыған астықты сумен сөндіруге болмайды.
Кептіргішті қайта іске қосуға жану себебін анықтағаннан және жойғаннан кейін болады.
895. Отын мен майлау материалдарын кептіргіштен 20 м кем қашықтықта сақтауға болмайды. Кептіргіштердің жанында өртке қарсы құралдары бар қалқан, суы бар бөшке немесе құм салынған жәшік және өрт сөндіргіш орналастырылады. Ағаш құрылымдар оттықтан және ағу құбырынан кемінде 5 м тұрады.
896. Ашық түрдегі астық кептіргіштерде оттық алдындағы кеңістікте атмосфералық жауыннан және желден жасырынатын орын мен газдану мен шудан оқшауланған, кептірушіге арналған үй-жай болады. Ашық түрдегі астық кептіргіштердің жетектері мен өзге тетіктерде жаңбырда кіретін күрке болады.
897. Жылжымалы кептіргіштер пайдалану басталар алдында сенімді түрде орнатылады және олардың араласу мүмкіндігін болдырмайтындай домкраттарда бекітіледі.
20-параграф. Бөлу жабдығы, ысырмалар, шашатын науалар, тасталатын қораптар, бұрылыс құбырлары
898. Тізбекті арқан блоктардың көмегімен басқарылатын рейкалы ысырмаларда, аударылатын клапандарда құлауын болдырмайтын шектегіштері болады.
899. Ысырмалардың шиберлері ауытқусыз және кідіріссіз пазаларда қозғалады және құлауынан қорғайтын шектегіші болады. Ысырмалар өздігінен ағатын құбырларға тығыз қосылады.
900. Элеваторларда қашықтықтан басқарылатын айналыс құбырлар орнатылады.
901. Шашатын транспортердің шүлдігі бойымен орнатылады, бүйір щеткалары мен қалқан орына түсіріледі. Шашатын науада өткір жиектері мен қабыршақтары болмайды.
Конвейер жүріп тұрғанда шашатын науаның щеткаларын түзетуге, бөгде заттарды жұлып алуға және сынама алуға болмайды.
902. Шашылатын науалар, тасталатын қораптар, бұрылыс құбырлары аспирацияланады, тозаң бөлуге және астықты соруға болмайды.
903. Өздігінен ағатын құбырлардың көлбеу бұрышы тиісті өнімдер үшін шекті рұқсат етілген шамадан төмен емес.
904. Өздігінен ағатын құбыр жолдарының құбырлары мен үлгі бөлшектері бекітіледі, бір-бірімен тығыз бекітіледі және тозаң өткізбейді.
905. Өздігінен ағатын құбырлардың элементтерін, материал өткізгіштерді және ауа өткізгіштер орындарындағы тығыздағыштар мен төсемдерде шығыңқы жиектері болмайды. Қосқыш фланецтер мен бөлшектердің жіктерінде сыртынан өткір жиектері мен қабыршақтары болмайды.
906. Үлгілерді алуға және тазалауға арналған кішкене люктер қызмет көрсету үшін ыңғайлы орындарға орналасады және тығыз жабылатын қақпақтары болады. Өнімді құбыр бойымен қатты заттардың соққыларымен бөгеп жоюға болмайды.
Өнім қозғалысы кезінде кішкене люктерді ашық қалдыруға болмайды.
907. Аудармалы клапандар, бөлгіштер қызмет көрсету үшін ыңғайлы орындарға орналасады және қызмет көрсетуге арналған люктері болады.
908. Материал өткізгіштерді ғимараттар арасына аспаларда немесе тіректерде ашық төсеу кезінде құбырлардың фланецті қосқыштарына қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылады. Материал өткізгіштердің жылу оқшаулағышын құрғақ әдіспен қарастыру қажет.
909. Материал өткізгіштің көлденең учаскелерін төсеу кезінде құбырлардың аэро қоспалардың қозғалыс жағына шамалы көлбеуін қамтамасыз етеді.
Материал өткізгіштердің бөлшектерінің қосындысы герметикалы болады.
910. Материал өткізгіштерді далдалар немесе қабырғалар арқылы өткізу кезінде оларды температуралық өзгеріс салдарынан құбырлардың ығысуына мүмкіндік беретін келте құбырға (диаметрі үлкен құбырлардың кесіктері) салынады.
911. Өнімнің қозғалысын бақылау үшін материал өткізгіштерде орындарда (еден деңгейінен 1,6 м биіктікте) құбырларға берік бекітілетін органикалық шыныдан жасалған мөлдір ендірмелері болады.
Статикалық электрлендіруді алу үшін ендірменің материал өткізгіштерінің жиектері ендірмені органикалық шыныдан 200 мм адыммен орайтын иілгіш металл желімен қосылады.
912. Аспирациялық ауа өткізгіштер, мүмкіндігінше, көлденең учаскелердің ең қысқа ұзындығы көкжиекке 60° кем емес бұрышпен тігінен төселеді, олар қызмет көрсету үшін ыңғайлы орындарда орналасады, мүмкіндігінше 3 м кем емес.
913. Ауа жолдарының ішінде тозаң ұстауға және оны қондыруға ықпал ететін дөңестерге, кедір-бұдырларға, қабыршақтарға жол берілмейді.
914. Көлденең учаскелерде ауа жолдарын тазалауға арналған люктер 4 м аспайтын қашықтықта орналасады. Люктер сондай-ақ ауа жолдарының үлгі бөлшектерінде (бөлгіштер, үштіктер, айқастырмалар) орналасады.
915. Ауа жолдарын тазалауға арналған люктер, аэродинамикалық өзгерістер үшін тесіктер мен штуцерлерді орналастыру аспирациялық және пневмо көлік қондырғыларын сынау және реттеу бойынша қауіпсіз қызмет көрсетуге және жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |