21-параграф. Пневматикалық көлікпен аспирациялау жабдығы
916. Пневмокөлік жүйесінің шлюз ысырмалары жылдамдықты бақылау релесімен жабдықталады (бұл талап өнімділігі жоғары жабдықтың жинағындағы шлюз ысырмаларына қолданбайды).
917. Шлюз ысырмаларынан өнім түсетін және шығарылатын өздігінен ағатын люктерде сынама алу және өздігінен ағысты тазалау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ысырмалардың корпусынан кемінде 250 мм қашықтықта орналасады.
918. Ысырма қанаттарын айналдыру сынау біліктің соңында жүргізіледі және қанаттарды қолға қалап алып айналдыруға болмайды.
919. Аэрозоль, пневматикалық және аспирациялық қондырғыларда қолданылатын шлюз қоректендіргіштері мен ысырмалары герметикаланады және сорғышы болмайды.
920. Қанат қабырғасына қатқан өнімнен шлюз ысырмасын оны ауамен үрлеу арқылы тазалауға болады.
921. Қабылдағыштың алынатын түптерінде оларды ыңғайлы түрде және тез алуды қамтамасыз ететін аспаптары болады.
922. Механикалық қозғаушы тетігі бар қабылдағыштарда қабылдағышты түсіру кезінде роторға өнім беруді ажыратуға арналған бұғаттағыш құрылғы қарастырылады. Осы қабылдағыштардағы ауа соруға арналған тесіктер жабылады.
923. Циклондар мен тетіктердің қосқыш фланецтерде ауаның өтуін болдырмайтын тығыздағышы болады.
924. Циклондардың люктеріне өту жолы еркін және қауіпсіз болады.
925. Тозаң және өзге де қоқыстар тозаң аулағыштан үздіксіз шығарылады. Шлюз ысырмалары мен тозаң аулағыштардың жұмысы жүйелі түрде бақыланады. Циклондардан оларды толтыру кезінде аспирациялық қоқыстарды лақтыруға болмайды.
926. Сүзгі шкафы, тозаң корпусы, қабылдау қорабы, шығыңқы коллекторлар мен есіктер герметикалы болады және ауа соруға жол бермейді. Сүзгіде қақпақ корпусы мен жеңдерге арналған аспалы рамалардың бұрандаларының тесіктері арасындағы саңылауды тығыздау қарастырылады.
927. Сорғыш сүзгілердің жеңдері бүтін, жыртықсыз болады және ауаны белгіленген нормаға дейін тозаңнан тазартуды қамтамасыз ететін тығыз сүзгі матасынан дайындалады. Жеңдер біркелкі созылады.
928. Тісі бар дөңгелектерді конустық және цилиндрлік бергіште, тізбекті және белдік бергіштерде, айналатын жұдырықшалар, ауыстыру рычагында қызмет көрсетуші сүзгінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қоршаулары болады.
929. Жеңдерді механикалық қағып соғатын сүзгілермен және ақаулы қағып соғатын тетігі бар атмосфералық ауа үрлеуге арналған құрылғыларымен немесе соққысы азайған саны аз құрылғылармен жұмыс істеуге болмайды.
930. Сүзгілер жұмыс істеп тұрған кезде белбеуді киюге болмайды және қағып соғатын тетікке жөндеу және баптау жұмыстарын жүргізуге болмайды, науаларды, шнектерді, жинағыштарды және шығыңқы клапандарды тазалауға болмайды. Шнек қалағын науаның түбіне соғуға болмайды.
931. Импульсті үрлейтін сүзгі циклонында импульсті үрлегішпен және электр пневматикалық клапанмен басқару аспабының жарамдылығы тексеріледі.
932. Жеңдерге қызмет көрсету есіктері герметикалы болады. Жеңдерге қызмет көрсету кезінде қосалқы сатыны қолдануға болады.
933. Сүзгі жеңдерінің желілік каркастары корпусқа жерге қосылады.
22-параграф. Компрессорлар, ауа үрлегіштер және желдеткіштер
934. Компрессорды су, май бөлгіштің алдынан орнатылатын автоматикасыз, температураның, қысымның және май деңгейінің жоғарылауынан қорғаусыз, кері клапансыз және су, май бөлгіштен кейін сақтандыру клапанысыз пайдалануға болмайды.
935. Сумен салқындатылатын компрессорлар үшін салқындатылған суды беретін автоматты құрылғысы болады.
936. Компрессорларды автоматты іске қосу салқындататын су ағының болуы, майлау жүйесіндегі майдың қысымы мен температурасы, компрессордан шығу жолындағы ауа қысымы мен температурасы бойынша қосу бұғаттау көмегімен жүзеге асырылады.
937. Су, май бөлгіштер мен ресиверлер сақтандыру клапандарымен, тазалауға арналған люктермен, түсіру кранымен және үш жүрісті краны бар манометрмен жарақталады. Сақтандыру клапаны 10 % аспайтын ең жоғарғы жұмыс қысымынан артық шекті қысымға сыналады.
938. Су, май бөлгіштерден су, май және лай күн сайын шығарылады, ал ауа ресиверінен қысқы уақытта судың қатып қалуын болдырмас үшін компрессор тоқтаған сайын шығарылады. Ресивер алты айда кемінде бір рет мұқият тазаланады.
939. Компрессор мен ресивер арасындағы құбыр әрбір алты ай сайын тазаланады және сода ерітіндісімен жуылады.
940. Ротациялық ауа үрлегіштерде жеке электр жетегі, майлау жүйесі, сөндіретін тетік, сақтандыру клапаны мен манометр болады.
941. Желдеткіштер мен оған қосылатын құбырлар арасына резеңке матадан немесе желі каркасты қос брезенттен жасалған иілгіш келте құбыр (ендірме) орнатылады.
942. Желдеткіштер ашық сорғы тесіктерімен жұмыс істеген кезде соңғылары ұяшық өлшемдері 20x20 мм торлармен жабылады.
943. Ауа үрлегіштер және желдеткіштер шығаратын шуды төмендету үшін аэродинамикалық шу басқыштар қолданылады.
944. Белгіленген нормаға дейін діріл мен шуды азайту үшін еденнен және ғимараттың басқа құрылымдарынан діріл оқшаулайтын компрессорлар, ауа үрлегіштер, желдеткіштер дербес шу оқшаулағыш іргетастар мен негіздерде орнатылады, егер бұл жеткіліксіз болса, жеке оқшау үй-жайларда орнатылады. Мұндай агрегаттарды ғимараттардың қоршау құрылымдарына тікелей қатты бекітуге болмайды.
23-параграф. Тұрақты көтеру-тасымалдау жабдығы
945. Норийлерде шөміштердің үзілу және бекіткіш бөлшектердің тасымалданатын өнімге түсу мүмкіндігін болдырмайтын қондырғы қамтамасыз етіледі.
946. Норий таспасы оның барабанның жылжуын болдырмас үшін енінің бойымен біркелкі тартылады. Таспалар мен шөміштер құбырларының қабырғаларына, бастиектерге және норий башмагына соқтығыспайды. Қозғалатын бөлшектер соғылған немесе үйкелген кезінде норий үйіндісінде ол тоқтатылады.
947. Норий бастиектеріне, еденнен 1,5 м астам биіктікте орналасқан жетек барабандарының шүлдіктеріне қызмет көрсету үшін өту жолдарын қамтамасыз ете отырып, астынғы жағынан 0,15 м тігілген, қанаттарының биіктігі 1 м кем емес алаңдар қарастырылады. Алаңға көтеру үшін қанаттары бар, ені 0,7 м кем емес тұрақты сатылар орнатылады.
948. Норий башмактарын тереңдетіп орналастыруға болмайды. Егер бұл міндетті болатын болса, онда норий құралдары биіктігі 1 м кем емес қанаттармен қоршалады; мұнда қызмет көрсету үшін 1 м өту жолдары қарастырылады. Қол жеткізу үшін тұрақты саты орнатылады.
Норий қабаттарында егер олар жарық берілмесе, түсуге және жұмыс істеуге болмайды.
949. Норий құбырларында қадағалау люктері мен таспаларды керуге арналған люктер орнатылады. Таспаның жүрісін бақылаудың ыңғайлы болуы үшін қадағалау люктері еденнен 1,6 м биіктікте орнатылады. Таспаларды керуге арналған люктердің орташа шүлдігі еденнен 1,3 м аспайтын биіктікте орналасады. Жұмыс істеп тұрған кезде қадағалау норийлері мен таспаларды керуге арналған бастиектегі есіктер мен башмак тығыз жабылады.
950. Бастиектер, башмактар мен норий құбырлары тозаң өткізбейді.
951. Өнімділігі 50 т/сағ және одан жоғары норийлерде тежеуіш құрылғысы болады.
952. Қашықтықтан басқару кезінде норийді пульттан қосу ескерту белгісі берілгеннен кейін жүргізіледі. Жергілікті басқару кезінде іске қосу түймесі электр қозғалтқыштарының жанында бастиекте орналасады.
953. Норийлерді тоқтату оның бастиегі мен башмагындағы «Тоқта!» деген түймемен жүзеге асырылады. «Тоқта!» деген түйме жергілікті және қашықтықтан басқару режимінде де жұмыс істейді.
954. Норийлердің барлық түрдегі башмактарында тегеурін бергіштерінің қондырғысы мен жылдамдықты бақылау релесі қарастырылады.
Жарылысты разрядтағыштарсыз, тегеурін бергіштері мен жылдамдықты бақылау релесінсіз норийлерді пайдалануға болмайды.
955. Сусымайтын өнімдерде норийлер жұмыс істеген кезде норийлердің, норий башмактарының қабылдау бастарында үйінділерді болдырмайтын құрылғылар қарастырылады.
Астық және түйіршіктелген шикізаттан басқасын беру таспаның қозғалыс жүрісі бойынша анықталады.
956. Шөміштердің артқы жағындағы бұрандаларға арналған тесіктерде өткір жиектер мен қабыршақ болмайды.
957. Ұн араластырғыштар мен норийлердің қабылдау шүмектерінде бұрандалармен бекітілген сақтандыру торлары болады.
958. Норийді тиеген кезде ұн тозаңын бөлу аспирациялық құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылады, оларды іске қосу норий конвейерін қозғалысқа келтіретін электр қозғалтқышты іске қосып бұғатталады. Норийлердің бастиегі мен башмагы аспирацияланады.
959. Норий башмактарын тазалау норий тоқтаған кезде және іске қосу құрылғысында «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген ескерту плакаты ілінген кезде қырнауышпен жүргізіледі.
960. Қаптарды орналастыру үшін сорғы түріндегі пневматикалық қап тазалайтын машиналар қолданылады.
Қап тазалайтын машиналарды ұн тозаңынан тазалау оны толықтай тоқтатып, «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген ескерту плакаты ілген кезде жүргізіледі.
24-параграф. Таспалы, роликсіз, тізбекті, бұрандалы конвейерлер және аэро науа
961. Тиеу және түсіру құрылғыларын орнату жүкті конвейерге оның қозғалыс бағыты бойынша біркелкі және орталықтан беруді қамтамасыз етеді.
Тиеу және түсіру құрылғылары онда жүктің сыналануын және тұрып қалуын, шашырандының түзілуін немесе бөлек жүктердің түсіп қалуын және конвейердің шамадан тыс кернеуде болуын болдырмайды.
962. Тасымалданатын жүкті бір конвейерден келесісіне немесе машинаға беру орындарында жүктің конвейерден немесе машинадан құлауын болдырмайтын құрылғылар қарастырылады. Ыдыстағы жүктерге арналған конвейерлерде тұтас ұзындығы бойымен биіктігі 200 мм кем емес ернеуі болады. Қаптардың конвейерден құлауын болдырмас үшін бұратын шлагбаумдардың ұштары конвейердің ернеуіне және құламаға толықтай жанасады.
963. Көлбеу конвейерлерде (конвейердің көлбеу учаскелерінде) жүктерді дара түрде тасымалдау кезінде таспаның бетіне қатысты жылжымайтын күйде болады және тиеу кезіндегі күйін ауыстырмайды.
964. Көлбеу орнатылған конвейерлерде жетек сөнген кезде жүк таситын элементтің жүкпен өздігінен орын ауыстыруы мүмкіндігіне жол берілмейді.
965. Сусымалы жүктерге арналған тұрақты таспа конвейерлерінде таспаның бос жүрісін тазалауға арналған құрылғысы болады.
966. Таспаның жетек барабанында тұрып қалуына жол берілмейді. Буксирлеу болған жағдайда конвейердің құрылымында көзделген әдістермен жойылады (таспаны керуді арттыру, қысылған роликтің қысымын жоғарылату және басқалары). Жылдамдықты бақылау релесінсіз тұрақты таспалы конвейерлердің жұмыс істеуіне жол берілмейді.
Таспа кермесі босаған кезде жетек барабандарын жағылатын (смола, канифоль және басқалары) заттармен майлауға болмайды.
967. Конвейердің төменгі таспасынан бастап еденге дейінгі қашықтық 150 мм кем емес.
968. Жылжымалы тиеу немесе түсіру құрылғылары бар конвейерлердің трассаларында соңынан ажыратқыштар және тиеу-түсіру құрылғысының жүрісін шектейтін тіректер қолданылады.
969. Конвейердің қозғалатын бөліктеріне (жетек, керме, өшіретін барабандар, керу құрылғылары, негізгі роликтер мен жұмыс орындары аймағындағы таспаның төменгі бөліктерінің ролииктері, белдік және өзге де бергіштер, шкивтер, муфталар, біліктердің ұштары және басқалары) қызмет көрсетуші персонал мен бақылау тұлғасы конвейерлерге жақын қол жеткізетін аймақ қоршалады. Тік керме станцияларының жүктері еденнен 2 м биіктікте қоршалады. Жүктерге олардың массасын реттеу үшін еркін өту жолы қамтамасыз етіледі.
970. Басындағы және соңындағы бөліктердегі конвейерлер конвейерді тоқтату үшін авариялық түймелермен жарақталады.
Конвейерлер барлық трасса бойымен авариялық жағдайда конвейерді кез келген жерде тоқтату үшін қызмет көрсету үшін өтетін жол жағынан ажыратқыш құрылғылармен жабдықталады. Қоймалардың сүрлем үстіндегі және сүрлем жанындағы, төменгі және жоғарғы конвейерлерінің бойымен әрбір 10 м сайын «Тоқта» деген түйме орнату қарастырылады.
971. Конвейерлерді басқару сызбасында авариялық жағдайды жойғанға дейін жетекті қайта іске қосу мүмкіндігін болдырмайтын бұғаттағыш қарастырылады.
972. Автоматтандырылған көлік немесе технологиялық желіге кіретін конвейерлерде авариялық жағдай болған кезде жетекті автоматты тоқтату үшін құрылғы қарастырылады.
973. Бірнеше қатар орнатылған және бір мезгілде жұмыс істейтін конвейерлерден және басқа машиналардың құрамында (қоректендіргіш, норийлер, ұсақтағыш және басқалары) жұмыс істейтін конвейерлерден тұратын технологиялық желіде конвейерлер мен барлық машиналардың жетектері қандай да бір машина немесе конвейер тоқтаған жағдайда алдыңғы конвейерлер немесе машиналар автоматты түрде ажыратылатындай, ал кезектілері олардың тасымалданатын жүкті толықтай алғанға дейін жалғастыратындай етіп бұғатталады. Әр конвейерді бөлек ажырату мүмкіндігі қарастырылады.
974. Қақпақтар ашық тұрған кезде тұрақты бұрандалы конвейерлердің (шнектердің), тізбекті конвейерлер мен аэро науалардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.
975. Теміржол вагондарына немесе автомашиналарына кебектерді, ұнды, құрама жемді және өзге де сусымалы жүктерді тиеу үшін қолданылатын шнектің ашық бөлігі ұяшық өлшемі 20x75 мм торлармен қоршалады.
976. Бұрандалы конвейерлерде тасымалданатын өнім көп болғанда және басылғанда науаны тазалау үшін науаның астына тығыз жанасқан ысырмалары бар тесік орнатылады.
977. Тізбекті конвейерлер (тиелген қырнауыштары бар) мен білікті конвейерлер (шнектер) үшін қорапты өніммен толтыру кезінде өздігінен ашылатын құятын ағыстары немесе сақтандыру клапандары болады; құятын ағыстары мен сақтандыратын клапандары болмаған кезде қорап толған кезде конвейерді ажырататын тегеурін бергіштері болады.
Тізбекті конвейерлерде тізбек үзілген кезде конвейерді ажырататын бергіштер орнатылады.
978. Білікті конвейерлердің аралық ішпектерін майлау қораптың сыртынан орнатылатын май сауыттармен жүргізіледі.
979. Барлық түрдегі конвейерлердің қораптарында барлық қақпақтар мен кішкене аспа бесіктер тозаң бөлінуді болдырмас үшін тығыз жабылады.
980. Аэро науаларда клапандарды қосу жетектері қоршалады.
981. Түсіру арбаларының қозғалуы үшін рельстердің жұмыс қабаттары бір жазықтықта орналасады, жіктерінде кемерлері болмайды; рельс тік жолақты болады және конвейер шүлдігіне параллель болады. Станинаның соңғы бөліктерінде соңғы ажыратқыштардың болуына қарамастан, арбаны тоқтатуға механикалық тіректер орнатылады.
982. Таспалы конвейерлердің өздігінен жүретін түсіру арбаларында тез әсер ететін тежеуіш бұйымдарымен іске қосатын және ажырататын тетіктері болады. Тежеуіш құрылғылары конвейер жұмыс істеген кезде арбаның қозғалмауын қамтамасыз етеді.
983. Өздігінен жүрмейтін түсіру арбалары бір адамның күшімен оңай ауыстырылады. Өздігінен жүрмейтін арбаны конвейердің жүрісімен ауыстыруға болмайды. Өздігінен жүрмейтін түсіру арбасының орын ауыстыру күші 150 Н (15 кгс) аспайды.
984. Элеваторлардағы түсіру арбалары аспирацияланады.
985. Арбаны қашықтықтан басқару кезінде оны қабатта немесе галереяда ескерту белгісі берілгеннен кейін жылжытуға болады.
986. Көлбеу және бұрандалы түсіргіштер жабындарға немесе қабырғаларға және қабылдау үстелдеріне бекітіледі.
987. Түсіргіштерде ыдыста түсірілетін, әсіресе бұрылыстарда жүктердің құлау мүмкіндігін болдырмайтын биіктігіндегі ернеуі болады.
988. Ғимараттың орнатылған көлбеу түсіргіштер жел мен атмосфералық жауыннан қоршалады.
989. Түсіргіштер алдындағы жабындар мен қабырғалардағы қабылдау ойықтары жүк беру немесе өткізу кезінде ашылатын қақпақтармен немесе клапандармен (есіктермен) жарақталады. Түсіргіштердің қабылдау тесіктері мен олардың өту орындары төменге қарай биіктігі 0,15 м қаптамасы бар, биіктігі 1 м қанаттармен жабдықталады.
990. Түсіргіштердің көлбеу бұрышы 24° астам болғанда олардың ішінде қаптарға арналған тежеу құрылғылары орнатылады. Көлбеу және бұрандалы құламалардың қабылдау үстелдерінің биіктігі 1,4 м болады және қаптың құлауын болдырмайтын құрылғылармен жарақталады.
991. Қабылдап өткізу үстелдерінде ілгектерге мықтап бекітілген аударылатын қақпақтары болады.
992. Барлық металл құрылымдары-конвейерлердің станиналары, жабдық станиналары мен рамалары, аспалар, қоршаулар, алаңдар, сатылар, өтетін көпірлер, бункерлер, қамбалар олардың ең жоғарғы дәрежеде тиелуін ескере отырып, осы құрылымдардың сызбаларына сәйкес дайындалады және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді: Бұйымдардағы металл жиектері қорғалады және өткір ұштары мен қабыршақтары болмайды.
993. Дәнекерлеу жіктері биіктігі бойынша тегіс болады, күйген жері балқыған жерлері болмайды, шлактан қорғалады.
994. Едендегі және аспалы бункерлердің қабырғаларының, таразы шөміштері мен басқа да қаңылтыр құрылымдардың жіктері мен қосқыштары тығыз болады және кедергілері мен кемерлері болмайды.
995. Конвейерлердің станиналары тұрақты, тіліктері мен майысқан жерлері болмайды. Станинаның биіктігі мен ені бойынша 5 мм асырмай, ал тік сызықтығы бойынша 1 а/м ұзындықта 2 мм асырмай ауытқуына жол беріледі.
25-параграф. Алаңдар мен сатылар
996. 1,5 м астам биіктікте орналасқан жабдықтарды үнемі қамтамасыз ету үшін, стационарлы алаңдар мен сатылар қарастырылады. Алаңнан сатыға шығу жолында алаң жағына ашылатын ілмекті көпір ағаш орнатылады.
997. Сатылар мен өтетін көпір ағаштар жүргізілетін алаңдар төменгі жағынада алаң еденінен 0,15 м биіктіктегі тегіс борттық әдібі бар, биіктігі 1 м кем болмайтын сүйеніштермен қоршалады.
998. Алаңдардың ені жабдықтардың ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсетуін қамтиды және кем дегенде 1,5 м жұмыс орнын құрайды, өткелдер 1 м кем емес, оларға апаратын сатылардың ені 0,6 кем емес.
999. Өндірістік орындардың ішінде орналасқан металл алаңдар мен баспалдақ сатыларының бетінде рифлендік (аралық) металдан жасалған төсем болады.
1000. Үнемі қадағалауды талап етпейтін жабдық үшін, көтерілу биіктігі 10 м астам сатыны немесе жылжымалы саты-басқышты қабырғаға таяп қоюға рұқсат етіледі.
1001. Пайдаланар алдында және жылына кем дегенде 2 рет сатыларға 120 кг статистикалық жүктемесімен сынақ жүргізіледі. Көлденеңінен 75о бұрышта белгілі бір сатының ортасындағы белгіленген аралықта қойылған. Сынақтың нәтижелері актта көрсетіледі.
1002 Қабырғаға таяп қоятын ағаш сатылар келесі талаптарға жауап береді:
сатылары бұрандалы, адырналары әр 2 м сайын керілген бұрандалармен жапсарланған;
баспалдақтың сатыларының ара қашықтығы 0,25 м аспайды және 0,15 м кем болмайды;
төменгі жағында үшкір металл тікенектер тәрізді тіреуіштері, материалға және тірек қабатының қалпына байланысты резеңкелі ұшы мен басқа да құрылғылары бар, ал жоғарғы жағы-жабдықтың мықты бөлшектеріне бекітілуге арналған ілмек;
қабырғаға таянғыш баспалдақтың жалпы ұзындығы (биіктігі) 5 м асатын баспалдақтың жоғарғы жақ ұшынан кем дегенде 1 м арақашықтықта тұрып жұмыс істеу мүмкіндігін қамтиды.
1003. Құрылғылармен, олардың өздігінен жылжымайтын жабдықталған жылжымалы саты-басқыштар пайдаланылады.
1004. Жұмысты орындау кезінде бөлшектерді бір мезетте ұстауда, биіктігі 1 м кем емес таяныштармен қоршалған төменгі жағы 0,15 м кем емес биіктікке тегіс тігілген саты-басқыштар қолданылады.
1005. Алаңдар жалпы және жинақталған жүктеменің ең көп рұқсат етілуі көрсетілген кестелермен жабдықталады.
1006. Қабырғаға таяндырғыш баспалдақтар, басқыштар, жылжымалы баспалдақтар, кішкене құрал-сайман нөмірі бар және тағайындалған орындарда құлыпта сақталады.
8-тарау. Сүрлемдеме мен бункерлердегі жұмыстар
1-параграф. Жалпы талаптар
1007. Жұмысшыларды сүрлемдеме мен бункерлерге түсіруге аса өндірістік қажеттілік туған кезде ғана рұқсат етіледі. Ол бақылаушы тұлғалар мен өндіріске жіберуге рұқсат беретін нарядтың қатысуымен жүзеге асырылады.
1008. Жұмысшыларды сүрлемдеме мен бункерлерге түсіру (астық, ұн, кебек, жем, басқа да азықтық өнімдер) адамдарды түсіріп-шығаруға арналған жерлерде жүкарбаның көмегімен атқарылады.
Түсіру өндіріске жіберуге рұқсат беретін наряд қарастырған қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілгенде ғана орындалады.
1009. Түсіру шарасы үш адамның қатысуымен орындалуы тиіс: бірінші-түсушінің өзі, екінші-жүкарбаны жүргізуші, үшінші-бұл жұмыс толық атқарылып болғанша керек жағдайда қажетті көмек беруге әзір-бақылаушы. Бақылаушы газ қайтарғыш түтігін (шланг) қадағалайды және сақтандырғыш арқанның бір ұшын қолынан шығармай ұстайды. Ал арқанның екінші ұшы төменге түсуші немесе жоғарыға көтерілуші адамның белдігіне байлаулы болады да, бақылаушы оны біртіндеп жіберіп немесе тартып тұрады. Сақтандыру арқаны екінші жағынан сүрлемдегі адам мен сырттағы бақылаушы арасындағы белгі беру құралы қызметін де атқарады. Бұл істі жауапты басқарушы сүрлемге түсіруге дейін рұқсат наряды кітабына тіркеу арқылы оған қатысты адамдардың бәріне түсініктеме нұсқау береді.
1010. Адам сүрлемге жеткен сәтте оны түсіруге қатысқандардың ол жерден кетіп қалуына рұқсат етілмейді.
1011. Сүрлемге түсіру алдында бункер мұқият желдетіліп, тазартылады. Одан соң көмірқышқыл газы құрамы сарапталып, тексеріледі. Бункерге газ қайтарғышсыз түсуге рұқсат жоқ.
1012. Түтік (шланг) ұзындығы 12 метрден асқанда ауа жіберу электр қондырғысы арқылы жұмыс істейтін ауа үрлегіш арқылы жүзеге асырылады. Түтік киерден бұрын алдымен ауа үрлегіш көмегімен шаңнан тазартылады. Ал ішкі жағы арнайы спирт сіңірілген мақтамен мұқият сүртіледі.
Жұмыс орнында қажет жағдайда көмекке жіберілетін бұдан басқа дайындалып қойылған екінші газ қайтарғыш әзірленіп қойылады.
1013. Түтікті газ қайтарғыш аса шаңды жерлерде қолданылады. Мәселен сүрлем мен бункерлер қабырғаларын үрлеген кездері.
1014. Жұмысшының силоста, бункерде болған кезінде байқаусызда бидай және басқа өнімдер шығарылып, енгізілмейді.
Сол жердегі қондырғыларға «Ашпа! Сүрлемде адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген ескертпе плакат ілінеді.
1015. Істі жауапты басқарушы жүкарба, белдік, арқан, ершік, газ қайтарғыштың жағдайын тексереді. Түсіруге дайындық барысында әр адамның қауіпсіздік шараларын жасағандығын жеке-жеке қарап шығады.
1016. Сүрлемдеме мен бункерге төменгі люк арқылы түсіру барысында басты қорғайтын монтаждық каска кигізіледі. Ол жоғарыдан кездейсоқ құлайтын қатты заттардан қорғайды. Сүрлемді қазу тәсілімен тазалауға рұқсат етілмейді.
1017. Сүрлемдеме иен бункерлер жоғарыдағы люк арқылы сәуле түсірілетін жарылғыш емес немесе ауыспалы аккумуляторлық шамдармен жарықтандырылады.
1018. Сүрлемдеме мен бункерлерге қуаты 12 В темір сыйымдылықтарға, және 42 В темірбетон және ағаш сыйымдылықтарға арналған ауыспалы шамшырақтар пайдаланылады.
Ауыспалы шамдар 1Р-54 қалыңдықтағы әйнекпен, шаң кірмейтін болып жасалуы тиіс.
Сырты металмен қоршалуы керек.
1019. Қашақтықтан автоматты басқару тәртібінде қондырғы былай жабдықталады:
жабдықтар мен технологиялық параметрлердің қалыпты және апатты жағдайлардағы жарық арқылы дабылы;
апатты жағдайларды білдіретін дыбыстық дабыл;
автоматты бағдар басталғанға дейін ескерту дабылды жағып қою керек;
бір механизм апатты жағдайда сөнген жағдайда басқа механизмдер де автоматты түрде сөнеді;
апатты механизм маңайындағы басқа механизмді басқару түймесі (кнопка) арқылы сөндіріледі.
1020. Ұнның шаңдануының алдын алу үшін жабдықтың технологиялық герметикасы қамтамасыз етіледі:
сүрлемдеме мен бункерлер сыйымдылықтары қақпақтарының арасына саңылау қалдырмайтын нығыздама салынады;
тасымалдайтын құрылғылардың сырттары мен барлық қосылыстары, секциялардың түйісулері, ұнның бағытын іске қайта қосатын қосылғыштар, соленоидты вентилі, құбыр өткізгіштері бар бекіту арматурасы және қайта іске қосқыштардың тығыздама тығыздағыштары және ауа-шаң өткізетін арматуралар.
1021. Қақпақтан басқа, сүрлемнің жоғарғы бөлігі мен басқа да қондырғыларына орналасқан пайдаланылатын негізгі люктер алынбалы-салынбалы 250х75 мм аумақты ұяшықтары бар темір сақтандырғыш торлармен тартылған.
Барлық торлар люктерге болттар мен ілгектер арқылы бекітілген.
1022. Соқпақты люктер 500х600 мм аумақты тікбұрышты болып келеді.
1023. Ұнды ыдыссыз сақтайтын сыйымдылықтар аспираторлық жүйеге қосылған немесе сүзгілермен жабдықталған. Сыйымдылықтар мен жабдықтарға орнатылған сүзгілер кезең-кезеңімен шаңнан тазалап отырады.
1024. Технологиялық жабдықтар, аспираторлық, механикалық және пневмо тасымал жүйесін тұрақты тексеру жұмыстары жүргізілуі керек. Ол білінген апатты жағдайларды дер кезінде жөндеуге мүмкіндік береді.
1025. Тиеу немесе түсіру кезінде сүрлемнен (бункерлерден) ұн алуға рұқсат етілмейді.
1026. Сүрлемдерді тазалау мен жөндеуге дайындау техникалық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Сүрлемелерді толық тазалау жылына бір рет жүргізіледі, бункердің жоғарғы жағы мен конустары үш айда бір рет тазартылып отыру керек. Қысымды ауада сүрлемді ұннан тазалау рұқсат етілмейді.
1027. Аспалы бесік кем дегенде 1,2 м биіктікте қоршалған және оның аударуын жоққа шығаратын құрылғысы бар.
1028. Сүрлемдегі жұмысшылар қабырғаны ұннан жоғарыдан төменге қарай жатып қалған ұн үстіне құламайтын аймақта тұрып қырғышпен тазартады.
1029. Жайларды жинап, жабдықтарды тазалау үшін жарылыс қауіпі жоқ өндірістік шаң сорғыштарды пайдалануға рұқсат етіледі.
1030. Статистикалық электр зарядтарын бұру үшін барлық технологиялық және транспорттық жабдықтар жерге қосылады.
1031. Қоймада ыдыссыз сақталатын ұңдардың электр қозғалтқыштарын тікелей орындаушы механизммен қосу. Жазық бергіштерді қолдануға рұқсат етілмейді.
1032. От жұмыстарын жүргізген кезде, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Өндірістік қауіпсіздіктің жалпы талаптарын басшылыққа алу керек.
1033. Ыдыссыз ұн сақталатын қойма мен ұн таситын авто көліктен жүк түсіру кезінде темекі тартуға тыйым салынады. Темекі шегу немесе от жағуға бункерлердің ішкі жоғарғы бөлігін тазалау мен тексеру кезінде де рұқсат етілмейді.
1034. Ұнды ыдыссыз сақтау қоймаларында жанғыш, тез тұтанғыш сұйықтықтарды газ баллондары мен сүрту-майлау материалдарын сақтауға болмайды.
1035. Ыдыссыз сақтау қоймасын пайдалануға іске қосу кезінде сүрлемдердің, материал өткізгіштердің ішкі қабаттарын өңдеу оларды кебекпен тиеу және түсіру арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |