Астық өнімдері кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Жеке қауіпсіздік шаралары, қорғау құралдары, санитарлық киім, арнайы тамақ



бет11/12
Дата13.06.2016
өлшемі1.03 Mb.
#131502
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

3-параграф. Жеке қауіпсіздік шаралары, қорғау құралдары, санитарлық киім, арнайы тамақ
1117. Дезинсекциялау, газдандыру және дератизациялау жұмыстарына қатысатын немесе улы заттарды қабылдауды, жөнелтуді, сақтауды, тасымалдауды, жарамсыз күйдегі улы заттарды зарарсыздандыру мен жоюды жүргізетін тұлғалар қорғайтын киіммен және аяқ киіммен (мақта мата костюмі немесе комбинезондар, іш киім, резеңке етік, резеңке қолғап, биялай, алжапқыш) қамтамасыз етіледі. Фумиганттармен жұмыс істеу кезінде дезинсекцияға қатысатын тұлғалар газ қағарлармен, дымқыл дезинсекциялау құралдарымен жұмыс істеген кезде сақтандыру көзілдіріктерімен және респираторлармен, резеңке немесе полихлорвениль алжапқыштарымен, жеңдермен, капюшондармен, «Гамма» шашкаларымен жұмыс істеген кезде респираторлармен қамтамасыз етіледі.

Қысқы уақытта жұмысшылар жылы киіммен қамтамасыз етіледі.

Улы шырғалармен жұмыс істеген кезде жұмысшылар мақта матасынан тігілген халатпен, резеңке қолғаппен, респираторлармен қамтамасыз етіледі.

1118. Қорғағыш арнайы киім, арнайы аяқ киім, арнайы іш киім әр жұмысшы арналған бөлек болады. Жұмыс басшысы көрсетілген қорғау құралдарын тікелей жұмыс басталар алдында киюін және жұмыс аяқталғанда оны шешуін қадағалауы қажет.

Арнайы киім улы химикаттардан бөлек үй-жайда сақталады.

1119. Жеке қорғану құралдарын шешу және желдету және өңдеу, фумигациялау жұмысын жүргізу аяқталғанда арнайы киімді шешу және желдету, әсіресе бром метилмен жұмыс істеген кезде (кемінде бір сағат), оны ашық ауада кептіру, көзілдіріктер мен респираторларды шешу және өңдеу, арнайы киімді және арнайы іш киімді (оның ішінде хлор органикалық және фосфор органикалық қосындылармен ластанған) зарарсыздандыру және жуу, резеңкеден және үлдір қабатты матадан жасалған бұйымдарды, оның ішінде етік пен қолғаптарды, газ қағарлар мен респираторлардың резеңке бөліктерін ұстау тәртібі технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес болады.

1120. Газсыздандырмаған қорғау құралдарын пайдалануға болмайды. Қорғағыш құралдарды тазалау немесе жуу тапсырылатын жұмысшылар осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтан өтеді.

1121. Улы заттарды пайдаланумен байланысты жұмыстарды жүргізу орнына тікелей жақын жерде жылы су мен сабыны бар қол жуғыш, қосалқы арнайы іш киім, арнайы киім, арнайы аяқ киім жиынтығы, газ қағар мен респираторлар болады.

1122. Улы заттарды пайдаланумен байланысты жұмыстар аяқталған кезде жұмысшылар душ қабылдайды.

Кәсіпорын әкімшілігі жұмысшыларға душ немесе монша ұсынады, ал олар болмаған жағдайда-жуынуға арналған бөлме қарастырады және жылу сумен қамтамасыз етеді.

1123. Дезинсекциялау, газсыздандыру және дератизациялау, жарамсыз күйдегі улы заттарды қабылдау және жөнелту, сақтау және тасымалдау жұмыстарын жүргізетін барлық жұмысшыларға айына бір адамға 400 г есебінен кір сабын беріледі.

1124. Дезинсекциялау, газсыздандыру, дератизациялау және улы химикаттарды пайдалана отырып, жүгері тұқымдарын ыдысқа салу, жарамсыз күйдегі улы заттарды зарарсыздандыру және жою жұмыстарын жүргізуге қатысатын және улы химикаттардың құрамына талдау жүргізетін, улы химикаттарды сақтаумен және тасымалдаумен айналысатын жұмысшыларға бір адамға 0,5 л сүр беріледі.

1125. Әкімшілік қорғау құралдарын, арнайы киімді, сабынды жұмысшыларға тегін береді.

Әрбір жасақ уланған жағдайда алғашқы көмек көрсету үшін белгіленген тізбе бойынша дәрі-дәрмек жиынтығы мен құралдары бар сөмкемен қамтамасыз етіледі.

1126. Улы заттарды қолданумен байланысты жұмыстар тек аталған заттарды қолдану жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетілген маркадағы қораптары мен патрондары бар газ қағарларда немесе респираторлар жүргізіледі. Газ қағарлардың қораптарын пайдалану тәртібі мен қорапты пайдаланудың шекті ұзақтығы технологиялық регламентке сәйкес болады.

Газ қағардың әрбір қорабына паспорт жүргізіледі.

1127. Бастың өлшемдері бойынша таңдап алынған, дулығалары газ қағарлары әрбір жұмысшыға жеке бекітіледі.

1128. Әрбір жұмысшы жұмыс басталар алдында оған берілген газ қағардың жарамдылығын тексереді. Газ қағар қорабында зақымданғандары мен майысқан жерлері болмайды және оны толтыру шихтасы ығыстырылмайды. Газ қағардың бөліктерін тексергеннен кейін оны жинақта тексеру жүргізіледі. Оның қандай да бір бөліктерінің ақауы болғанда, ол жерге қосылады.

Бром метилін пайдалану кезінде газ қағарлар хлорпикрин бойынша тексеріледі; тексеру тәртібі мен тәсілі технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес болады.

1129. Газ қағарларды фумигациялау жұмыстары жүргізілетін үй-жайларға немесе фумигацияланған объектіде орнатылған қорғау аймағына кіргенге дейін киеді.

Фумигацияланатын үй-жайға немесе қорғау аймағы шегінде газ қағарсыз келуге болмайды.

1130. Улы шырғаларымен дымқыл дезинсекциялау жұмыстары технологиялық регламентте белгіленген газ қағар патрондары бар респираторларда жүргізіледі.

«Гамма» шашкаларымен жұмыстар түтінге қарсы сүзгілері бар маркалардың технологиялық регламентінде белгіленген респираторларда жүргізіледі.

1131. Улы заттармен жұмыс істеу кезінде темекі шегуге, ішуге, тамақтануға болмайды.

1132. Күшті әсер ететін және улылығы жоғары препараттармен жұмыс істеу кезінде жұмыс күнінің жалпы ұзақтығы (үзілістерді қоса алғанда) 4 сағат, басқаларымен-6 сағат.

1133. Бром метилімен бір объектіде жұмыс істеу ұзақтығы 30 минуттан аспайды. Фумигациялауды осы препаратпен басқа объектіде жүргізу қажет болған кезде таза ауада кемінде 15 минут дем алғаннан және газ қағар қорабын ауыстырғаннан кейін ғана кірісуге болады.

Хлорпикринмен, металлилхлоридпен үздіксіз жұмыс істеген кезде фумигацияланған үй-жайда жұмысшылардың 45 минуттан артық болуына болмайды. Осы мерзім аяқталғаннан кейін ауаға шығуға 15 минут үзіліс жасап, бұдан соң жұмысты жалғастыруға болады.

1134. Дезинсекциялау жұмыстарын жүргізу кезінде қатысушылардың саны жұмыстың көлеміне байланысты анықталады: фумигациялаудың барлық түрлері мен осы мақсатта (дератизаиялаудан басқа) улы заттармен жұмыс істеумен байланысты өзге де жұмыстарды жүргізу кезінде бір мезгілде кемінде екі адам жұмыс істейді.

1135. Улы заттармен жұмыс істеуге жіберілетін тұлғалар жұмыс басталғанға дейін медициналық тексеруден өтеді, одан кейінгі уақытта «Алдын ала және мерзімді медициналық тексерулер міндетті зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі мен зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне тартылатын жұмысшыларды алдын ала және мерзімді медициналық»тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 12 наурыз 2004 жылғы № 243 бұйрығына сәйкес мерзімді медициналық тексеруден өтеді.

1136. Тіпті жеңіл түрде уланған тұлғалар да әбден айықпағанша және көрсетілген заттармен және әсер ету сипаты бойынша осыларға ұқсас заттармен жұмысты қайта жандандыру мүмкіндігі туралы дәрігер қорытындысын алғанша улы заттармен жұмыс істеуге жіберілмейді.

1137. Дезинсекциялық жұмыс басшысы:

технологиялық регламентке, өзге де қолданыстағы арнайы нұсқауларға және әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес барлық дезинсекциялау, газдандыру және дератизациялау жұмыстарын жүргізеді;

медициналық тексеруден, қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтан өтпеген, арнайы киімі, жеке қорғану құралдары мен қосалқы газ қағарлары, қораптары, жоқ тұлғаларды улы химикаттармен жұмыс істеуге жібермейді;

санитарлық сөмкеде қажетті дәрі-дәрмектер мен алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының болуын бақылайды және уланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

дезинсекциялау жұмыстарын жүргізу барысында жұмысшыларды қадағалайды және улы заттармен жұмыс істеген кезде олардың белгіленген режим мен сақтандыру ережесін сақтауларын бақылайды, барлық жұмысшылардың фумигацияланған үй-жайдан шығуын тексереді;

дер кезінде газсыздандыруды, арнайы киімді, арнайы аяқ киімді жууды, құралдарды, химикаттан босатылған сыйымдылықтар мен улы шырғаларды дайындау үшін қолданылған ыдыстарды, дезинсекциялау жұмыстарын және улы химикаттармен байланысты өзге де жұмыстарды жүргізу кезінде улы химикаттармен кенет ластанған орындарды зарарсыздандыруды бақылайды;

уланудың алдын алу үшін қосымша іс-шараларды әзірлеу мақсатында дезинсекциялау жұмыстарын жүргізу кезінде әрбір уланудың себебін анықтайды;

улы заттармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік шаралары туралы жұмысшыларға нұсқаулық өткізеді.



4-параграф. Бром метилі бар баллондармен жұмыс істеу ережесі
1138. Бром метилі сұйылтылған газдар тобына жатады, баллондарда сақталып тасымалданады.

1139. Баллондардың сыртқы қабаты сұр түске боялады. «Бром метил» деген жазу қара түсті сырдан болады, ескерту жолағы қара түсті болады.

1140. Баллондармен тікелей жұмыс істеуге қатысы бар тұлғалар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 29 қазандағы 2008 жылғы № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату мен қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарды орындайды.

1141. Тасымалдау кезінде баллондар бекітіледі және құлауынан, әсер мен соққыдан қорғалады.

1142. Баллондарды тиеу және түсіру кезінде басқыштар немесе көпіршелер қолданылады.

1143. Тасымалдау құралдарынан баллондарды басын төмен қаратып түсіруге, лақтыруға және бір-біріне соғуға болмайды.

1144. Бром метилі бар баллондар күн көзінің, басқа жылу көзінің қыздыруынан сақтандырылады. Жазғы уақытта тасымалдау кезінде баллондар сулы брезентпен жабылады.

1145. Қоймаға қабылдау және жөнелту кезінде бром метилі бар баллондар индикаторлық жанарғының көмегімен тексеріледі.

1146. Баллондарды тасымалдау кезінде қақпақтары бұралады. Баллондарды вентилдерінен ұстап тұрып тасымалдауға болмайды.

1147. Егер қолдан бұралмаса, сомын кілті пайдалану қажет. Баллондарды балғамен немесе өзге де заттармен соққылауға болмайды.

1148. Жұмыс істеу үшін таңдап алынған бром метилі бар баллондарда газдандыру басталар алдында технологиялық регламентке сәйкес вентилдердің жарамдылығы тексеріледі.

1149. Вентилдің ақауы болған кезде өз күшімен баллон мен вентилді іске қосуға болмайды.

Ақауы бар баллоннан бром метилі күшті әсер ететін улы заттарды жою ережесін сақтаған жағдайда сан инспекция өкілінің қатысуымен қауіпсіз орынға шығарылады.

5-параграф. Ащы, улы заттармен қауіпсіз жұмыс істеу ережесі
1150. Бөтелкелермен келіп түсетін қышқылдар мен сілтілер химиялық материалдар қоймасында сақталады.

Қышқыл мен сілтілері бар шыны бөтелкелер қолға ұстайтын сабы бар тоқылған себетке немесе жәшіктерге салынады, оларсыз осы сұйықтықтарды тасымалдауға болмайды.

1151. Қышқылдар мен сілтілерді бөтелкелерден сифон немесе қол сорғысының көмегімен шағын ыдысқа құйып алу қажет.

Су аммиагы, бром, қойылтылған қышқылдар (азот, тұз және басқалары) күшпен құйылады.

Агрессивті сұйықтықтарды құю үшін қолданылатын шүмектерінің жиектері керілген және ауа бөлу құбырлары болады.

1152. Қышқылдары, сілтілері бар шағын ыдыс (кішкентай сауыт) асбест салынған металл жәшіктерге салынады.

1153. Улы заттар сорғы шкафында сақталады, оның кілті зертхана меңгерушісінде болады. Улы заттарды беру салмағы бойынша журналда тіркеу арқылы жүргізіледі.

1154. Күкірт, азот, тұз, сірке және өзге де қышқылдар, кристалл йод пен басқа да ұшпалы заттар тығыз тығындары бар шыны ыдыстарда сақталады.

1155. Қышқылдарды суда еріту қышқылды жіңішке ағыс арқылы суға шыны таяқшаның бойымен құйып, шынысы жұқа ыдыста жүргізіледі.

1156. Сілті ерітіндісін алу үшін шағын кесектерін қыстырғышпен суға түсіреді және үздіксіз араластырады. Ащы сілтілердің ірі кесектері арнайы бөлінген орында ұсақ бөліктерге бөлінеді, бөлшектенетін кесектер материямен (бельтионмен) жабылады.

1157. Төгілген қышқылдар мен сілтілер бейтараптандырылады, одан соң сумен мұқият жуылады.

Сілтілермен бейтаптау үшін бор немесе сірке эссенциясы қышқылы (эссенцияның бір бөлігі судың сегіз бөлігіне), қышқылдарды бейтаптау үшін-таза соданың ерітіндісі 5 %.

1158. Химиялық реактивтерді мен олардың ерітінділерін сақтау кезінде ыдыста заттың атауы мен химиялық формуласы, үлестік салмағы, қосылымы, осы реактивті дайындаған жұмысшының аты-жөні көрсетілген таңбасы немесе биркасы болады. Реактив ерітіндісі бар ыдыстың нөмірі болады, реактивтердің бөлек орны болады.

1159. Улы, жарылыс қаупі бар заттарды қолданумен, бөлінумен немесе олардың түзілуімен байланысты барлық операциялар сорғы шкафында сақтандыру шараларын қолдана отырып, желдеткіш жұмыс істеп тұрған кезде жүргізіледі.

1160. Қышқылмен және сілтілермен жұмыс істейтін барлық жұмысшылар жақпауы тері немесе резеңкелі сақтандыру көзілдіріктерін, резеңкелі қолғаптарын, резеңкелі (резеңке) алжапқыштарын пайдаланады.

Қышқылдармен және сілтілермен арнайы киім кешексіз және сақтандыру құралдарынсыз жұмыс істеуге болмайды.



6-параграф. Тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтармен қауіпсіз жұмыс істеу ережесі
1161. Зертханада тез тұтанғыш және жанғыш заттарды бір тәуліктегі қажеті мөлшерінен артық мөлшерде пайдалануға болмайды.

1162. Тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар тығыз тығындары бар қалың шынылы банкаларда зертхана үй-жайында сақталады.

Банкалар қақпақтары тығыз жабылатын қабырғасы мен түбі асбесттен болған металл жәшіктерге (шкафтарға) орналастырылады.

Тез тұтанғыш сұйықтарды полиэтилен сыйымдылықтарында сақтауға болмайды.

1163. Жәшік (шкаф) өту жолдары мен қыздыру аспаптарынан ыңғайлы өту жолымен қашықта еденде орнатылады. Жәшіктің қақпағының ішкі жағында (шкафының) ішкі жағында осы үй-жайға арналған тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтардың атауы мен жалпы рұқсат етілген қажеттілік нормасы көрсетілген жазу жазылады.

1164. Тез тұтанғыш және жанғыш заттар қоймадан зертханаға жабық, сынбайтын ыдыста немесе металл құтыға салынған шыны ыдыста жеткізіледі.

1165. Тез тұтанғышпен және жанғыш заттармен байланысты барлық жұмыстар сорғы шкафында желдеткіш жұмыс істеп тұрғанда жүргізіледі.

1166. Төмен қайнайтын тез тұтанғыштар тұйық балқыма шыныдан дайындалған түбі дөңгелек колбаларда, тиісті жылу ұстағыштармен (сумен, маймен) толтырылған орындарда қайнау температурасына байланысты құйылады және қыздырылады.

Қайнау температурасы жоғары сұйықтықтар жабық түрдегі электр қыздыру-колба қыздыру аспаптарында қыздырылады.

1167. Тез тұтанғыш және жанғыш заттарды канализацияға құюға болмайды. Өңделген тез тұтанғыш және жанғыш заттар герметикалы жабылатын ыдысқа жиналады, ол жұмыс соңында осы сұйықтықтарды регенерациялау немесе жою үшін зертханадан жұмыс орнынан тыс шығарылады.

1168. Тез тұтанғыш сұйықтықтарды кенет төгіп алған кезде сұйықтықтар төгілген орынға құм себіледі, барлық газ жанарғылары мен қыздыру аспаптары ажыратылады.

Ластанған құм ағаш күрекпен немесе қалақпен жиналады, болат күректерді немесе қалақтарды пайдалануға болмайды.




7-параграф. Зертханалар
1169. Зауыт зертханалары өндірістік үй-жайлардан оқшау орналасады.

Цех зертханаларын жеңіл шыны қалқандармен қоршап, тікелей цех үй-жайында орналастыруға болады.

1170. Зертхана үй-жайларының едендері тегіс плиталардан, линолеумнен, поливинилхлорид плиталарынан және өзге материалдарынан (технологиялық талаптарға байланысты) жасалады.

1171. Зертхана үй-жайларында табиғи және механикалық ағынды-сорғы желдеткіші мен сорғы шкафтары болады.

1172. Әрбір зертханада химиялық өрт сөндіргіш пен құм салынған жәшік болады.

Өрт сөндіруге арналған құралдарды жарамды күйде қол жеткілікті орындарда ұстау қажет.

1173. Әрбір зертханада қажетті дәрі-дәрмектер жинағы бар сөмке болады.

1174. Зиянды жанғыш бу мен газ бөлінетін жұмыстар жүргізілетін сорғы шкафтары сұйық заттардың еденге ағуын болдырмайтын жоғарғы және төменгі сорғылармен, ернеулермен жабдықталады.

Сорғы шкафының ойықтарының қимасында ауаның жылдамдығы 0,5-0,7 м/с шекті рұқсат етілген қосылымы 0,1 мг/л және 0,7-1,5 м/с астам 0,1 мг/л кем болғанда қабылданады.

1175. Сорғы шкафтарының ысырмалары (есіктері) жұмыс кезінде тарту үшін шамалы саңылау қалдырып жабу қажет; оларды аспаптар мен қондырғыларға қызмет көрсету кезінде ғана ашуға болады. Көтеріліп тұрған ысырмалар осы ысырмалардың құлауын болдырмайтын бұйымдармен мықтап бекітіледі.

1176. Егер сорғы шкафында операцияларды орындауға қатысы жоқ материалдар мен жабдық сақталатын болса, онда жұмысты жүргізуге болмайды.

Сорғы шкафын тікелей есіктің жанында орналастыру қажет.

1177. Жарылу, өрт шығу қаупі бар жұмыс үстелдері мен сорғы шкафтары жанбайтын материалдармен, ал қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу кезінде тотығуға қарсы материалдармен төселеді және жанбайтын материалдардан жасалған ернеулері болады.

1178. Зертхана үй-жайлары газ өткізгіштермен жабдықталады.

1179. Үй-жайлардағы газ өткізгіштер қызмет көрсету үшін ыңғайлы және олардың зақымдануын болдырмайтын орындарда ашық төселеді.

1180. Жұмыс үстелдері мен сорғы шкафтарына өткізілген газ өткізгіштерде жекелеген жанарғыларды қосуға мүмкіндік береді.

1181. Жұмыс үстелдері мен сорғы шкафтарындағы газ және су крандары олардың алдыңғы ернеулерінде (жиектерінде) орналасады және кранның кенет ашылу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орналастырылады.

1182. Газ беру тоқтаған кезде газ өткізгіштің үй-жайға кіру жолындағы, жұмыс үстелдері мен шкафтарының жанындағы ажырату құрылғылары жабылады.

Газ өткізгіштің үй-жайға кіру жолындағы ажыратқыш құрылғы (тиек краны) қызмет көрсету үшін қол жеткілікті және жарық берілген орында орнатылады.

1183. Зертхананың қыздыру және кептіру аспаптарын пайдалану мынадай талаптарды қанағаттандырады:

муфель және тигель пештері, электр плиталары, электр булағыштары, электр кептіргіш пештері және өзге де жабдық асбест төсемі бар металл қаңылтырлармен қапталған үстелдерге орнатылуы қажет;

электрлік жылыту аспаптары қабырғалардан кемінде 0,25 м болуы қажет;

бір штепсельдік розеткаға қуаты 0,8 кВт аспайтын электр аспаптарын қосуға болады;

қуаты 0,8 кВт аспайтын электр аспаптары тікелей электр желісіне қосылады.

1184. Центрифуга іргетасқа немесе үстелге мықтап бекітіледі, сақтандыру қабатымен жарақталады және жерге қосылады.

Жұмыс істеу кезінде центрифуганың қақпағы жабық болады және сомынмен мықтап бекітіледі.

1185. Зертхананың қамыр илеу машинасында қақпақ ашылған кезде машинаның жұмыс істемеуін қамтамасыз ететін дежаны, электр бұғаттағышы бар алмалы-салмалы қақпағын бекіту құрылғысы болады.

1186. Қамыр илеу машинасы жұмыс істеп тұрған кезде дежаның қақпағы сомынның көмегімен жабылады. Қамырды алып шығу және илеу машинасын тазалау илеу органын толықтай тоқтатқаннан кейін жүргізіледі.

1187. Зертхананың электр пеші наубайхана камерасының ішіндегі температураны бақылау және реттеу және қыздыратын элементтерін жарамдылығын бақылау үшін аспаптармен жарақталады.

Пештің құрылымында сорғы желдеткішіне қосылған жапқышы бар бу бөлу арнасы қарастырылады.

1188. Электр пештері жұмыс істеген кезде отырғызу есігі ілмекпен жабылады. Нан тағамдарын пісіру барысын қадағалау бақылайтын терезе арқылы жүргізіледі.

Қалыптарды пештерге салу және оларды пештен шығару кезінде қорғағыш қолғаптар пайдаланылады.

1189. Электр пештерін тазалау, электр жылыту элементтерін ауыстыру және басқа да жұмыс түрлерін жүргізу тұтқаға «Іске қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакат іліп, кернеуді алған кезде жүргізіледі.

1190. Зертханаларда тиісті тапсырмамен байланысы жоқ жұмыстарды жүргізуге болмайды.

1191. Жанып тұрған жанарғыларды және өзге де қыздыру аспаптарын жұмыс орнында қараусыз қалдыруға болмайды. Жұмысшы шыққан кезде жұмыс пен қызу уақытын бақылау зертхананың басқа маманына тапсырылады.

1192. Зертхана жұмысшылары арнайы киімде жұмыс істейді және жеке қорғану құралдарын пайдаланады.



10-тарау. Қысыммен жұмыс істейтін бу қазандықтары мен ыдыстары

1-параграф. Орнату, дайындау және пайдалану
1193. Жұмыс қысымы 70000 Па (0,7 кгс/см2) жоғары бу қазандықтарын, бу қыздырғыштарды мен экономайзерлерді және су температурасы 115оС астам су жылыту қазандықтарын орнату, дайындау және пайдалану Бу және су жылыту қазандықтарын орнатуға және қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес болады.

1194. 70000 Па жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды (гидростатикалық қысымды есепке алмай), температура 50оС дейін болғанда (гидростатикалық қысымды есепке алмай), қысымы 70000 Па жоғары болатын сұйылтылған газдарды тасымалдауға арналған цистерналар мен бөшкелерді, қысымы жоқ, бірақ газ қысымы 7000 Па жоғары болғанда тасымалданатын сұйылтылған газдарды, сұйықтықтарды және сусымалы денелерді сақтауға, тасымалдауға арналған ыдыстарды, цистерналарды, қысымы 7000 Па жоғары сығылған, сұйылтылған және ерітілген газдарды тасымалдауға және сақтауға арналған баллондарды орнату, дайындау, монтаждау, жөндеу және пайдалану Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнатуға және пайдалануға қойылатын талаптарға сәйкес болады.

1195. Бу және ыстық су құбырларын орнату, ұстау және қызмет көрсету Бу және ыстық су құбырларын орнатуға және қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарға сәйкес болады.

1196. Газ отынын пайдаланатын газ жабдығының газ өткізгіштерін орнату және пайдалану Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 172 бұйрығымен бекітілген Сұйылтылған көмірсутек газдарын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес болады.


11-тарау. Жөндеу жұмыстары, жабдықты монтаждау және бөлшектеу

1-параграф. Жалпы талаптар
1197. Жұмысты жүргізу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес болады.

1198. Жабдық (станоктар, аппараттар, тетіктер) мықты іргетастарға немесе станиналарға орнатылады және бекітіледі. Жабдықты қабат аралық далдаларға немесе галереяларға орнату кезінде соңғысы орнатылатын жабдықтың массасынан қарқындылық коэффициентін ескере отырып, ондағы өнімнен жүктемеге тексерілуі қажет.

1199. Далдаларға ілінетін жабдықтың барлық машиналары мен тораптарының түпкі бұрандалары мен тораптары жақсылап бұралады.

1200. Салмағы 50 кг астам жабдықтың алмалы-салмалы бөлшектерінің үстінен тармақтарды ілу үшін ілмектер, бір қатарда орнатылған станок тобы үшін тармақты монорельс орнатылады.

1201. Жабдық тораптарын, құбырлар мен ауа өткізгіштерінің буындарын электр өткізгіштердің (бөлшектенетін тораптың немесе буынның ең ұзын ұзындығына тең қашықтық шеңберінде) монтаждау кернеу алынған кезде жүргізіледі. Кернеуді алу мүмкін болмаған кезде жұмыс рұқсат наряды бойынша жүргізіледі.

1202. Монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде технологиялық және монтаждау жарағы үшін жабдық пен құбырларды, технологиялық және құрылыс құрылымдарын оларды пайдалануды қамтамасыз ету тұлғаларымен келісімсіз пайдалануға болмайды.

1203. Бір жолда екі немесе одан астам қабаттарда құрылымдарды, жабдықты бір мезгілде бөлшектеу немесе жөндеу барлық белгілерде қауіпсіз жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін тиісті қорғау құрылғыларысыз (төсемдер, торлар, қалқаншалар) жүргізілмейді.

1204. Құбырлар мен өзге де металл бұйымдарды кесу, ию және өңдеу бөлшектеу көпіршелері мен сатыларынан тыс жүзеге асырылады.

1205. Тұрақтылығы жеткіліксіз тік күйінде орнатылатын ірі блоктар немесе жабдықтың тораптары монтаждау кезінде кемінде үш тербелмемен бекітіледі, олар жабдық нақты бекітілгеннен кейін ғана алынуы мүмкін.

Монтаждау барысында жабдықтың барлық тораптарының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

1206. Жабдықты жарылу қаупі бар үй-жайларда жөндеу, бөлшектеу немесе монтаждау кезінде ашық отты пайдалануға, ұшқын шығу қаупі бар тетіктер мен бұйымдарды пайдалануға болмайды.

Жабдық пен құрылғылардың тораптарын, бөліктерін тек бумен немесе ыстық сумен қыздыруға болмайды.

1207. Улы немесе уландыратын заттар болуы ықтимал жабдықты жөндеу және бөлшектеу жұмыстары қауіпсіздік шараларын қолдана отырып және жеке қорғану құралдарын пайдаланып жүргізіледі.

1208. Жабдықты жүктемеге сынау жүктемені біртіндеп күшейте отырып, бос сынау кезінде ақаулар мен олқылықтарды қалпына келтіргеннен кейін жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет