Қатысушылардың жеке жұмысы. Ақ қағазға өз үйіңізді құрастырыңыз.
Үйдің әр бөлігі белгілі бір сұрақтардан тұрады және сұрақтар сіздің отбасыңызға байланысты. Сіздерге ұсынылған үйдің суретінде сұрақтарыңызға жауап жазыңыз. Сұрақтар:
Өміріңізде жарқын эмоциялар сыйлаған оқиғаларды еске түсіріп көресіз бе?
Үйге шаршап келгеніңізде, есіктен кірген сәтте сізге үйіңіз жылулық сыйлай ма және отбасы мүшелерінің қолдауын сезінесіз бе?
Бойыңызда қандай кемішіліктер бар және сізді отбасыңыз осы кемшіліктерге қарамастан жақсы көре ме?
Отбасыңызда болған қайғылы оқиғаны не күрделі мәселені, дау-дамайды есіңізге түсіріңізші. Осы сынақты отбасыңыз қалай жеңді?
Отбасыңыздың мықты жақтары…
Отбасыңыздың әлсіз жақтары…
Сұрақтарға жауап бердіңіздер. Сұрақтарға жауап беру барысында, өміріңіздегі жарқын эмоцияларға толы сәттерде көп жағдайда сіздің қасыңызда отбасыңыз болды. Келісесіздер ме? Үйге шаршап келгеніңізде отбасыңыздың жылулығын сезесіз... Сізді отбасыңыз ешқандай кемшіліктеріңізге қарамастан қабылдайды. Ал сіз отбасыңызбен бірге қаншама қиындықтар мен ауыр сынақтарды жеңіп шықтыңыз...Сондай-ақ, сіз отбасыңыздың мықты жақтары мен әлсіз тұстарын көрсеттіңіз. Мен отбасыңыздың мықты тұстарының көп екеніне сенімдімін. Ал әлсіз тұстарыңыз көп болса, сізге отбасыңызбен көп уақыт өткізу керек. Енді сіздің отбасыңызды мықты, басқаларға үлгілі, бақытты және мәнді ететін қандай отбасылық құндылықтар? Сол құндылықтарды үйдің іргетасына жазып, көрсетейік.
Қорытынды кезең
Құрметті ата-аналар! Назарларыңызға бүгінгі сабақты қорытындылайтын бейнероликті ұсынғым келеді. Назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын.
Бейнероликті тамашалап болған соң:
Бүгінгі сабақ сіздер үшін құнды болды деп ойлаймын. Сіздер, ата-ана ретінде, әр баланың бақытты болуын тілейсіздер. Ал бала бақыты – отбасы бақыты. Отбасы бақытының негізі – отбасылық құндылықтар.
Сабағымыздың қорытындысы ретінде сіздерге мына сұрақты қойғым келеді:
Достарыңызбен бөлісу: |