Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет209/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Сабақтың әдісі: (мәселелік оқыту) жағдаятты шешу әдісі


Сабақтың барысы:


Модератор: Қайырлы күн, қазақтың аймаңдай арулары – отбасының берекесін келтіріп отырған келіндер, жарқын жүзді жеңгелер!

Танысу минуты: сабаққа қатысушы өзінің аты-жөнін, мамандығын, т.б. айтып өтеді.


Модератор: Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өз мәдениеті бар. Ол ұлттық құндылықтарынан, отбасындағы қарым-қатынасынан, ұрпақ тәрбиесінен көрініс табады. Дүниеге бала келгеннен бастап, оны өсіру-тәрбиелеуде ертең осы ұрпағым басқа елмен туыс етеді, үйдегі берген тәрбиемізді, осы үйде көрген өнегесін басқа үйде көрсетеді деп, отбасында жақсы тағылым беруді білген. Мысалы, жаңадан келіп түскен келіннің жүріс-тұрысы арқылы шыққан жеріне баға беріледі.
«Әдепті келін – ауылдың көркі», «Келінді келін демесең, жақсы болса өз қызыңдай», «Балаң жаман болса да келінің жақсы болсын» деп жататыны сондықтан.
Сабағымыздың мазмұнын ашатын алғашқы сұрақ: Жеңгелер деген кім және оның қыз бала тәрбиесінде орны бар ма?

Сабаққа қатысушы мектебіміздің мықты педагогі, қазақтың аяулы келіні................ деген әріптесімізді ортаға шақырып, отбасындағы келіннің, жеңгенің рөлі туралы бірінші сұрағымызға жауап беріп етеді.




Жеңгенің алғашқы рөлі келін болудан басталады. Отбасындағы келіннің рөлі өзінің келген ортасын сыйлау, құрметтеу арқылы үй-ішінің тірліктерін атқаруды меңгерумен басталып, отбасылық қарым-қатынастың реттелуі келіннің іс-әрекетінен көрініс табады. Қайын-жұрттың атын атамау – ат тергеу, үлкенге құрмет көрсетіп, бата алу, сәлем жасап – алғыс алу сияқты сыйластық кілті келінде болуға тиісті. Басты мақсат: келген жерінде орнын табу, сыйлай білу, сыйымды болу арқылы өз тамырын жайып, өсіп-өну.
Жеңгелік рөл келіннің келген жеріндегі өзінен кішілерге қамқорлығын көрсетуі арқылы іске асады. Өзінен үлкен болғанымен, күйеуінен кішінің бәрін «қайны-қайынсіңлілер» қатарында қарап, оларға жарасымды да ұтымды және өздеріне ұнамды ат қоюы – жеңгенің келген ортасына сіңісуінің басты шарты. Қайныларына қыз таңдауға бағыт-бағдар, кеңес береді. Өйткені, бір шаңырақ астында өзімен абысынды-келінді жақын жүретін, қызметті бөліп атқаратын әйелдің дұрыс адам болып келуіне немқұрайлылық танытпайды. Ақылдасып, қыз көңілін табуға психологиялық нұсқаулар, ұсыныстар жасайды. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» деген мәтел қайныны шын қолдаушылардың бірі екендігі.
Қыз бала үшін жеңге – таптырмайтын жанашыр. Өз тәжірибесінен көргені мен түйгенін айта отырып, сыр бөлісетін жеңгелер институтының әлеуметтік мәні биік болуы тиіс. Этноәлеуметтік рөлдің ішінде жауаптылығы жағынан да, жақындығы жағынан да жеңгенің рөлі жоғары.
Модератор: Рақмет! Енді менің қолымда 4 түрлі қағаз бар, ретімен атасам: сары, қызыл, жасыл, көк. Сіздерде ретімен осы төрт түсті қайталап айтыңыз. Мысалы, Сіз – сары, келесі – қызыл, солай ретімен айтамыз.
Енді бөлінейік: сары – 1-топ, қызыл – 2-топ, жасыл – 3-топ, көк – 4-топ. Осылайша төрт топқа бөліндік және екі сарапшымыз бар.Сарапшылар топ жұмысын бақылап, соңынан қорытындылайды.

Біз бүгінгі сабақтағы «Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауда жеңгенің не келіннің рөлі қаншалықты?» деген сұрақ төңірегінде жұмыс жасаймыз.


Қазір топтық жұмыс: әр топқа тапсырма беріледі. 10 минут – ақылдасу, 5 минут тапсырманы ашып беру. Барлық топқа 30 минут уақыт кетеді.

Отбасында әже-анасынан тәрбие алған, жеңгелерінен өнеге көрген қыздарымыз өмірдің қиындықтарына жауап таба алады, яғни, түрлі мәселелердің шешілу жолын ақылмен байыптай алады.


Өмірде кемшіліксіз жандар сирек. Келін болу да, ене болу да оңай емес. Бұл этноәлеуметтік рөлдердің өз қиыншылығы бар. Бұл жерде мінезінде кемшіліктері бар енелерді мысалға алдық, оған үлкендер ренжімес. Мінездің кемшілігі әркімдерде де болады. Мұндай енелер өмірде болуы да, болмауы да мүмкін, біз тек мысал үшін алдық.
Енеге жақсы келін болып тіл табысу, ұрыс-керіссіз бір шаңырақтың астында тұру сіздердің қолдарыңыздан келеді. Топ болып оң шешімін табатындай жұмыс істейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет