РЕФЛЕКСИЯ немесе КЕРІ БАЙЛАНЫС:
Аталмыш тіркес арқылы сабаққа қатысты пікірлеріңізді білдірсеңіздер.
Модератор:
Қызымыз қылықты, ұлымыз ұлықты болсын!
Ұлттың ұрпақ тәрбиесіне атсалыса берейік!
Қош, сау болыңыздар!
ЖЕҢГЕЛЕР МЕКТЕБІ
Сабақтың тақырыбы: Мұны қыздар білуге тиіс...
(интерактивті сабақ)
Қыз аттаған келін боп, ақ босаға,
Ақ босаға, мерейлі бас босаға.
Қасиетті халқымның дәстүріне,
Куә болып ғасырлар жатты осы ара.
(С. Желдербаева)
Сабақтың мақсаты: қазақтың дәстүрлі отбасындағы тәрбиеге ықпалды жеңгелер мектебінің жұмысын келіндердің педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы қыз баланың тәрбиелеудің этнопедагогикалық мүмкіндіктерін пайдалану.
Міндеттері:
жеңгенің отбасында қыз баланың қамқоры екендігін түсіндіру;
жеңгенің отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтаушы ретінде рөлін ашу;
қазақтың салт-дәстүрін сақтаудағы келіннің рөлін ашу арқылы қыз балаларды болашақ өмірге даярлауда тәрбие берудегі үлгісін нақты мысалдармен ашу.
Көрнекілігі: залда қазақ тіліндегі әндер беріліп, қыз бала тәрбиесіне қатысты, келін-жеңге рөлін ашуға қатысты мақал-мәтелдер экраннан ретімен шығып тұрады.
Жазира Байырбекованың орындауындағы «Ақ босаға» (сөзі: Сәнімкүл. Желдербаева, әні: Мұхамеджан Рүстемов) әні тыңдауға ұсынылады.
https://matinder.kz/song/zhazira-bayyrbekova/kazaktyn-kelinderi-ay
«Ұлтыңды сақтаймыз десең, қызыңды тәрбиеле»
«Есті қыз екі елдің туын ұстайды»
«Қыз баланың тілегі – тәңірден, қызыл дәннің барар жері – диірмен»
«Ақылды туған қыз бала, батыр туған ұлмен тең»
«Жақсы келін құрдасыңдай болар, жақсы ұлың сырласыңдай болар» т.б.
Сұрақтар:
Жеңгелер деген кім және оның қыз бала тәрбиесінде орны бар ма?
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауда жеңгенің не келіннің рөлі қаншалықты?
Ұлттық, отбасылық құндылықтарды сақтап, отбасындағы салт-дәстүрді сақтаудағы ісімен үлгі бола ма?
Қыз баланы болашақ өмірге даярлау мәселесі маңызды ма?
Достарыңызбен бөлісу: |