Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН



бет26/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

1-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
2 САБАҚ
Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу


Сабақтың мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. ата-аналарды отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы орта құруға ынталандыру;
2. баланың мектепке бейімделуінің мәні мен ерекшеліктерімен таныстыру;
3. бастауыш сынып оқушыларының танымдық дағдыларының ерекшеліктерімен таныстыру;
4. баланың танымдық дағдыларын дамыту үшін диагностиканы, тренингтерді, жаттығуларды практикада қолдану дағдыларын дамыту.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Ынтымақтастық, ата-ана борышы, құрмет, жаңалық, білмекке құмарлық, креативтілік, прагматизм, эвристикалық, еркіндік.


Жоспар,
I. Сәлемдесу. Сабақтың мақсаты мен міндеттері.
II. Негізгі бөлігі.
1. Баланың жеке басын дамыту үшін мектепке бейімделуінің маңыздылығы (физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік).
a) Бейімделу түрлері.
b) Ата-аналардың сабаққа бейімделу деңгейін диагностикалау.
c) Балаларды диагностикалау бойынша ұсыныстар.
2. Баланың когнитивтік дағдыларын дамытудағы ата-ананың рөлі.
a) Ата-аналардың когнитивтік (танымдық) қабілеттерінің даму деңгейін диагностикалау.
b) Бастауыш сынып оқушыларындағы когнитивтік дағдылардың ерекшеліктері.
c) Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасауын дамытуға арналған тренингтер бойынша ұсыныс.
3. Проблемалық ахуал «Үй тапсырмасын орындау».
a) бейнероликті қарау;
b) сұрақтарды топтарда талқылау;
c) аудиторияда талқылау және чек-парағын әзірлеу.
III. Қорытынды. Қорытындылау, рефлексия.
Күтілетін нәтижелер
Соңында ата-ана мыналарды жасай алатын болады:

  1. Отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы ортаны құруды;

  2. Оның тұлғасын дамыту үшін баланың мектепке бейімделуі кезінде өзінің рөлін сезінуді;

  3. Бастауыш сынып оқушыларының когнитивтік дағдыларының ерекшеліктерін ажырата білуді;

  4. Балада танымдық дағдыларды дамыту үшін диагностиканы, тренингтерді, жаттығуларды іс жүзінде пайдалану дағдыларын меңгеретін болады.

  5. Сабақтың ұзақтығы – 60 мин.




Уақыты

Мазмұны

Ресурстар

2 мин

Сәлеметсіздер ме, құрметті достар!
Ата-аналарды қолдау орталығындағы сабақтар – ата-аналардың өміріндегі жаңа кезең. Сіздер де балаларыңыз сияқты оқуды енді бастадыңыздар. Бұл сіздердің екінші сабақтарыңыз және бүгін сіздерден сұрағым келеді: сіздер сүйсініп оқисыздар ма?



1-слайд

5 мин

Сіздер қазір «бірінші сынып оқушыларысыздар» және сіздерде де бейімделу кезеңі өтіп жатыр. Бүгін сіздерді үлгі ретінде алып, мен сіздердің балаларыңыз сезінетін эмоциялар мен сезімдерді бастан өткеруді ұсынғым келеді.

Ата-аналармен Орталықтағы сабақтардан не сезінгендерін (қиындықтарын, қорқыныштарын) талқылау:


3-Слайд.
- бүгін сабаққа келу үшін қандай қиындықтарды жеңуге тура келді?
- бірінші сабақта қандай сезімде болдыңыздар?
- сіздерде қандай қорқыныш болды?

Ата-аналар атайтын қиындықтарды флипчартқа бейімделу түрлеріне бөліп: физикалық, әлеуметтік, психологиялық, 3 бағанға жазу. Барлық жауаптар жазылғаннан кейін сәйкесінше тақырыптарын жазу: ФИЗИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ


4-Слайд. Бейімделу – маңыздылығы бірдей үш компоненттен тұратын кешен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет