Физиологиялық бейімделу баланың біртіндеп мектеп жүктемесіне машықтанып, үйренгенін білдіреді. Бірінші сынып оқушыларының көпшілігіне динамикалық жүктемеден статикалық жүктемеге ауысу оңай емес. Оқушыға 30-45 минут сабақта тыныш отыру, арқасын тік ұстау, мұғалімді тыңдау, тапсырмаларды орындау міндеті қойылады. Мұның бәрі физиологиялық дайындықтың жоғары деңгейін талап етеді. Осындай режімге ауысу үшін баланың ағзасына уақыт қажет. Оқу жылының басында бірінші сынып оқушылары жиі ауырады, өйткені олардың ағзасы физиологиялық бейімделудің қиын міндетін жеңе алмайды.
Әлеуметтік бейімделу баланың тыңдау, мұғалімнің сөздеріне барабар жауап қайтару, тапсырмаларды өз бетінше орындау ептіліктерінің болуын болжайды. Ол мектеп өмірінің талаптары мен ережелерін түсінуге, мұғалімнің беделін мойындауға, құрдастарымен қарым-қатынас орнатуға үйренеді.
Психологиялық бейімделу. Бұған баланың оқуға деген ұмтылысы, өзінің оқушы ретіндегі ұстанымын қабылдауы, психологиялық жетілудің жоғары деңгейі жатады. Оқуға деген көңіл-күй, мектеп түрткісі, білім алуға дайын болу, күйзеліске төзімділік – мұның бәрін бала психологиялық бейімделу барысында алады.
|
2-слайд
3-слайд
Флипчарт, маркер
тақта, бор
Ата-аналар айтады, оқытушы тақтаға, флипчартқа жазады
4-Слайд
|
5 мин
|
Сіздердің біздің сабақтарымызда білім алуға қаншалықты дайын екендіктеріңізді тексеріп көрейік. Мына сауалнаманың сұрақтарына жауап беруді сұраймын.
Ата-аналарды дайындық деңгейлеріне қарай диагностикалау
5-Слайд. Нәтижелерді талдау: Әр «а» жаубы үшін 3 ұпай беріледі, «б» - 1 ұпай, «в» - 0 ұпай.
Максималды баға – 30 ұпай. Ұпай неғұрлым жоғары болса, түрткі де жоғары.
25-30 ұпай – түрткі, оқу белсенділігі жоғары;
20-24 ұпай – қалыпты түрткі;
15-19 ұпай – оқуға оң көзқарас, бірақ «Орталықтағы» оқудан тыс қарым-қатынас ретінде көбірек қызықтырады;
10-14 ұпай – түрткі төмен;
10-ұпай – сабақтарға көзқарасы теріс.
Сіздер өз нәтижелеріңізді көрдіңіздер және осыдан қорытынды шығаруларыңызға болады.
Диагностикалау бойынша баланың бейімделу деңгейін үйде анықтауды ұсынамын
Адам бала кезінен бастап білімге ұмтылады. Ол белгісізді игеруге, қол жетпейтін нәрсені түсінуге тырысады, жаңа, тыйым салынған және жабулы нәрсеге ұмтылады. Өмір бізге тым күрделі болып көрінбеуі үшін біз байып, дамып, тәжірибе жинағымыз келеді.
Ұлы ағартушы Абай Құнанбаев айтқан:
6-слайд. «Дана адамдардың сөзін жадына тоқып алған адам өзі де есті болып келеді»
Баланың мектепке баруы – бала үшін де, оның отбасы мүшелері үшін де үлкен жауапкершілік
"Бала бейімделуден қалай өтуі керек" бейнеролигін көру
|
Достарыңызбен бөлісу: |