Топтық жұмыс (үш топ)
1. Видеороликтегі сюжеттерді талқылаңыз.
2. Отбасылық дәстүрлердің маңыздылығын дәйектеңіз.
3. Отбасылық дәстүрлеріңізбен бөлісіңіз.
4. Ұсынылған отбасылық дәстүрлерді талқылаңыз.
№1 «Әкелер» тобына тапсырма – «Отбасылық кеңесте» талқылайтын сұрақтардың тізімін құрасытырыңыз.
№2 «Аналар» тобына тапсырма - Түскі ас не кеші ас уақытында, отбасы мүшелерін жұмысқа не мектепке шығарып салғанда, не күтіп алғанда қандай жақсы сөздерді қолданасыз. Тізімін жасаңыз.
№3 «Балалар» тобына тапсырма – Анаңызға не әкеңізге, не туыстарыңызға мерекеге арнап ашық хат жасаңыз.
Төменде көрсетілген кейстердің мазмұны туралы авторлық видеоролик.
№1 КЕЙС. Бір отбасылық дәстүрдің тарихы
Есеюдің барлық кезеңін қамтитын және ата-аналардың жазбалары бар отбасылық альбом құрастырыңыз (алғашқы қадамдар, алғашқы сөздер, мектептегі алғашқы күн туралы, т.б.).
«….Алты жасқа дейін орыс тілін түсінген жоқ. Оның екі жастағы «Папа каба» деп жиі айтатын сөзін біз «Папасының баласы» деп ұғып жүрдік. Бірақ «Кап-капай» деген сөзін соңына дейін түсінбей кеттік. Алты айлығынан бастап балам еңбектей бастады. Дегенмен, ол өте сақ болатын. Өзіне таныс емес заттарға тиіспейтін, бірінші жай ғана сипап көріп, кейін барып қолына алатын. Бір жасқа толғанда жүруге талпынды. Құлайтын, орнынан қай тұратын және келесі алты айда балам жүрмей, қырсығатынды шығарды. Бір күні кішкентай аяқ киім бәтеңке алып бердік. Соны киіп алған соң балам әрлі-берлі жүріп, қуанып жүгіріп кетті. Біз кербез, сәнқой бала болады деп жорыдық. Теледидардан берілетін бағдарламалардың музыкалық фонына ерекше қызығатын. Қайда жүрсе де теледидардан музыканың даусын естіп, теледидар алдына отыра қалатын. Тележүргізушінің даусын естіп, амандасқаннан кейін оң қолын көтеріп, сәлемдесетін.»
Қорытынды: Жасөспірімдік кезеңде балаға өзінің бала кезіндегі суреттері мен естеліктерін көрсетіп, оның есіне өзін қалай жақсы көргенін, қадір тұтқанан, қалай қорғаштағанын, қалай еркелеткенін салып отыру өте маңызды. «Құлыным сол, қарашы қандай нәзік сүйкімді бала болып өстің! Қалай сені әлпештеп үміттеп өсірдік!» Альбомды жасауға барлық отбасы мүшелері қатысады және альбом сонысымен құнды. Әлеуметтік желідегі не цифрлық платформадағы суреттердің дәл осындай құндылығы жоқ.
№ 2 КЕЙС
Қазіргі заманауи отбасыны нығайту үшін отбасылық хобби не отбасымен бірге бос уақытыңызды өткізудің маңызы зор. Хобби:
Коллекциялау – бұл классикалық хобби, оны әдетте отбасының біреуі жақсы көреді, бірақ сіз бұл хоббиді отбасылық дәстүрге ауыстыруыңызға тырысуға болады. Отбасыңыздағы барлық адамдарды не біріктіре алады, соны ойлап көріңіз - ашық хаттар, монеталар, ойын карталарының палубалары, қуыршақтар, қалайы сарбаздары, машиналар, қуыршақ миниатюрасы?..
Нумизматика XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Оның атасы Вена нумизматы И. И. Эккел, оның нумизматикалық зерттеулері тек тарихтың ежелгі кезеңіне қатысты. Бірте – бірте нумизматикада жеке бағыттар қалыптасты – ежелгі, Батыс Еуропа, Шығыс және т.б. Бұл үшінші сынып оқушысының керемет жобасы. Неге осы хоббиді отбасылық хоббиге айналдырмасқа?
Отбасылық дәстүрлердің нұсқалары туралы авторлық видеоролик: «Ең қызықты әрі жарқын жаңа жыл кімде болмақ?!» Жаңа жылды қарсы алудың, тілек тілеудің нұсқалары ұсынылған.
|