Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын!



жүктеу 4.02 Mb.
бет15/24
Дата17.06.2016
өлшемі4.02 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Құдайға деген сүйіспеншілікке (құрбандық, қасиетті жерлерді зиратау, тазару, тәубеге, шүкірлікке) көңіл бөлмейсіңдер. Біріншісін де істеп, екіншісін де қалдырмауларың дұрыс болар еді. Парызшылдар (намазхандар) сендер қасіретке қаласыңдар! Мәжілісханаларда (мешіттер, өлікті жерлеу т.б) төрде отыруды әрі базарларда (ақпарат тарату орындары, баспасөз беттері) қошеметеуді ұнатасыңдар. Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екі жүзділер сендер қасіретке қаласыңдар! Белгі қойылмаған молаларға ұқсайсыңдар жұрт олардың қабір екенін білмей үстімен жүріп арамданады.» (11 тарау 42-44 аяттар) Осындай жағдайдың қазақ елінде қаншама соғыстар мен аштық қырғындардан өткен кең байтақ жерімізде кез келген жерде қабірдің бар екені де даусыз. Пайғамбарымыз; «Мұсылман болған адам баласының 700-жылда соң өз ұрпақтарына жәрдем беруге ұлықсатын алады» деген өсиетінің үкімі жүріп, әулие-әмби, ел қорғаған батырлар, ғалымдар түгіл, қапайым өмір сүрген адам баласының да қабірлері нұрланып, егер ондай жерлер қоршалып, белгі қойылып құран арқылы тазартылып тұрмаса, адам баласының жапай табандарының, аяқтарының, тәндерінің арамданып, түрлі аурулардың тарайтынын ашық ескерткен. Бірақ арамыздан пайда болған ібілістің әскеріне айналаған сауатты аталған ел, дін басқарушы қауымдарымыздың сезімнің сыртқы әрекеттік бейнесі «түйсікті», шеріктерді теріс, керексіз бір күндік білім-ойлармен дамытып, енді ғалымдарымыз да, өнер, мәдениет және ел басқарушылары да тек сыртқы әсерлердің көмегіне жүгініп, түйсіктік білім арқылы ойлану үшін жалаңаш, жалаңбас жүргенді, арсыз әдеттерді әдемі «зайырлық», «бекзаттықтың», еркіндіктің бейнесі қылып заңмен қалыптастырып та үлгірді. Және әлем халқы да бұл жағдайды еркіндіктің туы қылып, енді қалыпты санайтын арсыздықтың, ұятсыздықтың заң арқылы «демократиялық», «гендірлік» теңдік заманында өмір сүріп жатқанымыз да даусыз. Сондықтан парыз қылған, сезімдік білімді діншілердің меңгеруімен, ал дінің екінші жағы тек түйсіктік білімен ғана пайымдау маңызды болуы ғылым-білімді меңгерген ел басқарушыларының, білімді сауатты аталған топтың кәсібі болып, діл білімін меңгеруге талаптанғандарды секта, азғындар деп атуды жөн көрдік. Ал енді кейбір сопылық дінді меңгеруші топтағылардың түйсіктік әрекеттерді меңгеру, білім ғылымен ілімді қосып ойлану әректінен және табиғы әсерлердің де сезімдік бейнелерін білмеуден, тек ішкі бес сезімдік қуатқа негізделген дін ұстанымы іліміздің қалыптасумен түрлі топтарға бөлініп, ал ең таза исламдық дін ұстанымыз Имам Ағзам масхабының өзі Құранды ашықтай теріске алумен сектаға айналып, құдыққа құлағанын мүлде аңғарар емес. Раббымыздан оқылатын шындықтан дәлел келтірсек; Бірда аян көрдім: Құдыққа төрт тең бума тасталыпты да, соты үкімі болып, енді бір бумасын шығарып. Қайта сотқа ақталуға ұсынып жатқандардың арасында жүр екенмін. Оянып кетіп төрт масхабтың да құдай үкімімен соталып, енді Имам Ағзам масхабын ақтап алуға қайта тазартыңдар деген пайғамбарымыздан келген аян, үкім деп жорыдым. Егерде дінің ортасын анық білімге, яғни Раббымыздан түсірілген кітаптарға, шындыққа иман келтіргендер болса, арамызда және пайғамбарымыздың; «Кім түсінде көрмегенді көрдім деген, хабар тартса, өзін тозаққа дайындай берсін» деген өсиетіне де сенім білдірсе, онда бұл бір ғана хабардан, аяннан ақылына лайық «Ман» қуатын, насихатын алары сөзсіз еді. Осындай Раббымыздан келетін аяттарды дұрыс жорып, іс-әрекетімізді соған байланысты қалыптастырсақ; ислам әлемі түгіл, бүкіл жер тұрғындарының дінінде бірленумен, өз ара келісім болып, күнәлі істердің білімінің айқын болуымен, соған қарай ар білімінің ортақ қағидалары қалыптасып, әділетті қоғам және түрлі апаттар мен шаруашылықтың күйреу толқынынан, сынақтардан да көп шығынсыз шығар едік. Әлем дін көш басшыларының ортақ мәмлеге келудің бірінші де шарты болып; «Үш ұйықтап түсіне алудың» ғылымы болған, ортақ діни заңымыз да пайда болар еді. Енді бұл жағдайдың хақиқаттығын дәлелдеу үшін де, тек жартушымыз тарапынан түсірілген ашық шындыққа ғана жүгінген абзал, сондықтан аятта; «Расында Дәуітке өз жанымыздан ізгілік бердік: «Әй таулар, құстар! Онымен бірге үн қосыңдар» дедік. Және темірді жұмсарттық. (10) «Кең сауыттар жаса, оны тоқығанда мөлшерле. Оң істеңдер. Әрине не істегендеріңді толық көрушімін.» (34-11) (45) Бұл аятпен Раббымыз адам тәніндегі темір ертіндісінің Алланы еске алумен құстар, таулар үнімін қосылып мақамға үнге айналып, жұмсарып буға айналуымен адам баласының ізгілікті істері арқылы оң бағытағы ақ сауытқа, жарыққа айналса, ал теріс бағытта қараңғылыққа айналуымен де адамзаттың негізгі кітабы, ар сауытының шамасы болатынын ескертеді. Егер сан ғылымынан, «инсанан» білімі барлардың адам баласының жалпы темірмен тәнде жүктелуі 34-жаста тоқтап, онан әрі қарай жинаған, сүйектерге де сіңірген темір буын жағып, қалған өміріне оны зейнет киіміне, керісінше 40-тан кейін, ет, сүйегінің тазарып салмағының азайуын қалыптастыратын, қызыл түсті, әйелдік, жандық тақ сандарды меңгерудің, тақуалықтың «ихсанын» меңгеруге тиісті екенін біліп және 11-санының да қандағы 11-жұлдыз темір буының алтынға,жарыққа айналуымен ерекшеленетінін білер еді. Және бұл аят жеке сандық мәні 45-болып, мизан таразыны, адам баласының ақирет кітабын көрсетіп ескертіп тұр. Егер теріс істермен бой сауыты тоқылса, онда кітап теріс жағынан беріледі, ал оң істермен тоқылса оң жақтан келеді. Сондықтан да; «Аяқ, қолдарыңнан, терілеріңнен сұраласыңдар» деп ескертуімене бірге; «Шын мәнінде тақуалар аман бір орында болады; (51) Бақшаларда бұлақтарда, (52) Жұқа қалың жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады.» (44-53) деген киімнің несібе, нығмет және тек осындай тақуалық бой киімін қалыптастыру арқылы ған Алла досына айналатынын ашық ескерткен. Сонымен негізінен тақуалық зейнет киімдерін қалыптастыру, түркілік дін ұстанымға жатып, оның негізі сөз ғылымының берілу қағидасы, құпия сөз астарын меңгеріп, тылсым арқылы барлық жартылыс себепшілерімен байланыста тұрып және оларды басқаруды меңгерудің дінің бір кітабы Зәбур арқылы толықтырылып, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымызға берілген абыздық қасиеттерді меңгеру, түрлі дауларға төрелік билік беру сияқты түркілік дін ұстанымыз, ар білімінің негізгі шарттары болып саналады. Дәуіт пайғамбарымыздың яғни Құлтегін бабамыздың тікелей ұрпағы болған, Укаша сахабаның осы хақиқат-ар кітабын Мұхаммед пайғамбарымызға апарып көрсетіп, таныстырғанда; Мұхаммед пайғамбарымыз; «Біз туылған мезгілден бұрын Ата жұрт Қазығұртта көрегендер келіп, ғұмырдың (ғұрып), ілімнің ізінің нұрын бізден бұрын біліпті. Сондықтанда, ілім Тектінің ұрпағына бізден бұрын «ізін» түсіріпті- деп толғаныпты. Және енді біздің арап танушы дін ғалымдарымыздың өтіріктерін әшкерелейтін бір жағдай, Мұхаммед пайғамбарымыздың Мәдине қаласына көшіп келіп, ислам діні кең тарала бастаған кезде, енді әйелдерге ормал тартуды парыз қылған аят түсіп, сонда әйелдер етектерін жыртып, бастарына орамал қылып тартқандарын ашық мойындаған тәпсір үгіттер бар. Сондықтан хижап дегеніміздің өзі түркілік кимешектің арапша үлгісі болып, ал мәсі мен шалбар киімдерінің өзі біздерден барғанын және оны кейінгі араптар қайта ғұрыптық әдеттерінен, салтынан шығарып тастағанын да біле бермейді. Мұндай кимнің ар сауытын Есік қаласынан табылған алтын адам болған; Ұлсай Емер анамыздың әйел затының ар сауытын көруге болады. Бұл жағдайдың масхаб ғалымдарының араптарға дін келгенде; «әлем жұрты да надандықта, қараңғылықта, дінсіз болды» дегенін, архиелогиялық біліміз мүлде өтікке шығарып тұрғаны даусыз. Сондықтан бірыңғай ыстық жерде өмір сүретіндердің мәсі және кимешек т.б тақуалық кимдерді дін үкімдерінсіз, аяндармен ескертусіз меңгеру мүлде мүмкін емес. Пайғамбарымыздың кезінде мәсі киіп, оны тұрақты әдетке айналдырудан аяққа мәсіх тарту қалыптасқанын және оны қазіргі таңда мүлде теріске алып, шұлық сыртынан мәсіх тартуға болмайтынын сондықтан, мәсі киімісіз тақуалықтың да болмайтынын да, тура жолы ғұмыр болып бекіген, осы шариғат тазалығының негізгі отаны болған біздер де ұмыта бастадық. Олай болса ғұмыр дегеніміздің өзі, бекіген дін істері болып шариғаттың яғни тән, рух, жан тазалығын сақтау, тазарту амалдарының қағидасы мен намаз орындау шарттары болып, әдет-ғұрып болып саналады. Сондықтан ғұмырлық ұстанымдар, әр халықтың үмметік еркшелігін білдіріп, біздердің шариғатымыз, масхабымыз арап елдерінен әлде қайда күрделі кең ауқымда және тарихат намаздарын да толық қамтып, қазақ елінде ғұмырлық салтынан, біртұтас дін дәстүрінен бөлек тарихаттық жол болу да мүмкін емес екені де сөзсіз. Ал енді мағрипат жолы Тәурат білімін меңгерумен, мүміндік қасиет болып саналса, онда жоғарыдағы Ғиса пайғамбарымыз ескерткен бірін істеп, екішісін Құдай ісін, тарихатымызды қалай бөлек намаз қылып аламыз? Қош шариғат, тариғат, мағрипатымыздың арасын ажыратуға болмайтын масхабымыз бар екені хақиқатығын дәлелдейтін әулие-әмбилеріміз бен кітаптары болса, онда мағрипатты яғни заманға байланысыты ілім, білімді меңгерумен, ақиқаттың жолы да ашылып 11-санды «Құт-аб» жолы болып, 11-сүр «Һұд» сүресімен және аятта; «Мұхаммед онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабалрының бұрынан табынғаны құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (11-109) деген Дәуіт, сүлеймен пайғамбарларымыздың сонау бабамыз Һұдтан бері келе жатқан дін істерін меңгерудің; «Алладан басқа тәңірлік жоқ» деген сипаттағы, исламға дейінгі де таза дін ұстанымыздың сүйегімізге сіңген «қармалық» әдет-ғұрыптарымыздың барлығын қалай бос ырым деп атаймыз? Егер Раббымыз аятпен ақиқатын көрсетіп және осындай сақ-түркілік ата-баба аруағына табыну арқылы меңгеруді пайғамбарымыздың; «Һұд сүресін меңгеремін дегенше шашым ағарды» деген өсиетінен де, сол заманда да тіпте сахабалардан да аруақ, зиярттау, табаннан, төбеден жеу заңдылығына үлкен қарсылық болып, оны түсіндіріп орындатуға үлкен сабырлықпен, қажыр, қайрат жұмсауға мәжбүр болған пайғамбарымыздың шашы ағарғаны да хақ. Бұл жағдайдың, Һұд сүресін меңгерудің, «мың өліп, мың тіріліп, шаштың ағаруын» түркілік ежелгі дін қағидаларының ғұрыпқа айналмау себебімен, тек сопылық ұстанымдар жүзінде ғана белгілі болғандықтан, пайғамбарымыздан кейін мүлде ұмыт болып және тек көрсеткен сыртқы бейнесі «Умра» қажылықтың, араптық сипатын ғана дәріптеумен аруақ заңдылығы, нәпсімен, шайтаныңмен күресіп, Алла жолында мал-жаныңмен соғысуға негізделген хаж ғылымының жоғалуымен; Абай атамыздың «Қызылбастан келген жол, имансыздыққа бастайды» деген ескертуінен қазіргі таңдағы масхаб дін ұстанатындардың әуелі ар білімін үйретпей, тек намаз оқумен «намазхан» яғни бойсыз, ой түземей тақуа-арлы аталу себептерінің білімін өздері де түсіндіре алмайтынын, осы жағдайда аяттың сандық тағлымы да хақиқатын растап тұрғаны даусыз. Енді барлық әлемге түсірілген сөздердің құпия түсініктері, үн арқылы арап тілінде, санмен белгіленіп жасырылғандықтан, ондай өзге тілге аударылумен ғана құпиясы ашылатын сөз атауларын да араптардан бастап пайда болған және қазақ елі негізінен сөздерді арап, парсылардан алған деп, жартушымызға тікелей қарсылық білдірумен, қазақ еліне мүлде пайғамбарлар, елшілер жіберілмей, сондықтан ұлттық сөз ғылымы, жаратылысқа, ғұмырға байланысты жан ахуалының философиясы да, діні қалыптаспай тек ислам діні араптарға келгенен кейін ғана дініміз, сөзіміз яғни ақылымыз жетілген, жансыздықтан, надандықтан құтылғанбыз деп түсіндіріп; Аллаға кітаптарына, пайғамбарларына, елшілеріне, Құранға күдіксіз серік қосып, ортақ қосушы зұлымдыққа түсушілер масхабшы парызшылдардың өзі болып табылады. Ал негізінен исламдық шариғат негізін қалаған негізгі сөздер атауларының философиялық түсінігі болған 5-ші Құран кітап «Ізбөрі» аталған, адамзаттың негізгі шежіресінің құранда көрсетілген «теріге жазылған кітаптың» мұрагері, кітап берілген тектілер ұрпағының мирасқорлары екенімізді мойындау былай тұрсын, арапқа ұқсай алмай қалудан артық арлылық, намыстылық жоқ дінші атаулыда. Негізінен Құран жалпы әлемдерге түсіріліп, дін істері, үмметтік тіршілік намаздары бекіген барлық діндердің үмметтердің басын қосу шарт. Сондықтан Мұхаммед пайғамбарымыз, енді барлық дін намаздарының төте қарапайым ортасын тауып, біріктіріп бірлеуді үйретуге келген соңғы пайғамбар болып, және пайғамбарымызға жеке берілген кітаптарға, аруақ шапағатына жалғану арқылы ғана заманына қарай діндерді бірлеу намазадарын жетілдіріп отыруға, арамыздан елшілер тағайындап, өзіндік үметтік тіл, сөз даналықтарын, философиялық көзқарастарды сақтау арқылы жақсылыққа бір-бірлеріңмен жарысыңдар деп бұйырған. Жалпы ар білімінің зейнетін табиғи ортаға, ықылым өзгерістері мен «Уақтық» қуаттарды меңгеруге, ар сауытын қалыптастырушы киім туралы және оның нығметі мен зейнеті туралы талай кітаптар жазуға болатын нақты деректер Құранда да, пайғамбарымыздың өсиеті мен әулие бабаларымыздың еңбегі де жеткілікті. Бұл несібені «Ар»-дың ақ сауыты, яғни адам баласының «жаннат үйі» болып, «Уақ» қуаттары қозғалыс дене мүшелері болып, ал көктің, жердің, екі аралық білімдердің себептік нәрселері (элементері) жанның азығы; «Ман» қуаттары оның, ішкі тектік сипаттары мен орталық басқарушы ағзасы, ақылы болып қалыптасады. Сондықтан адамзаттың «Ар-Маны» еркіндік және мәңгі өмір мен бақыт болса, оның сауыты-Ар, тәні-Ман, денесі-У+ ағаш Ақ-сары жарық болып зейнетеледі. Енді адамзаттың әуелі ар сауытын қалыптастыру үшін әрбір қоғамдағы істерді, қасиет, дүние қызықтарын, ақыл байлығын да т,б түрлі әрекеттердің арманы оң және теріс бағытта болып, дінің де негізгі мақсаты дұрыс армандай білуге, яғни түпкі нәтиже теріс ойларды, қарсылық қуатарды жеңіп, меңгеруге негізделген. Шәкәрім атамыз тақулықтың сырын ар сауытымен байланыстырып; «Білу қиын сырласпай біздің жайды, Көлеңкеге (кісілік тәндік бейнеге, киіммен қалыптасқан өріске емес) пішкен тон жараспайды. Адам үшін арымен ойламаған Жүксіз, ойсыз жүктімен санаспайды.» деп әуелі «Уақ» қуатарымен жүктеліп, аруақты қалыптастырмаған пендеде дұрыс ой арман да болмайды деп ескертсе; « ...Дін тазасын дінен ізде Дін шатағын сынға сал, Анық айна өзіңізде Айда ақылды қаттырақ. Шала дінді пәнде(білім түрлері) таппас Дін тазасын ой табар, Еркін ақыл тіпті адаспас, Кезсе кірсіз жарқырап..» деген өсиетпен, бой тазалығы ақыл еркіндігі, ойдың ұшқырлығын, арманның дұрыс қалыптасуын туындатады, ал оның айнасы сөзіңде деп түсіндіреді. «Ақылды сол-ынсап пен ар сақтайды, Арсыз сол-арамдықпен жан сақтайды. Адал сол-таза еңбекпен күнін көріп, Жаны үшін адамшылық ар сатпайды.» Ар қуатының ақирет азығы жартқанмен ортадағы сауда ақшасы екенін аталарымыздың; «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деген мақалын ескертеді. Жанның ақирете де, бұл дүние тіршілігіндегі де киімі дене болып, оны «Ар» сауыты деп атайтыны да; «...Анық қара; жан-өзің, дене киім, Мақтан бояу-денеге берген сиың. Жанға мұндай бояуың азық емес, Оған пайда не қылдың жалғыз тиын?» деген өсиетпен қазіргі таңдағы басты, аяқты қадірлемеген және он саулық байлықты, қолдағы аруақты дұрыс қалыптастырмаған келбетімізден ар сауытың арамданады деп; «Атадан қалған ақ сауыт, Арамға әбден былғанды. Басшысы(дін хазірет, сұлтаны) жоқ сорлы елдің Малы (аяғы) мен басы ылғанды,(жын суы-сары су) таспих тастап тас алып, Сәлде аяққа шұлғанды...Елеріп, еріп көп ел жүр, Білмейді құдай ұрғанды. Түпсіз жауға санайды Түзу жолға бұрғанды.» «Атадан қалған ақ сауыт» деп атамыз Тоны Көк білікті Қаһан- Жүніс пайғамбармен, Дәуіт пайғамбарымыздан бері келе жатқан ар білімінің шариғат деген сылтаумен өзгеріске түскенін ескертеді. Енді бұндай елірме жындылыққа да адам баласының Ар мен ман қуатын меңгерудегі, ар білімнің әлсіздігінен пайда болатын теріс Ман қуаттарын меңгерумен яғни дұрыс армандай білмеуден, қайғы-қасіретке соқтыратын рухани дағдарыстың салдарынан түрлі әлемдік шаруашылық дағдарыстарының, сынақтарының туындауына себеп те болады. Сондықтан ой қуаты арманымыздың да сипатын; «..Адамда санай берсең, көп арманда, «Мінсіз бақ, сансыз дәулет» деп арманда, Жанның бәрін жалмайтын күш не керек, Айлакеске алдайтын еп арманда. Ит пен қарға, шошқаға боқ арманда, Мергенге түзу мылтық, оқ арманда. Тамақсыз табысы жоқ кәріптерге Жалғыз күнгі тамақтың тоғы арманда. Жалаңашқа киімнің жоғы арманда, тоңғаға отын мене шоқ арманда. Талап қылса, табылар соның бәрі, Мал жаусын ба оларға жоғарыдан да. Жасты көксеп кемпір мен шал арманда, Өсіп үлкен бола алмай бала арманда, Еркектей еркін өмір сүрмедім деп, Әйелдер болады және арманда. Тамам жанға бақ пенен мал арманда, Ұрыға жүйрік аттың жалы арманда. Жердің жүзін жесе де көзі тоймай, Патшалар да болып жүр әлі арманда. Кербезге киімнің сәні арманда, Науқасқа жалғыз шыбын жаны арманда. Кек қуған кер, ызақор, күншілдерге Жұтаттын дұшпанының қаны арманда. Бағаласам адамның бәрі арманда, Санай берсем, табылар сан арман да. Өзі білмес, білгеннің тілін алмас, Анық ойлап қарасам, әне, арманда.» Аталарымыздың қарғыстың ең жаманы «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» деп ескерткен екен. Қазақ елі де осында енді Құдайдың да айтқанын, ақылын, түсірген белгісін, көрсеткен хикметері мен мұғжизасын да ескермей; «Елу елдің қатарына қосылсақ, мінсіз бақ, сансыз дәулет егісі болсақ» деген арманмен, Құдайдың лағнетіне, азабы мен тозақтық сынағынап топ-топ енетінімізді аңғарудан қалып, жалған арманмен ібіліс торына түсіргенін кім ескеріп, әділ заңдар шығарып, елін мұндай зұлымдықтан арашалайтын ерлер, рухани жетілген нағыз кемеңгерлер шығар ма екен арамыздан, дегендей ата жолдық біздерде армандамыз.

Ар білімінің мектебі немесе масхаб өмір мектебі ме?

Енді Абай атамызға жүгінсек ғашықтық, сүйіспеншілік, бауырмалдық, махаббат деген адамдық қасиеттердің бәрі жоғарыдағыдай имансыздыққа апартын арман емес, тәрбиемен, дұрыс біліммен және дін заңдылығына сәйкес армандай білудің сапасына және сол арманына жетуге талаптанудан пайда болған ерік күшіне, қайратқа жүгінгенде ғана мүмкін болады екен. Ондай да адам баласының жақсы-жаманды белгілі мақсат, мүдесіне жету үшін бағыталған іс әрекетерінің бәрі ар-білімінің шамасына намыстылығына тәуелді болмақ. Олай болса Ар-білімі дегеніміздің өзі армандай біліп және сол арманыңа жету мақсатындағы әрекеттердің көрнісі болып қалыптасады да және қандай өмір мектебінен, яғни тұрмыстық әдет-ғұрпын, заман талабына сай салт-дәстүрін меңгеруге, яғни иманының байлығына байланысты болады. Ал, иман- дегеніміздің өзі жақсылыққа қарай бағытталған әрекеттермен, істермен, ақыл-ой, сөзбен бейнелеген Арманның айнасы, жанның азығы, киімі, зейнеті және мақсатты арманның бейнелі жарықтық қуаты болып шығады. Бұрынғы замандарда барлық адам баласының ғұмыр мектебі болып, тек дін құлшылықтарының яғни намаздарын үйрену негізінде ғана дін мектебі болып аталып және бұл мектепте адамзатқа өмір сүру барысында керекті білім, ғылым, шаруашылық әдістерімен, өнердің барлық кәсіптік саларында меңгеріп шығуға болатын еді. Қазіргі заман шаруашылық та, өнеркәсіптік және түрлі білімдердің ілімін үйренуді дін жолының намаздары арқылы қамту мүлде мүмкін емес және ақылға да сиымсыз ұғым. Сондықтан бұл өмір мектебін енді адамзаттың түрлі саладағы білім-ғылым, кәсіптік, өнерлік мамандықтарын жетілдірумен, түрлі соған байланысты шаруашылық ұйымдармен және ұлттық тәрбие, ана тілінде негізінде жүргізілуге тиісті мектептердің бәрін ғұмыр мектебі деп атағанымыз жөн. Яғни адам баласының бүкіл тағдырының қалыптасуы мен оған қажетті ұстаздар да осы мектептер арқылы дайындалып, бұл біртұтас дініміздің негізгі тіршілік арқылы намаздарды орындауды үйретуші өмір мектебі болып саналады. Біздердің түркілік тарихи шежіремізде Һұд, Мәлік Сыдық, Салих, Ыбырайым, Ысқақ, Шұғайып, Жүніс, Мұса, Жақып, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлар тұсында бүкіл өмір мектебіміз тек тылсым арқылы басқарылуда болуымен көрнісін табады. Енді шаруашылық әдістерінің жетіліп, барлық ілімдердің білімдік пәндік саларының өзіндік сипаттарының пайда болуымен, адамзат дін-жанының білімділігінің жетілуімен де, біртұтас діни ғұмырлық тағдыр болып қалыптасып, оны ақирет және Раббымыздан заман өзгерістеріне қарай оқылып, көрсетіліп тұратын аяттары-аяндарын меңгеру арқылы ғана тазартып отырумен, адам баласының тағдырын белгілі бір жақсылық ізгілікті жағына қарай тәрбилеп және соған байланысты түсіріліп, көрсетіліп, сынақтар түрінде берілетін, тұрмыс жағдайында пайда болатын, түрлі қиындықтар мен сынақтарды жеңіп шығып бақытты өмір сүруге тәрбиелейтін, ғұмыр мектебіміздің қағидаларын тек дін жалбарыну, сиыну амалдарын меңгеру арқылы жетістікке жету мүмкін емес және мұндай пікір ақымақтық болып саналады. Бірақ бұрынғы біртұтас дін мектебі болған, білмдер мен ілімдер тәлімдері заманның жетілуіне байланысты көптеген жеке пәндерге бөлінумен біртұтас ілімдердің өзіндік білімдік сипаттағы мектебі бөлініп шықты. Ал, сәзжде, жаратқанға жалбарыну және ар-білімінің амалдарын үйрететін дін жолының мектебі, діни ілім болып, еншісін алумен екі түрлі көзқарастағы философиялық даналықтардың пайда болуын және өз ара үнемі пікірталастардың туындауын қалыптастырды. Сондықтан бұл енді дін жолының мектебі аталаған масхабымыз, адамзатқа бұйырылған құлшылық істерінің 3\1 ғана қамти алып, оны атқару үшін мешіттер және шіркеулер сияқты құлшылық орындарының қызметшілері, ұстаздары пайғамбарлар ізбасарлары имамдар, рухани әкелер болып саналады. Осы дін жолының мектебі болып халыққа пайдалы ілімді үйрету барысында түрлі ағымдар, топтардың өз ара бәсеке таласы пайда болып, адам баласына енді өз дінінің тазалығын сақтау, жанын тазарту үшін, рухани таңдау еріктілігі және діни ұстаным құқығы да беріліп қойған. Қазақ елі бойынша исламдық мүфтият масхаб ұстанымымыз ұлттық негіздегі осы дін жолының мектебі болып саналып, сондықтан олар өздерін әуелі масхаб-мектеб деп атайды. Енді масхабымыз діни жолымыздың мектебі деп мойындасақ; онда, діни философиялық нұрландырушы кітабы болып, мемлекет тұрғындарының барлық саладағы ғұмырлық өмір мектебінің де, яғни әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізбен барлық жағдайда халықпен бірге және сол мектебтердің ортасы және ақирет өмірімен ардағы керуен сарайы болып, 9-жолдың торабында және барлық өмір мектептерінің, ғылым, білім ордаларының ортасында ғана тұру керек еді. Енді шындығында біздің масхабымыздың барлық философиялық көзқарасы халықтың тұтастай мүдесіне сай және ақирет өмірі негізінен біздердің ата-аналарымыздың тағдыры, рухани шежіремізбен біртұтас болып және барлық заман оқиғаларының кітаптарына жалғануға, өткеннен өнеге ғибрат алып, алдағы болашақ ұрпақтарымызға жарқын өмір мектебінің біртұтас ізгілікті шаралар бағыты мен тарихи ар-білімізді заманға сай жетілдіріп, болашақтағы ұрпақтарымыздың тазартушы, нұрландырушы кітабын қалыптастыра алды ма? Немесе барлық ілімдер саласын бірлендірумен, жоғарыдағы баяндалған негізгі үш түрлі ілімдердің негізін қалап, яғни кәсіпке байланысты ілім, ілімге байланысты кәсіптер және қайрымдылық пен ата-бабалардан келе жатқан қисынды дәлелдерге байланысты; әдеттер мен ғұмырлық, тағдыр істерінің діни ілімі болып, барлық ілімен білімдердің ортасы 4-шісі болып түгелдеуші, ар-намыс, ұяттың ілімі, ар білімінің мектебі болып қалыптаса алды ма? Әрине таза ақылыңыз, естілігіңіз қалыпты болса, онда жоқ дейтініңізде сөзсіз. Олай болса ар білімінің негізі ғұмыр мектебі қандай болу керек?-деген сауал өзінен-өзі сұранып тұрғаны хақ.

Ғұмыр мектебі және ар білімінің негізгі шарттары мен парыздары.

Адам өмірі мен тіршілік ету барысында дін мектебінің орны қандай болу керек? Дін негізінен рухани қуат бұлағының негізгі, ақ бастауы болып, бүкіл адамзат тірішілігінің саналы өмір қағидаларын қамтып отыру керек. Адам балсының заман талабына сай қарекеттік, тұрмыстық қуаттарын меңгеру, кәсіптік ілімдер мен түрлі өнерлік кәсіптердің ілімін мегеру мектептері өздерін дінен бөлекпіз деп санағанымен негізінен осы негізгі рухани ақ бастаудан қуат күшін алып отырады. Бірақ енді жағдайда бұл ілімдердің бәрін діни құлшылық намаздарымен, сыйыну, сәзжде амалдарына теліп қойсақ, онда бір-біріне тек зиян тигізгенен басқа пайда болмасы да сөзсіз. Бірақ осы адам дүние тіршілігінің барлық саласын қамтитын ортақ ілім ар-білімі болып, әрбір мектептің өкілдері өз тарпынан осы білімді дамытуға, тазартуға үлестерін қосумен, ортақ мәміле ұстанымдары арқылы бірлікке келумен ғана, адам баласының жан-жақты және бақытты өмір сүруіне мүмкіндігі, және ішкі еркіндігімен сезім қуаттарының рухани жетілуімен, әрбірінің өз саласында жетістіктерге жетелейтін рухани күштің де жетілуі мен дарындылықтардың да жаңадан көздері бұлақтары ашылары да сөзсіз. Олай болса адам баласының бір мемлекет шек арасында өмір сүру ерекшелігімен өмір мектебінің негізгі шартары философиялық көзқарысын, сөз ілімін жетілдіретін, жан сырын (психологиясын), ден саулығын қорғайтын, әділ заңдар жүйесін, жарғыларыңда бағытын көрсетіп тұратын, жетілген ар білімінің ілімі ғана мектеб болып саналу керек. Сондықтан адам баласын белгілі бір жағдайда жақсылықтарға рухани жетістіктерге апаратын ілім, білім, кәсіп саларын діні жоқ немесе діннен бөлек деп айту да үлкен күнә және жаратқанға жала болып табылады. Ал мұндай жағдайда ондай пенделердің дінінің бар жоғын арлылық тарапынан ғана бағалану керек. Сонда ғана мұндай теріс ұғымдар күшін жойып, ойдың сөздің қуатының тұтастығы қалыптасады. Ал енді діншілердің мемлекеттен, ғылымнан, жалпы тіршіліктік өмір тәжірибесінен бөлектеніп, тек дін жолының құлшылығы арқылы ғана бақытты өмір сүріп, мәңгілік өмірге жетеміз деген де «утопия» яғни бос қияли арман, Шәкәрім атамыздың ескерткен имансыздық арманының екінші жұбы болып саналады. Сондықтан Мұхаммед пайғамбарымыз: «Орташа өмір сүріңдер. Дін жолына қатты беріліп кеткен адам да кейін өкініште қалады» (563-өсиет) деп ескерту себебінің өзі дін жолының да белгілі шектеулері мен өзіндік ар –білімінің шартары, яғни арманы да біртұтас болып, адам баласының өмір сүрген ортасымен және тарихи есінен бөлек болмауын меңзеп тұр. Сондықтан барлық тіршілігіміз, құлшылығымыз, тек бұрынғы надандық дәуірлерде өзінің жемісін берген масхаб білімімен және арап діни салттарымен, яғни шариғатымен ғана бақытты ғұмыр кешеміз деген пікір, тек ақымақтықты және адасуды ғана туындатады. Ал мұндай қиялдық жағдайға түсіп кетуден сақтану мақсатында және білімнің ескіріп, ар-білімінің әлсіреуінен пайда болғанда, тылсымнан кері рухани күштердің ықпалында кететін діни құлшылықтарынан бас тартқан жағдайда да, яғни дін жолынан мемлекетіміз бөлек деген де, мұндай ой-арманның да соңы үлкен қайғы –қасіретпен аяқталары да даусыз. Және қазіргі таңдағы әлем дін тәжірибесінен айқын білініп, бұл әлемдік қияли философиялық арманның жетегінде кетудің ықпалынан қазақ елі де аман қалған жоқ. Осындай жағдайда әлем діндеріне үлгі қылып және барлық ілімдердің басын біріктіріп, ортақ бір арнада пәтуға келуге жаратқанан жәрдем келіп, адам баласының заманына қарай, адамзаттың дұрыс армандарын бір арнада тоғыстыратын, ар білімін жетілдіруге тылсымнан келетін хабарларды жариялауға, белгілі бір халықтың ішінен елшілер шығып, соған байланысты ескірген, білімдер мектебі және дін мектептерінің адасқан армандарының да қарсылығын да туындатып, армандық, ақпартық негізде соғыстың болатынын барлық рухани негіздегі шежірелер мен тарихи оқиғалар кітаптары да растайды. Інжілден мысал берсек; «
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет