Ата-жолы, Ясауи баба көрсеткен елшіліктің жол-жобасы.
«Сөз айттым «Әзірет Әлі» «айдаһарсыз», Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз». Кәрілікті жамандап өлім тілеп, Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз...Арсыз, малсыз, ақылсыз шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой. Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қинамай қызыл тілді, кел, тіл ал, қой!..» «Махаббат- өмір көрк,і рас, Өлген соң, ол да үндемес. Махаббатсыз дүниедос-Хайуанға оны қосыңдар. Қызықтан өзге қалсаң бос, Қатының балаң досың бар. Жүрегі жұмсақ білген құл Шын дос таппай тыншымас. Пайда, мақтан-бәрі тұл, Доссыз ауыз тұшымас.» Абай атамыз сөз сырын, өмір мәнін, ақирет заңын меңгерумен нәпсіңді тізгіндеп, ақылдың кемелдігімен жын, мал, шайтанды жеңіп, сабырлықпен, тақуалықпен дұрыс қартая білуді ескертеді. Және махабатпен дос табу керек екені оның да екі түрі болып, әйел, балаң, қатының дүние досың болып, ал аузыңа сөз салып, сөзіңнің дәмін келтіретін нағыз досты тек жүректің жұмақтығымен, Аллаға нағыз құл болу арқылы ғана табасың деп ескертеді. Бұндай ақиретпен кездесу арқылы өзіңе пір айнымас дос табуды дініміздің жол-жобасы ғұмыр салтымыз болып қалыптастырған Ясауи бабамыздың ілімі болып, ата жолының негізгі мектебі болып саналады. Әулие-әмби болған аталарымыздың ұстанған дінінің негізгі шарты; Алланың-өзі деп тылсым құпия күштері, құдірет қолы екенін, хикметін көріп, сезінумен және олардың пайдалы, зиянды шектерімен адамның дүние тіршілік қажетіне пайдаланып жарата білу тәсілдерін меңгеруді ата жолының тәрбиесінің басты негізі болып саналады. Сондықтанда қазақта түрлі ырымдар, салтық, әдет-ғұрыптық жол-жоралғылар өзге халықтарда әлде қайда көп және нәтижесі де болғаны сөзсіз. Қазақ халқы кеңестік замандарда және одан да әрі түрлі тарихи оқиғалар өтпелі кезеңдерінде де діннің негізгі тамыры әдет-ғұрып, салт-дәстүрін сақтай білген әулие-әмилер үлгісінен тағлым алып, қиын-қыстау сынақ кедергілерден аман есен өте біліп, осындай арттарында мол байлықтың жер, су отан т,б құндылықтардың сақталуына да себеп болды. Бұндай құндылықтар тек дін арқылы ғана мұра болып сақталып, ал рухани қазынасынан айрылған елдер баяғыда жер беттерінен жоғалғанын ескерсек, қазақ халқы кеңес үкіметінде дінсіз болды деген жалған ұғым болып, дінсіз болды дегеніміз жансыз хайуан сияқты, пенделік шеріктерге айналып тіршілік етті деп түсіндіргенмен бірдей. Бұндай ұғымның пайда болуына рух пен жанның қарапайым білімін де түсінбейтін арап дін бөшектеушілерінің ойлап тапқан қитұрқы залымдығы деп түсінгеніміз абзал. Дінің рухын тазартуға негізделген жалбарыну шарттарының бірі болған, намаз оқу амалдарын жалпы көпшілік ұмытқанымен, сол кеңес үкіметінің кезінде ақсақалдарымыз, қарттарымыз өз қалдерінше негізінен рухани құндылықтарымыздың тіршілік бойынша намаздарын орындау қағидаларын мүлтіксіз сақтап, ұстанумен бірге ұрпақтарына өсиет қалдырғаны да хақ. Сондықтан жартушымыздың ескертуі бойынша егер кәпірлердің арасында бір мүмін адамы болса ол елді азапқа салушы емес. Енді құлшылық деген ұғымға тек намаз оқып, ораза ұстап, қажылыққа бару сияқты араптар елінен тән сиыну амалдары ғана кірмейді оған қоса тіршілік бойынша намаздарды орындау, ғылым-білімді меңгеру, халық денсаулығын сақтау, шипагерлік білімді жетілдіру, өнер, әдебиет шығармашылықтарын, сөз, тіл өнерін дамытумен бірге шаруашылық, кәсіптік намаздарды да орындаумен бірге, түрлі дүние тіршілігіндегі өмір базарындағы мұсылмандық адамгершілік қарыздарды жақсылық жағындағы барлық әрекеттер де діннің негізігі ірге тасы болып саналады да, ал оның қабырғасы әдет-ғұрыпттық сиыну амалдары да намаз орындау болып есептеледі. Енді қазақтың ата жолындағы ғұмырлық намаз орындау ерекшеліктернің тарихи негізін Раббымыздың кулігін білгіңіз келсе онда құранда Ғиса пайғамбарымызға түскен аятта; «Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар қылды» деді. (30) Сондай-ақ мені қайда болсам да құтты етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды» (19-31) Адам баласына берілетін, бақ болып қонатын «Құт-аб» қасиетінің яғни қызырлық қабілетті меңгеруші Ғиса пайғамбарымызға онымен бірге тіршілік бойынша намаздарды яғни мұсылмандық қарыздарды орындаулардың пайғамбарлық міндетті жаңа ілім әдістерін, ескерту нұсқауларын түсіргенін және де бұрыннан пайғамбарларға түсірілген нұсқаулардың жалғастырушы болған елшілік істердің де де міндеттелгенін ашық аятпен көрсетіп тұр. Олай болса жоба көрсету 18-мың ғаламнан белгі алумен діл білімнің негізі болған 19 және 91-сандар «Мариям» сүресі хабар алумен байланысты болмақ. Сондықтан Ғиса пайғамбарымыз бен інжіл аяттары арқылы, негізінен әлемдерге барлық үмметерге жобасын көрсетуші, пайғамбарлық қасиетті меңгеріп, сөз ғылымын жетілдіруші және Алла тарапынан түсірілген жаңадан аяттармен нұсқауларды, ақирет құпия сырларын оқушы сөз ұғымдарын және философиялық ғылымын жетілдіруші болып саналады да аятта; «Бесікте және ер жеткенде адамдарға сөйлейді. Әрі игілерден болады. (3-46) Мұхаммед пайхамбарымыздың; «Мүміндердің игі түсі пайғамбарлықтың 46-дан бірі.» деген астарлы өсиеті осы рухани пайғамбарлық қасиетті меңгеруді жолға шығуға жоба алуды ескерткен. Ал енді пайғамбарлық ескертуші болып саналып, енді оған қоса белгілі бір елшілік істерді істерді меңгеру пайғамбарлардың бір-бірінен дәрежелерінің артық, кемдігін көрсетеді. Сондықтан аятта Ғиса пайғамбарға берілген елшілік қасиеттерді аятта; «Алла (Т) оған кітапты, хикметті және Тәурат, Інжілді үйретеді.» (47) Бұл аятпен елшілік және пайғамбарлық қасиеттерді меңгеру «Ахмет» -деген тазартушы, шапағатшы сипатты әуелі Ғиса пайғамбарға беріліп, артынан оның екінші жұбын жалғастырушысы және пайғамбарлық қасиеттердің бәрінің басын біріктірген Мұхаммед пайғамбарымыздың 47-ші сүремен Құранда белгіленуі және «әрбір нәрсені жұбымен және парымен жараттым» деген жаратушымыздың ескертуін растап тұрғаны сөзсіз. Сондықтан масіз-Ахмет екеу болып; Ғиса пайғабарымыз бастың, көктік рухани қуаттардың тазартушы, ал Мұхаммед пайғамбарымыз жанға байланысты жер ана рухымен жалғануға негізделген аяқтың, істердің, мінездің тазартушысы болып саналады. Ал енді Ғиса пайғамбарымыздың елшілік істерімен, тіршілік бойынша намаз орындауының құлшылық, намаз сипаттарын және иманның толық қуатын меңгеруді аятта; «Сондай-ақ оны Израил ұрпақтарына елші (Мұса пайғамбарға берілген нұсқауларды да жалғастырушы, сондықтан да елші) қылады: «Шын мәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың бұйрығынша құс болады. Және Алланың бұйрығынша, анадан тума соқырды, алпесті жазып, өлікті тірілтемін әрі үйлеріңде не жеп нені қойғандарыңнан хабар беремін. Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үлгі бар. Егер иман келтірген болсаңдар». (3-49) Бұл аятпен Ғиса пайғамбарымыздың келтірген, көрсеткен хикметтері бұрынғы замандарда пайғамбарларға берілген мұғжизалар, кітаптар болып, ал пайғамбарлық қасиеттерді қайталап жалғастыру елшілік істерге жатып, қазақ жеріндегі күні кешеге дейін әулие бабаларымыз, бақсыларымыздың көрсеткен және емшілік істері осы иманның жоғарғы дәрежесі және дін ісі болып бекіген; көркем үлгісі екенін Раббымыз ашық ескертеді. Ал, өлікті тірілтіп, жан үйлеріңдегі күнәлық болмыстан хабар беру де тылсымнан аруақтар арқылы келетін бата мен, көріпкелдік, емшілік істермен және осы қасиеттерді меңгеруге кітап-аруақтарға жалғана білуді, қазақ дәстүріндегі «Аруақтың басын көтеру» ғұрыптық дін салтымыз, сопылықтың алғашқы сатысын тарихат деп аталтын өліктермен байланыс арқылы атқарылатын амалдардың Інжіл аяттарын, намаз орындай істерімен байланысты болмақ. Енді тарихаттық сопылық топтардың намаз оқумен, сақал қойып, сыртын түзеп құранды дұға тілектерді тек арап тілінде жатаумен және осындай сиапаттағы тек тілмен айтылатын зікір амалдарымен өздерін-өздері таихаттамыз деп тарихтан, ата бабаларынан хат, хабармен аманаттар алып, тарихтағы бос кеңістіктермен, жоғалған ұмытылған тарихи, діни құндылықтардың шындығын сұрыптап құранды, кітаптарды қорғамайтын қандай сопылық? Мысалға Ясауи бабамыздың көрсеткен, көрген хикметтерін білімге, ғылымға айналдыруды былай қойғанда, берідегі Пір Бекет атамыздың хикметті істерінің білім-ғылымын түсіндірген қайталап көрсетіп ілім жолын қалыптастырған бір де бір сопылық топтың бар екенін әзірге өз басым кездестіген жоқпын. Сол сияқты Нахшпанди тарихаты қазақтың дін ұстанымынан ең жақын топ боғанымен, Нахшпанди әулиенің істерін қайталаған, емшілік бақсылық тәсілдірін шәкірт болып жетілдірген, меңгерген топтың ұстаздары бар ма? Болған жағдайда нұрландыратын яғни сол тәсілдермен, бағытпен мыңдаған шәкірттерді, әулиелерді шығаруға болатын кітабы қайда? Ал құран арқылы енді Тәурат аяттары мен Мұса пайғамбарға берілген нұсқаулар, кітаптарды меңгерумен сопылықтың мағрипат саласын меңгеріп және ақиқатын көруге, меңгеруге құран арқылы Зәбурмен Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымызға берілген хикмет, мұғжизаларға, кітаптарға жалғанумен ғана және бүкіл жаратылыс жоғарғы жан әлемімен байланысты екенінде білгеніңіз абзал. Олай болса халыққа діннің кереметін, ақиқатқа көз жеткізетін хикметтермен, ғылымды меңгерудің, құпия аят сырларын көрсететін және кітаптар алып хазіретік Ахметтік, мұғжизаға қожалыққа Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жер есіктері арқылы аяқты ағартып, жалғанып белгі алмаған қандай сопылық, ғалымдық? Жолға шығу үшін аяқ таза болып, мөр түсумен ғана мағрипаттық жолды (тәурат нұсқауларын) меңгерумен және ақиқатқа да жетіп хикметер алып, түрлі кереметтер көрсеткен елшілік істерді, пайғамбарлық қасиеттерді меңгерген әулиелер болғанын; «Ұлылардан ұлағат» атты 1-кітаптың тарауында Мұхаммед пайғамбарымызға Укаша сахабаның бастауымен, қыпшақтардан құралған әскерлерді бастап барып, мүшкіріктермен болған алғашқы дін соғысында-ақ «Ізбөрі-Бестаңба» атты қазақтың шежіре кітабының көшірмесін апарып көрсеткенде; «Біз туылған мезгілден бұрын Ата жұрт Қазығұртта көрегендер келіп, ғұмырдың (ғұрып), ілімнің ізінің нұрын бізден бұрын біліпті. Сондықтанда, ілім Тектінің ұрпағына бізден бұрын «ізін» түсіріпті!»- деп толғаныпты. Оған себеп жаратушымыздың Құранда берген мына аяты да дәлел болмақ; «Ол қауымды (Тектілерді) іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында оларда сендер күйзелгендей күйзелуде (кәпірлермен үнемі соғыста). Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпеген (тура жол, сыбаға, сопылық жол) үміт етесіңдер. (Босқа әуреленбей, солардан үйреніңдер!) Алла тағала толық білуші, хикмет иесі.» (Ниса-104) (14;5) Осындай құран философиясына терең үңіліп зерттей білген қарапайым қазақ баласына, қазақтың Адам атадан бері жалғасты келе жатқан ата жолы, әдет-ғұрпы болып дін намазына айналған және осыған байланысты Құранда ашық аяттармен берілген өліктерді қалай тірілтіп және қандай жағдайда, дәрежеде сөйлеп хабар келетінін, астарлы ғылымын да көрсеткен жүздеген аяттарды кездестіруге болады. Өліктердің тірілуі түрлі жағдайдағы тәндік, рухани денелік, жандық болып 3-түрлі сипатта болатынын да ескертеді. Бұл ата-жолының басты қағидасы болып, осындай иманның шариғаттан жоғары тарихаттың сатысына жататын дәрежелерін меңгеру үшін хаж намаздарын, негізінен масхаб дін ғалымдарының 5-ші парызға айналдырумен, оны тек «Қажылық»-деп тек «умра»-кіші қажылық арқылы арап елдеріне ғана зияраттау әрекетінен тура жолдың қисығына түсіп алған. Біздің масхабтық біліміз бойынша хаж сүресінің Алла жолында күресуге арналған Ыбырайым жолының итман келтіру қағидаларының тек бір-екі аятын ған алуымен қалған 74-аятын мүлде санатан шығарып білімін де теріске шығарады. Ал Ыбырай жолының негізі де кіндік қаны тамған жер-дінімен, жер ана рухымен байласу арқылы әуелі «Хаж» амалдарын меңгеру және тірішілік бойынша намаздарды, аманаттарды орындау арқылы Алла жолында мал (рух)- (дін ділі)жаныңмен соғысып, артық хайыр жасап тазару арқылы ғана намаз оқып тақуалықты, әулиелікті, елшілікті меңгеру арқылы ғана Қажылықпен бекітіп отыру керек. Сондықтан да Қажылықтың парыз болмай тек Раббымыздың ескертуімен, Ыбырайым пайғамбарымыздың шақыруымен және тек намаздарды, рүкуғ (тізерлеп отырып құлшылық жасау) амалдарын толық орындаған жағдайда ғана әрбір пенденің пайғамбар жасына жетіп барып, орындайтын амал екенін Мұхаммед пайғамбарымыз да ашық көрсетіп, үлгі қылып кеткен. Енді біз негізінен пайғамбарымыздан емес, керісінше сол уақытта өздеріне жеңілдік берілген сахабалардың өсиетінен үлгі алып, сондықтан да қажылықты парыз деп мына аятқа ашық қарсы шығамыз; «Әй мүміндер! Егер айқындалса(ғылымы берілсе) сендерге жаман болатын нәрсені сұрамаңдар. Құран түсірілгенде оны сұрасаңдар білдіретін еді, Алла оны кешті. Алла аса жарылқаушы, өте жұмсақ.» (5-101) (106) деген ескертумен қажылықты парыз қылудан, мұсылман түгіл, мүміндерді де босатып және әрбіріңе замнға қарай аяттардың өзгеуімен байланысты «Жол-жоба түсіремін» деп ескерткен. Ал енді ойдан шығарған мұсылмандық 5-парызбен төрт құбылаң түгелденіп, жан, рух сүннеттеледі, жаннатық тақуалыққа жетуге болады, сонымен ағарасыңдар деген исламның бұл ұстанымы негізсіз және Құран философиясына да қайшы. Оған себеп барлық нәрсе түр түстен белгіленіп, меңгеретін негізгі қуаттардың өзі 8-бен көрсетіліп, Раббымыздың ғаршысын (қуатын) да 8-періште үстіне көтеретін болса және адамзатқа берілген көктік несібе жолдың саны 7-еумен белгіленіп, ал күнәдан ақталу 9-бен көрсетіліп, сол сияқты жалбарынудың негізгі белгісі, құранның анасы деп аталтын Фатиха да 7-аятпен беріліп, енді ағару үшін 7-түрдің ішіндегі ақты көбейтумен ғана нәтижеленсе, сол сияқт 5-ші парызға саналатын қағба текшенің де жақтары 6-мен беріліп, қырлар саны да 12-мен көрсетілсе және «...Сақ болыңдар, билік Оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрігі.» (6-62) деген аяттың өзінің екілік жүйедегі қимасы тек жұп сандардан (8;68;14;)құралып, « бес кісінің алтыншысы Алла..» (58-7) Және жан сырының негізгі хақтық кітабы Аруақта 7-санынан тұрып, пайғамбарымыз: «Мен негізінен 7-сүйекпен сәзжде жасауға бұйырылдым» деп, жеті түрлі сәзжделік жалбарыну намаз орындауларының керектігін ишарамен, астарлы түрде өсиет етсе, сонда 5-пен толатын, теңелетін қандай құлшылық, қандай иман ағашы? Иманның да екі түрлі жолы болып 60 және 70-бұтақтан тұратынын пайғамбарымыз ескертіп кетсе? Және оның 60-бұтақты шартарын ғана арап еліне көрсетумен шариғаты қалыптасып, ал 70-бұтақты иман дәрежесінің шариғаты да масхабы да жетілген болу керек екенін және 60-санының рухани негізде жетілу болып; 70-санды иманның жандық негізде толық аруақтың қалыптасумен болып, ал екеуін біріктіру үшін сопылық жолдардың тақуалық шартарын қосу міндетті болмақ. Ал егер бұл толық иманның 130-дәрежесін тек бес парызбен орындауға болады десек, онда адам баласында бес саусақпен жартқан қолдың да оң, солы болып, Алла тағалада адамзатқа түсіретін, меңгеруге тиіс тек бес қуат қана бар деген болып, бестің жұбы, пары оң солы болмайды деген болып саналмай ма? Және пайғамбарымызда тура жолдың намаз оқуының өзін ғана 5-ке түнгі нәпілдерді қосып, 7-ге, күндізгі нәпіл намаз оқуларымен 8-ге толтырып кеткен емес пе? Сондықтан мұсылманның бес парызы дегенің өзі Алла тағала көрсеткен біліміне аяттарына жала жауып, ортақ қосудың үлкені болып шықпай ма? Осы жағдайдан барып «Бес парыз намаз оқу» деген сөзбен, көптеген діни топтар «Парыз» дегенге пайғамбар сүннеттері де, мұсқаф, уәжіптер кірмейді деген тәпсірмен, намаз оқудың тек парызын оқып, сүнетіне келгенде мешітерде тұрып шығып кетіп, пайғамбарға ашық қарсы келумен де өздерінше топтарға бөлініп, ислам дінінің бөлшектенуіне себеп болған. Енді біздің қазақ елінде әлі жүздеген мешіттерде масхабшылар арасында да намаздардан кейін, «рүкуғ» намазын орындаудан яғни ата-баба рухына құран бағыштап, Аллаға зікір айту, еске алудан бас тартады. Әзірше оқырман Құранның Халифа Алтай атамыздың аудармасын зертеп, философиялық түсінігіңізді тексеріп көріңізде «Мұсылманның бес парызы» деген қателіктің қайдан пайда болғанын неге бұндай адасуды масхаб дін ғалымдары ескермейтінін іздеп көріңіз. Алдағы 7-ші кітапта бұдан да зор хазірет, шейх, теолог, психолог және дін ғалымдарының Құранды қалай теріске алып, бүкіл ислам елдерін адастырғанын, жындардың жан ғылымын да түсінбей, мазақтаумен өздерінің де жүректері мөрленгенін ашып көрсетеміз. Осындай құпия аяттарды толық зерттеген Абай атамыз қажылыққа дейін орындайтын сан алуан жүктелумен орындайтын аманатталған қарыздардың бар екенін ескертіп; «Ақыл бітпес дәулетке, Дәулет бітпес келбетке. Болымсыз қулық тойымсыз Болады балаң жергөкте. Ішімен жау боп, сыртымен Кім тояр қылған құрметке? Кеңшілікте туған жоқ Шықсын деген жел бетке. Тарлықта қанша тайпалса, Қадірі болмас, әлбетте... Қызық пенен тыныштыққа қазақ тұрмас тұрықтап.. Түзу бол деген кісіге Түзу келмес ырықтап..Кейбірі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз. Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап, Өтеген қашан ол қарыз?..» деген насихатпен және 91-ші санмен 19;91 «Мариям», «Шәміс» сүрелерімен «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» әуелі іштегіңмен (Ар; Ман; Уақ қуаттарымен) дос болып, қолыңды, аруағыңды кез келген пірге тапсырмай жаратушы иеңе қайтарып барып, 91-сүремен тақуалықты, 19-сүремен ішіңдегі тіл үйлерін (шайтанды) тазартып, көкке жібіңді яғни тілегіңді жалғау үшін, қолың қысқа сараң болмай және сөз өнері абыздықты меңгеру, сөз астарын түсініп, философиялық дарындылығың жетілмей, адамгершілік толық мұсымандық иманды меңгермей қандай қажылық? деп ескертеді. Енді масхаб ғалымдарының ең бір қателігі жеке аяттардың соңына түсумен сүрелердің негізгі философиялық мәнін ескермейді. Сондықтан да 5-ші сүре осы бесінші парыз мұсылмандық қарыздарды өтеу шарттары, нұсқаулары болып саналады. Ал тәубені меңгеру үшін тағы 3-парызды да меңгеру керек және тәубе сүресін де 3-дәрежесін 29 аяттық белгісін меңгермей қалай қажылыққа ұялмай баруға болады? Ал қажылыққа байланысыты; «Хаж» сүресіндегі 28;29 сандарымен айқын белгіленгенінің өзі «Жын» сүресіне қатысты үлкен ғылымдық белгі. Бесінші сүренің насихаты қазіргі таңдағы ата-жолының негізгі шарттары және 6-сүре осы жаңадан түскен аяттарды елшілік істерді меңгеру, өліктермен тілдесу, хикметтерді түсініп Алла жолында соғысу қағидасы болып саналады. Сондықтан бұл жағдайды аталарымыздың қалдырған нақылы «Бесті бересің, алтыны аласың» деген жан ғылымының басты қағида шарты болып саналады. Енді қарапайым сөз ұғымының ғылымынан жүгінсек «Парыз» сөз бір рет қана орындалатын намаз амалына қолданылмайды. Егер парыз болса, онда белгілі уақыттарда, мезгілдерде немесе жағдайларда үнемі көрге кіргенше міндетті түрде қайталанып отыратын намаздарды ескертеді. «Ата-Анаға қарайласуды парыз қылдық» деген аятты «Қажылық парыз» деген ұғымен өлшесек, онда өміріңде бір рет қана ата-анаңа жақсылық жасап немесе бір рет қана зекет төлеп т,б осындай істерді ата-анамызға бір рет қана жәрдем берсек, жаннаттық болып, немесе сопы, хазірет аталуға жеткілікті болып табылады. Құран адам баласының ойдан шығарған сөзі емес және осындай қате пікірлерден әрбір аяттың, сөздің қуаты міндетті түрде сақталу үшін орындалу шартарын, орнын арнаулы сүрелермен бекіткен және қандай қағидалармен бірге орындалу керек екенін білдіру үшін 3, 5, 2-ші сүрелер ішінде сандық қуаттық мәндері көрсетіп дәрежелерін де белгілеп қойған. Ал құранды зертеушілердің білмейтін бір қателіктері «Хатте» құпия жан ғылымының сүрелер мен аяттар арсындағы тізбек немесе диван құру тәсілі болып табылады. Сондықтан осындай құпия сызықтың білімге негізделген 3-сүредегі 97-ші аятпен адам баласының кісілік қажылығы яғни түсінде аян, уахи арқылы «Насырлық» маңдайдағы жан періштесін көкпен жалғау арқылы жасалатын қажылық болса, ал 5-ші сүре рухыңды тазарту барысындағы хаж (қажылық емес) болса 22-сүреде Хаж арқылы 29-сандық қуатты толтыру және пайғамбар намазы болған 92-санды кітаптың білімі, өсиеттер негізінде орындалатын толық қажылықтың сипатын көрсетеді. Ендігі жоғарыдағы дінтанушы Бейбіт мырзаның және бүткіл арапшыл, масхабшыл діншілердің әулие бастарынан кәпір жын кіреді, «шерік қосылады» деген пікірдің өзі қайдан және ислам дінінің түсуімен бірге пайда болған ұғымның арап халқының арасында сол кезде ақ; «Күн ыстықта ондай олжа алмайтын, нәпсіңмен соғысуға бармаймыз және ол жерде бұзық ел болған сондықтан рухтарымен жүктелеміз» деген пікірі сонау Мұса пайғамбарымыздан бері жалғасты келе жатқан ұғым болып және ондай пенделердің аруағы ақирет өмірінде 40-жылға дейін тазара алмай қаңғуда жүретінін ашық ескерткен Раббымыз. Бұндай ұғым «Жүректердің быт-шыт болуы» және «кәпір жын» деп мазақтаған нәрселеріңді жүректеріңе кіргіземін-деген ескертумен, арап елінің жаппай осындай жындылыққа ұшырау себебінен және «Ар»-білімі жетілмегендіктен «Ман» қуаттарының әлсіреп, Арына Мандары қосылмай немесе жандарына сәйкес келмей, тек намаз оқумен рухтарын тазартқанмен, көк есігі ашылмай дұғалары армандарына көтеріліп жетпегендіктен, отандарының отқа оранып жатқанын көрсетеді. Әулие бабаларымыздың арманы жартушымызға жетіп, біздей ұрпақтарының «Ар»-білімін меңгеруге үкім түсіп Құранда көместің кілтін сүйген құлына Алла Тағала береді деген аяттың үкімінің орындалуымен, Ата жолының жетекшісі Ақ ұлға елшілік ісінің қандай және кім арқылы берілгенің құпия сырын өзінің өлең-жыр кітабында өзі баяндап, көрсетіп кетіпті. Ал бұндай әлемнің қолы жетпей жүрген адамзаттың асыл арманы «Ар» білімін нұсқауларының, әулиелер аруақтары арқылы кез келген пендесіне, қыдыр болып келіп, әулие-әмбилер арқылы бата болып шашылуын, қазақ еліне ашықтай берілген мұғжизаның Ата жолының заманға сай ашық білінген жол-жобасын ғалымдар, діншілер тарапынан мойындалмай ел басшыларының ашық Құдайға жала қойған шешімдерімен елімізіге екі жүзділікке түсетін жылынан екі рет берілетін үлкен ескерту табиғи жартылыстық сынақтардың, от, су, дер апаттарымен бүлікшілік, рухани сынақтарының дін содырлығының, көптеген жекелей ел тұрғындарына келген азап, ескетулерге және ата жол салт дәстүрлі дінімізді тура жолдың ақ бастауын халыққа қорқынышты етіп көрсетуіне себепші болған барлық іс басында тұрған ел, сөз басшыларына көп ұзамай жүктеліп, төбесінен, табанынан азаптар келіп, кейбіреулерінің жан ашитынын, жақыны мен ұрпақтарын құрбандыққа алынумен, немесе бұл өмірмен қош айтыса бастайтын қиямет мезгілінің үкімдерінің орындала бастауы да таяп қалды. Сондықтан 6-шы кітаптың аруақ заңдылығынан аздаған мағлұмат беріп, қолымыздан келгенше білімді топтың арасына таратуға әрекет жасап, осы басылымды оқыған әрбір ұлт жанашырымын деген ел азаматтары біреу де болса өз туысқандарын, дін қандастарын, имамдарды, молдалық құрған жастарды осындай құлаған қараңғы құдықтарынан шығуға жәрдем берсе деген пиғылмен қысқаша ғана сипаттап, алдағы уақытта бұл басылымдардан да күрделі түрде де, ислам ғалымдары түгіл християн елдерінің де өздерінің төл кітаптарын оқи алмай зұлымдыққа түсіп, оның негізгі білімін жетілдірген ислам дінінің негізгі жол-жобасын бекіткен Ясауи сияқты қазақтың әулие ғұламасы болғанын да дәлелдейтініміз хақ деп біліңіз. Енді осындай бекітілген тұтас дініміздің неге және қалай бөлшектенгені туралы аз ғана мысалдармен дәлелдер келтірсек; Жалпы дін дегеніміз жартылыстың өркендеуі мен адамдардың бұл жағдайдағы алатын орны және пайда, зиян әрекеттердің сырын меңгеріп, рухани дарындылықтарды жетілдіру арқылы сана қуатын меңгеріп, Алла көрсеткен, білдірген барлық хикметті қозғалыстармен, жаратылыс себептерінің ғылымын, құпия сырып ашып, халықтың жапай тұтынатын шаруашылық біліміне, тұрмыстық ұстазының нұсқауларына айналдыру болып насихаталады. Сондықтан дін қарапайым түсінікпен заман өзгерістеріне қарай жетілдіріп отыратын, нұсқаулар мен, ақылдардың рухани бұлағы және барлық білім-ілімдердің маңызын, пайда-зиянын заманына қарай түсіндіріп отыратын философиялық сөз түсінігі болып саналады. Енді «материалистер» немесе «атейизм» сияқты көз қарастағы ағымдар да өзінше де жартылыс филофсофиялық сөз түсініктері, сөз атаулардың ұғымы діні болып саналды. Егер бұл ағымдағы пендеден жаратылысты кім жаратты деп сұрасаңыз, әрине білімді, ақылдылары: «Табиғат» деп және өзінің «атеист» екеніне дәлелдер береді. Сондықтан олар да адам баласы немесе менің пәленше деген бабаларым жаратты демей; «Табиғат» деген жоғарғы ақылды құдайдың бар екенін мойындайды, тек сол «Табиғатқа» ақылды кім берді, кімнен алды-деп ары қарай ақыл, білімнің аясын кеңітіп ойлана білсе, таза ақылдың жаратушысы ғана барлығының иесі, тәңірі, құдайы екенін шамалауға әзір жартылыс философиялық терең білімдері жетпей жатқаны даусыз. Демек олардың тәңірлері, қуат егесі «табиғат» болып сондықтан, бұл заңдылықтың шарттарын сақтап, жетілдіруге білімін меңгеріп, зияндарын сақтанатын намаздарын орындауға «Табиғатты» қорғауға, адамгершілік ізгі ниетті қалыптастыруға, білім жолымен ат салысып жатқаны да сөзсіз. Сол сияқты шығыс халықтарының «зоостризм» діні ұснаушылар да осы табиғи күштердің көместік сырларына табынумен, оны басқарушы «атман» жоғарғы ақыл, білім егесі деп түсіндіреді. Осы пайымдауларымен-ақ біздің исламдық қазіргі ғалымдармен салыстырғанда жан ғылымын әлде қайда жоғары түсінетіндіктерін білдіреді. Енді сол «атман» дегеннің өзі Раббымыздың құзырындағы көркем есімдердің бірлігі болған, құранда «Біз» деп атайтын жаннат арқылы басқарушы Алланың құдірет қолы деп түсіндіретін дін ғалымдарының құр ой жорумен ілімнің соңына түсіп, тек намаз оқудың соңына түскендіктен басқа елдің дін ғалымдарына исламдық «фанатизм» болып, құранды зертеуге мойындарын бұрғызбай жатқандарына, білім жөнінде сұраныс туғызбай жатқан, ғылым, білімді саутты аталған исламдық топ мүшелері өзіміз ғана кінәлі екенімізді біле бермейміз. Ал осындай өркениетті елдердің дамып өсуі де заңдылық себебі бұл құран үкімдерінің негізгі жерді өңдеу қағидалары, шаруашылық істерін жетілдірумен бірге соған байланысты «Ар» (Ден) заңдылығын жетілдіру, арымыздың бастауы Раббымыздың негізгі нұсқаулары болып саналады. Сондықтан ол елдерді исламдық діншілер «кәпір» атағанымен олар да жақсылық жасаумен, артында ғылым, білімді мәдениетті ұрпақ өсірумен, адам баласының тән саулығын білімін жетілдірумен, өз ара жақсылықта жарысуда және көптеген діншіл, ілімді аталған исламдық мемлекеттерден кейбір дін саласының тіршіліктік намаздарында (табиғат қорғау, жерді өңдеу, ауаны ластамау, мүгедектер, жетімдер, әлсіздер мүдесін қоғау т,б) оқ бойы озық тұрғанын мойындау да иманның бір шарты болып табылады. Діннің бүкіл адамзат арлылығының, ақылдылығының, білімнің, шаруашылық жетістіктері мен жаратылыс себептерінің әділ, тең өз ара қатынас заңдылығын, шек пен шекараларын айқындап қалыптастыратынын адамзат философиялық түсінігінен шығарып та үлгірген шайтан жамағаттарының әрекеттері ислам дініне дейінде қалыптасқан еді. Енді барлық діндердің жинағы болып табылатын, исламдық құндылықтардың тұтастығын жойып, өз-ара қырқысатын топтарға айналдырып, бөлшектеу мақсатында адамзаттың білім-ғылымын пайдаланып «Ар», «Ман», «Уақ» қуаттарын меңгеруге арналған діннің ғылымын, сөз жетістіктерінің білімін дінен бөлек қылып және тек сиыну, жалбарыну амалдарын дін атап, оң қолымызды сол қолымызға, екі көзімізді бір-біріне, ағаны інісіне қарсы қоя білгенін, көбіміз әсіресе білімді, ілімді жер тұрғындары аңғарудан қалдық. Олай болса, аз да болса арын ойлайтын және жандылығы, «мантықтығы» түгіл, рухани дұрыс адамгершілік пайымдауы, өз ара сәлемі түзу жер тұрғындарын да мұсылман емес деген пенде кәпір болып танылады.
Ата жолының масхабы мен шариғаттық масһабтан ерекшелігі.
Құран философиясы деген ұғымды басылым бетінде көп пайдаланып отырмыз. Егер құраннан берілген ашық нұсқауларды үлгілерді жекелей қарастырсақ, онда үгіт болып, ал көптеген құпия аяттардың жол-жоба және дінді жалғастырушы, ескертуші болып өз арамыздан ұлтымыздан немесе қасиет болып ішімізден келген және тылсымнан Алла тарпынан түрлі аяндар болып көрсетілетін, уахилар болып оқылатын аяттардың түсінігін және пайғамбар өсиеттерімен бірлігін тұтастай насихатын қарастырсақ Құран философиясы деп атағанымыз абзал. Ал енді діннің осындай заман ағымдарына қарай көптеген бұрынғы шариғатта тиым болып, кейінен оның түрлі жағдай дәрежелерге, адам баласының тұрмыстық, шаруашылық әдістерінің жетіліп біртектіленумен, азық өңдеу әдістеріне де байланысты және медтина ғылымының да көптеген адам баласының сауықтыру шараларының жетіліуіне де байланысты бұрынғы аталарымыздың сақтанған істерінің, білім арқылы меңгеруге және кейбір жағдайда бұрын құпия болған аяттардың білімінің ашылып, оған қарсы күнәлі нәрселердің де көбейуімен шариғат аяттарының үкімдерінің өзгерістерге түсуіне байланысты Құран философиялық, насихаттық түсініктері де өзгерістерге ұшырауы да хақтық іс болмақ. Сондықтан Раббымыз: «Бір аятты ауыстырсақ (тиымнан шектеуден алып тастасақ) немесе ұмыттырсақ (күшін жойса) одан жақсысын, не сол сияқты келтіреміз. (сан мәні өзгермейді) Әрине Алла тағаланың әр нәрсеге күші жетуші екенін білмедің бе?» (2-106) Алла тағаланың тәңірлік, қуат күші де заман ғылымына қарай адамзат әрекеттерінен үстем болып, хикмет мұғжизаларының көрнісі де өзгеріске түсуін қатаң ескертеді. Ата жолының алғашқы жылдарда жалпы халықтық сипат алып, дін имамдары және білімді қоғам мүшелері де аруақтан бата алумен, қолдау берумен халық арасына кеңінен белгілі болғаны сөзсіз. Ата жолына ашықтай көмек жәрдем беруге құқық қорғау мекемелері тарпынан да кең және ашық түрде де көрнісін тауып, халықтың қазақ мемлекетінің аясында еркін қозғалысын қалыптастырғаны да даусыз. Бірақ араптан келген діни сауаттыларымыз масхаб біліміздің кең түрде насихатталып, кітаптар шығып, басылым бетінде қолдау беріп және сырттан оқып келген жастарымыздың көбейіп, жалпы халықтың намаз оқуға деген ынтасының артуы бір жағынан халықтың иманға келуіне жәрдем болғанымен, екінші астыртын жағынан қазақтың дін ұстанымының бөлшектелуіне әкеліп соқтырды. Қарапайым мысалмен айтсақ; Бұрын қазақтың арсыздық болып және намаз істерінде де міндетті болған тарихат, мағрипат амалдарымен көрсетіліп, кейінен шариғат амалымызға салт-дәстүрге, ғұрыпқа айналған Ясауи бабамыздың қалыптастырған сопылық танымдағы дін істеріндегі; жан, рух тазалығын сақтап, тау-тас, су, жер жартылыс себептері, тылсым күштерін мегеру арқылы келетін рухани күштерді меңгеру тәсілдері жетілген түркілік масхабымыздың көптеген ізгілік дін істері де «ырым» деп аталып, шариғатта яғни ескі білімде жоқ, деген дін пәтуаларымен мүлде тиым салынған қаншама аят, аяндардың халық санасынан жоғалуымен көрнісін беріп, жалпы халықтың жан ғылымынан ажырауымен бірге, жастардың сансы жабылып мәңүтеніп, тек бір жақты рухты тазартумен ғана айналысуымен көрнісін тауып, қазіргі таңда үкімет тарапынан шексіз қолдауға жеткені де даусыз. Енді бұрынғы ғұмырлық, сақтану шараларының, ұлттық дәстүрлі дін амалдарының орнына шет жұрттың адасуға түскен ғұрыптық теріс дін ырымдары; гүл қою, жалаңбас, жалаң аяқ намаз оқу сияқты адам баласының қанын аздыратын, европалық түгіл исламдық надандық дәуіріндегі қалыптасқан араптық салттар, әдеттер ұлттық құндылықтарымыздың орнын басып, шариғат, масхаб білімі «тура жол» болып бекіп те алды. Сол сияқты әулие аралап жер есігін іздеу, әулие аруақтарына жалғанумен тылсымнан хабар, бата алу, жоба болып көрсетілген аяндарды жорып, түрлі қарама қарсылық күштермен Құран арқылы күресу, Алланы еске алудың, зікірдің жүздеген жетілген тәсілдері де ислам дін ғалымдарының тарапынан «шариғатта жоқ» деген пәтуамен және халықтың жетілген масхаб болып бекіген дін істерін «Қарма» заңдылығынан мүлде өшіруге жан сала арпалысқан, өз дінімен ата жолымен қарсыласқан, дін жолындағы қандастарымыздың «шайтандық» соғыстары нәтижесін бергені де жалған емес. Енді осындай азғыруға түскен дін қандастарымыздың, жастарымыздың рухани құндылықтарды ақылсыз, білімсіз тылсымнан жетекшісіз (ақиреттік доссыз) аруақсыз іздеуімен, жинаған иманы күзетшісіз қалып, керісінше теріс пиғылды күштердің ықпалына түсіп, арты содырлық, бүлікшілік әрекеттермен әлемге әйгілі болып, жуық арада ақиқат айқындалып, масқара боламыз-ау, бар жинаған көрегенділік абыройымыздан жұрдай болумен бірге ұрпақтарымыздың алдында масқара болып тарихта жаман атымыз қалады деген намыс, ар қуаты да осындай арсыздықтармен бірге жоғалып, жүректерінің мөрленгенін сезер де емес. Сондықтан хазірет, теолог, философ, дін ғалымдарымыз бар да бірақ жетілген табанымызды бекіткен, масхабқа айналаған сопылық, рухани тазалық білімі, жан ғылымының шариғаты тәубелік алғашқы жетілген ұстанымдарымызды жоғалттық. Қарапайым ғана аруаққа құран бағыштап, өліктің 7-сін, 40-ын, 100-ін беру және аруақтың басын көтеру сияқты құдай тамақпен және көрсетілген аяндарға байланысыты нұсқауларды орындаудың өзі «шариғатта жоқ» деп дін имамдар тарапынан үлкен дау болғанымен, қазақтың қайтпас қара шалдарының арқасында түп негізін тарихат ұстанымыздарды сақтаумен ғана, арап елінің көктемі бізге әлі толық ене алмай жатқан жайы бар. Құраннан нақты бір ғана сүреден мысал келтірсек; «Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыяды. Сендерге насихат (тарихаттан хабар, аяттар, ал мағрипатан дін ғылымын, кітаптар) береді. Әрине түсінесіңдер.» (90) Қашан сертесеңдер (Алла жолына келсеңдер), Аллаға берген серттеріңді (Ата жолындағы бабалар меңгерген дін амалдарын, намаздарын) орындаңдар. Антарыңды, (Сопылық ұстаным, жол-жобаларыңды, жетілген масхабтарыңды) Алланы өздеріңе кепіл етіп, (әулие-әмбилерге берілген мұғжиза, хикметердің бекуімен) бекіткеннен кейін (қасиет болып ұрпақтарға да берілуі) бұзбаңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңді (дін ісіндегі масхабтық, ұлттық ерекшелік істеріңді) біледі. (91-19) Бір топты (өзге елге келген масхабтарын, сопылық амалдарын) басқа топтан үстем (нахшпандаи, зікірші, таблиғи жамағат, ахмедия т,б) деген сылтаумен араларыңдағы антарыңды (әулиелер істерін, нұсқауларын жол-жобаларыңды) бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін (өркендеген сопылық жетістіктерінен, хикметерінен) тарқатқан қатын (қайта түп негізге қарай қайту) құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен нәрселеріңді (әдет-ғұрып, салт-дәстүр) қиямет күні сендерге ашықтайды. (Өліктерді сөйлестіріп хикметімен дұрыстайды)» (16-92) Ал қазіргі қазақ еліндегі масхаб дін ғалымдарымызбен, жалпы топтардың тек мұсылманның бес парызы деген ұстанымымен «намазхан» аталып, өздерін бәрінен биік ұстап, тура жолдамыз деген пәтуаларын жаратушымыз аяқтарың, табандарың мықтап дін ісінде бекігенен кейін қарай дін бастауларына қайтып, тек орташа (араптық үммет) болуға ұмтылғандарға азап беремін деп уәде берген және ол уәденің іске аса бастағанын қазақ елінде ашық белгілермен көрсетіп те жатыр. Енді дінді осы тұрғыдан аталарымызға келген Алладан келген нұсқаулармен, жол-жобамен және табандарымыз бекіп, нәсілдік (уақтық) белгіміздің философ, психолог, дін ғалымдарымыздың әзірге сауаттары жетпей жатқан діл-қандық, сана қуаттылық, арлылық өлшемдерімізбен керісінше исламның қызылбастық иманымен салыстырсақ; онда жаратқанға намаз оқып жалбарынып, сыйыну амалын тура жол қылып, ал игілік, ізгілік, артық хайыр жасау, Алла жолында мал жұмсап және сүйген нәрселеріңді жұмсау арқылы жомартық, мәрттік мінездерді қалыптастыру барысында ғана зейнет болып көктен, жер есіктерінен табан, төбе арқылы жүрекке енетін зейнет қуаттарын алуды яғни тіршілік намазадарын орындау арқылы иман келтіруді құр оймен жорып, тек тілмен ғана бекітіп, Алланың көрсетіп білдіріп қойған себептік құдіреттік, мазхабатық сипаттарын және дінін, (көркем сөзін емес) керісінше нашар жаратылғандардан, жаратушысын яғни шексіз құдірттің, күштің тәңірі Алланы қорғаймын деп, өз туысқанын намаз оқымадың деп кәпір атау, немесе маған еріп иман келтірмедің деп түрлі айыптауламен және қол жұмсап, өлтіру барлық діндер тұрғысынан да кәпірлік болып саналады. Және адамгершілік қағидаларды қалыптастырып жерге, көгіміз отанға, мемлекетіңе, ата-анаңа қызмет етіп, қандық тазалығыңды діліңді сақтап, тегіңді қалыптастыру барысында күресіп, тер төкпей мешіттерде қозғалмай отырып алып, өзін-өзі ақтап, ағартып, ақылсыз, ғылымсыз, хикметтерсіз, дәлелдерсіз тілмен, оймен сенімін ақтап, алыстағы қол жетпейтін жердегі иманды, қалам-«И»+ «Ман»-ды оймен келтіруді, мақтанға айналдыру надандықтың ең үлкені болып, құран философиясы екі жүзділік деп ашық білдіреді. Сондықтан Алла мені осылай жалбарыну арқылы құлшылық жасап, немесе дінімді біріңді-бірің өлтіріп, жарып және сәзжде арқылы қорғаңдар деп өзі әлсіз, нашар жартқан пендесінен сұраған немесе аятта түсірген емес. Керісінше аятта; «Мұхаммед көрмейсің бе? Аллаға; көктерде, жерде болған әркім; күн, ай, жұлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар және адамдардың көбі сәзжде қылады. Және де олардың көбіне азап тиісті болған. Алла кімді қорласа, сонда оны, ешбір құрметеуші болмайды. Күдіксіз Алла, қалағанын істейді.» (22-32) (5) (54) Мұсыманның бес парызы деген осы тек сәзжде жасауды құлшылық деп ұғынумен пайда болғанын осы аяттың астарынан түсінуге болады. Сондықтан бұдай әрекеттерді адамдармен бірге жаратылыстағы күн, ай, тау және т,б барлық қозғалыстағы нәрселердің өзіне тән үні және бекітілген қозғалыстық шамаларымен Алланың бұйырған қызметін атқарады, бірақ онымен азапты кетіре алмайды деп ескертуі астарлы түрде құр тілмен босқа тау құсап, өзгелердің сөзін, қоғалыс, қылығын ғана қайталайтын жаңғырықтың егесі болма деп ескертеді. Сондықтан әрбір үмметке тіліне, түріне, түсіне, әдет-ғұрпына қарай, жамағаттық, ағайынға қарайласу, ізгіліктер түріндегі намаздарды орындауда, ұлттардың бірі-біріне жақсылық істеріне ғана еліктеумен, ел тағдырына келетін тарихи сынақтардың ерекшеліктерін сақтап, өздеріне келген пайғамбарларға түсірген нұсқаулардың түп негізін сақтау және сондай дін істерінде қарама-қарсылық жағдайында қалыптасқан ғұрыптық әдеттерін, ақылсыз қайталамау үшін, сәзжденің де үмметтік ерекшелігін, құлшылықтың жол-жобасын яғни сөзін түсіріп, ол сөздердің меңгеру барысында әрекеттерге, қозғалыстарға айналған хикметтерін, арамыздан таңдаған құлдары өз достары арқылы көрсетіп; енді менің «Өзіме» немесе түрлі себепшіге айналып, бейнеленген сендерге пайда және зиян да келтіре алатын, жарықпен, денемен белгіленген, адам бейнесіндегі сендерге ақыл беретін аруақтық кітап- «Сөзіме» және де түрлі жағдайда бейнелетін себепші хикметтеріме табыну арқылы құлшылықпен, пайда зиянын ажыратып, қызмет жасаумен яғни бір-бірлеріңе адамзатқа махаббатпен қызмет жасап, өсіп-өніп, бір-бірлерің арқылы жақсылықты көбейтуге, белгіленген намаздарың арқылы жарысыңдар деп бұйырған. Алланың жолы- дегеніміздің өзі сөздің, атау ұғымдардың жетілумен, заманға (за-даналық, ман-ар және уақ білімі) қарай қағидасы шарттарын, ғылымын анықтап, білім арқылы орындайдын діни жобаларын, нұсқауларын ескертеді. Ал енді осы жағдайдың адамзат арасында бір қалыпты әділетті түрде қалыптасуы үшін, тұрақты түрде орындайтын жақсы-жаман шектерін тәжірибе, сынақтар арқылы бастан өткізіп көрмей, білмей-ақ, қиналып білімін іздеп, ақыл жұмсамай-ақ, тәрбиелік маңыздағы жалпы жер тұрғындарына міндетті түрде орындау керекті дін істерін және сол арқылы ғана Алла қорғайды деген уәдесі адамзатқа ортақ аманаты шариғат істері болып саналады. Сондықтан шариғат істерін және құранды толық арап тілінде жаттап алып, мүлтіксіз орындау арқылы ақыл өспейді, бірақ адам баласының ар қуатының тазалығы мен адамгершіліктің ірге тасын, түп негізін қалыптастырады. Ал ақылды одан әрі жетілдіру үшін яғни осы үйдің қабырғасын қалап, шатырын жауып жаратушы нығметін көріп, арманға жету үшін, «Ман» қуаттарын яғни бүкіл қозғалыс себепшілерінің ішкі сырын, зайырлық білімін меңгеру керек те, ол үшін адам баласынан өз жыныстық, ұлттық, т,б қоғамдағы өз бойына біткен жаратушы сыйы қасиет, қабілет, дарындылығына шамасына қарай жобасы яғни «Арманы» болу керек. Сондықтан арапша, немесе, неміс, кәріс, қытайша, европалықтарша, немесе қатын еркекше, еркек қатынша армандап тағы иман қуатын жетілдіру мүмкін емес. Осындай қайшылықтардан, біртекті ойлардан азат болу үшін де және адам баласының ішкі ой еркіндігін арлылық-намыстық «ерік» қуатын қалыптастыру үшін де, тылсым әскерлері тәңірлік қуат сан түрлі бейнедегі күштердің, сөз даулардың яғни масхаб діншілердің өздері де қорқып, халықты сонымен қоқытып ұстайтын «шеріктерді», әулие-әмбилердің, киелі жерлерден, тау-тас, бұлақтардан бөлінетін нұрлармен қосып, тазалап, ерік күші «қайратқа»-«қолдауға» айналдырып, рухани сүнетелу үшін де тұрақты берілген шариғат істерінің заманың өзгерістеріне сай қосымша ашылған құпия аяттардың өз арамыздан пайда болатын, немесе жеке –жеке әрбір пендесіне аян болып оқылатын аяттарға байланысты, дамытып және тіршіліктік намаздарын орындау білімін жетілдіріп отыруды ата жолының, ата-бабаларымыздың Аллаға берген уәдесі, біздеге қалдырған аманаты қазақтың ғана емес бүкіл түркі әлемінің дін «масхабы» деп атаған жөн. Осындай жетілген, кеңейтілген шариғатымыз, масхабтың ережелерін меңгеру арқылы ғана діннің келесі сатысы тарихаттық жолға жалғанумен яғни құпия әулие-әмбилеріне, елшілеріне, пайғамбарларына оқылған нұсқаулармен амалдарды орындаумен, әрбір пендесінің қабілетіне тән, рух, жан тазалығының шамасына қарай және тіршіліктік намаздарды жетілдіру арқылы түрлі ерекшелік, дарындылық қасиеттермен жүктеліп және ол қасиеттерді меңгеру барысындағы рухани кемелдену арқылы жоғарғы ақылға мағрипаттық періште-құлдармен, пайғамбарлармен де байланысқа түсіп, кітаптарын алып, аянмен, уақимен оқуға мінделеміз. Осындай әрбір тақуалыққа яғни сопылық дәрежелерге жеткен адам баласына берілетін сый кітабын «Сұлтандығын», хазіреттігін алып, ғылым білімде жаңалықтар ашып, немесе ілім жолында құпия қасиеттермен түрлі жазылмайтын аурулармен, иман келтіруге себепші болу, тазартушы «Ахметтік» дәрежесіне және тылсым күштеріне бұйрық беріп, көптеген азаптармен, қайғы қасіреттердің яғни от апаты, су апаты, қуаңшылық т.б басқалай сынақтарға қарсы тұрып, дұға, тілектермен, жалбарыну намаздарын орындаумен жеңілдету әдістерін меңгеру қабілеттермен өз халқына иман келтіруге жәрдем беру және үкіметтің әділ заңдарды қалыптастыруға, ел басқару ісіндегі артық, кемшілік тұстарын ескертіп, көрсетіп отырумен, ғылым-білімді дамытуда, тиелогиялық аят сырларын ұсынумен, отанға қызмет ету, дінің жоғарғы дәрежесі «Құл қожалығы» болып саналады. Бұл тәуелділіктің заман өзгерістеріне қарай 9-белгісі, яғни тарихтың осындай 9-түрлі дәуірлік сынақтар мен өркендеу белгісін қамтып, шариғат білімінің өзі осындай өтпелі кезеңдердегі тарихи білімдермен жетілдіріп, толықтырылып отыру шарт. Сондықтан пайғамбарымыздың өмір сүрген заманындағы масхаб білімімен қазіргі ғылым мен техниканың жетіліп, кешегі адал нәрсенің бүгінгі зиянға керісінше, тиым салынған көптеген адамға зиян келетін нәрселерден адамзаттың білімі арқылы қорғану тәсілдері мен мед тина білімінің де жетістігі де, ақыл-ойдың, сөз атауларының философиялық дамуымен, психологиялық жан сырының, білімінің, ғылымның даму кеңістігі де қамтылып, және сол арқылы адамзаттың дағдыларын, әрекетерін біртекті жүйеге айналдыру білімі, мәдениетін қалыптастыру қағидалары дін бірлігі, ислам құндылығының басты шарты да қамтылуы шарт. Енді біздердің қазіргі таңдағы өздерін оймен, тілмен «тура жолдамыз» деген дін ғұлама, тиеолог, психолог, ғалым-сопыларымыздың өзі «сырты абыз» яғни тақуа, сопы т,б түрлі дәрежелермен, атақтармен марапаталғанмен, бірақ іштен келетін хабар беретін елшісі «насыр» періштесі жоқ болса, онда құр дінші деген ғана атақтың егесі ғана болып есептеледі. Ал бұрынғы замандарда сопылықтың белгілері; хазірет, шейх, ишан, ахун сияқты діни дәрежелер де белгілі кітабы, көрсеткен хикметіне қарап, жаратқаннан берілген ерекше мөрлеріне қарай дәрежеленетін болған. Ал қазіргі таңдағы құранды жатап алып, немесе арап тілінен нан сұрап жейтін тіл білімін меңгергендердің ондай хикметтері түгіл, құранның өзінен жүздеген қатемен пәтуалар беріп, және осы алған қағаз жүзіндегі сопылық абыройларынан айрылып қалмас үшін де қарапайым халық ішінен шыққан қасиеті оянған, рухани жетілу жолына түскен жастарды, отандастарын, дін қандастарын көре алмастық салдарынан «шерік қосушы» яғни Алланың берген хикметін, нығметтерін, әскерлерін «Арам» атауы да қалыпты жағдай. Қарапайым шерік біліміне келсек; шерік судың 3/1 бөлігінен тұратын яғни су нұрының жетімсіздігімен, Адам рухына кері әсер беретін қуат көздері, жартылыс егелері. Сондықта оған әулие-әмбилер бастарынан шығатын, жер есігі су нұрымен, жарықпен арластыру үшін, жамағат болып зияратап құран оқып, Алланың көбірек еске алған сайын жетіліп пісіп, өзің болмаса бір туысқан ағайыныңа ем-шипа, күш қайрат болып «қолдауға» айналу сөзсіз. Тіптен қандағы шайтанның да азықтары тәнде бірқалыпты (натрий, сутегі, йод) өз дәрежесінде өсіп барып, сонан кейін тазарып, жарыққа айналмауынан, әлем халқы қан ауруының, қант ауруының емін таба алмай жатқан жоқ па? Осы басылымдарда жазылған Ғиса пайғамбарымыздың астарлы өсиетінен; «Бес торғайды екі теңгеге сатып алмайсыңдар ма?» деген және осы сияқты көптеген өсиет, аяттардың шешімін, ата жолының құрбандық арқылы, аруақтың басын көтеріп, бес торғай-шеріктерді сатып алу үшін, аруаққа айналдырып яғни жетіге немесе 10-ға дәрежелуімен болатын зейнет рухани азық, жартқанан келетін «қолдау» сипатын ескерткен. Бірақ ондай жан-малы-екі теңгесі (екі мені) жұмсайтын жомартық ізгілік түгіл, қарапайым жамағаттықты қалыптастыруға негіздеген қазақтың ғұрпын, бір-біріне тасаттық беруді, Ала жолында күресушілерге садақа беруді- жинаған дүние мүлкіңді шашу, Құдай атын жамылып ақшаны алдап алып, жеке байушылық «маркетинг» деген ағайындарымыздың, сол шеріктердің ұйқы кезінде, ойын-сауық кезінде де азап болып, төбеден, табаннан енетін, құранан оқып білмегендіктен ата-жолының зиярат құпия сырлары туралы толық жазып түсіндіру әлі де мүмкін емес. Және мұндай сөз пәтуалардың артында адам баласын қорғайтын, жазалайтын, қайда не жұмсағаныңды біліп жазып тұратын құдай емес, керісінше сендердің дүниелеріңді заңмен қорғайтын «біз тәңірміз» деген астарлы дінсіздікті уағыздайтын да пиғыл тұр. Және Алла достарының ақиреттік беделін түсіріп, нашар, әлсіз ешқандай пайда да зиян да бере алмайтындар қатарына қосумен бірге, Алладан «басқа», «өзге» яғни «шайтандар тобынан» деп құранға қарсы және жаратушыға жала қойумен де ерекшеленеді. Сонымен дін имамдарымызбен, үкімет басшылары біздерді Аланың елшісіне яғни біз санын білмейтін бірлігіне, растығына иман келтіруден бас тартуға дінсіздікке «ібіліс жолына» ашық шақырады. Бұл туралы алда әлі жын, пері, шайтан, албасты, қаралық және кісі, кие деген ислам әлемі түгіл, бүкіл християн, тәуратшылардың да жоғалтып, ұмытқан ұғымдардың жан ғылымын көрсету арқылы ғана мүмкін болмақ. Сондықтан осындай кереметтерді меңгерген ата-баба рухымен, пайғамбарлар, сахабалар, ғалымдар жан қуатының кітаптарымен, аруақтарымен де байланысты түрде өмірге келген әрбір адам баласына және ұлттық ерекшеліктеріне қарай жанымыздың «қармау»-ұстау (еріктілік) (карма) заңдылығы жан өнімдерімен беріліп, адам баласының білімді, ілімді меңгеру жолында қажетілігін, сұранысын тудырып, оған жетекші болатын мемлекет басқару, ұлттық сөз ғылымы (философия) және соған байланысты атаулар ұғымы жоғалумен, заң жүйесінің жетілмеуінен, әділетті заңдар шығара алмай және білімді ел басшыларымыздың дін ғылымына мән бермей, дінің 3/1 бөлшегі тек сыйыну амалдарын ғана дін-деп атап, тұтас дінді бөлшектеу әрекетінен негізгі рухани және жанның сүнетелу намаздары жоғалды. Құранды теріске алуынан пайда болатын дінің енді қисық қарсылық заңдылығы дамуына жәрдем беріп, түрлі діни ағымдардың қақпанына ел басқарушылары өз халқын жүгендеп беруі де қазіргі заманның, әлем ел, дін басқарушыларының орындайтын бір бұлжымас заңдылығы болып табылады. Қазақ елінде де мұндай діни жалған көзқарастардың, ағымның пайда болуына ел басына тек ғылымның шаруашылық, мал табу әдістерін меңгеріп, ал рухани жағынан, философия, жан сыры «психологиядан» сауатсыз еліктегіш, тілдері мүкіс, ойлары орашалақ, сондықтан сөз ұғымы бір жақта, тілмен ойдың арасынан жыра- оқпан пайда болып, осындай қағаз жүзінде ғана жазылған білімдермен ғана шектеліп, «кармасы» жетілмеген жансыз, сондықтан сөздің астарлы қуатын сезбейтін ғалымдардың қызмет басына келуімен де байланысты болғаны сөзсіз. Оған енді нақты мысал құранды қазақ тілінде көркем сөзбен насихаттап, қазақ философия, психологиясын өлеңмен өрнектеп жинап берген Абай-Шәкәрімдерін түсінген, ата жолын, асыл дінін жақтап қорғайтын ең болмаса бір де бір ғалымның, философ, ақынның шықпай, керісінше өз арамыздан шыққан «Білдімандарымыз» ғұлама әулиелерімізді; бірі дінші емес, бірі сарынды ақын немесе қиялшыл, фанат дінші, деген ұғымды жастар түгіл, жалпы білімді халқымыздың тұрғындарының санасына сіңіріп, және өздері де осындай сіңірген еңбектерімен ел басшыларының атынан қолдау көріп, жоғарғы лауазымдық дәрежелермен, шендермен атақ даңқа бөленіп, енді осы тақтарына айрылмас үшін, рухани оянудан тиым салатын, қандайда шайтандық әрекеттерге қол ұшын ойланбай созатын ар-намыссыз жәрдемшіге айналып та үлгірді. Оған дәлел не құрлым көп кітап жазса, өтірігі қайсы, шыны қайсы екенін ажыратудан қалып, себебі бәрін басынан аяғына дейін оқып танысып шығам дегенше де, не оқығаныңды ұмытып, бәрінің басын қосып философиясын, бағыттарын танып жіктеу мүмкін емес. Сондықтан амал жоқ ғұламалығын көп білетінін, кітаптарының жазғандарының көлемімен, санымен өлшеп қана амалсыз мойындауға тура келеді. Сол еңбектерін егер құран аяттарының, сүрелерінің философиялық насихатына сәйкес санмен белгілесе ондай жазушы, діншілер түгіл азулы мақтаулы ақындардың өзі құранға, дінге, ата жолына қарсы пікірлері ой бетіне қалқып шыға келері даусыз. Ал енді «Егемен қазақстан» басылымына берген хазіретіміздің сұхбатында масхаб ұстанымында 10-түрлі құранның аудармасы бар екенін мақтаныпты. Яғни 10-түрлі құранның қазақша көз қарастағы пәтуасы болып, енді осындай бағытпен 30-ға жетсе және әркім өзіне ұнаған ақылының шамасы жететін аударма құран арқылы пәтуа беріп, оған төтелеп араптан көшіріп алған орта жолдың пәтуаларын қоссаңыз, бұдан артық дінді адастыру, оймен тілдің арасын бөлшектейтін зұлымдықты тек қазақ елінен табасыз. Құран түгіл Пушкинді, Толстой еңбектерін бір мезгілде 10 түрлі аудармашыға аудартып, бәрін түгелдей оқыңыз миыңызда не қалар екен? Ал, Құран ұғымы адам ойынан пайда болған сөз емес, арап тілі мен 7-үндестіктегі тұрақты Құдай сөзі болып, заман өзгерісіне қарай белгілі 50-100 жылдықтарда үндердің даму заңдылығына қарай пайда болатын атаулар өзгерісін, сөз қуатын ақыл, жан өрістік шамасын қамтып, сондықтан әрбір жаңадан аударылған аударма, бұрынғы аудармалардың күшін жойып отыруға тиіс. Болмаса Алланың бірлігіне, бір кітапқа жүгінуге, тіл, үн, сөз ғылымына ашықтай қарсы шығып, ортақ қосамыз. Құран философиясынан жан ғылымынан қазақ дін ғалымдарының сауатсыздықтарының тағы бір көрнісі; Әрбір аудамашы тақуалық дәрежесімен, алған хикметерімен және пайғамбарымыздың батасымен арнаулы ғылымдар сараптамасымен, аяндарын алған кітабының нақтылығын тексеру арқылы ғана атқарылатынын, біздің сопылық дәрежедегі ғалым дін басшымыз білмейді, яғни Халифа Алтай атамыздан басқасының пайғамбарымыздың шапағат кітабына жалғанғаны да бекер. Оның дәлелін санмен жүйелеп оқуды меңгерсеңіз, бірін-бірі қайталайтын аяттардың ішіндегі атау сөздердің аяттың басында, ортасында, аяғында келуі мен тыныс белгілері және бас әріптермен белгіленуіне қарай ұғымдардың сандық орнына қарай, мағынасы да өзгеретінін Халифа Алтай атамыздың аудармасымен мұқият салыстырып көрсеңіз де жеткілікті. Және бұндай жағдайда ақ-қарысын анықтау үшін, әрбір «намазхан» пендесінің, егер шынымен «Хандық» дәрежеде сөз киесін жетік білген болса, онда Раббынан ақ қарысын сұрап, тілдесе алатын ұлықсаты бар екенін (42-51; 16-43 аяттар) ұмытпағаныңыз жөн. Сондықтан қазақтағы қарапайым қазақтың, тылсымнан досы, әулие ата-анасы бар, «қармауышы» дұрыс қара домалақ баласының ата жолының ұлтымызға тән, ғұрып-ғұмырына жалғанған сопылық жолмен жетілген масхабын ұстанып, дінді құранды тылсым кітабы арқылы терең түсінгендіктен, ақирет заңдылығына мойын ұсынып жетілуге талпынған талаптарына аю қақпан құрып, аңша аулаған дін басшыларының әрекеттеріне ел, заң басшыларының ашық қолдау беруінің өзі олардың да ой мен тілдерінің арасы бөлініп оқыған меңгерген философия білімдерінің даналықтарың жалғандығын білдіреді. Шаруашылықты өркендетуде үлгі көрсетіп, әлемге танымал болған ел басшыларының рухани саналарының өлім сатыларынан өтіп, тіріліп өнім бермеуінен, қарапайым сөз ұғымдарына да ақылдары жетпегендіктен, болашақта ұлтына, жинаған қазына дүниелеріне де қатер әкелетін, бүкіл ұлт ұлыстың рухани байлығына қарсы заңдарды қалыптастырулары да осындай жаратушы тарапынан рухани жетімсіз, біржақты, білімге ғана арқа сүйеп мардамсыған ел басшыларының іс басына келуі де, болашақтағы әлем халқының алдында тұрған ақпараттың үлкен рухани өзгерістердің, қиямет мезгілінің алдында түсірілетін дін сынақтары деп біліңіз. Абай атамыз бұндай жағдайды болжап, өздерін дәрежелеп, партия құрып, ел басқаруға, халыққа ақыл береміз деп таққа таласқандар, сенен ақыл алмайды, себебі өздерін ақыл берушіміз деп «ман-ын» ой жорумен келтіріп, «И»-ді (шар-сағатын), «Уақтарын» меңгермей-ақ «Білдіманға» айналған деп ескерткен. Енді олардың берген несібесінен ризығын алған ақпарат және халыққа ақыл беруші орындарда отырғандар да кейбірі, бұл саясатқа қарсы болса да амал жоқ өзі де «Білдімандар», және тілмен дәржелеген «Имандылар» мүддесін қалыптастыруға құлшылық етуге мәжбүр болмақ. Сонда мемлекетіміз бен ислам әлеміне және жер тұрғындарының иманды саналатын топтарына келген мұндай рухани сынақтардан шығатын жол және оған «қолдау» беретін жартқанның құдірет қолы бар ма, болса намаздары қандай сипатта болу керек деген сан алуан сұрақтарға жауап іздеп қөрсек.
Достарыңызбен бөлісу: |