Ар азығы шындықтың денесі «Шын»
Алтыншы басылымда «Ар», «Уақ» және «Ман» қуаттары жайында құран және кітап білімдерінен қысқаша түсінік берілді. Енді жалпы «Ар» дегеніміз адам баласының тән, рух, жан тазалығының шамасынан белгі беретін, адам баласының мақсаты тіршілігінің бағытын айқындап тұратын, ерік-жігерін, тектілігін яғни намыстылығын белгілеп, оның да жыныстық, кәсіптік, намыстылық сипатымен, ұлттық, үмметік ерекшелігі болатынын білгеніңіз де жөн. Ар қуаты адам баласының дүние тіршілігімен ақирет өмірінің арасын жалғап, барлық қуат шамаларының қабы, үйінің сыртқы қабырғасы, шатыры деп те түсінуге болады. Сондықтан аталарымыз; «Бақ қарасын, қыдыр дарысын» деп бата берген. Бақ адам балсының жан сауыты Ар-ға қарап, қыдыр дін-жан, Алланың аяты, жалғасты сөзі рухы болып даритынын білген. Сондықтан дін дегеніміздің негізгі рух болып еніп, жан болып өсуге, соған байланысты тағдыр тағаты мезгіл, уақыты болып бейнеленіп, Аллаға тән дене мүшесіне айналу үшін де, тек ар қуатының денесінің, сауытының, кітабының парақтарын адам баласының өзі дінін жетілдіріп, ақылмен, біліммен ойдың еркімен, сөздің тазалығымен, істерінің парасаттылығымен Ар қуатын қалыптастыра алған жағдайда ғана денеге өз өрнегін салары даусыз. Ал арсыз жасалған қандай да бір құлшылықтарды әрекеттердің намаздардың бәрі, дәптерсіз мектепке барып, сабақ оқыған жас баланың әрекетіндей және оның мақсаты да шайтандық және жалғандық болып, шын болып бейнеленбейтінін де ескергеніңіз жөн. Сондықтан жоғарыдағы көрсетілген аяттағы; «...хайуандар және адамдардың көбі сәзжде қылады. Және де олардың көбіне азап тиісті болған.» деген жартушы үкімінің құпия сыры да, сәзжденің хайуандардың өз басын асырау, өмірге ұрпақ әкелу барысындағы тіршілік сәзждесімен яғни жартылыстың заңдылығын, Алланың берген үкімін еріксіз түрде мүлтіксіз сақтап, сәзжде жасауымен, адам баласының да осындай мақсаттағы сәзждесінің еш айырмашылығы жоқ екенін ескертеді. Ал адамзаттың сәзждесі ақыл-ойды жетілдіріп, махаббатпен бірі-біріне іс қылып, тек ар қуатын қалыптастыру арқылы ғана рухани даму заңдылығын заманына қарай ғылым-білімін меңгерумен ғана нәтижелі сәзжде болатынын ескертеді. Және бұл аяттың хаж сүресімен 32-санды құранның бірлік ғылымымен байланысты болуы да, құранның ғылымын меңгерудің маңыздылығын да ескертеді. Ал құр хайуандық мұқтаждыққа негізделіп және ішкі бес сезіммен өзін бір көке көтеріліп, Алланың сүйген құлы болып, мешіт имамдарынан жаннатқа жолдама алып, «намазхан» аталып, алдын-ала сынақтардан, халқыңның, отаныңның игілігінен күш-қайратыңды, малыңды сарп етпей, және түрлі тұрмыстық жағдайлардағы намаздарды орындамай, мұсылмандық қарыздарды өтемей, құр бес уақыт сәждемен, оразамен, қажылықпен бес парызға айналдырып жаратқанға жасаған құлшылық-сәзждеңізді, адамдық борыш болмай, хайуандар құлшылығынан ерекшелігі жоқ екенін білгеніңіз жөн. Сондықтана адам баласының ар қуатының өсіп-өніп, өркен жайуын қадағалайтын ұлттық, кәсіптік, жыныстық, үлкендік ұят деген сезім қуатын басты назарда ұстап, сондықтан ұятсыз адам баласы арсыз деп ескерткен екен пайғамбарымыз. Енді ұят мәселесі шариғатта да, масхаб білімінде де жалпы ұлттық мәдениетімізде де, баспасөздерде де жазылып, айтылып жатқаны сөзсіз шын. Бірақ ұят салыстырмалы ұғым болғандықтан және оның ғұрып-ғұмыр және салт-дәстүр атты қағидаларға тәуелді болуын, және ұяттың жалпы адазатқа тән сипаттары мен ұлтық, жыныстық, кәсіптік жас пен үлкендік, тіптен ел басшыларының, дін, сөз басшыларының қарапайым халықпен салыстырғанда да ұяттық көрністері де ерекшелігі болып, және алған дәрежесіне де байланысты сан алуан болып келетінін көбіміз ескере бермейміз. Осы ұяттың өлшемін, бейнесін қалыптастыратын аталарымыздан бері шежіремізбен біте қайнасқан, қазіргі таңда көп белгілерінің ұмыт болғанына байланысты ата жолының діни шараларының аяқ астынан пайда болып, бұндай ұмыт болған ескіліктің ұяты мен арын ұстанған біздердің жаңа заманың ұяттылармен салыстырғанда, ескіліктің қалдығы болып, сондықтан «шерік қосушы» яғни қазақтың жаңа болмысын араммен былғаған ұятсыз, арсыз аталумен, үлгі болып қазақ аталарымыздың ұят таразысы, ар шапанын қалыптастыратын осы жолдың негізгі қызметшілері болды. Бірақ бұрынғы аталарымыздың ар-білімінің өлшемі негізінде, бұл жолдың басында тұрғандарды Аққу, Сұңқар деп, ескі тарихи арымыздың тіршіліктік жер басып жүретін төрт аяқты және екі аяқты тек ішіп жейтін хайуандардан әлде жоғарғы қуаттық бейнеленген түрімен аталуы да сондықтан. Олай болса Ар-қаннатты періште мен, қаурсынды жазушы күрделі періштелердің денесі болмақ. Енді бұл жағдайдың ел, дін басшылары түгіл көптеген білімді халқымыздың сөз ұяттының үлгісі де заманға сай қалыптасқандықтан, атаулардың қуатымен немесе Құранның насихаты, арлылық түсініктерімен қабылданбай, қудалауға мазақтауға себепші болған негізінен шайтан жамағаттары болғаны да даусыз. Бірақ негізгі себепшілеріміз де осы топтың ішінен пайда болған, ата жолының ар-білімінің шарттарын терісіне алып, теріс өнеге көрсетумен ерекшеленген арсыз, ұятсыз «аққу», «сұңқар» және оларға жәрдемге келген арсыз діншілер, ғалымдар, ел басқарушылары болғанын білгеніңіз абзал. Бұндай адамзатқа берілген асыл құпия білімді тура жолға апаратын негізгі сүрлеуді арсыздық жолына қарай бұратын, тура жолдың қисығын таңдаған ібіліс жолындағылар болады деп ескертеді құранда. Ібіліс дегеніміздің өзі, адамдардың ең жоғары басқарушы, білімді, көш басшыларының арасынан теріс ой болып саналарын билейтін, өз білімдерін, жетістіктерін қарам-қарсы қоя білетін, бүкіл халықты, көрінбейтін қара түнек болып қаптаушы өріс түріндегі жаратылыс егесі екенін білгеніңіз де жөн. Бұндай жағдайда не істеу керек деген сұрақты әлем халқының, философтары, даналары, ғалымдары адамзат жартылыс басынан бері іздеумен және белгілі бір заман, ғасырларда шешімін де тауып, бақытты өмір сүре білгені де хақ. Ал енді бұндай тарихи кезеңдерден қазақ аталарымыз не істеді, қандай шешімін тапты деген сұрақ қойыңыз. Енді сөзіміз дәлелді болу үшін Шәкәрім атамыздың насихатына зейін қойсақ, жалпы халықты әділетті, қайырлы қоғам құруға негізгі себепті: «..Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы, саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыныштпай, өмірін сарп еткен, әлә де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыныштпайтын осы сұрақтар Адам өмірін түзейміз деп сан ғалымдар түрлі ойлар айтып, ол ойларын халыққа таратып, том-том кітаптар жазды. Солардың ойларының мен білетін бастылары; біреулер адам өмірін жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі дейді. Ал, біреулер оқу білімен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі- тіршіліктің таласы. Сондықтан адам өмірін жаралыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болды. Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақылды болуға жетілдіру керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ...Ең алдымен барлық адамдарды адал еңбек ететін жолға салу керек. Ол үшін көптің қалауымен әкімшілік басына арлы, ақылды адамдарды қойып, сол адамдардың бұйрығы, ақылы бойынша туылған, туашақ адамдарды, жастарды қазына қарауына алуға заң шығару керек...» Міне біздердің әлем халқының және философ атты даналықтың қасиетін меңгерген және дін ғалымдары мен, теолог ағайындарымыздың ел басшыларының түрлі жиналыстар жасап, халықты осындай әлемге келген рухани дағдарыстан туындаған арты кедейшілік, азап, сынақтармен аяқталатын, құрдымға құлау қаупінен, жер тұрғындарын қалай сақтауға болады деген пікір таластарға қазақтың ата-жолының даналық тәжірбиесімен жолын көрсетіп кетіпті. Ата жолының негізгі басты шарты халықты арлылыққа және әрбір адамзаттың өз жеріне, еліне, отанына қызмет жасап, адал еңбек ете білуді үйрету болады. Сондықтан да ата жолының негізгі ұраны; «Батаменен ел көгеріп, жаңбырменен жер көгерер» болды. Олай болса тән-жеріңді, дініңді көгертіп көктету үшін, әуелі өзіңді танып, рухыңды жетілдіріп, тазартып, жаныңды өсір! Және; «Атың (тілегің) көкке шықпаса, яғни рухың өнім бермесе, онда жеріңді, тәніңді, нәпсіңді өрте!». Сонан кейін рухани дәніңді септір, ектір Раббыңа құлшылық жасап, жалбарынып. Ол үшін әуелі тарихыңды, шежіреңді іздеу арқылы аталарымыздың меңгерген істері мен, өмірден алған тәжірибе кітаптарын құранға айналдырып, ар қуатымен, халқымыздың ғұрыптық, салттық ерекшелік бейнесі рухани егінді өсіру еді. Енді осы жерден кідіріс жасап, еліміздегі ел басқарушыларының арлылығымен салыстырсақ; керісінше дінді үкіметтен бөлек деген шешіммен, яғни қарапайым адами түсінікпен өлім, ажал қағидасына үкіметегі басқарушылар бағынбайды да, олардың өлімі қара халықтан бөлек және өздерінің шоқынған тәңіре де басқа деген ұғым өзінен-өзі сұранып тұр. Ал олардың өздерін тәңірге теңестірумен, жастарымыздың құдайлық істеріне мойынсынып, ар іздеген әрекеттеріне тиым салып, ата ғұрпын соттап, елді және ақыл-ойды бөлшектелуге соқтыратын ата заңымызбен, қайта бүлікшіл елдердің алдыңғы қатарына қосылуға да себеп болды. Сондықтан да атамыз мұндай әдеттердің шайтанның азғыруына түсудің адамзат ақылына тыс еместігін ескертумен; «...Жоғарғы айтылған жаман әдеттерді жоюға бұлар жеткіліксіз болғандықтан, сол адал еңбек, білім үйренумен қабат «ар білімі» деген білім оқытылуы керек. Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожа болып, қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгерісі оңай..» Әулие бабамыз қазіргі қазақ білімділері түгіл, бүкіл әлемнің дін, көш басшылырының Астанаға қайта-қайта жиналып, әлемге келген рухани дағдарыстан қалай құтылу шараларын таба алмай, әлі бір ортақ шешімге келе алмай жатқанын қарапайым ғана қазақ ұғымдарымен бүкіл діндердің философиясын және құранның негізгі насихат ғылымын көрсетіп кетіпті. Біздің сөз білімі және мәдениет құзырлы орындарының дінді мектеп жасындағы баларға үйрету керек, деген түрлі діндердің намаздарын, оқу тәсілдерін тықпалап жатқан әурешілігін, қарапайым ғана «ар білімі» деген пәнмен, ұлттық тәрбие және еңбек сабағын енгізуді ұсынады. Дінсіз деп айдар таққан кеңес үкіметінде тәрбие, еңбек, дене шынықтыру сабақтары міндетті болғанында есіңізге түсіріп көріңіз. Демек қызыл империя кезінде де, діннің алғы шартары, ар-білімі намаз, сабақ болып мектептерде оқытылды. Енді біздерде осындай жан сырынан, рухани жетістіктерге жетуге бағыталған тазалық қағида, шарттары мен ескертулерден құралған әдет-ғұрып, салт-дәстүр құндылықтарының ерекшеліктерін түсіндіретін, пәндік білім болып, одан емтихан тапсыру барлық ел басқарушыларымен, заң, денсаулық саларына да міндетті болып саналатын болса, дін дегеніміздің бірленуінің өзі осы болып, арлы «зайырлы» елге аяқ астынан айналып шыға келуіміз сөзсіз еді. Сондықтан дін дегеніміздің толық құлшылығының көрнісі, шынға айналуы да «ар білімі» деп қарапайымдап түсіндіреді атамыз. Енді «Ар» қуатының жетілуімен адам баласының бақытты, бақытсыздығын да өлшеуге болатынын, адамзат бақытылығы неден тұрып, дінің нәтижесі, жаратушыға сүйікті құл болудың да негізгі жолын, яғни біздердің қым-қиғаш, намаз оқу да жол, тақуалыққа жету сопылық жолы деген сыйыну жалбарыну намаздарына және жеке-жеке сананы ашу жолы деген діни топтардың, адамдарды ізгілікке жеткізу, өмірін түзеп, шексіз еркіндікке жеткізу дегендей философиялық ағымдардың негіздеген ұғымдарды барлық жерге тықпалап жүрген қателігімізді де көрсетіп беріпті. Бірақ осы ар білімін меңгеру барысында, атамыздың пайымдауынша адам баласына әуелі адал еңбек ете білу әдебін қалыптастыру керек екен. Мысалға қытай мемелекетінің кенеттен шаруашылық салаларының өсіп өркендеу себебі де, еңбек қағидасын «Конфуций» еңбегін ұстана білген, ата-бабаларының рухани егінінің жүздеген жылдардан соң қайта ұрпақтарының арасында жемісін беру нәтижесі деп біліңіз. Сондықтан еңбек ете білу де, тылсымнан келетін ар қуатының негізі «Уақтарды» да меңгеру адам баласының өнерге, кәсіпке деген құштарлығын артырып, еңбек қабілеттерін жетілдіретінін көбіміз біле білмейміз. Абай атамыз рухани сезімдік қуатты; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деп ескертіпті. Әулие атамыздың философиясын меңгермегендіктен, ғылымды меңгеру арқылы рухани кірпіш болып, жанды жетілдіріуді емес керісінше өнер адамы рухани күшті болады деген ұстаныммен ән салған, төбелесіп біреудің басын жарып, немесе хайуандық әрекетін, айласын асырғандардың бәрін «жұлдыз» яғни бес қуаттың егесі деп атап, қаржы жұмсап, төрге шығарып билік, ақыл да айтқызып қойған жайымыз бар. Бұл да Құран философиясын теріске алудың көрнісі. Жастарымыз соған еліктеп, сондықтан «Ар» «Ман»-дары тек қаңқылдап ән салып, күшін асырумен ғана дәріптеп, оны тіптен дәстүр яғни ар қағидасы, шарты қылып алдық. Өнер дегеніміз кәсіптік бағытта адам баласының ақыл-ой, білім ғылымын дамытуға ғана бағыталғанда және ұлттық, жыныстық ар, ұят шектерінің аясында болғанда ғана ішкі бес сезімді, нәпсіні өсіруге емес, керісінше рухани сыртқы әсер бес қуатты меңгеруге бағыталады. Ал сезімге, нәпсіге шек қоймай ерік берсеңіз өз-ақ еселеп өседі. Осындай сауатсыз атаған аталарымыздың қарапайым жан ғылымынан, аз ғана біліміздің де болмағандығынан да, біздердің қазіргі таңдағы жоғары біліммен түсінген баққыттылық ұғымыздың өзі жалған және бұндай «жұлдыздық» әрекеттердің бәрінің соңы рухани қайғы, сынақтармен, арсыздықтармен аяқталатынын іштей мойындаймыз да. Енді бұндай жағдайды рухы, «қармасы» қабылдамаған жастайынан жүрек көздері ашық жастарымыз енді дінші аталып, дін имамдарының өздерін тәңірмен теңдес жасап берген жолдама анықтамасымен; дуалы ауызды, сөзін, тілегін жаратқан жерге тастамайтын «намазхан» болып, онан да әрі жаратқанға жақындап, «Бақтың» бақшасының дәмін тезірек татып, мәңілік өмір сүрмек ниетімен, өздерін жарып, болмаса ағайындарын кәпір атап, түрлі дініи топтардың саудасын, тіршілік базарын жүргізуге ат салысып жатқаныда растық. Адамзатың тұрақты бақыты қайда?- деген сұрақ та, көптеген саналы жер тұрғындарын миын жеп жатқаны да даусыз. Шәкәрім атамыз енді жеке-жеке ар білімінен мемлекетіміз арнаулы бағдаламамен ұсынып отырған еңбекті, білімді ғана бөліп алып, өмір сүрудің соңы адасумен тағы қайғыға душар болатынын ескерте отыра; ар білімі мен мен адал еңбек, білім жолындағы еңбектің арасын жалғайтын, әрбір пендеге алдымен міндетті болып орындайтын, нәпсісін тәрбилеп, жанына қожалық ететін тұрмыстық намазын, жаратқанға жасайтын сәзждесінің ірге тасы қайдан басталу керек екенін де ашып көрсетіп кетіпті. Бұл жағдайды адам баласының рухани айнасы екінші жартысы болып, сол жартыңды көріп аян алып, шындықты «Шынға» айналдыру арқылы ған әр пенденің өзінде тұрған, тағдырының негізін; «Шын бақыттың айнасын» яғни әрбір адам балсы өзін-өзі тану ар білімін меңгерумен, өзін тарихын, шежіресін көрумен пайда болатынын астарлап насихаттап кетіпті. «... «Құдай тағала шын тілесе береді екен ғой» қуанғаннан пердесін қайырып тастап қарасам, белі бүкірейген, көзі қызарған, аузы опырайған. Бет терісі қатпар-қатпар қасы түксиген, сақалы қудай бір шал тұр!...Бір заманда көзімді ашсам, ақ киімді, түсі сұп-сұр бір адам басымды сүйеп отыр екен...Айнаға қарасам, өз көлеңкемнен ары байлар, адамшылықтар, бозбалалар, асық ойнаған балалар бірінен-бірі әрі, ең әріде азар көрінген ерлі-қатынды адам екі баласын әлпештеп сүйіп, балалары да мойындарынан құшақтап, ата-анасын аймалап тұр. Сонда әлгі ақ киімді сұр кісі айтты: «Ақсақал, «шын бақ» сол айнаның ең түбіндегі ата-анадағы шын махаббат пен балардағы шын таза жүрек еді. Сол махаббат әм таза жүрек сізге де біткен еді. Соны қалдырмай, бұзбай ала жүріп, барша адам баласын өз балаң, өз бауырыңдай көріп, махаббат, әділет қылсаң, шын бақыт сол еді. Сіз ол махаббат пен ақ жүректі жолдағы жалған атақтарға айырбастап кеткенсіз. Бұдан былайғы түрлі өміріңізде осыны қатты ескерерсіз. Өкініштен пайда жоқ, енді иманыңызды айтыңыз дегенде талып қалыппын.» Осындай әрбір пенденің басына міндетті түрде ниеттеніп көргісі келсе келетін, ал көргісі келмегендерге азап, ауру болып бейнеленетін үш жағдайда қазақ елінде жеке-жеке көрнісін тауып жатқаны да даусыз. Мысалы жақында ел басшымыз бақытты өмір сүруге арналған 20-қадам деген үндеуімен халықты адал еңбек етіп, шаруашылықты дамытып, әр адам өз тұрмысын, өз өмір ошағын өз қолымен қалауға шақырған игі шараны дәріптеу кең өріс ала бастады. Бірақ Шәкәрім атамыз ескерткен үш негіздің басын қосатын, тілмен ойдың арасын біріктіретін халықтың санасын ашатын және еңбек ету арқылы білімді меңгеруге бірден-бір қажетті рухани жағдайды қалай қалыптастыра аламыз? Ал, рухани таза арлылық білімді, өзіміз қанша қуатты тамақ жеп, түрлі спорттармен шұғылданып, жастарымыздың бәрін әнші, күйші қылып, әлем елдерінің барлық ойындарының алтын алқаларын жинап, әлде де әлем таң қалатын керемет сарайлар, қалалар салғанмен де, немесе бәрін жинап қойып, намаз оқып күні түні жалбарынғанмен де де қолдан өндіре алмайтын яғни бес қуатты жетілдіру, сіңіру амалдарынсыз рухани егіндігімізді суық, соғып, қурап артынан ұрақтардың азып, тозып нәтижесінде әлемдік жұтылуға ұшырауымыз да хақ. Сондықтан арсыз, қорғансыз, жартқанан қолдаусыз болған, қандай да ізгі шаралардың да жүз жылдар өте өзге халқы көп елдердің елдердің арасына, салған қаларымызбен жинаған алтындарымыз, мақтандарымыз бен бірге сіңіп жоғалып кетуіміз де ғажап емес. Бұндай өмір тәжірибеснен алысқа бармай-ақ көрші қытай елі адал еңбек ету және білім беруде үлкен жетістіктермен, әлем алдына шығып келе жатқанмен, жаратқаның азабынан құтыла алмай керісінше топан су астында неге қалып жатыр? Сол сияқты әлемнің негізгі алтынын жеңіп, елінің рухын асқақтаты деген латын амарика құрлығы мен футболдан кеше ғана әлемді таң қалдырған испан мемлекеті не жағдайға душар болды? Ал осы ойынның негізгі отының ошағы болған грекия елдері неге қырылып, рухани азғындыққа түсіп, бұндай сынақтан шығар жорлын таба алмай жатыр? Осындай жүздеген мысалдарды өз елімізден де түстеп, түгелдеп беруге болады. Демек ар-білімі болмаған қандай мемлекет те жеке пендеде жолы байланып, жер бетінде тынысы тарылатыны айқын. Сондықтан бұндай жағдайлардың себебін біліп, өзіңді-өзің таны дегендей, әрбір пендесінің өз айнасы болып алдын-артын көріп отыру үшін жартушымыз; «Алды-арттарыңнан күзетші періштелер қойдым, көрсеңдер пайдасы өздеріңе көрмесеңдер зияны өздеріңе» деп ескертумен бірге; «Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы періштелер бар. Расында бір қауым. Өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші де жоқ.» (13-11) Қазақ деген ұлттық тіліміз бойынша қазақстан тұрғындарынан ерекшеленіп, бір өзінше қауымдық белгіні құрап, ал ру және аталықтар бойынша тағы кіші қауымдармен ерекшеленіп және осы қауымдарды өз ара біріктіру арқылы бір мемлекет тұрғындарын тұтас қауымға айналдырумен бірге бүкіл үмметерді де, діндерді де бір жолға яғни тура жолға келтіру ислам дінінің негізгі шарты және бақыттылықтың да қағидасы болып, Алдан үкіммен бекітілген. Сондықтан осы әрбір адам баласы өз қауымының арлылық қуатын толықтырып, бес қуатпен күш, зейнет алып, әрі қарай өзге қауымдармен бірілікке келісім жасап, сонымен бүкіл мемлекет тұрғындары бір қолды болуымен ғана Алланың шапағатына жетуміз керек екен. Сондықтан ел басымыз көтерген ізгі шараларды меңгеру үшін де аталарымыз ескерткен: «Бірлік болмай тірлік болмас» деген «Шындықтың» «Шынға» айналдыратын, жазылмайтын құпия заңмен бекітілген, егер шындықты дұрыс жорып, істерге айналып, орындалмаса жазаларының орындалуы міндетті болып негізделген хикметтерімен қағидасын меңгеру керек. Болмаса құр қағаз жүзінде бекітілген заң күшімен, қадағалаумен болған шаралар өз жемісін бермейтіні даусыз. Сонымен бұндай құндылықтың шарттары қазақ елінде ислам әлемінде алғашқы болып, осы шын бақтың айнасын әрбір қазақ баласы өзін-өзі көріп, қателіктерімен күнәларын мойындап, күнәлі рухын, болмысын өлтіріп, негізгі берілген «Бақ» ты тірілтуге негізделген тылсымның құпия пердесін ашқан Ақ ұл еді. Жоғарыдағы ерлі қатынды екі адам мен оның екі баласы Адам-ата, Хау анамыз бен, Абыл, Қабыл адамзаттың тегі «Ман» қуатының негізі болып, сол түп негізге дейінгі шежіреден ар білімін қалыптастырып, жалғану үшін рухани сапар шегуге, иманның 13-түрлі баспалдағынан өтуге бағыт алған қазақ елінде рухани көштің керуенін жол торып талағандар да, тонағандар да, күзете білмей тонатқандар өз қандастарымыз, өз бауырларымыз болды. Ақпен (ар білімімен) оралып, ақ сақалды, ақ таяқ ұстаған Адам атамыздан көктердің есігін ашатын ақ кілтті де (мөрді) әлемде алғаш алған қазақтың қара домалақ арлы баласы еді. Бұл туралы естелік кітабында; «..Бастайын Ата-жолды туған елден, Ұл болып, кіндік қаным тамған жерден. Уақыт сыншыл болсын,-әділ қазы, Қолдашы қызыл жолбарыс аян берген. Жүрер жолым ойпаң қыр мен жол алыс, Жүрер жолым қаралықпен арпалыс. Ақиқаттың ақ жалауын көтерсем, Жүрер жолда сенерім сен, Жолбарыс...Бас идім мазарына Арыстанбаб, Түнесең дейді екен ақтап алмақ. Күнәсін жуып-шайып пендешілік, Сезіндім бойымдағы жеңіл салмақ. О Баба, берші маған ақ батаны, Иман бер, мәңгүтіктен аш сананы. Қышыңа тағзым етеп бас тигіздім, Өшірші жүректегі жан жараны...Болмаса да ұқсап бақсам дегенім, Еңбек етсем халқым үшін өз елім. Баба ісін жалғастырсам ұрпаққа, Өткеніме өкінбестей болатынға сенемін...» Ақиқаттың ақ жалауы жартушымыз құран аяттары арқылы нығмет қылып түсіріп, оның шынға бейнеленуі үшін қазақтың ұлттық болмысына сай, төл ар білімін жетілдіруге де, қарапайым қара домалақ балармен, жауқазындай өсіп келе жатқан қыздарымыздың арасынан таңдалған еді. Бұл сәби сияқты алдағанға көніп, аңдығаның жемтігіне айналған ата жолдық топты жолға салып, ұстаздық етіп, үлгі, өнеге көрсетуге көктен келетін несібесін және екі аралық бес қуатың несібесі; «Уақтарын» меңгеру үшін, алдын-ала жеңілдіктермен, ерекше жаратқан түрлі білімді, ілімді топтардың өкілін аға буындардан, білім жолында тәжірибелерден өткізіп, дін намаздарын меңгеру жолында қасиеттерін оятып, нығметтер берумен түрлі саларда оқып дайындалғанмен де, бірақ бұндай ағайындарымыздың өздеріне келген, берілген білімдерге мардамсып, тәккәпарлықпен «білдіманға» айналып, жүректерінің мөрленуімен олардың ар ағашына, шежіресіне жалғанбай жетілмеген ар қуаты, намысы, бұл мұғжизаны зерттеп, әлемдегі ар білімінің қожасы болуға шамалары жетпегені, меңгерген діндерін ойын сауыққа, жинаған арларын ұятсыздыққа, алған аяттарын, кітап-білімдерін арзан ақшамен бағалап, керісінше рухани керуеннің жолын кесіп, көпшілігін теріс, қисық таптауын болған сүрлеулерге салумен, «ібіліс жолына» түскендерін өздері қанша ескерту, ашық белгілерді алғанымен де, тәубеге келіп, мойындауға арлылық қуатарының жетіспегенін қазақ елі түгіл болашақта әлем халқы білетіні даусыз. Енді, бұрынғы аталарымыз меңгерген «ар білімінің» қарапайым үлгісін білгіңіз келсе; Қартайған шағында Қарасай батыр баларын жинап былай деп, өсиет аманат айтыпты: «Сендер тіршілігінде әулие атанған Алтынай абыздың немересі Қарасай батырдың балаларысыңдар. Жақсы қыз жағадағы құндыз, жақсы ұл көктегі жұлдыз. Жақсылап ұғып алыңдар. Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы, көпке салса дұрысы, көнбесе болар ұрысы. Алдымен еліңнің, жеріңнің қамын ойлаңдар. Сөзіме терең бойлаңдар. Елемеген ауру жаман, ескермеген жау жаман, еліріп кеткен дау жаман. Қара қылда қақ жаратын, елінің ығын танытып, ханды ұйытатын, арқа биді қасыңа алыңдар! Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен жолдас болсаң көңілің ашылады. Ақылды бимен болсаң, дауың басылады. Хас батырмен бірге жүрсең, жауыңды қашырады.
Достарыңызбен бөлісу: |